ВАЛЮТАЛЫҚ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕРДІ ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ – ДҰРЫС ШЕШІМ

«Ақ жол» фракциясы Ұлттық банктің шетел валютасындағы ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасын кеңейту туралы шешімін құптайды. Еске сала кетейік, «Ақ жол» демократиялық партиясы бірнеше рет (2016 жылғы 29-шілде, 7-қыркүйек, 26-қазанда, 2017 жылғы 22-ақпан, 4-қазанда) шетелдік валютада берілетін ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде несиесін өз уақытында төлеп отырған қарыз алушылардың мүдделерін қорғау туралы Ұлттық банкке бірнеше мәрте ұсыныстар жолдаған болатын. Бағдарламаның шарттары 90 күннен астам уақытқа төлем мерзімін кешіктірген тұлғаларды ғана қамтыған: ипотекалық несиені төлемегендердің қарыздарын 2015 жылғы ақшаның құнсыздануына дейінгі бағам бойынша (шамамен 180 тг) қайта есептелді, ал қарыздарын уақытында төлеп отырғандар бағдарламаға енгізілмеген. Олар қазіргі уақытта ағымдағы бағам бойынша төлеуді жалғастыруда. Және де олардың көпшілігіне қарыздар 350 теңге бағамы бойынша айырбасталды.Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы Ұлттық банктің басшылығына алған несиесін өз уақытында төлеп отырғандардың, сондай-ақ оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қорғау туралы мәселені қарастыру және олардың ипотекалық валюталық несиелерін 2015 жылғы 18-тамыздағы бағам бойынша айырбас­тауды қамтамасыз ету туралы өтініш жасады. Ұлттық банк өзінің берген жауаптарында бөлінген қаражаттың көлемі туралы әрдайым өзгеріссіз мәлімдеме жасап, барлығына онсыз да белгілі статистиканы келтіреді. Алайда қарызын өз уақытында төлеп отырғандардың мәселелерін шешу туралы нақты жауап беруден жалтарып кетеді. 2017 жылғы 11-сәуірде мемлекет басшысы Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесіп Бағдарламаны кеңейтудің ойға қонымдылығы туралы ұсыныстар енгізуді тапсырды.Елбасымыз ағымдағы жылғы 10 қаңтардағы Жолдауында Ұлттық банкке «халыққа шетел валютасындағы ипотекалық несиелерді беру мәселесін түбегейлі шешуді» тапсырған еді. «Tengrinews» жаңалықтарынан белгілі болғандай, «Ұлттық банк ағымдағы бағдарламаны кеңейтуге кірісті, ол қосымша 25 мыңға жуық шетел валютасындағы қарыз алушыларды қамтып отыратын болады». Осылайша, бұл 2016 жылғы 1-қаңтарға дейін ұсынылған халықтың шетел валютасындағы ипотекалық несие беру мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік береді. Одан басқа, Ұлттық банк банктерге шетелдік валютадағы қарыз алушыларды шығарып алу рәсімдерін уақытша тоқтата тұруға және несие алушыларды, салымшыларды сатуды және кепілге салынатын тұрғын үйді сату арқылы қарыздарды жинауға мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына берілетін тексеру тізімдерін қарауды ұсынады. «Ақ жол» партиясының атына азаматтардан келіп түскен өтініштердің әлі де жалғасын тауып жатқаны валюталық ипотеканы қайта қаржыландыру мәселесінің өзекті болып қала беретінін дәлелдейді. Сондықтан да «Ақ жол» партиясы бұл шешімді құптайды және көптеген қазақстандық отбасыларға қолдау көрсеткені үшін Үкімет пен Ұлттық банкке өз алғысын білдіреді. «Ақ жол» партиясы сайлауалды тұғырнаманы іске асыру және сайлаушылардың тапсырыстарын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

qazaquni.kz