"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Ақтөбе облысының әкімі: Менің Сапарбаев болғаным анам мен әйелімнің арқасы

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев журналистерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, анасын еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше ақтөбелік қыз-келіншектерді, аналарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тілшілердің алдында анасын еске алды. Адам үшін ең асыл қасиет анадан дарып, тарайтынын айтып берді.

«Мен ауылдың баласымын. Анам да ауылдың қарапайы әйелі. Менің осындай болуыма алдымен анам себепкер болды. Анамның маған берген тәрбиесі зор. Оның қарапайымдылығы, ақкөңілділігі, жүрегінің жылуы маған да дарыды. Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеп жүргенде ата-анам Қызылордада тұрды. Сонда маған келіп тұратын. Сол кезде «балам, қандай тамақ ішесің» деп сұрайды. «Апа, мен бір облыстың әкімімін, әйелім бар, солар тамақ дайындайды» деп айтамын. Бірден «олар мен сияқты дайындай алмайды» деп жауап береді. Біріншіден, адамның бойындағы бар қасиет ананың ақ сүтімен келеді. Екіншіден, текке, үшіншіден, жаныңдағы жолдасыңа байланысты. Менің жолдасым да қарапайым отбасынан шыққан, 40 жылдан астам уақыт бірге келеміз. Қайда барсам да жанымда жүреді. Менің Сапарбаев болуыма осы екі асыл әйелдің әсері бар деп айта аламын»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.




Осыған ұқсас:

  1. САПАРБАЕВ: АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ӨЗДЕРІН «ХАН» СЕЗІНЕДІ
  2. Қазақстанның бас мүфтиі Бердібек Сапарбаевқа ерекше тұмар сыйлады
  3. Бердібек САПАРБАЕВ: ӘКІМДЕР ӨЗ ҚАЛТАСЫ МЕН МЕМЛЕКЕТ ҚАЗЫНАСЫН ШАТАСТЫРМАУЫ КЕРЕК
  4. Бердібек Сапарбаев: Егер білім саласында тамыр-таныстық болса, онда біткеніміз
  5. Руын алға тартқан кәсіпкер Сапарбаевтан сөз естіп қалды
  6. Иманғали Тасмағамбетовтың қызы Қазақстанда теңдесі жоқ жастар үйін салды (ФОТО)


9 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 15:34

    Сапарбаев деп жақсы қойған атыңызды. қазақстанның бүкіл облыстарын сапарлап жүресіз әкім болып. батыс-шығыс облыстарға әкім болар бір қазақты кіші жүзбен найманның қатындары туа алмады әттең!

    • 8 Наурыз, 2018, 20:41

      Оттапсың,өзің туа алмай,қырық жыл толғақ қысып жүрген біреу болдың ғой.
      Туғанда қалай туып жатыр,оны ана назарбаймен жандайшаптарына айтқын.
      оңтүстіктің облыстарынан ғана айналдырып қойып жатқан.,интеллектері татымай жатсада.
      сол баяғы жершілбай,жүзшілбайлар,билікті айналшақтап шықпайтын шал-шауқандар құрымай,әділдік дегеннің ауылы да жақындамайды.бір сапарбаевты сонша мақтап,оны он есе орайтындарда баршылық.қазақ ақылды, алғыр,пысық азаматтарға кенде емес.

  2. Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 16:21

    Адамгершілік қасиеті өте жоғары, білікті басшы. Еңбекқорлылығы мен қарапайымдылығы көпке үлгі боларлық адам.

  3. Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 16:44

    елбасынында улеси баршыгар

  4. Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 19:57

    Өте жаксы естелік. Патшасы кандай уәзірі сондай болмақ. Сапарбаев агамызга карап мындагандар бой тузеп жатыр. Еліміз аман журтымыз тыныш болсын. Ана апа карындастарымыздың мерекелері кутты болсын. Бақытты болыңыздар!

  5. Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 23:50

    Актобеде жетым балаларга кышкене коз салсаишы Акым мырза не карап журсын ? кеше катаган аязда баспаналарынан куып жатыр далага обал ай не деген катыгезсындер аюандар

    • 9 Наурыз, 2018, 07:55

      неге Ақтөбеде қылмыс көп,кезінде түрме химияда жүргендер көп болғаннан ба.

  6. Белгісіз 9 Наурыз, 2018, 10:44

    бунын ана футболдан акшаны кабинетинде санадык деген тренер он жылгама камалып бир жыл болмаи апелясия берип куни кеше шыкты орысты аитам рессеиден келген.

  7. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 16:13

    Алланы ұлықта меңіреү қатыныңды емес

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.