"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



7 пайыздық ипотеканың басты талабы қандай болады

Үкіметтің бүгінгі отырысында Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев «7-20-25» бағдарламасының жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас банкирдің айтуынша, 7 проценттік ипотекамен айналысатын арнайы компанияның капиталы Ұлттық банктің есебінен қалыптасады. Компания ол ақшаға екінші деңгейлі банктер берген жаңа ипотекалық несиелерді сатып алады.

«Жаңа бағдарлама әркімге жеңілдік шарттарын береді. Алайда бағдарлама масылдыққа жол бермеуге тиіс. Бағдарлама қарыз алушының төлемге қабілетті болуын талап етеді. Оған ресми кірісі бар Қазақстан азаматтары қатыса алады. Қазір банктермен жаңа бағдарламаның шарттары пысықталуда. Мысалы, үйдің бағасы 7 миллион теңге болса, ай сайынғы төлем 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жалпы алғанда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының көпшілігі үшін қолайлы», – деді Д.Ақышев.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде республика бойынша тұрғын үйдің бағасы әр алуан. Сондықтан ірі қалалар мен аймақтар бойынша баспана бағасына дифференциация жасалуы мүмкін.

«Бағдарламаның қазіргі өлшемдері әзірше жоба екенін ескеру керек. Бұның барлығы әлі мемлекеттік органдар мен банктермен талқыланады. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарының пікірін естуіміз керек», – деп атап көрсетті Д.Ақышев.




Осыған ұқсас:

  1. Сәбилянов: Кейбір қазақстандықтардың тұрғын үй кезегінде тұрғанына 20 жылдан аса уақыт өтті
  2. 7-20-25 бағдарламасы бойынша алғашқы ипотеканың қашан берілетіні белгілі болды
  3. ВАЛЮТАЛЫҚ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕРДІ ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ – ДҰРЫС ШЕШІМ
  4. Нұрсұлтан Назарбаев: Ипотека 7 пайыздан аспайды, 25 жылға беріледі
  5. Кедей халыққа кредит беріп, «қылқындырып» жатқан кім?
  6. Ипотекалық қарызын төлей алмағандарды енді ешкім үйінен қуып шықпайды


21 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 13 Наурыз, 2018, 12:45

    Қазір 7 млн-ға Үй барма ? Жастар Жұмыссыз ! Сонда бұл мәселені кімдермен істемекші ? Үйлерді КІМдер сатып ала алады. Таза адамдар жұмыс істемей бұның бәрі былық,былық, былық.

  2. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 15:06

    Мұндай бағаға өзге өңірлерден екі бөлмелі пәтер алуға болады. Әрине ескі үйлерден. Пәтер жағалап жүргенше осылай ипотекаға алған жақсы ғой.

    • Белгісіз 17 Наурыз, 2018, 00:48

      ҚАЗІРГІ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЖАСТАРДЫҢ АЙЛЫҒЫ 50 МЫҢНАН АСПАЙДЫ ҒОЙ.

      ОЛ АЙЛЫҚТЫ ТАМАҒЫНА ТӨЛЕЙДІ МЕ, ПӘТЕРГЕ ТӨЛЕЙДІ МЕ, КОММУНАЛДЫҚ ШЫҒЫНЫНА ТӨЛЕЙДІ МЕ, КИІМІНЕ ТӨЛЕЙДІ МЕ, ДӘРІ-ДӘРМЕГІНЕ ТӨЛЕЙДІМЕ, ЖОЛ ШЫҒЫНЫНА ТӨЛЕЙДІ МЕ?

      ДӘЛ КӘЗІРГІ БАҒАМЕН ӨМІР СҮРУ ҮШІН ЕҢ ТӨМЕНГІ АЙЛЫҚ ПЕН ЗИНЕТАҚЫ КЕМІНДЕ 250 МЫҢ ТЕҢГЕ БОЛУЫ КЕРЕК.

      МЫСАЛЫ, ҚЫЛМЫСКЕР, ЖЕМҚОР Қ. БІШІМБАЕВТЫҢ ӨЗІНІҢ АЙТУЫ БОЙЫНША, ПАРА-САРАСЫН САНАМАҒАНДА, АЙ САЙЫНҒЫ ОРТАША КІРІСІ 3 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БОЛҒАН ЕКЕН.

  3. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 15:06

    Ипотека деген жастарға ең жақс тәсіл болғалы тұр. Сондықтан барынша қолдану керек.

  4. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 15:06

    Министрлер іске кірісіп кеткен сыңайлы ғой. Бұл бағдарлама арқылы талай қазақ үйлі болады.

  5. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 15:56

    Өте дурыс

  6. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 15:57

    Елбасынын тапсырмаларын орыңдауды бақылау керек

  7. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 15:57

    Бұл бастаманы жүзеге асыруды тездету қажет

  8. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 15:57

    Тұрғын үй мәселесін қанша жас отбасы шеше алады

  9. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 15:58

    Ауыл халқына қолжетімді несие беру ауылда тұратын азаматтарға үлкен қолдау мен мүмкіндіктер береді. Дұрыс қолға алынған іс

  10. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 18:04

    Иә, ең бастысы биыл осындай бағдарламаның шыққаны. Осы хабар ел ішін аралағалы ел баспаналы болғандай күйде жүр. Әрбіріміз баспаналы болайық, осындай қолайлы бағдарлама ғұмырлы болсын!

  11. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 18:04

    Дұрыс, әртүрлік компаниялар қосылып, оператормен жұмыс жасалса, онда жүйе қалыптасады. Бір ғана компанияның қолынан келе қоймас, сондықтан осылай жан-жағынан капитал тартылғаны орынды.

  12. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 18:15

    Ипотекалық кредиттер алған азаматтардың құқықтарын қорғауға соңғы кезде жақсы нормалар енгізіліпті. Осыларды естіп, оқып, көңіл орнына түсіп отыр.

    • Белгісіз 17 Наурыз, 2018, 00:33

      «Арман», сағат 18-ден 15 минут кетті. Жұмыстан үйге қайтатын уақыт та жақындап қалды, давай, жинала баста!

  13. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 21:28

    Қазіргі уақытта үй жалдап отырғандар өте көп. Егер мен жоғарыдағылардың бірі болсам, мысалы мен 4 жыл болды үй жалдағаныма яғни 35 000 т төрт жыл үздіксіз төледім.Яғни 1 680 000 т.Үздіксіз төледім. Ол үйді сататын болып мен басқа үйге көштім қазір 45 000 төлеймін, 10 ай болды 450 000 т сонда 2 130 000 тақша төледім. Кредитім бар 1 жыл қалды. Әрдайым осы үйге аренда төлеген сайын жүрегім аурады. Оданда ипотекаға төлесем өз үйім болар еді деп, жалдап тұрғандарға үкімет үй берсе төлер едік. Халық осындай үйге қол созғанша қара тізімге кіріп кетті ғой. Неге елді қинай береді. Үшінші деңгейлі кредиттерді жаппайды. Қарапайым халық қайыр тілеп отырғанда бұл банктер қай шенеуіктердікі? Қазақстанда халық қайыршы деңгейіне түсті. Жани ашитын біреу бар ма? Халқын жарылқай алмай жүріп басқа мемлекеттерге қарыз бергіш мемлекет басында отырғандарға қайран қаламын. Әй қайдам миллиондап жалақы алатын үкімет басындағылар қарапайым халықты қайтіп түсінсін. Мұғалім байғұстың күні-түні жүріп тапқан 50 000 теңгесін 1 сағатқа жұмсайтын депутаттар т.б .бастарына кіріп шықса жарар. Осы беретін ипотеканы қара тізімде болсын болмасын үйді жалдап қызық өмірін қызықтай алмай жүрген қарапайым халыққа берсе нұр үстіне нұр болар еді. Әрине тұрақты жұмысы болса, айлығынан ұстада отыр.

  14. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 09:00

    Бұл бағдарлама екінші деңгейлі, яғни ескі үйлерге жарамайды,тек қана жаңа құрылыстарға арналған сол себепті құрылыс компаниясы ертең бағасын өсіреді, қара халық бәрібір 7 пайызбен 25 төлейтін болғасын…

  15. 14 Наурыз, 2018, 12:12

    7 млн.ға айма ай 50,мыңнан төлеу дұрыс емес,бұл көп.Бұл қайта қаралсын,Акишев мырза!!!

  16. Белгісіз 17 Наурыз, 2018, 00:33

    ҚАШПАҒАН СИЫРДЫҢ УЫЗЫНАН ДӘМЕТПЕЙ-АҚ ҚОЙЫҢДАР!

  17. Белгісіз 4 Сәуір, 2018, 12:05

    Қазір 7 миллионға қайдағы үй, болса қарапайым халыққа нұ үстіне нұр болар еді ау. Нағыз осы проекті дұрыстап бекітсе қаншама қарапайым халық баспаналы болар еді, оның үстіне жалақылар төмен халық алса болар еді. Бірақ қайда ау бұл деген арман шығар халыққа

  18. 4 Сәуір, 2018, 15:59

    Алматы каласында.осы багдарлама бойынша кай жерге жолыкса болады

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.