"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



ОҚО-да 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары үздіксіз зорлап келген: мектеп басшылары болса істі жылы жауып тастамақшы

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Абай ауылында 1 сынып оқушысын көрші мектептің жоғары сынып оқушылары үздіксіз зорлап келген. Бұл туралы осы өңірден шығатын «С-ИНФОРМ» газеті жазды.

Басылымның хабарлауынша, өткен жылдың тамыз айында 7 жасар бала Ө.Жәнібеков атындағы №73 мектептің 1-сыныбына барған екен. Арада бірнеше күн өткеннен кейін оны Ж.Баласағұн атындағы №74 мектептің 7-8 сыныптарында оқитын екі оқушысы ұрып-соғып, артынша зорлапты.

Жәбірленген бала әжесімен бірге тұрады екен. Анасы ақша табу үшін Алматыға жұмысқа кеткен. Ал, әкесінің кім екенін ол білмейді. Әжейдің айтуынша, 27 тамыз күні немересі үйге дене жарақаттарымен келіпті. Ол жоғары сынып оқушылары өзін тастанды үйлердің біріне алдап апарып, зорлағанын айтқан.

«Немеремнің сөзіне алғашында сенбей, оны дәрігерге апарып тексерттім. Хирург баланы қарап болған соң шұғыл полицияға хабар берді. Ауруханаға жасөспірімдер ісімен айналысатын аға инспектор Нариман Жұмабаев келді. Ол баланы ауызша сұрақ астына алды. Мұнан кейін ол өз көлігімен бізді полиция бөлімшесіне алып барды. Алайда, басшысының жоқтығын сылтауратып, менен арыз алудан бас тартты», — дейді жәбірленген баланың әжесі.

Арада бірнеше сағат өткеннен кейін әлгі полицей әжейдің үйіне өзі келіпті. Жалғыз емес, жанына №74 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын ерте келген. Олар кінәлі оқушыларды ұстап, есепке қойып, жазалауға уәде беріп, ант-су ішіпті. Тек әжейден арыз жазбауын сұрап, жалынып тұрып алған. Әжей болса адамгершілікке салынып, олардың дегенінен көніпті.

Алайда, полиция қызметкері де, педагог та уәдесінде тұрмаған. 9 қыркүйек күні әлгі жоғары сынып оқушылары 7 жасар баланы қайта қыспаққа алып, тағы да зорлапты. Бұл жолы баланың әжесі №74 мектептің басшылығына барып арызданбақшы болған. Алайда, қоластындағылары қарт кісіні директорға еш жолатпай, кабинетіне кіргізуден бас тартыпты.

Арызды Абай ауылындағы полиция бөлімшесі де қабылдаудан бас тартқан. Шарасы таусылған әжей мұнан кейін прокуратураға барып, болған жайтты жайып салыпты. Ондағылар: «Абайға кері қайта беріңіз, полицейлер сіздің арызыңызды қабылдайды, біз оларға айтып қойдық» деп шығарып салған. Бірақ, полицейлер соған қарамастан қылмыстық іс қозғауға асықпапты.

Осылайша уақыт өте береді. Зорлаушылар саны бұл кезде екеуден алтауға бір-ақ жеткен. Ең сорақысы, бұл жайттан №74 мектеп директорынан бастап, оның орынбасарлары, мектеп тің біраз мұғалімдері хабардар болған екен. Алайда, біле тұра ешқайсысы 7-8 сынып оқушыларын тоқтатуға әрекет жасамаған. Тек ауызша ескертумен шектеліп, ауыр қылмыстың одан әрі жалғасуына жол берген.

Ақырында әбден зәбір көрген бала түнде ұйқыдан қалыпты. Ол әр түні шошып оянып, су терге түседі екен. Мектепке барудан бас тартып, қазір әжесінің жанынан бір еліге де алысқа бармайды.

Ал, басылымның хабарлауынша, мәселені журналистер көтере бастағаннан кейін ғана полиция әжейдің арызын қабылдап, қылмыстық іс қозғаған. Алайда, қозғалған істе баланы зорлауға қатысты бап жоқ. Тек, «денсаулығына орта деңгейлі зақым келтіргені үшін» деген баппен іс тергеу жүріп жатыр екен.

«С-ИНФОРМ» тілшісінің жазуынша, қос мектептің басшылары да мәселені ушықтырмай, істі жылы жауып қойғысы келіп отқан көрінеді. Мәселен, №74 мектептің директоры жергілікті мәслихат депутатының келіні дейді басылым өкілдері. Сондай-ақ, басшы әйелдің қайынағасы ОҚО Ішкі істер департаментінде үлкен лауазымдардың бірінде отыр екен.

Дереккөз: sn.kz




Осыған ұқсас:

  1. ОҚО-дағы «зорлау оқиғасына» қатысты бірнеше шенеунік қызметінен босатылды
  2. Ақтөбелік салафит өгей ұлын зорлап келген
  3. Достарының көзінше жыныстық қатынасқа түскен 15 жастағы оқушы зорланғанын мәлімдеген


9 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 14 Наурыз, 2018, 01:00

    ал , око не айтасыздар..балаларың тәрбиесі қайда !

  2. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 07:06

    Асып тастау керек ондайларды шариат бойынша
    Егер шынымен де солай болса

  3. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 09:29

    Неше түрлі былық осы Оңтүстікте шығады. неге екен? Неше түрлі «былық – шылық» өсектерді басатын газеттер. Сұрқияның барлығы осы жерде. «Біздер діндар, тақуамыз, басқа жердегі қазақтар орыс болып кеткен» – деп десте бермей сөйлейтін ақсақалдары мен педагогтары қайда қарап отыр?

  4. 15 Наурыз, 2018, 22:19

    Бұдан кейін бұлар ШЫМКЕНТ емес
    содоммен гоморранын халқы, чимкенцы хуев. *Пиздастраданцы* мля

  5. Белгісіз 16 Наурыз, 2018, 09:49

    Пікіріңіз…Мен теледидардан кішкентай баланың- мені артымды шешіп әпшуін тықты дегенде,көзіме жас келді .Құдай сақтасын.Бәрімізде бала асырап отырған ата-анамыз өз балаңды солай істесе не істер едің? Бұл баланың әжесі әліде жұмсақтық танытып отыр.Басшы орында отырған ,,Селтановтар »ТҮП тамырымен орындарын босатуы керек.Бұл көпе-көрнеу қастандық,ер баланы өлтіргенмен тең,Таза тамырын жайған сыбайлас жемқорлық .Біреуі криминалды полицида,біреуі депутат.біреуі мектеп директоры.Сөгіс беру аз.ӨЗ ҚЫЗМЕТТЕРІ ҮШІН АДАМ ТАҒДЫРЫНА КӨЗ ЖҰМА ҚАРАУ ,БҰЛ БАРЫП ТҰРҒАН АЗҒЫНДЫҚ.МАСҚАРА БЕЙШАРАКЕРШІЛІК.

    • 16 Наурыз, 2018, 11:05

      Тамырласқан селтановыдан бастап,бәрі жазаға тартылуы керек.бірініңде құқы жоқ,халыққа қызмет көрсетуге.
      өздерінің бастарына келсін,үрім-бұтағының сүйегіне таңба.
      фамилияларын,тегін ауыстырсада кетпейді.құлдық таңба құсап,өмір бойына зорлықшыл,қорғансызды қорлап,шырылдатқаны,басынғаны үшін әлі талай жазасын тартады,сол кезде,мен құдайға не жаздым демесін.әлі талай алдарынан шығады.бейкүнә сәбидің көз жасы жібермейді,құрсаулап.ештеңеменде ақтап та,арашалап та ала алмайды,бастарын.

  6. Белгісіз 17 Наурыз, 2018, 00:31

    Бастыктарды озгерту керек бари озбек болып кеткен,Бастыктарды орысша вариант болып келген адамдарды кою керек,Минездери катал,Казакылык вариантпен куртып жатыр,Мектептеги балдарга сексуальдык китаптарды окытпау керек,Мектептеги балдарга дурыстап лекция оку керек тартип тарбие жонинде апта сайын милициялармен кездесип тартипке салып отыру керек окушылармен жумыс жасау керек,Олар биринши кезекте сабагын окып алу керек,Недеген сумдык бундай жагдай, Ар уйде еркек балдарымыз осылай истейтин болса биздин казактын балдары не болады оскенде, ,Намыс кайда ер азаматтарда,Уят емеспа ,

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.