"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Баян Мақсатқызы “КешYou тобының қыздарын қалталы азаматтарға сатады” дегендерге жауап берді

Ел арасында өнерде жүрген қыз-келіншектерге қатысты жағымсыз пікір көп. Әсіресе, қыздар тобында ән салатын арулар жайлы көптің пікірі аса жақсы емес. Ел аузынан түспейтін Баян Мақсатқызының қарамағындағы сұлулар үнемі ел аузында.

Тіпті, халық арасында “КешYou” тобының қыздары қалталы азаматтарға ұятсыз қызмет көрсетіп, ақша табады” деген пікір де жоқ емес. Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында аталған жайттың нүктесін қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Бұл не дегеніңіз, Аман? Әрине, тек ән айтып ақша табады. Бұл барлық қыздар тобына қаратылып айтылатын пікір. Өкінішке қарай, сондай стереотип қалыптасып қалған. Алайда бұл пікірдің маған қатысы жоқ. Қыздардың жеке өмірі – ол жеке өмірі. Менің бұл сөзіме бірде бір қыз қарсы шықпайтын шығар?! Себебі мен үнемі: жұмыс ол жұмыс, ал біздің абыройымыз бірінші орында деп айтып отыратынмын”, – дейді Алагөзова ағынан жарылып.

Бір қызығы, ел аузында жүрген бұл әңгімеден Баян Мақсатқызы хабарсыз болып шықты.

“Менің ойымша, осы 12 жыл ішінде КешYou-дің беделі жақсы. Осы уақыт аралығында көптеген кәсіби, мықты туындылар жарыққа шықты. Мен қыздарды біреуге тықпалайды деген сөздің өзі ақымақтық. Біріншіден, мен “ағашкалардың” ақшасына мұқтаж емеспін. Тіпті күлкім келіп отыр. Бұл туралы сізден алғаш естіп отырмын. Иә, бұл пікір барлық қыздар тобына қаратылып айтылады”, – деді Баян Мақсатқызы.




Осыған ұқсас:

  1. БҮГІНГІ ЗАМАН ҚАЙЫРШЫЛАРЫ КІМДЕР?
  2. Мектеппен қоштасу кештері құдалық той секілді – журналист
  3. «Үйленуге дайынмын»: Қосыла алмай кеткен Естай мен Қорланның ұрпақтары бір-бірін Астанадан тапты
  4. ҚҰЛДЫҚ психология – ОРЫСШАҒА ОРЫСША ЖАУАП БЕРУ
  5. Осы әннің шығу тарихы мен шындығын білуімізге 22 жыл керек болды! – блогер
  6. Әлихан Баймен: Үкімет вебсайттарының орыс тілінде ашылуы заңға қайшы


13 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 6 Наурыз, 2018, 18:01

    Баянга, ел аузында ондай ангыме жок, ол арам ойдан шыккан арам ангыме.
    Коныл аударып керегы шамалы.

  2. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 18:57

    Жел болмаса бирдене кимилдамаиди деген

  3. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 19:02

    осындайды ойлап айтудың өзі -қараңғылық, санасы төмендердің ісі

  4. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 20:03

    Ел аузинда ондаи ангиме бари рас.калталиларга кизмет корсететин.бирак накти кимдер екенин билмедим

  5. 6 Наурыз, 2018, 20:51

    Баянның өзіде күйеуі бола тұра бай жігітпен ұсталған соң ажырасты,содан да аңғара бер ар жағын.

  6. Белгісіз 7 Наурыз, 2018, 01:37

    Сатса сатсин обалдари жок

    • 7 Наурыз, 2018, 13:51

      Жабылган жала, оте аукымды да жане зор болуы керек.
      Сол кезде жабылган жала шындыкка оте уксас болады.
      Халык жылдам сенеды !

      3-РЕЙХ. ГЕББЕЛЬС.

  7. 7 Наурыз, 2018, 13:52

    Жабылган жала, оте аукымды да жане зор болуы керек.
    Сол кезде жабылган жала шындыкка оте уксас болады.
    Халык жылдам сенеды !

    3-РЕЙХ. ГЕББЕЛЬС.

  8. Белгісіз 7 Наурыз, 2018, 17:18

    Нее дееит рас па екен

  9. 10 Наурыз, 2018, 17:56

    ким биледи мумкин рас шыгар

  10. 15 Наурыз, 2018, 00:55

    Мен ушин Баян ешкимде емес, сатса сататын шыгар. Алдында Тунги студияга келгенде, кыздар маган коп акша алып келди деп айткан болатын, мумкин соны айткан шыгар

  11. Белгісіз 31 Наурыз, 2018, 14:53

    Онер саласында журген сылу кыздарды калталы болсам менде жибермес ем оларда кетпес еди олседе акшадан Ким кашады

    • 31 Наурыз, 2018, 18:27

      Біреуі қалтасындағы пұлын бұлдап,біреуі бұтын бұлдап,солай сәйкестіктерін табады,әрине,ондайларға білімде,адамдық бет-бейнеде керек емес,өз өлшемдері бар,өздеріне лайықты.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.