"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Мирзиеев Каримовтың кадрларын «құртып» жатыр (ВИДЕО)

 

Шавкат-ака іске шындап кіріскен сыңайлы – кейбір деректер бойынша, көршілес Өзбекстанда күштік құрылымдардың ондаған өкілі тұтқындалған көрінеді.

Атышулы тұтқындаулар Өзбекстанды дүр сілкіндірді. Марқұм Ислам Кәрімов тағайындаған кадрларлардың үстінен (негізінен күш құрылымдары) ондаған қылмыстық істер қозғалыпты.

Жергілікті (шын мәнінде, олар ғана емес) сарапшылар бірден Рустам Иноятов та осындай жағдайға ұшырайтын шығар деген болжам жасады.

22-ақпанда елдің экс-бас прокуроры Рашид Қадыров (суретте) қамауға алынған еді. Әлбетте, бұл оқиға БАҚ-тың назарынан тыс қалған жоқ, бірақ іс осылай насырға шабады деген ой ешкімнің өңі түгіл, түсіне де кірмеген-ді.

Былықтары ашыла бастады

Әділет полковнигі Ұлұқбек Сұннатов 2017 жылдың соңынан бері Ташкент облысы прокурорының лауазымында болған еді. Одан бұрын (2014 жылдан бері) Өзбекстанның бас прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

Алайда облысқа тағайындалғанына бір жарым өтпей жатып, Шавкат Мирзияев Сұннатовты сын тезіне алып, «ит терсін басына қаптап», «жауапкершілік танытпағаны, немқұрайлылығы және қызметте жіберген елеулі кемшіліктері» үшін қызметінен босатты.

Ал 24-ақпанда прокуратура қызметкерлері Сұннатовты өзінің үйінде қамауға алды. Мұның алдында оның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Өзінің дереккөзіне сілтеме жасаған «Озодлик» порталы Сұннатовтың Қадыров ісі бойынша қамауға алынғанын хабарлады. Оған қызмет бабын теріс пайдаланды және парақорлыққа барды деген айып тағылып отыр.

Сондай-ақ Сұннатов Өзбекстанның Ұлттық апараолимпиадалық ассоциациясы төрағасы лауазымынан да босатылды.

«Озодлық» журналистерінің айтуынша, Сұннатов Қадыровтың Ұлтық қауіпсіздік қызметінің экс-басшысы Рустам Иноятовқа қарсы берген берген жауабынан кейін түтқындалған.

Бұл туралы оларға сол баяғы өздерінің дереккөзі хабарлаған көрінеді.

– Жақында Шавкат Миромонұлы, өзбектің жалпақ тілімен айтқанада, қамауға алынған шенділердің бұлбұлша сайрап жатқанын тілге тиек еткен болатын. Бұл бұрынғы прокурорға да (Рашида Қадыровты меңзеп отыр – ескерт.) қатысты, оның берген жауаптарының негізінде жаңа шенділер қамауға алынып жатыр. Сұннатов дәл соның жауаптарынан кейін қамауға алынды дейді, — дереккөздің сөзін келтірген портал.

Абыржымаңдар, баратын жеріміз бір!

Сұннатов қамауға алынардан бірнеше сағат бұрын арнайы топ Ташкент облысының тағы бір прокурорын, Сұннатовтың алдында осы қызметте болған әділеттің аға кеңесшісі Джамшид Файзиевті өз үйінен бас қап кигізіп, қолына кісен салып, алып кеткен болатын.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оған қатысты қылмыстық іс те Қадыровтың жауап беруінен кейін  қозғалыпты.

Файзиевке қызмет бабын теріс пайдаланды және парақорлық жасады деген айып тағылуда.

Ол 2017 жылғы 2-тамызда селекторлық мәжілісте Мирзияев өзін «бірінші ұры» деп атағаннан кейін, Ташкент облысы прокуроры лауазымынан босатылған болатын.

Ал сол мәжілістің өзін, тіпті, мемлекеттік телеарналардан көрсеткен еді.

Ашу кернеген президент Кәрімов дәуіріндегі прокуратура қызметкерлерін «мусор» деп, айыптап, айдар таққан болатын.

— Прокуратура органдарында әлі бұрынғы жүйеден қалған 15-20 процент «мусор» жұмыс істейді. Файзиев те сол жүйенің адамы.

Біз бәрібір олардың баорлығынан арыламыз, – деді ол.

Сөйткен президент, «прокуратура органдарын сол адамдардан тазартатынын» ескертті.

— Құдайға шүкір, мен барлығын білемін. Ешкім және ешқашан мемлекетті мазақ ете алмайды, – деп жазды Мирзияевтің сөзін келтірген өзбек басылымдары.

Файзиевтің лауазымынан алынуынан тұтқындалуына дейін жарты жыл уақыт өтті. Осы уақыт ішінде ол күштік құрылымдардың бақылауында Ташкенттегі өз үйінде болыпты.

Тықыр таянды

Көптеген ақпарат құралдары Бас прокуратураның ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлыққа күрес басқармасының экс-басшысы Ұлұқбек Хуррамов пен Ташкент прокурорының жәмқорлық және экономикалық қылмыстар жөніндегі бұрынғы орынбасары Мирағлам Мирзаев та қамауда отыр деп, жарыса жазуда. Алайда бұл ақпаратты әлі ешкім ресми растаған жоқ.

— Осыдан біраз уақытқа дейін, Мирағлам Мирзаев «ең ықпалды» өзбек прокурорларының бірі болып саналатын. Ол 2014 жылғы ақпанда бүгінде марқұм болған тұңғыш президент Ислам Кәрімовтың қызы Гүлнәр Кәрімованың үйіне рейд жүргізуге санкцмя берген еді, — деп, жазды «Озодлық».

Дереккөздің хабарлауынша, Мирзаевтың өзі ғана емес, сонымен қатар, Иноятовтың әйелінің туысы болып келетін (кейбір деректер бойынша) оның жұбайы Мухаббат Хасанова да қамауға алынған көрінеді.

1-наурыз күні Ұлттық қауіпсіздік қызметінің полковнигі Тоймұроз Әлімов те тұтқындалды. Шынын айтқанда, ол 26-ақпанда қамаққа алынған болатын. Басқасынан бөлек, полковник қасақана кісі өлтірді және қылмыстық істің материалдарын бұрмалады деп, айыпталып отыр.

Орталық Азияның жаңалықтар қызметі Әлімов Ұлттық қауіпсіздік қызметі басшысының экс-орынбасары, қазір өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан, Шухрат Гулямовтың арнайы тапсырмаларын орындаған деп, хабарлады.

Байыптап қарасақ, тұтқындаулар осымен біте қоймайтын сыңайлы. Портал «бізде халық пен мемлекетті аяусыз тонаған шенеуніктердің үлкен тізімі бар» деген Бас прокуратураның қызметкеріне (ол өзінің атын атамауды өтініпті) сілтеме жасап отыр.

Бірте-бірте кезек басқаларына да жетеді, деген пікірде прокуратура қызметкері.

Шыдамның да шегі бар

Kaktakto порталы тазалау прокуратураның бұрынғы қызметкерлерімен шектелмейді деген сенімде. Мәселен, Кәрімов дәуірінде қызметте болған басқа күштік құрылымдардың өкілдері де қамауға алына бастады, атап айтқанда, Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері.

Мұның алдында, Қаңтар айында президент Ұлттық қауіпсіздік қызметі басшысының  үш орынбасарын және он бір қызметкерін лауазымдарынан алып тастаған-ды.

Бұл Рустам Иноятовтың қызметтен кетуін есепке алмағанда. Көпшіліктің «ол қызметтен өз еркімен кетті» деген әңгімеге сенгеніне қарамастан, мақалада ондай мүмкіндік мүлдем қарастырылмайды да.

Сондай-ақ автор 16-ақпанда Мирзияев «арнайы қызметтің жұмысын 1937 жылғы репрессиялармен салыстырып, чекистерді қылмыс жасады деп, тікелей айыптады» және жазаға тартатынын ескертті.

— Бұқарада менің қажетті ақпарат алатын дереккөздерім жеткілікті. Мен олардың жергілікті кәсіпкерлерді нақақтан нақақ кінәләп, жазықсыз түрмеге қамағандарын жақсы білемін.

Менің қолымда, тіпті, олардың адамдарды қалай азаптағанын айғақтайтын суреттер де бар.

Мен осындай зұлымдық жасаған тергеушілердің аты-жөнін де білемін. Құдай бұйыртып, аман-есен болсақ, уақыты келгенде, сіздер оларды телеарналардан көретін боласыздар. Мен олардың тиісті жазасын алуы үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын. Неге? Өйткені әділдік салтанат құру керек..

Қажет болса, оларды жиырма жылға түрмеге отырғызамыз.

Әділдік орнату үшін тәртіп күшейтіледі. Ешбір елде погон таққан оңбағандарға осыншама өкілеттілік берілмеген. Тіпті, 37-жылы да мұндай болмаған. Сондықтан мен барлығын өз орнына қоямын, – деп жазды Мирзияевтың сөзін келтірген портал.

Иноятов па? Оны да оңдырмас

Мақала авторы «Өзбекстан басшысы мәлімдеген арнайы қызмет қызметкерлері жасаған қылмыстар туралы Иноятовтың білмеуі мүмкін емес», деген сенімде. Әлбетте, дәл солай деп, айтуға болмас, бірақ бұл міндетті түрде туындайтын сұрақ.

— Осы орайда, егер Мирзияевтың саяси жігері жететін болса, онда келесін тұтқындалатын адам дәл сол Рустам Иноятов болу керек деген қисынды болжам туындайды. Оның үстіне, «Озодлықтың» жасырын дереккөзіне құлақ асатын болсақ, оған қарсы берілген мәліметтер де жеткілікті көрінеді. Ол деректерді сол баяғы Рашид Кадыров берген, — дейді автор.

Осыдан біраз бұрын Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі сарапшы, саясаттанушы Рустам Бұрнашев, 365infoға берген сұқбатында өзбектің кадр саясатындағы қызықты ерекшеліктер туралы айтып берген еді.

Оның айтуынша, осы тұрғыдан алғанда, өзбек дәстүрлері қазақстандыққа қарағанда, біршама жүмсақ көрінеді.

Мұнда лауазымды тұлғаны алдымен отставка жібереді, тек содан кейін, оған қарсы қылмыстық іс қозғалады. Кейде қозғалмауы да мүмкін.

Бірақ, қалай болғанда да, қоғамда соншалықты үлкен шу тудырмайды. Өйткені әңгіме қызметтегі шенді туралы емес қой, — деген-ді сарапшы.

Дегенмен. Иноятов туралы сөз қозғайтын болсақ,  егер оның қамауға алынатыны туралы болжам расталатын болса, бұл жаңалықтың өзбек қоғамында үлкен резонанс тудыратыны айдан анық дүние.

Өйткені ол өте жексұрын тұлға.

Ал сол резонанстың арты не болатыны мүлдем басқа мәселе.

kaz.365info.kz




Осыған ұқсас:

  1. Шымкент әкімі тағайындалды
  2. Депутаттар ұялы байланысты бұғаттайтын құрылғыларды пайдалануды шектеуді талап етеді
  3. Түркістан қандай мәртебеге де лайықты – Бекарыс Шойбеков
  4. Алматыда халықаралық «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалі өтеді
  5. Семей жастары өз ақшаларына аялдамаларды қалыпқа келтіруде
  6. «Ақ жол» депутаттары мемлекеттік емес органдардың бизнесті реттеу бойынша жауапкершілігін енгізуді талап етеді


8 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 9 Наурыз, 2018, 12:03

    КАРИМОВТЫҢ ҚЫЗЫН АБАҚТЫҒА ЖАТҚЫЗҒАН АДАМ,ОЛ КАРИМОВТЫҢ ЖАҒЫМПАЗДАРЫН ОҢДЫРМАЙДЫ,ЖАҒЫМПАЗДАР ШАВКАТ МИРОМОНОВИЧ ДЕП ӘН САЛЫП ЖАТЫР.

  2. 9 Наурыз, 2018, 12:22

    Бұл баруақытта осылай болған бола береді.. Бул өткен соң басқа сы келеді.Сол ушін демократиялық сайлау ар бес жыл болып отыру керек.. АҚШ тағыдай..

    • 9 Наурыз, 2018, 13:20

      сол үшінде,бір мезгіл сайлауды заңдастыру керек,4 – не 5 – жыл,болды,до свидания.кемшілік болса,жесе,желкесінен шығарып,соттап.

      • Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 12:19

        Жоқ 4- 5 жы л сол үшін,ештеңе жей алмайды..Ато мне көрдіңіздер ме 25 жыл отырған обыр қалай жеп жатыр булар түйені түгіменнен,е нді жерге ауыз салып жатыр,көп отырған сондай өздерін қателіктер жоқ тай сезінеді,жане күнде бір жағымпаздық тар зар қақсап жасайды..
        Қайта бір тәуір і Ким чен ин Ын , сияқты жас емес,білеміз аз қалған ын ын ,ато білмей міз не боларын..

  3. Белгісіз 9 Наурыз, 2018, 14:48

    биздеде осындай болармекен.

  4. 9 Наурыз, 2018, 15:24

    ОСЫЛАЙ КАРИМОВТЫҢ АДАМДАРЫН ЖАНШЫП ҚОРҚЫТЫП,ӨЗІНІҢ ЖЕКЕ ЖАҒЫМПАЗДАРЫН ЖИНАП АЛДЫНА,КАРИМОВ САЛҒАН ДИКТАТУРАМЕН ЖҮРЕДІ,КӨРШІ ЕЛДЕРДЕГІ РАХМОНОВ ЖӘНЕ БЕРДІМУХАМЕДОВ ДИКТАТОРЛАР СИЯҚТЫ.

  5. Белгісіз 9 Наурыз, 2018, 15:42

    АҚШТЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ АҚШ АТА ЗАҢЫН ӘДІЛ БЕКІТТІ 1787 ЖЫЛЫ,АТА ЗАҢЫНА 300 ЖЫЛҒА ЖАҚЫН, ПРЕЗИДЕНТТЕН БАСТАП КОНГРЕССІНЕ ДЕЙІН ӨЗГЕРПЕЙ ҚҰРМЕТ ТҰТАДЫ ЗАҢ БӘРІНЕ БІРДЕЙ МЕМЛЕКЕТ МҮДЕСІН БІРІНШІ ОРЫНҒА ҚОЯДЫ.АҚШ ЭКОНОМИКАСЫ ӘЛЕМНІҢ 25 ПАЙЫЗЫН ҚҰРАЙДЫ.ЕНДІ ӨЗБЕКСТАНҒА КЕЛСЕК КАРИМОВ ЖЕКЕ БАСҚА ТАБЫНДЫРАТЫН ДИКТАТОРЛЫҚ САЯСАТ ҰСТАНДЫ.ЕНДІ УАҚЫТ ӨТІП,ӨЗІНІҢ ҚЫЗЫ ОСЫ САЯСАТТЫҢ ҚҰРБАНЫНА АЙНАЛДЫ,ӘКЕСІНЕ СЕНІП.

  6. Белгісіз 9 Наурыз, 2018, 16:24

    ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ БАСҚА БАСШЫ КЕЛГЕНДЕ БҮГІНГІ ҚАЗАҚ БИЛІГІЛЕРІНДЕГІЛЕРДІҢ БЕТІ АШЫЛЫП, КАРИМОВТЫҢ КАДРЛАРЫНЫҢ ТАҒДЫРЫН КЕШУІ ӘДЕН МҮМКІН. БҮГІН ОЛАР ШАЛҚЫП ЖҮР ҒОЙ, АЛ ЕРТЕҢ ХАЛЫҚТЫ ТОНАП, ЗАР ҚАҚСАТҚАНДАР ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛЫП КЕТЕ АЛМАС, УАҚЫТ КӨРСЕТЕР.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.