"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Алматыда 23 жастағы бойжеткенді таныс жігіті алдап жалдамалы пәтерге апарып зорлаған

Алматыда 23 жастағы бойжеткенді таныс жігіті алдап жалдамалы пәтерге апарып зорлап тастаған. Ал оның жанында болған екі досы зардап шегушіні ұрып-соққан.

Соның салдарынан қыздың миы шайқалып, мұрны сынған. Алайда, әбден қорқып қалған ол болған жайтты бірден туыстарына айтпапты. Бәрі белгілі болған кезде іске жақындары араласқан. Анасы тергеушілер күдіктіні ұстауға аса құлшынып отырған жоқ дейді. Неге? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Ештеңе айт алмадым қорықтым. Мазам да болмады» – дейді.

Көз жасы көл болған Индира Байәділованы қаңтардың 29 күні таныс жігіті анасынан киноға барамыз деп сұрап алып кетіпті. Ал кейін ағаммен таныстырамын деп алдап, жалдамалы пәтерге алып барған. Онда ішімдікке сылқия тойып алған екі досы күтіп отырыпты. Олар бойжеткенге тиісіп, тіпті бірі соққыға жығыпты. Соққының қатты болғаны соншақылық, есінен танып қалған. Пәтерде қамап ұстап, дегенімізге көнбесең бұл жерден шықпайсың деген танысы бір өзі арам ойын жүзеге асырған.

«Рүстем біраз сағаттан кейін шығарып тастады. Шығарып, дос баласының үйіне апарды. Мені алдады. Құлап түстім деп айта сал. Қорықтым мен, мамама да жүрегін ауыртып қоям ба деп. Мамама ештеме айтпадым да» – дейді жәбірленуші Индира Байәділова.

Бет-ауызы көк ала қойдай болған Индира болған жайтты туыстарынан жасырған. Себебі, анасының жүрегі ауыратындықтан, салмақ салғысы келмепті. Үйіне келген бетте жағдайы нашарлағандықтан, жедел жәрдем шақыртқан. Бас миы шайқалып, мұрны сынғандықтан бір айға жуық ауруханада жатқан. Тек өзіне келгеннен кейін ғана әпкесіне зорланғанын айтыпты. Полицияға соққыға жығылғаны туралы ғана шағым түсірген. Анасы тәртіп сақшыларына күдіктілердің телефон нөмірі, тіпті жеке куәлігінің көшірмесіне дейін тауып бердік дейді.

«Баланы тапсын, жазасын алсын. Басқа ешнәрсе демеймін. Мен қалай қиналсам, солай қиналсын. Тергеушілерге телефонын тауып бердім, олар ешқандай іздеген жоқ, телефондарын бердім» – дейді Индираның анасы Гүлнәр Төлендиева.

Тергеушіні орнынан таба алмаған туыстары тек телефон арқылы ғана хабарласып келген. Барлық мәліметтер қолдарында бола тұра, іздемей отыр деп ашынуда. Сөздеріне дәлел болу үшін Индираның әпкесі Сымбат Тұрғанбаева тергеушімен сөйлескен сөзінің таспаға жазылған нұсқасын ұсынды.

«Уже удостоверениесіне дейін бердік. Барлығы түгел ғой, ана бала 1988-ші жылғы, Ардақ деген. Мен білем ғой, Ардақтың ұрғанын. Ол Ардақ деген қазір Алматы қаласында жоқ. Оперлар үйіне барды, кеше де барды. Күтті, қонды, аңдыды, жоқ. Сіздерді вообще түсінбей жатырмын. Прокуратураға жазу керек пе? Жазыңыз, жазыңыз! Прокуратура іздемейді, Сіздерге тауып бермейді».

Бұл Индираның әпкесі Сымбат Тұрғанбаеваның тергеушімен сөйлескен сөзі.

Анасының қолқа салуымен Индира зорланғаны туралы полицияға шағым түсірді. Бұл іске қатысты Ішкі істер органдарынан ресми жауап алу мүмкін болмады. Дегенмен, күдіктілердің кім екені анықталып, оларға іздеу жарияланыпты. Жалпы елімізде 1998 жылдан бері зорлық-зомбылық фактісіне қатысты сотқа тек 25 іс қана жеткенімен бірде-бірі бас бостандығынан айрылмаған. Көбіне қыз-келіншектер жәбір көргенін дәлелдеу қиын болғандықтан жариялай бермейтін көрінеді. Бүгіннен бастап дағдарыс орталықтары одағы “150” сенім телефонын іске қосты. Теперіш көргендер осында хабарласып, құқықтық кеңес ала алады. Ал өмірін тас-талқаны шыққан Индира күдіктілер тиісті жазасын алады деп үміттенеді.




Осыған ұқсас:

  1. Қылмыс әлемінің серкесі болған Сары Алмастың қызы алғаш рет сұхбат берді
  2. Қостанай облысында 17 жастағы жігітті зорлаған күдіктілер қамауға алынды
  3. Халықаралық іздеу жарияланған Бақыт Ибрагим Германиядан экстрадицияланды
  4. Түркістанда терроризмді нәсихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
  5. Есік қаласындағы атыс: Полиция майорынан бөлек тағы бір адам көз жұмған
  6. Қазақтың халықаралық деңгейдегі ұры-қарылары азаймай тұр – Қажымұқан Ғабдолла


26 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 7 Наурыз, 2018, 18:32

    Қазір ер адамдар шакал болып кетті әлсіз дерге тиісіп..таңым бар кездік пен кеңірдектеріне сұғып алмайды.Аға бауырлары не қарап жүр.Мен сотсыз ақ. осы үш шакалды өлтіріп жіберген болар едім..

    пусто слов нАн 8 мен құттықтаймын Анау деп мынау деп оттайды.
    Ал қыздарымыз бен қарындастарымызға қа ….м көрсетіп жатырмыз ба?.бля ауыздан ұратын пусто слова үшін..
    Басқа ұлттарданда ұят болды.

    • 7 Наурыз, 2018, 18:48

      Сол хайуан үшеудің өздері зорлансын,қорлансын,сосын піштіріп тастасын.міне,саған зорлық.

    • Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 10:04

      атаңның басы барма жүрдесе бара бересіңбе егер таза қыз болғаныңда ұятың бар болғанда түндетіп жүрмес едің обалың жоқ және келіп елге мені зорлады деп отырсың сені сүиреп апарып зорласа менде сенің сөзіңді сөилер едім демек өзіңнен

      • Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 23:48

        Кезінде кек қайтару шылар болған құрылған,неге осындай зорлық қа түсіп қалған қыздарды қорғау үшін бір қорғаныс ұйымын құру керек қой..
        Суд. прокур.ментты.өздерін ғана қорғайды,олар қорғамайтын болса халық өзіміз бір ұйым жасап қорғайық..
        Булай тайраңдатып береміз бе зорлық шыл шакалдарды сабақ болатындай бәрін е бір әрекет жасау керек..Байқаймын билік өкімет қ…..А кө.. ..т..е қыстырма йтын сияқты..

      • Белгісіз 16 Наурыз, 2018, 14:05

        Артық сөз айтуға асықпашы, өтініш.
        Болашақта сенің де қызың болады ғой…

    • Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 15:42

      не айтканынды озин тусиндин ба?

    • 8 Наурыз, 2018, 23:23

      нан не қатысы бар не нан сол қызды сол жатағына апарып салып беріптіме осы осындай қо*ақтар бар не жасып отырғанын түсінбеитін егер маған десе осындай кештетіп жүретін қыздардың бір жеріне шиша тығыу керек еді қайсы дені сау қыз түнде жүреді демек қызда сау болмаған қайсы еркек сау қызға олай жасайды сау болмаған қызға солай жасайды

  2. Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 00:36

    Ол ушеуiн атып тастау керек

  3. Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 00:56

    Öte qyjin, äri aýanyschti zhäýt eken. Zhürekti syzdatar! Osyndaý azghan zamannyñ tuvmasy bolghan qandaý qyjin. Dozaqtyñ otyniñ ystyq lebin sezesiň. Qandaý ökinischti! Zorlyq isteuschilerge esch aýauschyliq bolmasyn! Atasyna nälet bundaýlardyñ. Qudaýin tanytip turup zhazalau kerek!

    • 8 Наурыз, 2018, 09:36

      Мынау не шатпак ? Кай тылде ?

      • 8 Наурыз, 2018, 11:09

        Латын қарпінде жазылған

        • Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 15:46

          сенин жазганынды тусину ушин 3 сагат оку керек кой, уиренген ариппен жаза берсей неменеге ултшыл бола калдын

        • 8 Наурыз, 2018, 21:00

          Латын қарпің құрттап кеткен сияқты көздіде,бастыда ауыртып жібереді.сұмдық.
          жаппай сауатсыздыққа ұшырап,біреуі былай жазып,алай оқып,енді біреуі алай жазып,былай оқып,екі көзіміз екі жақта,қыли,ақи,сықи,әрбіреуіміз өзімізше оқып,шатпырақтаймыз ғой.

        • Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 12:02

          Соттау керек оларды…

      • Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 23:49

        Өте қиын, әрі аянышты жайт екен. Жүректі сыздатар! Осындай азған заманның тумасы болған қандай қиын. Тозақтың отының ыстық лебін сезесің. Қандай өкінішті! Зорлық істеушілерге еш аяушылық болмасын! Қарғыс атсын бұндайларды. Құдайын танытып тұрып жазалау керек! (Латыннан қазақшаға аударғандағы айтқан сөзі)

    • Белгісіз 10 Наурыз, 2018, 06:25

      Мынау қытай ма əлде якут тілі ме.Қазақ топтарына түсініксіз тілде неге жазасын.

  4. Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 15:51

    Қыз өзі керек етпесе неге барды? Бәленің бәрі қыздың өзінен. Өліп бара жатса некесі қиылғаннан кейін ақ төсектес болса болар еді.Бүгінде әкесіз балалар осындайдан болып жатыр.

  5. 8 Наурыз, 2018, 20:40

    Есек

  6. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 11:22

    Басындағы мидың орынына тестстероннан басқа сұйықтық жоқ осындай хайуандарға таң қалам. Анасы, қарындасы жоқ жетімек болар. Сол, сасық к—ін тыққылап жатқанда ойланбаған ба?! Мал!!!

  7. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 16:00

    өте сұмдық жағдай, қызға обал. бүкіл өмірін құртты оңбағандар. үшеуіне де ату жазасын берер едім. құдай басқа бермесін. кімнің кінәлі, кімнің жазықсыз екенін бір Алла біледі. дегенмен қыздың ағайын туыстарына және өзіне сабырлық, шыдамдылық тілеймін. сот жазаламағандарды құдай жазалайды. тек соған жеткізсін. Индира үмітіңді үзбе, әлгі үшеуі де тиісті жазаларын алады. осы сұмдықтың бәрін ұмытып, алдағы өмірінде дені сау және бақытты әйел болуға тілектеспін.

  8. Белгісіз 17 Наурыз, 2018, 11:13

    дін керек Ислам діні

  9. Белгісіз 27 Наурыз, 2018, 21:48

    Қыз бұл жерде кіналы емес деп ойлайсыздар ма. Киноға болмаса көшеге шыққан кезде қыз достары бар емес пе. Қыздың анасы да ойланбай ма екен қызым кімдер мен жүр деп

  10. Белгісіз 30 Наурыз, 2018, 00:31

    Негизи, бул жерде 1 такырып емес, бирнеше такырып сухбатталуда:
    1) латын алиппеси: негизи кезинде биздин алиппемиз араб алиппесимен де жазылган
    2) казирги заманда жас-кишиге карамай, адамдар азып барады. Улкенде кишипейилдилик азайып, кишиде сыйластык та азайып баруда. Еркек пен айел де баягы емес. Бириншиден: озиннен алсиз адамга кол корсеткендер онбасын, асиресе айел адамдарга, балаларга, ол жигиттер сазайын тарту керек.
    Екиншиден, тартипти кыз квартирага бара ма екен жигитпен? Канша кыздар «чайка» деген атакка илинип жур. Жигиттердин акшаларын жеп, сосын кашып кететин.
    Жалпы бул жагдайда еркектер урганы рас болса, онда жазасын тарту керек. Ал кыз да негизи ози кинали, оны ешким урлап жане зорлап апармады гой.

  11. Белгісіз 30 Наурыз, 2018, 09:22

    болар ис болып койды дер кезинде кимылдау керек еди гой енди далелдей алмай киналмасан болды окиништи

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.