"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Жазушылар одағының жаңа төрағасы – Ұлықбек Есдәулет

Алматыда Қазақстан жазушыларының құрылтайы өтіп жатыр. Аталмыш шараған ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ұлттық порталы.

Жазушылар одағы басқармасы төрағасы Нұрлан Оразалин екі құрылтай арасындағы уақытқа есеп беріп, баяндама жасады. 
Белгілі жазушы Ырым Кененбай ревизиялық есеп комиссиясының баяндамасын жасады.
Содан соң әдеби секциялар жетекшілері Нұрдәулет Ақыш, Әділғазы Қайырбек, Сұлтанәлі Балғабай, Ашимжан Аширов және т.б. есеп берді.


Жарыссөзге алғаш шыққан Сәбит Досанов Одақ жұмысына оң баға беріп,  жастар секциясын ашуды ұсынды. Мұрат Әуезов Руxты болуға, бірлікке шақырды.
Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмәділов жазушы Нұрлан Оразалинді қатты сынады.  Оразалиннің сойылын соққан  Тұрысбек Сәукетайды сойып салып, өзінің «татармын» деген сөзіне байланысты  қазақтықтан айырып, Қазан қаласынан  бір-ақ шығарды.

Мұхтар Шаханов  азаматтығын, шындығын жоғалтып алғандардың бәрі далбаса деген тұжырымын тағы да нақтылап шықты.

Дулат Исабеков «Құрметті төраға» дегеннің керегі жоқтығын, осы уақытқа дейін өзгертіліп кеткен Жазушылар одағы жарғысын қайта қарауды ұсынды.

Сонымен қатар белгілі зиялы қауым өкілдері Смағұл Елубай Елбасының «Парламент пен Үкімет қазақ тілінде сөйлесін» деген тапсырмасын Құрылтай қаулысына енгізуді ұсынып, Нұрлан Оразалинге алғыс айтып, шапан жапты.

Жазушылар Одағының  жаңа төрағасын сайлау, дауыс беру басталды. Одақ төрағалығына жалғыз ғана адам ұсынылды, ол – Ұлықбек Есдәулет. Дауыс берушелір ұсынылған кандидатты бір ауыздан қолдады.

Сонымен, Қазақстан Жазушылар одағының жаңа  төрағасы – Ұлықбек Есдәулет!  Дара дарынды ақын, ақиқатты ашық айтып жүрген рухы биік қайраткер Ұлықбек Есдәулеттің келуімен Жазушылар Одағында Рухани жаңғыру басталды деп сенеміз!

«Қазақ үні» ұлттық порталы мен газетінің редакциясы ұжымы көрнекті ақын Ұлықбек Оразбайұлын төраға болуымен шын жүректен құттықтайды.




Осыған ұқсас:

  1. «Қол жинап, жасақ дайындамайтын»: Софы Сматаев Жазушылар одағының басшыларын салыстырды
  2. Ұлыстың Ұлы күні ұлықталды
  3. 26 жыл бұрынғы Қызылқұмдағы Наурыз мерекесі
  4. ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
  5. ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАРЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ТУРАЛЫ ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫН БІР АУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ
  6. Мұрат Әуезов: Одақтың төрағасы Ұлықбек Есдәулет болғаны дұрыс


38 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 14:18

    Нагыз лайык осы киси! Кутты болсын!

  2. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 15:10

    Құтты болсын орын тағың ,жерлесің замандастың аты озғанша ауыл ластыға тағы озсын

  3. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 15:22

    Осы уақытқа дейін туралығы бар жан еді. Ары да сол туралық жалауын құлатпай ұстауына тілектеспін!

  4. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 15:56

    Бәрекелді! ОДАҚТЫҢ ЖҰМЫСЫНА СЕРПІН БЕРІП,НАҒЫЗ КӘСІБИ ЖАЗУШЫЛАР ШОҒЫРЫН,АРМИЯСЫН ЖАСАҚТАЙДЫ ДЕГЕН ҮМІТ БАСЫМ. КІМ КӨРІНГЕНДІ ЖАЗУШЫ ЕТІП ТАНЫТҚАНША, ОН-ЖИЫРМА МЫҚТЫ НАҒЫЗ ЖАЗУШЫНЫ ӘДЕБИЕТ МАЙДАНЫНА ҚОССА ҚҰБА -ҚҰП.

  5. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 16:14

    Ұлықбек Оразалин сияқты биліктен жем жеп жүрген жоқ па?

  6. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 16:16

    Ұлықбектің төраға болғаны ел үмітінің ақталуы

  7. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 16:19

    Ұлықбекті Оразалинмен салыстыруға болмайды. Ол өз ойын ашық айтып, Жаңаөзен шындығын айтып жыр жазған ақын! Кеше Одақ төрағалығына ұсынылғанда Оразалин «Ұлықбек Жаңаөзенді қолдап жыр жазған»-деп жоғарыға арыз айдап кеп жіберіпті

  8. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 16:20

    Дара дарын Ұлықбектің Жазушылар одағын басқаруы – рухани жаңарудың нақ өзі! Қолдаймыз бәріміз

  9. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 16:39

    Бұрынғы жазушылар мен қазіргі жазушылардың арасы жер мен көктей! Бірақ, көпке топырақ шашпай-ақ қояйын, қазір де жақсы жазушылар бар! Бірақ, аз!

    • 12 Наурыз, 2018, 16:55

      Құтты болсын! Еңбегі жемісті болсын!
      Енді былық-шылыққа батқан ары таза еместерден құтылу керек.
      Нағыз тарландардан керемет туындылар күтеміз!

  10. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 17:18

    Сонымен, Қазақстан Жазушылар одағының жаңа төрағасы – Ұлықбек Есдәулет! Дара дарынды ақын, ақиқатты ашық айтып жүрген рухы биік қайраткер Ұлықбек Есдәулеттің келуімен Жазушылар Одағында Рухани жаңғыру басталды деп сенеміз!

  11. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 18:05

    Құтты болсын,жаңа басшыларыңыз! Жалпы өте ауыр атмосфера сияқты, сырт қарағанда.Ер адамдар тілді..адуынды келеді екен.Оқи келе » татармын» дегенге тиіскені, бір бірін көрместей сынайтыны, жалпы » тілділердің мекені» екенін айқындайды.

  12. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 18:09

    Жерлесімді құттықтаймын! Рухты шығармалар көбейсін!

  13. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 18:11

    Жерлесімді құттықтаймын! Қазақты рухтандыратын шығармалар көбейсін!

  14. 12 Наурыз, 2018, 18:50

    Жазушылар Одағы енді Семейге, Абай еліне көшсе жақсы болар еді. Себебі оңтүстік қанша дегенмен ордалы жыланың ортасы ғой….Бұған қалай қарайсыздар ?

    • 12 Наурыз, 2018, 21:53

      Ұлы бабаларымыз Ақтамберді жырау,дана Абай,дауылпаз Дулат Бабатайұлы,Шәкәрім қажы,заңғар жазушы Мұқтар т.б.атақты адамдар шыққан қасиетті Семей топырағы,Алаш Орда орталығы болған жерде жершілдік,жүзшілдік сияқты артқа тартқыш ескі заман қалдықтары болған емес,болмайды да.Олар жалпы қазақ еліне,жеріне,жұртына өмірлерін арнады,сол жолда аянбай күресті.

  15. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 21:08

    ким биледи бизин улы жузденбе.

    • 12 Наурыз, 2018, 21:57

      жетістірді,ана айтқан сөздерді естіген құлаққа ұят.бетті бастым,тұра қаштым,өй,бүу,тиыш кетсиш,қасқааа.

  16. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 22:25

    Ұлықбек ақынды мен де білемін, құттықтаймын! Сәл момындау ма, тым байыптылау ма, – енді батыл, өткір болуы керек. Оған Н.Оразалин жеңіл жүк қалдырған жоқ. Ол есепті баяндамасында ешбір кемшілігі болмағандай сайрады. Жалпы ол қызылсөзге шебер болып алған. Ревкомиссиясының төрағасы Ы.Кененбай: «Шығармашылық үй орнында, жұмыс істеп тұр» деп жалған сөйлеп бір кетсе, Одақтың Мәжіліс залын Олжас Сүлейменов салдырды» деп тағыда жалғандыққа барды. Шығармашылық үй ұсқынсыз күйде, баяғы тәртіппен жазушыларды қабылдамағалы он шақты жыл болды. Ал Мәжіліс залы Азия-Африка елдері жазушыларының 1973-жылы 5-конференциясы өткізілер алдында Әнуар Әлімжановтың кезінде салынған. Кейбіреудің Олжас Сүлейменовтен не жақсылық көргенін өздері білер, беталды мақтай береді. Ол ақын Одақта төрт жылдан екі мерзім отырғанда айтақалсын дәнеңе жақсылық істеген жоқ, уақытының көбі Мәскеуде, онда-мұнда қыдырумен өтті. Соңғы мерзімі бітер, есеп беріп босар Құрылтайға да келмей, Мәскеуден: «Мені орынды босатты деп есептеуді өтінемін» деген телеграмма берген. Н.Оразалин екеуі Одақ басқармасының құрметті төрағасы болуды ұйғарысып, бір құрылтайда Жарғыға түзету енгізіпті. Ол екеуі, мысалы, өздерінің алдындағы төрағалар: Ә.Шәріпов, Ә. Әлімжанов, Ж.Молдағалиев іске асырған игі істердің жартысын да істей алмады, бірақ ұялмай арзанатаққұмарлықпен «Құрметті төраға» болып алды. Ұят, масқара! Оразалин әлі де сол атағынан айрылмау үшін тіл мен жағына сүйеніп сөйледі. Сол тұста мәжіліс төрағасы бола қалған Әлібек Асқаров оны құптап шыр-пыр болып, дауысқа салып, қолдаған, қарсы болған, қалыс қалған ешкімның дауысын санамастан, «көпшілік Оразалиннің құрметті төраға бола беруін жақтады» деп өтірікті соқты. Жағымпаздық шексіз деген сол екен. Жалпы бұл құрылтай сұйық өтті, өтірік араласқан соң Одақтың құр қаңқасы бары туралы шындық айтылмады, жарыссөзде де жазушыларға тиімді мәселе айтылмады. Мәдениет министрі А.Мұхамедиұлы келген екен, ол соңғы жиырма шақты жыл бойы айтылып, іске аспай келе жатқан қаламақы мәселесі дұрыс шешілуге жақын деп «жаңалық» ашты. Баяндамасында Оразалин де қаламақы үшін күрескенін айтып мақтанған еді. Оразалиннің тұсында Шығармашылық үйдің кімнен кімге өткені анық айтылмаса, Одақтың Жамбыл ауданынан алған 10 ба, 15 пе, – гектар алмабағы бары бір мақалада айтылған еді, ал құрылтайда ол туралы ештеңе айтылмады. Оразалин тобы біле тұра айтпаса, басқалар білмеген соң айта алмады. Сонда ол қайда кетті, кімге бұйырды? Жаңа басшылық Шығармашылық үйі мен алма бақтың талапай тағдырын шешуге міндетті болар.

  17. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 00:06

    Ана біреу оңтүстікті ордалы жылан деді ау, жалпыға топырақ шашып, ал Ұлықбек ұлы жүзге күйеу болады…(Ботбай)

  18. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 00:26

    Құрметті, ағалар! Жарыса жазып жатырсыздар, дұрыс шығар. Алайда, «зиялы қауым өкілдері» деген мәртебелеріңіз бар. Халыққа қандай үлгі?! Әртүрлі сыни пікір естісе де, одақты басқарды. Бұл үшін мықты төзім қажет. Ал, енді жаңа келген басшылыққа үлкен үміт артамыз. Оң болсын! Көпшіліктің Ұлықбек ағаны қолдауларының өзі жай емес деп есептейміз. Ең бастысы, «аққу, шортан һәм шаян» болудан сақтасын!

  19. 13 Наурыз, 2018, 00:33

    Тағы да жүзге бөлуге басталды ма? Қашан қоясыңдар осыны? Әдебиетті өйтіп ластамаңдар! Онсыз да Жазушылар одағының беделі бес тиын болды. Қатарына қараңдаршы. Дұрыс жазушы мен нағыз ақындарды саусақпен ғана санап алуға болады. Үш қайнаса сорпасы қосылмайтындар одақ мүшесі болып жүр. Алдымен солардан тазарту керек. Жазушы деген атқа лайықтыларды ғана қалтырып, қалғандарын босатсаңдар дұрыс болады. Бір кезде киелі орын саналған Жазушылар үйінің беделін қайта көтеруіміз керек. Ол – қазақтың беделі, осыны ұмытпаңдар. Жалған атақ пен жарымжан шығарма халыққа рухани қазына болмайды. Әркім өз әлін білу керек қой…

  20. 13 Наурыз, 2018, 00:39

    Ұлықбекке жағынып дара дарын деудің қажеті жоқ. Құдайға шүкір қазақта дарындылар баршылық. Жағымпаздар адамды бұзады. Одан да кемшілігін көзге айтып, алдағы жұмысты атқаруға көмектесіңділер, «дарындылар»!

  21. 13 Наурыз, 2018, 00:42

    Жағыну адамды бұзады. Дара дарын дегендерің не? Қазақта талант аз емес.

    • Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 01:05

      Өте дұрыс айтасыз, жағымпаздану осы күнгі ҚАЗАҚТАРДА жаман әдетке айналып кетті!

      *******************

      Жылдан-жылға барады біздің ҚАЗАҚ,
      Жағымсыну дегенге құмарлана,
      Шибөрілер мекені болып кетті,
      Бөрілер жортып өткен ТҰРАН ДАЛА.

      Ринат ЗАЙЫТОВ. Айтыскер ақын.

      • Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 14:15

        Қанат, «құмарлана» деген сөзден кейін нүкте қою керек.

        • Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 14:17

          Қанат, «құмарлана» деген сөзден кейін нүкте қою керек!

          • Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 14:23

            Жылдан-жылға барады біздің ҚАЗАҚ,
            Жағымсыну дегенге құмарлана.
            Шибөрілер мекені болып кетті,
            Бөрілер жортып өткен ТҰРАН ДАЛА.

            Ринат ЗАЙЫТОВ. Айтыскер ақын.

  22. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 02:56

    Жазушылар одағының мүшелігіне ақша төлегендер өтуін тоқтату керек

  23. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 06:54

    Рухым көтеріліп жанама екен
    Шындыққа шөлім менің қанама екен
    Үкіметтен қолдау боп кедейлерге
    Жақсылық енді бізде болар мекен

    • Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 14:26

      Әбілғазы, «жанама» деген сөзді орысшаға аударсаң, «косвенный» деген мағана береді!

      «Рухым көтеріліп, жанар ма екен?» деп жазсаң дұрыс болар еді!

      Сол сияқты, «қанар ма екен?»-деп, жазу керек.

      «Үкіметтен қолдау болып, кедейлерге», «Жақсылық енді бізге болар ма екен?» дегенің дұрыс болар еді!

  24. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 10:57

    Спортзалга барып туру керек Анда санда братан

  25. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 11:47

    Адамгершилиги мол, талантты, шыншыл акын. Карызга белшеден басылган Жазушылар Одагына торага боп келсе жуги ауыр!

  26. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 13:27

    «ақиқатты ашық айтып жүрген рухы биік қайраткер Ұлықбек Есдәулеттің» осындай қасиеттерге ие болған адам келсе (қадірлі Қазыбек бауырым, өтірік айтпайтынын білемін) шынымен көп нәрсеге үмітенуге болады екен!

  27. Белгісіз 15 Наурыз, 2018, 01:26

    Осындағы «Иттер үруден шаршамайды» деген ійауызға жауап: сен Олжас тастай берген сүйекті мүжіп жүрген «үрместердің» біреуі шығарсың. Совет кезінде әрбір гәзет-журналдың тиражы биыл қанша болды, алдағы жылда қаншаға жеткізу керек деп, жер-жердегі сұраныс-мүмкіндіктерді біліп, тиражды белгілеп отыратын сектор болды, партияның Орталық комитетінде. Жазушылар одағында қызмет істеген жылдарында Олжасың, «Жұлдыздың» жайын ойламақ тұрғай, қазақша сөйлеп көрген жоқ. Ана тілін керек етпегеннің ана тіліндегі гәзет-журналға, кітапқа көңіл бөліп шыж-пыж болып жүргенін қайдан, қашан көрдің? «Иттер…» деп ырылдап бастағаныңнан-ақ сенің де «адам» екенің байқалды, ей, «үрмес»!

    • Белгісіз 15 Наурыз, 2018, 08:27

      Конаевты жумысынан босату пленумы журип жаткан кезде Конаев жалгыз ози отырады. Сонда жалгыз Олжас Конаевтын жанына барып отырады, тек кана отырмай соз алып Конаевты жактап соз сойлейди. Олжастан баска жактаган ешким жок, бари бастарын артына тыгып тиыш кана отырад. Негизи о кезде кагаз дефисит типография дефисит онын барин жогаргы жакта шешетин жазушылар одагынын биринши хатшысы. Казак тилин билгиштер Конаевты жактаган жок жане дефисит проблемаларды шеше алмады тиражды котеру ушин. Сондыктан сакен кокебай теманы билмесен аузынды ашпа.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.