"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Сағынтаев Елбасының бес бастамасын орындайтын жауаптыларды тағайындады

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік жобасын орындайтын жауаптыларды тағайындады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы барысында Бақытжан Сағынтаев министрлерге Қазақстан Президенті атаған бастамалар жайлы айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, кеше Мемлекет басшысы қазақстандықтарға жүзеге асырылуы тиіс әлеуметтік жобалар жайлы айтты. Үкіметтегілерге нақты тапсырмалар берілді. Әрбір бастамада халық үшін өзекті әрі маңызды мәселелер бар. Біз барлық күш-жігерімізді cалып, бізге берілген тапсырмаларды орындауымыз тиіс», – деді премьер-министр.

Кейінірек премьер-министр Президенттің бастамаларына толығырақ тоқталып, оларды орындауға жауапты адамдарды тағайындады. Сағынтаев бірінші бастама («Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру») ипотекалық тұрғын-үй мәселесіне тоқталды.

«Инвестициялар және даму министрлігі, ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингіне осы бастама бойынша жұмыс істеу керек. Жаңа ипотекалық бағдарлама тұрғын-үй құрылысы қосымша күш береді, сондықтан да мұнда отандық өндірушілерді жұмылдыру қажет. Бұл бағдарлама Ұлттық банк жауап беретін болады. Сондай-ақ, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек», – деді Сағынтаев.

Екінші бастама бойынша («Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту») жұмыстарды Ұлттық экономика министрлігі, қаржы министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атқаратын болады. Бұл бастамаға ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жауапты.

Үшінші бастамаға («Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту») жауапты ретінде Сағынтаев Білім және ғылым министрлігін, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі мен әкімдіктегілерді тағайындады.

Төртінші бастама («Шағын несие беруді көбейту») шағын несиелер мәселесі жөнінде Сағынтаев  жауапты ретінде министр Әбілқасымова, Досаев пен Шүкеевті (премьер-министрдің орынбасарлары) тағайындады.

Ал бесінші бастама («Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру») газдандыру мәселесі бойынша премьер-министр Энергетика министрлігі, Қаржы, Ұлттық экономика министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, әкімдіктегілер мен «Самрұк-Қазына» және «Бәйтерек» холдингінің қызметкерлеріне тапсырма берді.

«Бір апта уақыт ішінде жұмыс тобын құрып, Қызылорда – Жезказған- Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыттарында газ құбырын қаржыландыру мәселесін қарастырып, сол арқылы осы мәселеге қажетті халықаралық қаржы институттарын тарту. Бұл мәселеге жауапты – министр Бозымбаев. Асқар Мамин бақылау жүргізеді (премьер-министрдің бірінші орынбасары)», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Еске сала кетейік, кеше, 5 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеу жариялаған еді.




Осыған ұқсас:

  1. Жастардың мүддесіндегі бес бастама


18 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 12:54

    дұрыс мәселе бәріде,бірақ қалай орындалады

  2. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 14:07

    Елбасының аузына қарап отырады екен бұлар… Жатақхана құру баяғыдан қолға алатын іс еді. Қазақжанды журналист қауымы мен олырдың сөзін қолдаған Ақжол болмаса, құрылыс комитетіне қарасты экономика, т.б. министр дәулері ай қарап отыр…әтең-ай!

  3. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 15:57

    ОРЫНДАЛМАЙТЫН ТАПСЫРМАЛАР, БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН УӘДЕЛЕРДЕН НЕ ПАЙДА

  4. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 16:13

    Тағайындалған жауапты азаматтар жоғары деңгейде атқарса екен

  5. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 16:23

    Бөлінетін қаражат жөнімен жұмсалады деп сенеміз. Жарты жолда аумин болмай

  6. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 16:25

    Берген жүктемелер оңай емес. Қалай және қандай дәрежеде атқарады екенсіздер?

  7. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 16:41

    Кез-келген істің жауапты адамы болуы керек, сол секілді, Сағынтаев та осыны ұстанса керек. Мейілінше бұл бағдарламаны орындауда барынша жұмыс жасайтындарға тапсыру керек деп ойлаймын. Бұл тапсырмалар өте маңызды

  8. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 16:55

    5 бастаманың қайсысын алсақ та халық үшін жасалған екен. Халықтың жағдайын ойлайтын уақыт келген секілді.

  9. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 17:35

    Әрқайсысын өзіне тиесілі салаға байланысты дұрыс жауапты етті, бұл әрине үлкен көрегенділіктің белгісі деп те айтар едім.

  10. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 17:51

    Енді тек, жақсы нәтиже күтетін боламыз.

  11. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 17:56

    Меніңше барлығы да өз ісіне мығым шенділер ғой, тапсырманы дер кезінде, әрі жақсы бағаға орындайды деп үміттенеміз.

  12. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 18:09

    Орындалуы енді министрліктерге жүктелді, әліптің артын бақпай, сіз болып, біз болып осы бастамалардың орындалуына бірге атсалысу керек.

  13. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 18:14

    Елбасының әр бастамасы адамдардың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған жұмыстар, бұл әрине ол кісінің елдің дамуына бей-жай қарамайтындығын білдіреді.

  14. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 20:11

    не кереги бар козбояушылыктын уры кара курымаи мын жангырсандарда когермеимиз.куни кеше корши кабинеттен урлык милярд шыгып жатыр бастыгы бозымбай хабарым жок кисаиып тур не аитуга болады 2013жылдан бери аткошысы екен.

  15. 6 Наурыз, 2018, 20:22

    Мәселенің бәрі тендерге жеткен кезден басталады. Газ құбыры құрылысына қатысуға түріктер не қытайлар ендігі Астана Ақорданың маңында жүруі ғажап емес…

  16. Белгісіз 7 Наурыз, 2018, 10:47

    бозымбаев жане бозда билеитин болыптыгои усталмаитын кришасы мыкты зам керек болады казахты алма шетинен слабак ни ди ал.

  17. Белгісіз 7 Наурыз, 2018, 11:46

    Жауаптылардан алынатын жауап әділ де қатаң болғаны жөн, баяғы әдеттеріне салып «өз орайына» қарата салғызбай. Бұдан бұрынғы бағдарламаның барлығы да «ақ жағалылар» үшін тиімді қызмет қылған еді, бұлары ел үшін деп сенеміз!

  18. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 01:26

    Біздің үкімет Қазақстанның шет елдерде оқып жүрген студенттеріне «Табыс салығы декларациясын көкек айының 1-не дейін тапсыруды міндеттепті, орындамағандарға 200 мың теңге салық салатынын ескертіпті» деген сөз шығып, баласы Қытайда оқып жатқан көршім құжат жинап алашапқын болып жүр. Осы туралы не білесіздер? Бізде 5 миллиардер, 50 миллионер бар деседі, үкімет солардан табыс декларациясын тапсыруды талап етіп пе екен? Шет елдердегі студенттеріміздің стипендиясынан салық алып, қай жыртығын жаппақ? Егер естігенім шын болса, үкімет масқара жасар.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.