"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Президент нұсқауы мүлтіксіз орындалуы қажет

Біздің мемлекетте қазақ тілінде сөйлеу үшін барлық жағдай жасалған. Енді, міне, мемлекет басшысы Парламент пен Үкімет мүшелеріне нақты тапсырма берді. Меніңше, өте аталы да баталы сөз – осы. Тек мұны міндетті түрде орындау қажет. Менің осы жердегі түсінбейтін жағдайым – түкке тұрғысыз дүниелерді ұрандатуға келгенде алдымызға жан салмаймыз. Осындай елдік, халықтық мүддеге келгенде кейбіреуіміздің кежегеміз кейін тартып қалатыны қынжылтады. Мұны халықтың 99 пайызы қолдап отыр. Енді бір керітартпа шенеуніктер бар «маған орыс тілінде сөйлеген қолайлы» деген желеумен қазақ тілінде сөйлеуге әлі күнге дейін құлық танытпай келеді. Бұл тұрғыда олардың әрбірі Елбасы тапсырмасын мінсіз орындау қажеттігін түйсінетін кез жеткен сияқты. Елімізді мекендеген өзге ұлттар қазақ тілінде туған тіліндей таза сөйлеп жатқанда атқамінерлердің бұл әрекеті санаға сыймайды.
Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп жетер жеріне жеткізіп айтып кетті емес пе?! Сондықтан сөзіміз де, өзіміз де жоғалмау үшін «Мәңгілік ел» боламыз десек, ана тіліміздің бүгінгі хал-ахуалын жақсартуға атсалысуымыз керек. Биліктің тізгінін ұстаған шенділердің әрбірі қазақ тілін өз тұғырына қондыру жолындағы жауапкершілікті сезінеді деп ойлаймын. Өзі бастаған осынау игі бастаманың орындалу барысын Елбасымыз да қадағалап отыратыны анық.

qazaquni.kz




Осыған ұқсас:

  1. ҰРЛЫҚ ІЗІ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНЕ АЛЫП КЕЛДІ


3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 20:17

    Қазақ тілін білмейтін мәңгүрттерді қызметтен аластату керек. Сонда үш күннің ішінде үйренбесе мұрнымды кесіп берейін. Жалпақшешейлікпен солардың қасы мен қабағына 27 жылдан бері қарағанымыз да жеткілікті емес пе? Енді ондай көңілжықпастықты доғару керек. Әйтпесе, үйренбейді, үйренгісі келмейді. ,,Қызметтен босайсың,, десе өте-өте жылдам үйренеді. Оларға жалынудың қажеті жоқ.

  2. Белгісіз 11 Наурыз, 2018, 10:24

    ӘЙ, ҚАЗАҚТЫҢ ЗИЯЛЫЛАРЫ-АЙ, ПРЕЗИДЕНТ АУЗЫН АШҚАНЫН АҢДЫП ОТЫРАСЫҢДАР ДА, ЖАРЫСЫП, ҚОШТАЙСЫҢДАР, ЕШ ҚАРСЫЛЫҒЫМ ЖОҚ, БІРАҚ ЖЕРДІ САТАМЫЗ ДЕГЕНДЕ ҚАЙДА БОЛДЫҢДАР, ЖАҢАӨЗЕНДЕ ЖАЗЫҚСЫЗДАР БЕЙБІТ ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ АТЫЛЫП, ӨЛТІРІЛГЕНІНДЕ ҚАЙДА БОЛДЫҢДАР, СОНДА НЕГЕ ХАЛЫҚТЫ ҚОШТАП, ҚОЛДАП ШЫҚПАДЫҢДАР. БІЛЕСІҢДЕР КІМДІ ҚОЛДАУ КЕРЕК ЕКЕНІН.

  3. Белгісіз 11 Наурыз, 2018, 14:42

    осы шалдың бірде-бір ісінен нәтиже шыққан емес енді шығады деу топастық. бірақ өз қалтасын ешуақыта ұмытпайды банктерді тартып алып бір жылда 2,2млрдқа байып жатыр қыз-күйеуі сонда бұлардан не үміт не қайыр.бұларды тек жұлып тастау керек арамшөке бағалап.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.