«Ақ жол» көтерген жастарға жатақхана салу мәселесі Елбасы тапсырмасымен үндес келді

4419
17
Бөлісу:

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды атап өтіп, студенттерді жатақханамен қамту мәселесін қозғады. Осы орайда Мәжіліс депутаты Азат Перуашев кезінде «Ақ жол» партиясының осы мәселені алғаш болып көтергені туралы айтып, бұл тапсырманың үлкен маңызға ие екендігін атап өтті, деп хабарлайды «Қазақ үні» тілшісі.

Осы орайда депутат ауылдардан қалаларға елімізде кем дегенде 300 мың жас көшіп келетінін, ал еліміздегі мемлекеттік бағдарлама бойынша тек 100 мың пәтер салынатынын жеткізді. Оның айтуынша, қалаға келген 300 мың жастың 200 мыңы пәтерге қол жеткізе алмай, жүреді екен.

«Олар тапқан ақшасын жалға алған пәтеріне жұмсайды. Тіпті, жастар «пәтерді ипотекаға аламыз» деген үміттен айырылып отыр. Елімізде жастарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі өте өткір күйінде қалып отыр. Қазақстанда қаншама университеттер мен білім беретін мекемелер өз студенттерін жатақханамен толық қамти алмай отыр», – деді Азат Перуашев.

Сонымен қатар депутат бүгін жастарды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне Президенттің өзі араласқанын айтып, бұл мәселе алдағы уақытта шешімін табады деген үмітте екенін жеткізді.

«Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған мәселеге мемлекеттік тұрғыдан қарау қажеттігін айтып, арнайы тапсырма берді. Қазіргі таңда мемлекет осы мәселеге назар аударды. Президент аталған мәселенің бұрыннан бар екенін айтты. Енді оны шешу үшін тиісті жұмыстар жасалуы қажет», – деп түйіндеді сөзін Азат Перуашев.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 12 сәуірінде Мәжілістегі «Ақ жол» фракциясының депутаттары «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауыл жастары үшін арзан жатақханалар салу мәселесін қарастыруды ұсынған.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында елімізде ауылдан қалаға көшетін азаматтардың саны жыл өткен сайын ұлғая беретінін айтқан. Өз сауалында депутат Қазақстандағы ауылдарда 7,5 млн адам тұратынын, алдағы уақытта ішкі көші-қонның әлеуеті 2,5-тен 5 миллионға дейін жететінін мәлімдеген.

Перуашев келешекте ауылдан қалаға көшіп келген азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 15 жыл емес, 30 жыл, тіпті 50 жыл қажет болуы мүмкін деп болжам да жасаған.

Осы орайда «Ақ жол» фракциясының депутаттары «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2021 жылға дейін 35 мың жалдамалы пәтер салу жоспарланып отырғанын айта келе, осы пәтерлердің орнына жатақхана салуды ұсынған. Олардың пікірінше, осындай жолмен 49 мың отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етуге болады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 17 пікір жазылған

  1. Қайырхан 5 Наурыз, 2018 21:02 Жауап

    / Сам Перуашев, как выяснилось, живет в коттедже больше 500 квадратных метров, отдыхает на личной вилле в Анталии и катается на дорогом внедорожнике./ Орыстілді басылымдарды қалай жамандамасын.

    • Қолқоюсыз 5 Наурыз, 2018 21:31 Жауап

      Сонда булар кайтадан хрущевка тыгайын деп турма,оскенi кайсы,60-жылдан кейiн кайтадан трущовкага барса.коттен кейiн кеткендiк кой.

      • Қолқоюсыз 5 Наурыз, 2018 22:42 Жауап

        әмериканың,мексиканың трущобында кедей-кепшік,жарлы-жақыбайлар,сіңірі шыққан кедейлер тұрады екен,қағаз картоннан үй жасап алады екен деп сусылдаушы едік,міне капитализм деп күлетіндер,жеттіңдерме,ентігіп,екі етектеріңді түріп ап.

  2. Сұлтан Бекбосын 5 Наурыз, 2018 23:27 Жауап

    Елбасы көтерген жастар жатақханасын салу дұрыс мәселе. Президент «Ақ жол» бастамасын іске асырады енді

  3. Баха 6 Наурыз, 2018 12:07 Жауап

    Бұл бір Президенттің жалпы партиялардың да пікірімен сәйкес келетінін дәлелдегендей. Жалпы, студент жастарға жағдай жасауы өте орынды де білемін. Барлық студенттерді Жатақханамен қамтамасыз ету өте дұрыс жоба.

  4. Пара 6 Наурыз, 2018 12:08 Жауап

    Ия, Елбасымыз өте өзекті мәселелерді көтеріп, соған сәйкес тапсырмалар беріп отырады. Бұл жолғысы да өте маңызды тапсырма. Яғни, жастарға қатысты барлық істің игі екендігін ұмытпаған жөн.

  5. Арман 6 Наурыз, 2018 12:09 Жауап

    Кезінде көтерілген мәселелердің барлығы өз уақытында осылай шешім табыла береді. Барлығы бір ауыздан болуы керек кез-келген нәрсенің. Осы іс арқылы еліміздің білім саласын көтерілуіне себеп болмақ.

  6. Дос 6 Наурыз, 2018 13:58 Жауап

    Елбасы аузына қарап отырған Сағынтаев енді «долыларға» жалтақтамайды деп ойлаймын. Әйтсе депутат жолдаған сауалына берген жауабын ескерсек, ондай үйлер «қарастырылмаған» екен…

  7. Данчо 6 Наурыз, 2018 17:14 Жауап

    Жастарға салынған инвестиция ол Қазақстанның болашағына салынып жатқан инвестиция.

  8. Қолқоюсыз 6 Наурыз, 2018 17:53 Жауап

    Мактап болдындарма ? Кез келген адам мем-басы болып САЙЛАНСА онын мойнында аздаган жауапкершылыкте болуы мумкын,
    Мысалы : Халыктын алеуметтык жагдайы, баспанасы, жумыс орындары, моральдык рухани тарбиесы, Т,б, бул аталгандар ол басшынын тыкелей халкынын алдындагы мындеты. Мойнына алган екен, ешкандай мактаудын керегы шамалы, мактагандар жагымпаздын ар жак бер жагы.
    БАР БОЛГАНЫ СОЛГАНА.

  9. Kamal Azerbaev 7 Наурыз, 2018 12:55 Жауап

    Өте дұрыс шешiм, негiзi бұл олардың мiндетi, мына жерде бiреулер мексикадағы картоннан жасалған трущобаларды жатақхана мен салыстырып жатыр, кеңес дәуiрiнде жатақханада тұрдық қой, студенттік өмiрде, онан кейiн жұмысқа орналасқанда жатақханамен қамтамасыз ететін,
    жатақхананы картоннан жасалған трущобамен салыстырмаңдар.

Пікір немесе жауап жазу

бір × екі =