"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Дулат ИСАБЕКОВ: Елбасының тіл туралы тапсырмасы талқыланбайды, орындалады!

 

 

Мемлекет басшысы бұған дейін де мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру ке­ре­ктігін қаншама рет айтқаны ел есінде. Дегенмен, біздің мемлекеттік тіліміз өзінің шынайы тәуелсіздігін күні бүгінге дейін ала алмай келе жатқаны жанымызға қатты батады.
Елбасымыздың «Парламент пен Үкіметтің жұмысы тек мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс!» деген мәлімдемесі туған тіліне қырын қарайтын кейбір шенеуніктердің есін бірден жиғызғандай болды. Бұған дейін орыс тілінде сайраған­дардың қазақ тілін қандай деңгейде білетіндігіне куә болып отырмыз. Олардың қазақ тілінің қадірін қашырып, қалай болса солай сөйлеуіне жол бермеуіміз керек. Анамызды қалай аяласақ, ана тілімізге дәл солай құрмет көрсетуге тиіспіз.
Шенділерге Елбасы тапсырмасының талқыланбайтындығын, тек орында­латын­дығын тағы да бір еске салып қоюға тура келіп тұр. Бұл бағытта ұлт зиялылары бас көтеріп, мемлекеттік тіліміздің шынайы мәртебесіне ие болуын талап етуіміз керек. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев та тілге қатысты осынау маңызды тапсырманың орындалу барысын назардан тыс қалдыр­майды деп сенеміз.

qazaquni.kz




Осыған ұқсас:

  1. Әйгілі жазушы Дулат Исабековтың жеке сайты ашылды
  2. Дулат Исабеков: Тілді бүгін қалыпқа келтірмесек, ертеңгі ұрпаққа керек болмай қалуы мүмкін
  3. Дулат Исабеков. РЕНЖІСЕМ – МЕН РЕНЖУІМ КЕРЕК ЕДІ
  4. Дулат Исабеков: Ойымнан шықпайтын екі қызға обал жасадым деп ойлаймын…
  5. «ЖЫЛ АДАМЫ -2017» АНЫҚТАЛДЫ
  6. Дулат Исабеков: Дарынсыздар кітап шығаруды әдетке айналдырды


25 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 10 Наурыз, 2018, 12:09

    Орындайды,орындатсын,орындатады,орында-лады,басқа жол жоқ.

  2. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 12:20

    КІМ ҚАШАН ОНЫ ОРЫНДАП ЕДІ, ОРЫНДАЙЫН ДЕП ЖАТҚАНДАР ДА КӨРІНБЕЙДІ

  3. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 14:08

    Қатты қадағалау керек сіздерге.
    Əйтпесе басынып кетті бұлар

  4. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 14:23

    Парламент , Үкімет мемлекеттік тілде сөйлемесе , Президент бұйрығын орындамағандар ретінде тарауы керек !!!!!!

  5. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 15:20

    Айтқаны келсін, аузы дуалы Дулат ағамның!

  6. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 17:32

    Парламентті президентімен қоса ауыстырмай осы зарлағанымыз зарлаған.

  7. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 18:07

    Дулат аға, Президенттің ,,Парламент пен Үкімет қазақ тілінде сөйлеуі керек,, дегені шынымен іске асады деп ойлайсыз ба? Ал менің күмәнім бар. Себебі, талай тапсырма-талаптар түгіл Қазақстанның көптеген заңдары қағаз жүзінде қалып келе жатыр. Яғни, орындалмай. Мынау да солардың кебін кимесе болар еді. Анау әлгі орысқолды министрлер, депутаттар қазақтың көсегесін көгертейін деп жүрген жоқ. Бәрі қара басының қамын күйттеп отыр. Біреуі бала-шағасына қорған болу үшін отырса, екіншілері жеке бизнестеріне, үшіншілері халықтан тыққан арам ақшаларына қарауылдық етіп отырған сияқты. Сосын олардың қазақтың тіліне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, жалпы ұлттық менталитетіне пысқырып та қарағысы келмейді. Басқаларды былай қойғанда Президенттің өз қызы – Даригуша ,,Құдайға шүкір, әлі талай жыл орыс тілі Қазақстанда өмір сүреді,, дегендей мағынада пікір білдіріп, әкесінің сөзін артына қыстырмай отыр ғой. Сонда Елбасы тым жұмсақ па? Айналасындағылар айтқанын неге қылмайды деп ойлайсыз. Алыс шетелдерді айтпай-ақ қояйық, мынау іргеміздегі Өзбекстан мен Түрікменстанның Президенттерінің айтқандары екі болатын болса, ол адам сол күні жұмыстан босатылады. Керек десеңіз тіл, ұлттық салт-дәстүрге қарсы шыққандар жауапкершілікке тартылады. Қазақстанда неге сондай болмайды? Бұған, кім кінәлі? Әлде Нұрекең көңілшек пе? Шын мәнінде айтқан тапсырмаларын орындата алмай ма? Осыған Дулат аға, жауап беріп көріңізші. Егер өзіңізге зияны тиетін болса жауап бермесеңізде болады. Онда өз сөзім өзіме. Бүгін болмаса келешекте жауабы қайтарылар.

    • Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 03:18

      Ои баурым бұл шалдың кезекті бір аиласы гои күні кеше ғана орысша сұрау сурагандарга қазақша жауап бергендер жұмыстан кетсін демеды ма. Аяқ асты не болды түс көргендеи тіл жанашыры болып қазір қоғамда жалпы беттік жас отбасылары балаларын орысша тәрбиелеуде қазақ тілінен үміт узыу басым жақында қазақ әліпбиі латыншага ауысады ал орыс тілі бәрі бір биліктің тілі боп қала береді шал шынымен тілге жаны ашыса жеке куалгынде қазақ деп жазылған азаматтар мен азаматшалардын балалары тек қана қазақ мектебіне оқуы керек деп бұйрық шығару керек сондагана қазақ тілінің косегесы көгереді ал қағанының бәрі далбаса

  8. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 19:08

    ҚҰРМЕТТІ ЕЛБАСЫМЫЗ ҮКІМЕТ ПАРЛАМЕНТ ТЕК МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ КЕРЕК ДЕГЕН ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАП,ПАРЛАМЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБІСІН КӨТЕРУ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕРЕК!СОНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ТАЛАП КҮШЕЙДІ,БАРЛЫҚ ЕЛ БОЛЫП МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІНЕ ҚЫЗМЕТ ЖАСАЙДЫ!

  9. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 21:49

    Өй, блин! Айдалаға шабалаңдап үре беретін «дворняшка» сияқты бұл қазақтар ортағасырлық санасынан арыла алмайтын шығар. «Менің көңілім жүйрік пе, әлде менің көңілім жүйрік пе?» демекші, Назарбаевтың айтқан миллиондаған «обещанияларының» бәрі орындала берсе, онда Қазақстан баяғыда Америка мен Қытайды басып озып, әлемді басқарып отыратын еді ғой. Оның айтқан сөздері түгілі, жазылған заңдары да орындалмайды ғой. Күшті болса, айтқан тапсырмаларының бәрін заңмен бекітіп, орындалуын күнделікті қадағалайтын орган құрсын. «Істі қазақтың тілі тындырады, қытайдың екі қолы тындырады» дегендей, қазақтың тілі не демейді? Тіпті, лох болудан да шаршамайды екенсіңдер.

    • 10 Наурыз, 2018, 22:52

      көңіл жүйрік пе,көк дөнен жүйрік пе?
      біздікілер көңілшек әйел сияқты немесе қожайынынан қорқатын.
      көрінген құрбақалар басқа шығып жүргеніміз сол.

  10. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 21:57

    Дулат ағамыз әрдайымда ондыққа дөп тигізіп айтумен келеді.

  11. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 21:59

    Елбасының сөзі талқыланбайды – орындалады!

  12. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 22:15

    Бəрі өз уақытыменен деп келеміз солай келтірдіде міне уақыт келді ал енді іске сəт!, заң бар, Елбасымыз тапсырыс берді, кім заңға қарсы, кім Елбасының шешімін талқылайды Оларды өздеріне тиісті орындарына қойсын!

  13. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 22:34

    Бізде Конституциялық мемлекеттік тілдің – қазақ тілінің «әләуләйі» таусылмай келе жатқалы 27 жыл, ал «хәләуләйі» болып, оның неше жылға созыларын кім біледі? Алғашқы Конституциямызда «орыс тілі ұлтаралық қарым-қатнас тілі» делінді, одан кейін «орыстар реніш білдере» бастағанда «орыс тілі – ресми тіл» деп өзгертілді, яғни мемлекеттік тілмен теңестірілді. Өйтіп құйтырқылауды кім бастады, кім қостады? Д.Исабеков мырзаның ол «процесті» де, мемлекеттік тіл туралы неше жоба, бағдарлама жасалғанын да жақсы білетіні сөзсіз, сол туралы неге қаттырақ айтпады? Елбасы (дұрысы ресми түрде «президент» деу ғой) сонау жылдары: «қазақ қазақпен қазақ тілінде сөйлессін» деді («ана тілінде» деуі жөн еді), сонысына ұқсас басқа да айтқандары бар. Соңғысы «Үкіметтің жұмысы тек мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс» дегені болса (олай деп бұдан 20 жыл бұрын айтып, қатаң қадағаласа еді!), содан 4-5 күннен соң парламенттің қос палатасы алдында сөйлеген сөзінің 80 пайызы орыс тілінде болды, ол қалай? Сөз бен істің арасы алшақ жатты емес пе? «Петропавл» мен «Павлодардың» тарихи қазақ атын қайтаруды жұртшылық қаншама талап етсе де, ескерілмеді, меніңше, орыстар ренжитін болды. Путин қайтадан сайланған соң, «Семейді» қайтадан «Семипалатинск», «орыс тілі – екінші мемлекеттік тіл» демесек жарар еді.

  14. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 23:31

    БАЯҒЫДА БІР ОТБАСЫНЫҢ БАЛАСЫ БАЛДАН БАСҚАНЫ ЖЕМЕЙ ҚОЙЫПТЫ,АТА-АНАСЫ АЛАҢДАП БАРМАҒАН ЖЕРІ ҚАЛМАПТЫ,БІР КҮНІ БІР ТӘУІПКЕ АЛЫП БАРЫПТЫ,СОНДА ТӘУІП БАЛАНЫ ҚЫРЫҚ КҮННЕН СОҢ ӘКЕЛІҢДЕР ДЕПТІ,УАҚЫТ ӨТІП БАЛАНЫ ТӘУІПКЕ АЛЫП БАРЫПТЫ,СОНДА ТӘУІП ӘЙ БАЛА ЕНДІ БАЛ ЖЕМЕГІН ДЕПТІ,БАЛА БОПТЫ ДЕП,ҮЙІНЕ БАРҒАН СОҢ БАЛДЫ ЖЕМЕЙ ҚОЙЫПТЫ,ТАҒАМ ЖЕЙТІН БОЛЫПТЫ,СОНДА АТА-АНАСЫ ТАҢ ҚАЛЫП ТӘУІП БІР АУЫЗ СӨЗІНЕ БАЛДЫ ЖЕМЕЙ ҚОЙДЫ ДЕПТІ,ӘКЕСІ ТӘУІПКЕ БАРЫП АЛҒЫСЫН АЙТЫП,ТӘУІПКЕ СҰРАҚ ҚОЙЫПТЫ,ЕЙ ТӘУІП НЕГЕ СОЛ КҮНІ ЕМДЕЙ САЛМАДЫҢЫЗ,НЕГЕ ҚЫРЫҚ КҮНЕН СОҢ ЕМДЕДІҢІЗ ДЕП СҰРАПТЫ,СОНДА ТӘУІП СОЛ ӨЗІМ БАЛҒА ТОЙЫП АЛЫП ЕДІМ.МЕН ҚАЛАЙ ӨЗІМ ЖЕП АЛЫП,БАЛА ЖЕМЕ ДЕП АЙТАМЫН,СОНДЫҚТАН ӨЗІМ ҚЫРЫҚ БАЛ ЖЕМЕДІМ ДЕГЕН ЕКЕН,ӨЗІҢ АМАЛ ЖАСА,ӨЗІҢ ӨЗГЕГЕ АҚЫЛ АЙТ ДЕГЕН ЕКЕН ТӘУІП.

    • 10 Наурыз, 2018, 23:46

      Жел сөз,желбуаз бос сөздер.президентке талай кірді,біреуі де мынауың дұрыс па,мынауың дұрыс болмады,қате кеткен жағдайлар болды деп батырып айта алмайды,құр әйттім-бүйттім,ананы айттым,мынаны айттым деген көлгірсіген сылдыр сөз.асарын асап,жасарын жасағандардың неден батпайтыны,неге шындықты айта алмайтыны белгілі.бәрін сыпырып алып,тып-типыл етеме деп қорқады.атақ түгіл бас қайғы деп жасқаншақтайды.елге пайдалы не істедім,артымнан жақсы ат қалсын,топырақ шашпасынды ойламайды.содан барып ешкімде сыйламайды,алған атақтарына дандайсып жүреді.

  15. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 23:46

    МЫНА ТӘУІПТЕ БАЛАНЫ БАЛДАН ҚҰТҚАРУ ҮШІН,ӨЗІН ҚЫРЫҚ КҮН БАЛДАН ТИЫП,ӨЗІДЕ БАЛ ЖЕМЕЙ,АМАЛ ЖАСАП,БАЛАНЫ ЕМДЕГЕН ЕКЕН.БАРЛЫҚ АДАМ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ҚҰРМЕТТІ ШЫНАЙЫ ЖАСАСА ОЛ ІСКЕ АСАДЫ.МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖАС БАЛАДАЙ ЖАЛТАҚТАТПАЙ ІСКЕ АСЫРУ КЕРЕК.

  16. Белгісіз 11 Наурыз, 2018, 00:14

    МЫСАЛЫ ТЕМЕКІ ШЕГЕТІН АДАМ,БІРЕУГЕ ТЕМЕКІ ШЕКПЕ ДЕП АЙТУЫ КҮЛКІЛІ БОЛАДЫ.ЕГЕР ӨЗІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СӨЙЛЕМЕЙ,БІРЕУГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СӨЙЛЕ ДЕГЕНІҢ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ?

  17. Белгісіз 11 Наурыз, 2018, 05:10

    Мына бірін бірі қолпаштап, жылы жұмсақты бөліп жеп жүрген аферист кәрі қақпастар тірі тұрғанда ештеңе алға баспайды.

  18. Белгісіз 11 Наурыз, 2018, 12:21

    Елбасының тілге байланысты тапсырмасын орындамағандар немесе қарсы шыққандар биліктен кету керек. Тіліміздің дамымай отырғаны, тікелей себебі билікте қазақ тілді азаматтардың аздығы.

    • Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 14:01

      Кәдір, пәленің қайдан шығып жатқанының исі мұрныңа бармайтын, сенде бір жүрген лохсың ғой! Елбастының айтқан сөздерін 180 градусқа бұрыс түсіну керек деп, қанша рет айтамын?

  19. Белгісіз 11 Наурыз, 2018, 14:30

    бұл сөзді былай жазу керек ел басының тапсырмасы орындалмайды тек мақталады сонымен іс бітеді қу кетеді. осы дулатта аса дұрыс қазаққа ұқсамайды келесі басшыны мен білем менімен ақылдасты деп бір айды аспанға шығарған. енді былай қутыңдай қалыпты ақсақал болсаң дұрыс бол.

  20. 14 Наурыз, 2018, 14:45

    26 жылда орындалмаған енді орындалуы екіталай.

  21. Белгісіз 15 Наурыз, 2018, 10:31

    Президенттің басқа жарлығын мүлт еткізбей орындайтын шенділер бұл жолы: қызы – Дариға, министрлер: Абаев, Атамқұлов, Ақышев, Сүлейменов – не керек кіл өз қаракөздеріміз «өзге тілге» соншалық жанашыр бола қалды, сонда Елбасын манамағаны ма, менсінбегені ме, әлде жауапкершілік деген мүлдем жоқ па бұларда?!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.