"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қырғыз президенті жұмысына туыстарын араластырмаймын деп уәде берді

Қырғызстан президенті Сооробай Жээнбеков БАҚ басшыларымен кездесу кезінде өзінің туыстары мемлекет басшысының жұмысына араласпайтын болады деді.

Оның сөздерінше, көбі мемлекеттік лауазымды қызметке туыстарын тағайындайды ма деп қорқады. Атап айтқанда өзінің кіші бауыры Асылбек Жээнбековке қатысты көп сөз ереді дейді.

«Олар өздерінің жұмыстарын жақсы жүргізіп жатыр. Мен Ақаев пен Бакиевтің тағдырларының қалай болғанын көрдім. Мен алты жылдан кейін басымды көтеріп, адамдармен еркін кездескім келеді», – деді ол.

Асылбек Жээнбеков парламент спикері болған. Бірақ Сооронбай Жээнбеков премьер-министрлікке ұсынылған кезде, ол қызметінен кеткен. Кейін Социал демократиялық партия Сооронбай Жээнбековті президенттікке ұсынды. Қазір Асылбек Жээнбеков – парламент депутаты.

Abai.kz




Осыған ұқсас:

  1. Қырғызстанның президенті қарапайым ұшақтың «эконом» санатымен ұшады екен (ВИДЕО)
  2. Сооронбай Жээнбековтың билікке келуі Қазақстанға қалай әсер етеді?
  3. Қырғызстандағы президент сайлауында Жээнбеков жеңіске жетті


5 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 08:33

    ҚАЗАҚ БИЛІГІ, ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ПРЕЗИДЕНТТЕРІНЕН ҮЛГІ АЛЫҢДАР, ТЫҢДАҢДАР. КӨРШІ ЕЛГЕ ҚАРАП ҚАЙРАН ҚАЛАСЫҢ, ҚАНДАЙ КЕРЕМЕТ АЗАМАТТАР, АТАМБАЕВ ҚАЛҒАН ЖОҚ, КЕТТІ, АЛ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТ 6 ЖЫЛДАН КЕЙІН КЕТЕТІНІН АШЫҚ АЙТЫП ОТЫР. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БИЛІГІНЕ ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ БИЛІГІНДЕЙ БОЛУ ҚАЙДА, СОНДАЙ БОЛУ ҮШІН КҮШ, САНА, ЖІГЕР, ПАРАСАТТЫЛЫҚ, ХАЛЫҚТАН БОЛМАСА ДА, АЛЛАДАН ҚОРҚУ КЕРЕК, АЛ БІЗДЕ ОСЫНЫ БІЛМЕЙТІНДЕР БІЛУГЕ ТАЛПЫНБАЙДЫ ДА.

    • 10 Наурыз, 2018, 08:56

      Туыс,жақындарымды билікке әкелмеймін дегені,нағыз ер-азаматтың сөзі.
      Сыбыр-сыбыр,жыбыр-жыбыр,құпия кеңес жасап,шал-шауқанмен ым-жым,жершіл-бершіл,бармақ басты,көз қысты деген баяғы заманнан қалған ұғымдардан ада,
      қазіргі демократиялық қоғамға сәйкес болады.

  2. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 12:32

    Кезінде ресейде де қатын патша қойып (Екатерина ) оңбай кетіп зобалаң болып еді,.
    Туыстарды билік ке акелу ді енді Қазақстан дада құдай сақтасын.. Қырқыз дар дұрыс Атамбайлар шамасы келгенше күшейтті,енді ары қарай жаңа президент жасайды қателерді жояды..мне демократия деп осыны атайды..мафия болып ешкім үлгі рмей ді..Бар состав жаңа ,жаңа экономика өседі..Сосын келесі сі ол бул қателігін түзейді,сөйтіп сөйтіп солай алдыға баса береді..

  3. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 16:13

    атамбай бастап берген демократиялык ата жол кыргыз халкына манги синип калады алты жылда аз емес калласы истеген патшага истемесе отыз жыл кырык жыл баскар копеика енбегин.

  4. Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 16:43

    АТАМБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ БИЛІГІНЕ АЙТҚАН СЫНЫН ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ КӨПШІЛІК ХАЛЫҚ ҚОЛДАДЫ, СЕБЕБІ ХАЛЫҚ ТАЛАЙ ЖЫЛДАР БОЙЫ КӨРІП, БІЛІП, СЕЗІП ОТЫРҒАН ЖАҒДАЙДЫ ЖАЙЫП САЛДЫ, АЛ ҚАЗАҚ БИЛІГІ ЖАУАП ТА БЕРЕ АЛМАДЫ. ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІНҢ ДЕ БАСТАМАЛАРЫ ҚЫРҒЫЗ ЕЛІН АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙТІНІ СӨЗСІЗ. ҚЫРҒЫЗ ХАЛҚЫ БИЛІККЕ ӨЗ ТАЛАБЫН ЖЕТКІЗЕ АЛАДЫ, СОЛ ҮШІН ОЛАР ТҮРМЕГЕ ҚАМАЛМАЙДЫ, АТЫЛМАЙДЫ, ӨЛТІРІЛМЕЙДІ, РЕПРЕССИЯҒА ҰШЫРАМАЙДЫ. АЛ БІЗДІҢ ЕЛДЕ БӘРІ БАСҚАША, БІРДЕН ШОҚПАР МЕН МЫЛТЫҚ ДАЙЫН ТҰРАДЫ.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.