"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАРЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ТУРАЛЫ ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫН БІР АУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ

 

Бүгін Алматыда Қазақстан жазушылары одағының кезекті XV құрылтайы өтті. Аталмыш шараған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысып, құттықтау сөзін сөйледі.

  Қазақстан Жазушылар одағының жаңа  төрағасы болып бір ауыздан  ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Әлемнің үздік ақыны» Алтын медалының иегері Ұлықбек Есдәулет сайланды.  Дара дарынды ақын, ақиқатты ашық айтып жүрген рухы биік қайраткер Ұлықбек Есдәулеттің келуімен Қазақстан Жазушылар Одағында Рухани жаңғыру басталды деп сенеміз!

Құрылтайда жазушы Смағұл Елубай Елбасының «Парламент пен Үкімет тек қазақ тілінде сөйлесін» деген тапсырмасын Құрылтай қаулысына енгізуді ұсынды.

Бұл ұсынысты Қазақстан жазушылары одағының кезекті XV құрылтайына келген, Алматыдағы Абай атындағы опера  және балет театрында  толып отырған, 600-ге жуық делегат түгел қолдады.  

Рухани жаңғырудың кезекті қадамы Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдарда қолданылуын Елбасының өзі Парламент пен Үкіметтен бастап берді. Енді мұны бүгін бүкіл қазақтың қалам ұстаған қауымы, кәсіби  жазушылары қуана қолдап, бір ауыздан қуаттады.

Еске салу үшін айта кетейік, өткенде  «Ақ жол» партиясының парламенттегі фракциясы Елбасының тіл туралы тапсырмасын ең бірінші қолдап,  Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау туралы депутаттық сауал жасап, заң жобасын жасауды өз мойындарына алған  болатын.

Енді Рухани жаңғыруда алдыңғы қатарда болуы тиіс зиялылыр қауымының көшбасшысы Жазушылар да бұл, еліміз 27 жыл күткен тағдыршешті  Рухани жаңғыру бағдарламасының кезекті қадамы – Елбасымыздың  «Парламент пен Үкімет  ТЕК ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУІ ТИІС» деген тапсырмасын  Құрылтайда көтеріп, бір ауыздан қаулы қабылдап жатса, нағыз жаңғыру осы емес пе?

Жаңарған Жазушылар одағынан жақсылық күтер ел жаппай қолдап,  ақ тілегін ақтаруда.

Қазыбек ИСА

«Қазақ үні» газеті

Qazaquni.kz




Осыған ұқсас:

  1. ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ: ӨЗГЕРІСТЕР БАСТАУЫ
  2. Арыстанбек Мұхамедиұлы «Рухани жаңғыру» логотипіне қатысты өз пікірін білдірді
  3. Абаев L’Aigle De Patmos Theatre мен «Рухани жаңғыру» логотиптерінің ұқсастығына қатысты пікір білдірді
  4. Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Рухани жаңғыру» – елдігімізді нығайтты, еңсемізді тіктеді
  5. РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ КЕЗЕҢІ РУХТЫ ШЫҒАРМАЛАР КҮТЕДІ
  6. ЕЛБАСЫ  ТІЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІН МӘЛІМДЕДІ


17 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 12 Наурыз, 2018, 21:15

    Жаңалықтар да Қазақ ша сөйлеу керек деген соң жиындарды көрсетпей кетті ғой.әлде лапша ілу ме құлаққа..

    • 12 Наурыз, 2018, 22:28

      аттандап,ұрандап,арт жағы сиыр құйымшақтанып,ералаш боп кетпесін.
      Таймастар қайда.

  2. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 22:01

    «…Құрылтайда жазушы Смағұл Елубай Елбасының «Парламент пен Үкімет тек қазақ тілінде сөйлесін» деген тапсырмасын Құрылтай қаулысына енгізуді ұсынды.
    Бұл ұсынысты Қазақстан жазушылары одағының кезекті XV құрылтайына келген, Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында толып отырған, 600-ге жуық делегат түгел қолдады.»

    Елбасының Тіл тапсырмасын Жазушылардың қолдауын жаппай қолдаймыз!

  3. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 22:01

    Ұлықбек ағаға табыс тілейміз!

  4. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 22:02

    Смағұл ағаның Елбасының Тіл тапсырмасын Құрылтай қаулысына енгізуін 100 пайыз қолдаймыз!

    • 13 Наурыз, 2018, 00:47

      Ана топыр,нөпір 800-аты барда,заты жоқ жазушыма, емеспе,белгісіздерден 80-ы қалса жетпейме.18-миллионды 800-ге бөлсек,бір жазушы не емеске жиырма неше мың оқырман,который нету оқырман деп қараймыз.кітәп жоқ,оқушы оқырманда жоқ,бірақ жазбайтын жазушы көөөп пе,не боп кетті өзі,шым-шытырық.

      • 16 Наурыз, 2018, 09:14

        қәзір біреу әкімбе,үлкенді-кішілі,сотпа,министрме,депутатпа,бас дәрігерме,мектеп не институт директорыма,әйтеуір бір бастықсымақ болса болды,жазушы,үрім-бұтағын айға балап,құдайға теңеп,құдай сақтасын,асыл тұқымды,көгілдір қанды,елден ерек,секссіз әулие-әмбиден туған,ерек жаралған,атақты,матақты,бәр адамзаттың падишахы,тағы бірдеңе,асыл туған,асып туған,бір табан емес,он табан жоғары тұратын бай-бағлан,аристократ,масқара сөз жоқ,мақтап,мадақтап,әлдебіреулерді туыс,туған,түп-тұқиян,ата-тегімен әулие-әнби,тек мына жер басып жүргендер қадірлемей-қастерлемей жүргендіктен көздерін ашайын деп,бөсіп-бөсіп,аннан-мыннан ұрлап қосып кітап шығарғыш,жәнеде осындайларда жазушылар одағының мүшесі болса,ақша беріп-беріп,болып алған,таңғалмаңыз.бәрі жазушы-сызушы,оқырман жоқ,оқитында,түртіп алар дәнеме жоқ.біреулердің бала-шағасы,итбай-шортбай,бәлен-түгеншесі кімге таңсық,өздеріне ғана болмаса.

  5. 12 Наурыз, 2018, 22:44

    Қазақ тілінің ғылымның, биліктің тілі болуына демеу болуы керек. Көп үміт күтеміз.

  6. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 09:35

    Ұлықбек атына сай ұлық болып, Одақтың 22 жылдағы қылмысын әшкерелемесе ол өзінің мойнына ілінедіі

  7. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 09:36

    Казакстан жазушыларынын басым болиги казакша ойлап, казакша жазады. Сондыктан да бул бастаманы колдап отыр. Ал Казакстандагы баска салалар (банк саласы, курылыс саласы, денсаулык т.б. салалар) неге
    президенттин бул усынысына ун катпай отыр? Соны жазыныздар.

  8. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 09:43

    ИӘ, ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛТАЙЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫҢ ӨЗІ ҚОҒАМЫМЫЗҒА ЖАҒЫМПАЗДЫҚ ПЕН ТАБЫНУДЫҢ, БІР ОРЫНҒА БІР АДАМ ӨЛГЕНШЕ ОТЫРЫП АЛЫП, ТАҚТАРЫН ӨЗ ЖЕКЕ БАСТАРЫНЫҢ МЕНШІГІНДЕЙ КӨРЕТІНДЕРДІҢ БОЙ БЕРМЕЙ ӘРІ ҚАРАЙ ҮСТЕМДІКТЕРІН ЖҮРГІЗУ ҮШІН ҚҰРМЕТТІ ТӨРАҒА ДЕГЕН АТАҚҚА ЖАРМАСУЛАРЫ СҰМДЫҚ КӨРІНІС, БҰЛАРҒА СОНШАМА НЕ КӨРІНДІ, НЕ ДЕГЕН ТАЖАЛДЫҚ ПЕН ТОЙЫМСЫЗДЫҚ. ОСЫ ЖИЫНДА МҰХТАР ШАХАНОВ ЕЛІМІЗДІ ЖАЙЛАҒАН КӨРІНІСТІ АШЫҚ АЙТТЫ. МЕН ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ АЗАМАТЫМЫН, ӨЗІМНІҢ ЖЕКЕ ПОЗИЦИЯМ БАР, СОЛ ПІКІРІМ КӨПШІЛІККЕ ҚЫЗЫҚ БОЛМАСА ДА, АЙТАРЫМ БАР, БИЛІК ТҰРҒЫСЫНАН РЕКОРД ЖАСАҒАН ОРАЗАЛИН МЕН НАЗАРБАЕВ НЕ ҮШІН ОСЫНШАМА ЖЫЛ ОТЫР ЕКЕН, БІЛГЕНГЕ ЖӘНЕ ТҮСІНГЕНГЕ БҰЛ СҰРАҚТЫҢ МАҒЫНАСЫ ЗОР. ӘҢГІМЕ БИЛІКТЕ «РЕКОРД» ЖАСАҒАНДАР ЖАЙЛЫ БОЛЫП ЖАТҚАН СОҢ АЙТАРЫМ, ЖАЗУШЫСЫ ЕМЕСПІН, СОНДЫҚТАН ОРАЗАЛИНГЕ ҚАТЫСЫМ ЖОҚ. НАЗАРБАЕВҚА ДА ҚАТЫСЫМ ЖОҚ, СЕБЕБІ МЕН ОНЫ ТАҢДАҒАН ЖОҚПЫН, САЙЛАҒАН ЖОҚПЫН, ЕШҚАШАН ОҒАН ДАУЫСЫМДЫ БЕРГЕН ЖОҚПЫН. ӨЗ БАСЫМ БҰНДАЙ «РЕКОРДТАРДЫ» ҚОЛДАМАЙМЫН, ҚАБЫЛДАМАЙМЫН.

    • 13 Наурыз, 2018, 17:53

      құрметті төраға дегені не үшін керек дейсізбе,артын шұқылатпау үшін,жабу үшін.әйтпесе,не болды,соша өлерменденіп.сол жазушысының одағы болмаса өліп кетер ме еді,аштан қататындай.

  9. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 17:04

    осы жазушылардың өз балалары не немере шөберелері қай тілде оқиды екен. қазіргі билікте жүргендері қазақша дымбілместер сонда бұлардың ұлты сүйгені қәні.

    • 13 Наурыз, 2018, 17:58

      өз балалары да оқымайтын жазғандарын,басқа ел оқиды деп армандайма екен.отқа лақтыра салады.

  10. Белгісіз 16 Наурыз, 2018, 07:58

    ИӘ, БОТАГӨЗ, МЕН ДЕ ОЛАРДЫ ТАҢДАҒАН ЖОҚПЫН, САЙЛАҒАН ЖОҚПЫН, ЕШҚАШАН ОЛАРҒА ДАУЫСЫМДЫ БЕРГЕН ЖОҚПЫН! ӨЗ БАСЫМ БҰНДАЙ «РЕКОРДТАРДЫ» ҚОЛДАМАЙМЫН, ҚАБЫЛДАМАЙМЫН.

  11. Белгісіз 16 Наурыз, 2018, 09:02

    ОСЫ ҚАЗАҚТАРДА 60 ЖАСҚА ЖЕТПЕГЕН, АҚЫЛ-ЕСІ ТҮЗУ, ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛАТЫН АДАМ ЖОҚ ПА?

    ӘЛДЕ 60 ЖАСҚА ДЕЙІН ҚАЗАҚТАР ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ҚАБЛЕТІ ЖЕТПЕЙДІ МЕ?

    ОЙЛАНЫП, ҚАРАП ОТЫРСАМ, ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДА ҒАСЫРЛАР БОЙЫ «ЖҰМЫС ІСТЕП, БӘРІН ҚАТЫРЫП ЖАТҚАНДАР» ЫЛҒИ ЗИНЕТ ЖАСЫНДАҒЫ ШАЛ-ШАУХАНДАР.

    СОҒАН ҚАРАҒАНДА ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРТІП-ТІРБИЕСІ МЕ ЕКЕН, ӘЛДІ ОРГАНИМДЕРІНДЕ БІР АУЫТҚУ БАР МА ЕКЕН, ӘЙТЕУІР, ӨЗІМІЗГЕ БЕЙМӘЛІМ БІР КЕМШІЛІК БАР СИЯҚТЫ.

    БОЛМАСА, БҰЛ ДҮНИЕ ШАЛ-ШАУХАНДАРСЫЗ ДҮНИЕ ТӨҢКЕРІЛІП КЕТСЕ ДЕ, АҚЫЛ-ЕСІ ТҮЗУ, АЛЖЫМАЙҒАН АДАМДАР ЖАСЫ КЕЛІП, ЗИНЕТ ЖАСЫНА ЖЕТКЕННЕН СОҢ, АЙНАЛАСЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРІП, ҚОҒАМҒА ТҰСАУ-«ТОРМОЗ» БОЛЫП, ҚИЯНАТЫН ЖАСАМАЙ, ӨЗ ЖӨНІМЕН КЕТУЛЕРІ КЕРЕК ҚОЙ.

    АДАМ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЗАҢЫНДА ЖАСЫ КЕЛГЕН АДАМ ЕШҚАШАН БОЛАШАҚҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН «ПОСТУПАТЕЛЬНОЕ ДВИЖЕНИЕ» ЖАСАМАЙДЫ.

    КЕРІСІНШЕ, «ОТСТУПАТЕЛЬНОЕ ДВИЖЕНИЕ» , ЯҒНИ, «ОБОРОНИТЕЛЬНОЕ ДВИЖЕНИЕ» ЖАСАП, ҚАЙ ІСІ БОЛСА ДА ӨЗ БАСЫН ҚОРҒАУҒА АРНАЙДЫ.

    ОНДАЙ АДАМДАР БАСҚАРҒАН ҚОҒАМНЫҢ,БОЛАШАҒЫ БҰЛЫНҒЫР.

    ТАРИХТЫ САРАЛАП ОТЫРСАҢ, ҚӘРІ-ҚҰРТАҢДАР БАСҚАРҒАН МЕМЛЕКЕТ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҚҰЛАП ТЫНЫП ОТЫРҒАН.

    СОНДЫҚТАН, БАСШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ЕҢ КЕМІ ҚЫРЫҚҚА ЖЕТКЕН, ЕҢ ҮЛКЕНІ АЛПЫСҚА ЖЕТПЕГЕН АДАМДЫ САЙЛАУ КЕРЕК.

    ӨЙТКЕНІ, АДАМ 40 ЖАСҚА ДЕЙІН ҰРПАҚ ТАРАТУМЕН АЙНАЛЫСАДЫ.

    ОРТА ЖАСАТА АҚЫЛЫ ТОЛЫСЫП, ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСПЕН АЙНАЛЫСАДЫ.

    ЗИНЕТ ЖАСЫНА ЖЕТКЕННЕН СОҢ, «О ДҮНИЕНІ» ОЙЛАП, ДІНГЕ БЕТ БҰРАДЫ.

    ЖАСЫ ЖЕТКЕННЕН КЕЙІН ДІНГЕ БЕТ БҰРМАҒАНДАРДЫҢ БӘРІН, ТҮГЕЛІМЕН ИМАНСЫЗ ДЕУГЕ БОЛДЫДЫ.

    • 16 Наурыз, 2018, 09:34

      бетте жоқ,басқа да жоқ,кеуде ғана бар.
      алпысқа келгеннен ақыл сұрама,алпысқа келгендерді таудың арғы жағына арқалап апарып таста дегендердің түп-нұсқасында бірдеме бар болғасын айтылған шығар.
      баяғыда осы сөздерді естігенде,неге,неғып деп шыға келуші едік.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.