ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ КІМ БОЛАДЫ?

Алматыда Қазақстан Жазушыларының XV құрылтайы басталды. Құрылтайға ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы қатысты, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі.

Сонымен қатар, Жазушылар одағы басқармасы төрағасы Нұрлан Оразалин екі құрылтай арасындағы уақытқа есеп беріп, баяндама жасады.

Атап өтейік, бүгінгі құрылтайда  Жазушылар одағының жаңа төрағасы сайланбақ. Еске сала кетейік, бұған дейін Н. Оразалин өзінің кезекті рет сайлауға түспейтінін мәлімдеген болатын.

Тұтқиылдан шыға келер үміткерлер болмаса, жалпы жазушылардың төрағалыққа ұсынып отырған үміткері - көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулет. Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұ. Есдәулетті жазушылар қауымының басым көпшілігі қолдап отыр.

Қалай болғанда да, құрылтай қорытындысын күтейік...