"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Шардарада Қазыбек Иса оқулары өтті (ФОТО)

«Кәрі құданың» соңғы аяқ серпер кезеңінде, көк желекті көктем көңілге қуаныш сыйлап, табалдырығымыздан аттар тұста шағалалы өлке – Шардарада жастардың рухани әлемін байыта түсердей мазмұнды шара өтті. Нақтылап айтсақ, осыдан тура төрт жыл бұрын «Қазыбек Иса атындағы шығармашылық бірлестігі» құрылған күні болатын. Бірлестік мүшелері осыған орай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып мектеп оқушылары арасында тұңғыш рет «Қазыбек Иса оқулары» байқауын ұйымдастырды.

Мұндағы мақсат – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жастар арасында қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Қазыбек Исаның ақындық талантын шәкірттер жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге үйрету, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.

Байқаудың ашылу салтанатында сөз алған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Шермұхамед Қапбаров пен аталған бірлестіктің төрағасы Сәбит Лахановтар іс-шараның маңызы мен мазмұнына, мақсатына кеңінен тоқталып, осы өңірден шыққан ақын-жазушылардың шығармашылығына шолу жасады.

Аудандық байқау өтпес бұрын білім мекемелерінде мектепішілік іріктеу кезеңдері өткендігін айтып кеткеніміз жөн шығар. Іріктеуден іркілмегендер аудандық байқауға жолдама алды. Сонымен аудан деңгейінде алғаш рет өткізілген өнер бәйгесіне көркем сөз оқу шеберлігін меңгерген 13 өлеңсүйер өрен қатысып, өзара бақ сынады. Байқаудан байқағанымыз – жастар жыр оқуға құмар екен, өлең сөзді өбектеп, сүйеді екен, біз соған қуандық.

«Өлең – сөздің патшасы» деп ұлы Абай айтып кеткендей, үміттерін үкілеп келген жас оқырмандар Қазыбек Исаның өлеңдерін, толғау-поэмаларын өз таңдаулары бойынша мәнерлеп жатқа айтып шықты. Бір үміткер ақынның екі өлеңін оқып берді.

«Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» демекші, қазылар алқасының шешімімен «Жаушықұм» мектеп-лицейінің оқушысы Ақбота Кенесары ақын атындағы арнайы жүлдеге ие болды. «Шардара» мектеп-лицейінің оқушысы Әйгерім Ақберді жүлделі үшінші орынды иеленді. «Қызылқұм» жалпы орта мектебінен келген Жанерке Жарылқасын екінші орынға лайықты деп танылса, бірінші орынды №3 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Әсел Қалмұрат қанжығасына байлады.

Байқау барысында екі оқушы (№3 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары – Динара Әділбек пен Перизат Бейсенбай) байқаудан тыс «Қазыбек Иса шығармаларын талдау» еңбегімен таныстырса, №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің бір топ жырқұмар жастары ақын ағаға деген лебіздерін жүрекжарды жырларымен жеткізді. Аудандық

мәдениет сарайының әншілері жерлес ақынымыздың сөзіне жазылған әндерді нақышына келтіре орындап, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.

Жыл керуені алға жылжыған сайын ақындардың өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түседі. Асыл сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.

Олай болса біздің де осы тақылеттес мазмұнды шараларымыз алдағы күні жалғасын таба беретіні сөзсіз.

С.Қоспанұлы,

Шардара ауданы,

Оңтүстік Қазақстан облысы.



Ілмектер:
Қазыбек Иса

Осыған ұқсас:

  1. Қазыбек Иса. ТҮБІ БІР ТҮГЕЛ ТҮРКІДЕН СҮЙІНШІ СҰРАР ЖАҢАЛЫҚ!
  2. Астанаға арналған Республикалық мүшәйрада ақын Қазыбек Иса Бас жүлде жеңіп алды
  3. Осы әннің шығу тарихы мен шындығын білуімізге 22 жыл керек болды! – блогер
  4. Қазыбек Иса.  «ҚҰДАША ҚЫЗ» әні қалай шықты?..
  5. ҚАЗАҚТЫҢ ЖАРТЫСЫ ҚЫРЫЛҒАН ЗҰЛМАТ ӘКІМДЕРГЕ МЕРЕКЕ МЕ?
  6. «Ақ жол» партиясы Түркістанда пленум өткізіп, ауызашар берді


7 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 12:49

    Ғаламтор желісінде шымеенттік7класс ұлдары 1-класс ұлын қорлаған.бір емес бірнеше.оның бəрін жылы жауып қойғысы келген заңдағылар.бұ не сұмдық..осының бəрін істеген сұмырай оқушыларды (аузың бармайд адам деуге,)атып тастау керек қой бұндай малдарды бұлардан не үміт не қайыр.жəне осындай істерді олар қайдан үйренді.урине қоғам оңбаған.режиссер сымақ ермек тұрмынов сияқтылар бетімен кеткен ешкімен болған баламен болған киноларды түсіріп бұл шедевр деп жүрсе дүзуін айтқан адамдарға сендер өнерді-киноны түсінбейсіңдер деп көкіп жүрсе əрине оңбаған балалар ойлайды осылай допустимо норма екен деп.ал» кино түсіргіштер мінекей бұзған жоқсыңдарма елдің сиқын.осындай оңбағандыққа қосқан үлесі бар осындай туынды сымақтардың..бұл туралы Қазыбек Иса ұлт ақыны не дейді?

    • 13 Наурыз, 2018, 13:10

      Әлсізіне қорған,жетім-жесіріне тіреу болатын елдің сиқы мынау ма,мына бүлдіршін баламен әжесінің зарын кім тыңдайды,шымкентте ауыл-ауданымен қосып бар мәнсапты орындарды сатып алғанба тұтасымен.түймебаев қалай естімейді.сұмдық қой мынау,ана оңбағандар мектебімен полициясымен қосып сатып алғанба?

  2. 13 Наурыз, 2018, 14:19

    Ешкі туралы оңбаған келін сияқты.киноларды тоқтатып қойылымнан сатылымнан жою керек.не молчи.қайда?жайшылықта орыстарға еліктегіштер -олардың ешбір киносында осындай оңбағандық жоқ..оскар алам деп неше түрлі оңбағандықты ойына не келсе соны түсіретіндерді тыю керек.бұны неге айтып отырмыз:көзіммен көргем бір топ оқушы ұлдар үлкен класстың сол фильмді айтып келе жатқанын жəне соны істеп көрмейміз бе деп айтып келе жатқанын естігендіктен жандауыспен айқайлау керек екенін.бүкіл қоғам талап етуіміз керек.ұлтқа «қарсы» істелініп жатқан туындысымақтарды.оны Түркияға апарып қойып көрсетіпті өзі мақтанып.ал түріктер ол кетісімен бұндай оңбаған киноны елдеріне көрсетпейміз депті.міне насихат.

  3. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 18:19

    Басқаңды білмеймін, Оңтүстіктегі қазақтардың Қазыбекті сүйіп оқитындары жетерлік. Жердің, елдің менталитетін дөп баса біледі. Қазақтың намыс-туын әрқашан асқақтата біледі.

  4. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 19:16

    „Әй, бәрің оқыдыңдар ғой, оңтүстікте бірнеше ай бойынша бірінші сынып оқушысын бірнеше бала зорлап жүргенін. Бірақ ешкім ештеңе істемеген. Істей де алмайды. Сендер де солай, осында отырсыңдар данышпан құсап, бірақ қолдарынан түк келмейді.

    Бұл қандай қасірет екенін білесіздер ме өздерің?„. Осылай деп басталған желідегі заңгер Ержан Есімханов өз жазбасында бұл оқиғаның қалай басталып, қалай аяқталатыны туралы өз болжамымен бөліседі.

    Ержан Есімханов, заңгер

    „Түсінемін, табиғаттың заңдылығы, мұндай масқарадан бойларыңызды аулақ ұстап, оған жолағыларыңыз келмейді. Бұл алыстағы Шымкентте болып жатқан нәрсе ғой, Алматыда оған жол жоқ„ деп өз-өздеріңізді алдаусыратасыздар. Одан қала берді, бұл фейк ақпарат шығар деп сенбейсіздер.

    Тіпті, болмаса менің баламды өйтіп ешкім басынбайды, мектепке өзім апарып, өзім алып қайтамын деп ойлайсыздар. Әйтеуір осы оқиғаға бас ауыртқыларыңыз мүлде келмейді. Өйткені мұны ішкі қорғаныс деп атайды. Алайда қорғанысыңыздың күлталқаны шығар еді, егер осы оқиғаны қаз-қалпында көз алдыңызға келтірсеңіз.

    Иә, жеті жастағы балақай. Кедей отбасынан. Әкесі жоқ. Шешесі табыс табамын деп кеткен. Балақай әжесімен бірге тұрады. Ол бір күні мектептің табалдырығын аттайды. Бұл бала үшін қуанышты күн ғой. Шешесі мен апасы да қуанған шығар, бәлкім.

    Міне, ол желпініп мектепке келе жатыр. Сабақтан шыққанда не істерін білмей жүрген үлкен сыныптың балалары оны тоқтатып алады. Басы істемейтін. Басы істесе мектепте отырмай ма олар. Мүмкін олар да кедей отбасынан шығар. Темекі шегіп, өз көңілдерін өздері аулап отырғандардың жанынан кішкентай бала өтеді. Бұған не істесе болады? Ақшасын тартып алу керек шығар. Мүмкін бетінен былш еткізіп, сабаса ма өзін?.. Бәрі болады. Өйткені оның қарауы жоқ қой.

    • 14 Наурыз, 2018, 20:55

      Осынын бәріне кінәлі, Орыссия Сталинмен Кәмәнөстер.немесе Өзбек үкалар. Әйтпесе біздің қазақ еліне 30 ақ жыл болды әлі халқын тәрбиелеуге қолдары тимей жатыр, жеп ұрлаудан.
      Бұған біздің басшылар кінәлі емес, мұсылмандар кінәлі болуы да мүмкін.

  5. 14 Наурыз, 2018, 20:55

    Осынын бәріне кінәлі, Орыссия Сталинмен Кәмәнөстер.немесе Өзбек үкалар. Әйтпесе біздің қазақ еліне 30 ақ жыл болды әлі халқын тәрбиелеуге қолдары тимей жатыр, жеп ұрлаудан.
    Бұған біздің басшылар кінәлі емес, мұсылмандар кінәлі болуы да мүмкін.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.