"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Forbes: Назарбаевтың қызы мен күйеубаласының байлығы артты

Қазақстан президентінің ортаншы қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаев америкалық Forbes журналының биылғы тізімінде 194-орынға бірден көтерілген.

Елдегі ең ірі банкке иелік ететін ерлі-зайыпты Құлыбаевтардың жиынтық байлығы, журналдың есебінше, соңғы бір жылда бұрынғы көлемінен 2,2 миллиардқа көбейген, деп жазады Азаттық.

Америкалық Forbes журналының 2018 жылғы әлемдегі ең бай адамдар тізімінебес қазақстандық еніп отыр. Өткен жылы басылым Қазақстандағы ең дәулетті адам ретінде көрсеткен президенттің бұрынғы іс басқарушысы Болат Өтемұратов биылғы төменге сырғып, ерлі-зайыпты Тимур және Динара Құлыбаевтар тізім басына көтерілген.

Forbes ақпаратына сәйкес, өткен бір жылдың ішінде Тимур Құлыбаевтың байлығы 1,1 миллиард долларға көбейіп, 3,2 миллиард долларға жеткен. Оның әйелі Динара Құлыбаеваның дәулеті де дәл осыншаға өсті деп хабарлайды басылым. Ерлі-зайыптылардың жиынтық байлығын америкалық журнал 6,4 миллиард доллардан асады деп бағалайды. Былтыр олар әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 973-орында болса, биыл осы тізімде 779-орында тұр.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар “АЛМЭКС” компаниясы арқылы “Қазақстан халық банкін” бақылауында ұстайды. Өткен жылы бұл банк сол кездегі актив көлемі бойынша елдегі ең үлкен қаржы мекемесі – “Казкоммерцбанкті” сатып алған.

Тимур Құлыбаев “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы, “KAZENERGY” мұнайгаз және энергетика кешені ұйымдары қазақстандық ассоциациясы жетекшісі қызметтерін атқарады, сонымен бірге ол ресейлік “Газпром” компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі әрі Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетін, Қазақстан бокс федерациясы мен Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясын басқарады. Жұрт көзіне көп түспейтін Динара Құлыбаева Қазақстанды ұзақ жылдардан бері үздіксіз басқарып отырған әкесі президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім қорына жетекшілік етеді.

Forbes журналы KAZ Minerals plc компаниясы мен “Казахмыс” корпорациясының қожайыны Владимир Кимнің дәулетін 3,1 миллиард доллар деп бағалаған. Жыл ішінде байлығы бір миллиард долларға артқан Ким қазір әлемдегі қаржы алпауыттары тізімінде 776-орында тұр (өткен жылы 973-орында болған).

Жылжымайтын дүние-мүліктер, банк секторы, телекоммуникация мен медиа саласында активтері бар Болат Өтемұратовтың байлығы өткен жыл ішінде 300 миллионға артып, 2,6 миллиард долларға жетіп, әлемдегі миллиардерлер тізімінде 924-орынға көтерілген (2017 жылы ол 924-орында болатын).

Forbes дерегінше, ERG тау-кен және металлургия корпорациясы иелерінің бірі Алиджан Ибрагимовтың байлығын 2,3 миллиард доллар деп көрсеткен. Өткен жылы 1098-орында тұрған оның дәулеті жыл ішінде 400 миллион долларға көбейіп, миллиардерлер тізімінде биыл 1070-орынға жайғасқан. Оның бизнестегі байырғы серіктері Патох Шодиев пен Александр Машкевич те әлгі тізімде бар. Бельгия азаматы Шодиевтің байлығы 2,2 миллиард доллар, ал Израиль азаматы Машкевичтікі – 2,3 миллиард доллар деп жазады басылым.

Құрамына Қарағанды облысындағы бірнеше шахта мен Теміртау металлургия комбинатының иесі “АрселорМиттал Теміртау”металлургия компаниясы да енетін ArcellorMittal трансұлттық корпорацияның негізін қалаушы үндістандық миллиардер Лакшми Миттал жер бетіндегі ең бай адамдар тізімінде 62-орында тұр. Forbes басылымы дерегінше, оның байлығы 18,5 миллиард доллардан асады.

Әлемдегі ең бай адамдар

Америкалық Forbes басылымы 1987 жылдан бері әлемдегі ең бай адамдар тізімін жылда жариялап келеді. Биыл тізімге 72 елден 2208 адам енген, олардың жиынтық байлығының көлемі – 9,1 триллион доллар деп көрсетілген, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18 пайызға артық.

Тізім басында тұрған үш адам – АҚШ азаматтары. Бірінші орында интернет арқылы тауар және қызмет түрлерін сатумен айналысатын, айналымы бойынша әлемдегі ең ірі Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос тұр. Forbes оның байлығы – 112 миллиард доллар деп жазған. Екінші орында – Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс (90 миллиард доллар), үшінші орында – әлемге әйгілі инвестор Уоррен Баффет (84 миллиард доллар).

Үшінші орында сән-салтанат бұйымдарын шығаратын LVMH Moet Hennessy Louis Vuitton компаниясының иесі, 72 миллиард доллар дәулеті бар француз Бернард Арно тұр.

Одан кейінгі орынға Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг (71 миллиард доллар) орналасқан.

АҚШ президенті Дональд Трамптың дәулеті жыл ішінде 400 миллион долларға кеміген, ол бірден 222 сатыға төмендеп, 766-орынға түскен.

Forbes журналының бағалауынша, миллиардер саны (585) бойынша АҚШ бірінші орында. Екінші орында – Қытай (Гонконг, Макао және Тайваньмен қоса – 476 адам). Биылғы жылы әлемдік қаржы алпауыттары тізіміне алғаш рет Венгрия мен Зимбабвенің байлары да енген.




Осыған ұқсас:

  1. Ақтөбенің 300 ауылын 300 кәсіпкер қамқорлыққа алады
  2. Тимур Құлыбаев Ресейдегі Высоцк портын өз бақылауына алады
  3. Танымал саясаттанушы Назарбаевтың билікті кімге қалдыратынын айтып берді
  4. Құлыбаев: Әлемдегі спорттық қауымдастық алдында ғаламдық сын-тегеуріндер тұр
  5. Қазақстанның ең ықпалды кәсіпкері анықталды
  6. Құлыбаев зейнетақы қорының жұмысын сынға алды


35 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 7 Наурыз, 2018, 19:08

    Аңқау демекші,сонда буларда күндіз түні,демалыссыз екіі үш жерде жұмыс жасап милион миллиард болғанба?..

  2. Белгісіз 7 Наурыз, 2018, 19:48

    Маладес , ф л …я т !!!!

  3. 7 Наурыз, 2018, 20:01

    Жоқ олар «Ертең» алып кетейін деп байып жатыр.

  4. Белгісіз 7 Наурыз, 2018, 23:14

    ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫ МЕН КҮЙЕУБАЛАСЫНЫҢ АТА- БАБАЛАРЫНАН, ӘКЕ- ШЕШЕЛЕРІНЕН МҰРА БОЛЫП ҚАЛҒАН БАЙЛЫҚ БАР МА ЕКЕН?

  5. Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 00:13

    Бермесе де бай жаксы
    Жемесе де май жаксы.

    Байыса қазақ байысын.

    • Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 07:26

      Алғашқылары ақылымен, таза еңбегімен байыған болса, Құлыбаевтар құлқындарымен баюды көздеген екен.

      • 8 Наурыз, 2018, 08:33

        қазақ байыса ешқайда алып кетпес,айналып кеп қазығын табар.
        Басқалалары ше,өз еліне,өз тұқымдастарына жамап,міне,қауіп қайда,сондайлардан пайда жоқ.

  6. Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 11:12

    Түрлері кәпірдің түрі сияқты, ұсқынсыз немелер!

    • Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 13:52

      О сорлы шынайы мұсылман ешкашан біреуге қапір деп айтпайды . Тек кана көкек ғана өз атын айтады біреуге. Қапір, қапір деп.

      • Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 14:00

        Асет Тама, Мен «кәпір» деп олардың​ өздерін айтып отырған жоқпын, олардың түрлерін айтып тұрмын!

        • Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 14:32

          Сорлы, адамның турі ешкашан капр болмайды. Құдайдың берген келбеті.
          Ғұламасымак ау сізге сурак. Алланың назары 4 затка түседі. Ол не зат? Намаз окымаймын, бірақ Ислам дінін жаксы білем дегенсің. Жауап бер білгір сымак.

          • Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 14:40

            АЛЛАҺ ТАҒАЛАНЫҢ мына төрт затқа назары түседі: Иман, Ақыл, Ұят, Білім!

  7. Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 14:53

    Канат жезқазған. Сорлы осы жазган 4 зат сенің бойыңда жоқ. Өзіңнің бойыңда жоқ 4затты жазып отырсың.
    Алланың назары түсетін 4зат.
    Мекенге.
    уақытқа.
    Амалға
    Адамға.
    Сорлы біліп жур.
    сорлы тағыда сұрақ.
    4 фитрат деген не?

    • Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 15:11

      Фитрат – адамның туа біткен жаратылысы! Төрт фитрат емес 5 фитрат; Сүндеттеу, кіндік асты түкті алу, қолтық түгін қыру, тырнақ алу және мұртты басу!

      • Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 15:25

        Сорлы дурыс емес. Тазалыкты сурап отырган жокпын. 4 фитрат деген 4 болмыс. 4 болмыс деген не, сорлы . Интернеттен іздеп киналып жатсыңба? Сенің айтып отырганыңды еврей да жасайды. 4фитрат деген не ?

        • Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 16:09

          Мен интернеттен іздеген жоқпын, білетін болғасын жазып отырмын, бұл жерде еврейдің не қатысы бар? 4 фитрат; Адамның мінезі, ақылы, иманы, ұяты!
          Дұрыс па?

          • 8 Наурыз, 2018, 16:21

            Сорлы дурыс емес. Акыл иман уятты сенАлланың 4назарына коспап па ең. Сорлы еврейлерде сундетке отырады. Сен тазалыкты шатыстырма 4 фитрат пен. Айттым көтіңді кыс халыкты адастырма деп. Сен сиякты әлемді куртып жатыр. Осылай сурак койып маскыңды шешем. Ислам дінін жаксы білем дегенсің. Айт 4 фитрат деген не? О сорлы сен арабстанга мың жыл оқып келсеңде білмейсің. 4фитрат деген не?

          • Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 16:35

            Бауырым, Мен бар білетінімді айттым ғой, енді маған не дейсіз? Менікі-ақ, дұрыс болмай-ақ қойсын! Сіздікі дұрыс!

        • 9 Наурыз, 2018, 19:24

          Асет Тама сен нағыз -Дама екенсің

          • 9 Наурыз, 2018, 20:55

            Сорлы. Енді тасадан тас атуга шықтың ба.

  8. 8 Наурыз, 2018, 15:11

    Канат жезқазған. Сорлы Ғұламасымак жауап бер.

    • 8 Наурыз, 2018, 19:10

      Қ.Жезқаған,тығырыққа тіредіме,өзің білме,білгеннің тілін алма дегенді әрқашанда есте тұтқан жөн.
      Болды,осымен доғар,оңбай жеңілдің,мойында.енді саған өз қазақы қалпыңа түсіп,қалыптасқан салт-дәстүрімізден ауытқымай,көрінгеннің айтағына ілеспей жүру қалды,солай бауырым.

  9. 8 Наурыз, 2018, 18:44

    Как им повезло!!! А что будет после того …

  10. Белгісіз 9 Наурыз, 2018, 10:50

    каримовтын кыздарыда баиып жатырмекен .

  11. Белгісіз 9 Наурыз, 2018, 14:00

    Бир адам байыса мын Адам кедейленетин зандылык шыгар халыктын арасында жургеннен кейiн айтып отырмын одан да кедейлер азайса екен

    • 9 Наурыз, 2018, 14:12

      жалмаңдаған бай да өледі,зар жылаған кедей де өледі.бәрінің көзін бір шым-шым топырақ жабады.
      Аса байлық не керек,ден сау болса болғаны-ей,-деп халық бекер айтпаған.

  12. Белгісіз 13 Наурыз, 2018, 08:23

    Ои,маладес…

  13. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 11:40

    осылар север казахстанга комектесип жиберсе каитер екен барин молаларына алып кетеалмаидыгои.

  14. Белгісіз 20 Наурыз, 2018, 16:33

    Мама балмуздак алып берши 100 тенгеге десе мамасы акен аилык асын деген ,,,,,,

  15. Белгісіз 1 Сәуір, 2018, 14:19

    Мәләдес байыса Назарбаеветар байысын басқаларға ештеңе керек емес,Назарбаев мың жыл отырсын,мың жасасын,

  16. Белгісіз 4 Сәуір, 2018, 20:59

    Қолдрында ғой Қазақстанның бар байлығы. Басып-басып қалыңдар….Ех тиын санап жүрген халқымның ақшасы – ай…….

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.