"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Аягөзде төтенше жағдай жарияланып, 400 адам эвакуацияланды (ВИДЕО)

Аягөз ауданында толассыз жауын-шашын салдарынан төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аягөз ауданы әкімінің өкімімен Аягөз қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланды»,  делінген  аудандық ішкі саясат бөлімі берген мәліметте. Әкімдік ақпараты бойынша қала ішінде  3 көпірді, 5 жаяу жүргінші өткелін қарғын су басып қалған.

Су алған үйлерден 400 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның 30-ы бала.

«Тұрғындар Аягөз қаласының қазақ мектеп-лицейіне, №6 орта мектеп-интернатқа және туыстарына орналастырылды. Төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында, жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдай бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, теміржол мекемелері, ауданның коммуналдық мекемелер қызметкерлері  және тұрғындар арасынан еріктілер жұмыс істеуде. 200-ден астам адам, 11 арнайы техника, 20 автокөлік, 3 мотопомпа жұмылдырылды. Зардап шеккендерге аудандық медицина қызметкерлерімен алғашқы көмек көрсетілуде. Қаза тапқандар жоқ», – делінген ресми мәліметте.




Осыған ұқсас:

  1. ШҚО әкімі су тасқыны кезінде жаңа баспана алу үшін үйлерін әдейі қиратқандардың бар екенін айтты
  2. Аягөзге Үкіметтің бір министрі, Парламенттің бір депутаты барған жоқ (ВИДЕО)
  3. АЯГӨЗДЕ «ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ» ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ
  4. Елімізде түн ортасында жарқырап жанатын көл табылды (видео)
  5. ШҚО-да қалталы банкир киелі кесене орнын әкесінің атына өзгертуге кірісті
  6. ЗЫРЯН МЕН АЯГӨЗ АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАР САНАТЫНА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ


6 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 12 Наурыз, 2018, 11:14

    Мен білетін Аягөз өзені, Аякөз де қаладан төмен жіп жіңішке тобықтан келмейтін жазды күні,түсінбейтінім қалай тасып тұр ол ол тіпті арнасы толсада қала үйлері не жетпеуі керек.себебі бул өзен төмен жерде,алде өзеннің жолына үйлер салған болар.. Жане бул Недеген жауын шашын..Мына мен тұрған жер қар жай уақыты мен ериін деп жатыр,әлі жаңбырды білмейді де.Аякоз де полигон кесірінен экологиялық апатқа ұшыраған болып тұр..

    • Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 14:28

      Ол қыс уақытында қар болмады.Аязда жерге тоң түсіп кетті..көктемнің алғашқы күндерінде қар толассыз жауды..яғни жер мұз..енді аяз болып тұрды да күн жылынды..жаңбыр толассыз жауды.Ақырындап еріп жерге сіңетін су мұз қабаттан өте алмады..еңіске қарай ағыл тегіл аққан су өзен суларына қосылып одан асқаны тағы кетіп жатыр

      • Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 21:06

        Қаланың ішінде ағатын өзен жоқ.яхни шетте ол өзеннен жай аттап өтетуге болатын жағалауы.жане терең арна шетте өзі.Ол арна мұхит құйылса толады.
        Ал мына су басып жатқан үйлер бұлар сол өзен жағасында салынған болып тұр,жағаға үй салмау керек еді.еңіс ойда тұрған соң әрине су басады..

        • 12 Наурыз, 2018, 22:13

          Айтып жатыр ғой,алдымен жер қатқақ болып қалған,күн райы суытқан себепті,артынан толассыз нөсер жаңбырға ұласқан.құбылмалы ауа-райы бір жылып,бір суып,алмасып тұрса,еріп үлгермеген мұз аралас көшкін арнадан шығып,бағыты өзгердіме,жайыла ақтыма.тоң-тоң мұз қатқақ бірден жіби қоймайды.селден қорғау,төтенше жағдай,табиғаттан келген алапаттың алдын-алу қызметтері қайда қараған,апаттың алдын алмай.
          Қайда, ана миллион алғыш министр,депутаттар,халықты қызыл су басып жатқанда,не отырыс жайбарақат??.

  2. 12 Наурыз, 2018, 11:19

    Ау алгі атышулы ЕхРоО о ЕксПоО оолар қайда?.техника сының түрін 30 шы жылғылар сияқты.жаңа автоматты техника лар қайда.Ешкім ештеңе ойлап таппай ма?..

    • 12 Наурыз, 2018, 12:22

      Мақтанған табиғи су,күн,жел т.б.энергиясы,пәлен-түген,керемет қыламыз,дүние жүзі ағылады,аузын ашады,көзін жұмады…қайда?.
      әлде,жеті қабат жер астындағы құпияма?

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.