"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты жаңа деректер пайда болды

ҚХР-да сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты сот отырысының мерзімі әлі белгіленбеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Еске салсақ, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы  Гуанчжоу әуежайында   4,5 келі есірткімен әуежайда ұсталған. Қытайлық сот бұл қылмыс үшін қызды өмір бойына бас бостандығынан айырған. 2016 жылы аппелляциялық инстанция соты Ақжарқынға қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынан бас тартып, оның ісін  бірінші инстанция сотына жіберген. Бірінші инстанция сотында А.Тұрлыбайдың ісі қайта қаралды.  Қазіргі уақытта Ақжарқын Тұрлыбай тергеу абақтысында сот үкімін күтіп отыр.

«Сот отырысының уақыты әзірге белгісіз. Нақты уақыты белгілі болғанда бірден процесске қатысу үшін шығамыз. Ақжарқынның туыстырының бірімен барамыз, ол үшін қытайлық визаларды алдын ала  дайындап қойдық», – дейді қыздың адвокаты С.Нұрмағанмбетов.

Ақжарқынмен заңгерлер соңғы рет осы айдың басында кездескен. Ол өзінің денсаулығының жаман емес екенін, алдағы процесске дайын екенін айтқан.




Осыған ұқсас:

  1. Соттар сыбайлас болса…
  2. Абзал Құспан: Сайрагүл Қытайға қайтарылады деген қауіп жоқ (ВИДЕО)
  3. Ratel.kz порталына қатысты сот шешімі белгілі болды
  4. Бүтін бір отбасын көлігімен қағып, адам өлтірген полицей жеңіл жазамен құтылып кетті
  5. Геннадий Головкинді сотқа берді
  6. Өскемен әкімі адам қаққан шенеуніктің көлігінде болған


17 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 14:35

    Иә, қазақтың «қыздарының»(дұрысы-жәлеп қыздарының) пиғылы баяғыда-ақ өзгерген болатын. Қытайға қыз жіберген, қытайға қыз берегенмен тең.

  2. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 14:40

    Қытай «қытай қазақтарын» қинағанша, осындай, аяқастынан тез арада байығысы келетін «қыздарды» ату жазасына кескендері дұрыс. Қытайға оқуға барған, мен білетін «қыздардың» көбісі осындай жолдармен байығысы келіп, «жұмыстануда».

  3. 13 Наурыз, 2018, 18:28

    анда кеткен казак мында кеткен каэак со

  4. 13 Наурыз, 2018, 18:31

    анда кеткен казак мында кеткен каэак аи сорлы каэак

  5. 14 Наурыз, 2018, 09:21

    Қарасаң қаптаған әнші күйші Той томалақ,жазушылар көп 400 дейме бір бірін ін сайлап бір ін тайлап жатыр,Осы жазықсыз кеткендер қыз болсын басқа болсын соларды азат етуге неге үн қоспайды..Сонда бұл қаптағандар не жазады ,не жазып жүр.Барі сарай ақыны болып кеттім ее ..

  6. Белгісіз 15 Наурыз, 2018, 09:52

    казактын байлыгы жан-жака кетип жатыр дейди сонын азгантайымен кытайды кызыктырып жиберсегой кокемдер сол кызды жиберер ма еди….

  7. Белгісіз 16 Наурыз, 2018, 01:11

    аллага каласа шыкса екен бир алла комектесет жазықсыз шыгар ким билет мен ойымша кінəлі емес сиякты алла жар болсын

  8. Белгісіз 16 Наурыз, 2018, 07:58

    Жүрсең саяқ жейсің таяқ.

  9. 16 Наурыз, 2018, 14:51

    Аман есен елімізге оралсын

  10. 21 Наурыз, 2018, 11:27

    «Аққа – Құдай жақ» деген, жазықсыз болса, тезірек ақталып, туған жерге оралсын .

  11. 24 Наурыз, 2018, 01:50

    Жана деректер деп неменеге жазады. Бурынгы макала.

  12. Белгісіз 28 Наурыз, 2018, 18:11

    алла жар болсын

  13. 5 Сәуір, 2018, 13:49

    Алла жар болсын, тезирек тугандарымен кауышып….

  14. Белгісіз 5 Сәуір, 2018, 15:54

    Ай,Ақжарқын, жүрегіміз ауырады, жағдайын Ақжарқынның ойласақ, кейнгі баратындар; оқуға ,не жұмысқа байқап,осы сабақ болатындай…тілектеспіз аман – есен елге оралуына,ел азамматтарының көмегіне сенеміз,ата – анасына сабырлық..қазіргі жастардың шет елге қызығуын кіналап болмайды,жасы ұлғайғандар да тамсана :» Балам шет елде оқуда,не болмаса – жұмыста,ой, кеше ғана барып келдім»,- деп жүргенін жиі еститін болдық,одан қалды – » Дем алуға анда бардым,соны алдым,-«деулері жастарға үлкен ой тастайды,әрине құрлықаралық,ынтымақтастығымыз,достығымыз мақтанарлықтай,дегенмен көп ата – ана мысал келтіргені -дұрыс емес / менің өз ойым / мен тарапынан қателік болса кешірім сұраймын! Дегенмен көкжиекте көп сұрақ / ???/

  15. Белгісіз 10 Сәуір, 2018, 00:43

    Казак кашан да кыз турм ак жесирин жат журтка жибермеген Соны казак кыздары укпайды гой Кызга кырык уйден тию Кыз бала ботен уйге конбайды деген создердин магнасын укпайды гой Обал жок оздерине Шет елден тура сын айтканда не иман издеп жур Оз елимиздеде миы истесе оку жетеди Кимдерине сенип ба рады соны укпаймын Журектерине тиетиндей болды гой

    • 10 Сәуір, 2018, 07:50

      Осылардың адасуы,жеңіл өмір,тез ақша,киім-кешекке бренд деп қызығуы-бәрі тәрбиеден.сабет өкіметі тұсында,шекара жабық кездің өзінде,ел-жұрт,жас-кәрі,бала-шаға түгел кітап оқитын,детектив жанры,шпиондар,шым-шытырық оқиғалар желісі,чекистер,ізшілер туралы көп оқитынбыз.шет елге шығып жатпасада,қауіпсіздік шарасы,ненің болатын,болмайтынын т.с.с.біліп жүрсін дегендей.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.