Британиялық боксшы Головкинді қорқақ деп айыптады

Британиялық кәсіпқой боксшы Робин Дикин қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді «қатынға» теңеді деп жазады Prosports.kz.

«Сен Билли Джо Сондерстен қашып жүрсің, сен — «қатынсың»! Сондерс — нағыз чемпион!» — деп жазды Робин Дикин Геннадий Головкиннің суретіне.

Британиялық боксшы өзінің ұтыла беретінімен танымал. Ол 55 жекпе-жектің екеуінде ғана жеңіске жеткен, қалғанында қарсыласына есе жіберген.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамыр күні Лас-Вегас қаласында өтеді.