"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Горбачев: «Путин алқаш, жүрген бір әумесер»…

Сәбеттің соңғы «көсемі» Михаил шал Горбачев сұхбат беріпті деп бүкіл орыс баспасөзі бұлқан-талқан болып жатыр. Сексеннің жетеуіне келген, таз басына таңба біткен Горбачев сөз арасында сайлауға түсіп жатқан қазіргі Президент Владимир Путин жайлы көп жұрт айта бермейтін ақпарды жайып салыпты. Содан болар, Кремльдің айтақтағы күшіктері Горбачев шалдың сұхбатын жариялап жатқан әрбір сайтты бұғаттап әлек болып жатыр.

Десе де біз бұл сұхбаттың бұғатталмаған бір нұсқасын таптық. Шолып шықтық.  Сөйтсек, Михаил Горбачев Владимир Путинмен болған соңғы кездесуі жайлы айтып, оның жүргізіп отырған саясатына өз пікірін білдірген екен.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Путинмен бірнеше рет кездесіпті. Бірақ, бұл кездесулер тек Кремльдің кең дәлізінде жол жөнекей қол қысумен шектелген көрінеді. Оған қоса, Владимир Путин кәрі сүйек, қубас Генсектің саяси кеңестерін керек қылмаған екен. Тіпті, орыстың екі билеушісінің соңғы кездесуі 2017 жылы «Ресей күні» дейтін мерекенің қарсаңында болған. Бұны да Михаил Горбачевтың өзі айтып отыр.

«Амандастық. Мен оған: «Көп болды кездеспедік» дедім. Ол: жу-жу-жу; Ол қазір көп міңгірлейді. Онысы жұртқа не айтқаны түсініксіз болуы үшін»,- депті сөз арасында.

Ең соңғы Генсектің Путинге өкпесі қара қазандай екен. Оған себеп – Путиннің қабылдауына үш рет жазылған. Үш кездесуді де Путин бе, әлде оның көмекшілері ме, әйтеуір кейінге шегерген. Сөйтіп, өкпелеген Горбачев шал енді бұның қабылдауына өліп кетсем келмеймін деп шешкен.

Тым құрығынада кеңесшілікке жарамаған саяси өлік – Михаил Горбачев Путиннің жұмыстан бос уақытта немен айналысатынын да айтып берген. Сөйтсек, Путин барып тұрған алқаш, әумесер біреу екен. Бұл Горбачевтің сөзі.

«Соңғы кезде көп ішіп жүр. Кейде билейді, кейде ұшады, кейде жүзеді, сайтан алғыр, еріккен адам не істемейді… Әттеген-айы, ғарышқа ұша алмайды. Қорқады. Егер ол ғарышқа ұшып кетсе, жұрттың барлығы оған: «Владимир Владимирович, қайтып келмеңіз!» дейтін еді ғой», – депті.

Михаил Горбачев қазір 87 жаста. Кеңес одағының соңғы билеушісі. Нобель сыйлығының иегері.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz



Ілмектер:
Горбачевпутин

Осыған ұқсас:

  1. Назарбаев Путинге БАҚ жайлы: Туындайтын мәселелерді дүрліктірмей, байсалдылықпен шешу қажет
  2. Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
  3. Елбасы Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады
  4. Путин өзінен кейін кімнің президент болатынын айтты
  5. Назарбаев Путинді не себепті құрметтейтінін айтты
  6. Назарбаев ұшақ апатына байланысты Ресей президентіне көңіл айтты


16 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 5 Наурыз, 2018, 23:10

    АҚШТЫҢ ӘЛЕМДІК САНКЦИЯСЫ НАУРЫЗ АЙЫНЫҢ СОҢЫНА ЖАҚЫН БАСТАЛАДЫ.САНКЦИЯЛАР,ТІЗІМДЕРГЕ,ОФЗ,СВИФТ.СОҢЫ ЭМБАРГОҒА ҰЛАСУЫ МҮМКІН.РЕСЕЙ ЭКОНОМИКАСЫНА АУЫР БОЛАЙЫН ДЕП ТҰР.

  2. Белгісіз 5 Наурыз, 2018, 23:27

    РОНАЛЬД РЕЙГАН ГОРБАЧЕВТЫ ТАҚТАН САЗҒА ОТЫРҒЫЗЫП ЕДІ.ЕНДІ ДОНАЛЬД ТРАМП НЕ ІСТЕР ЕКЕН?

  3. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 08:34

    ТРАМП СИРИЯДАҒЫ ВАГНЕРГЕ СЮРПРИЗ ЖАСАҒАНДАЙ.РЕСЕЙ ОДАҚТАСЫ БАШАР АСАД ӘСКЕРІНЕ СЮРПРИЗ ЖАСАП ЖАТЫР,ЖАҚЫНДА БІЛЕМІЗ.

  4. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 12:50

    алжыған болдау Горбачев

  5. 6 Наурыз, 2018, 12:56

    Путлерлер дің түрінде тұр ғой ішетін і алкоголь қолында, алқаш болмай не қылады және балықшы болғанды жақсы көреді.балықшы болған жерде спиртті жүретін ін бәрі білетін болар..

  6. Белгісіз 7 Наурыз, 2018, 00:55

    АҚШТЫҢ ӘЛЕМДІК САНКЦИЯ КЕЛЕСІ АПТАДА,РЕСЕЙ САЙЛАУЫНА ҚАРСАҢЫНДА БЕРІЛЕДІ,ЕГЕР СВИФТ ЖӘНЕ ОФЗ-ҒА БЕРІЛСЕ РУБЛЬ ҚАТТЫ ҚҰЛДЫРАЙДЫ.

  7. Белгісіз 7 Наурыз, 2018, 11:03

    Осы топас қазақтарды түсіну қиын. Кейбіреуі, (типа «мұсылмандар») Сириядағы қырғын-сүргінге жаны ашып, бейбіт адамдардың қырылып жатқандығын айтады. Ал, келесі надан қазақ – «Осы қырғын-сүргінді (топас бастарымен) Рессей жасап отыр» – деп ойлайды. Ең қызығы, ешбір қазақ, осы Сириядағы қырғынға бірінші кезекте жауапты АҚШ – туралы ауыздарын ашпайды!!!! Неге екені белгісіз!!!! ОЛАЙ ЕМЕС!!!! БЕЛГІЛІ!!! ӨЙТКЕНІ, ҚАЗАҚТАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ – САЯСИ САУАТСЫЗ!!!! ӘЛЕМДІК САЯСАТТАН ХАБАР ЖОҚ – МАҢҚАЛАР!!! ЕҢ МЫҚТЫ ДЕГЕН ҚАЗАҚ – САЯСАТКЕР – БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ КСЕНОФОБ, РУССОФОБ!!!!! ӘЙТЕУІР, ӘЗІРГЕ ГЕЙЛЕР ЖОҚ!!!! БАР БІЛГЕН-ТАПҚАНЫ СОЛ, РЕССЕЙДІ ЖАМАНДАУ. ТЕНТЕК ҚОЙ СИЯҚТЫ (бір жерді айнала беретін) ТАҢНЫҢ АТЫСЫ – КҮННІҢ БАТЫСЫ – РЕССЕЙДІ ЖАМАНДАУ!!!!! ОУ- ҚАЗАҚТАР, СОЛ РЕССЕЙДІҢ ҰЛТАРАҚТАЙ БОЛЫП ЖЕЙДІП, ЖОҚ БОЛАТЫН КЕЗІ БОЛДЫ ҒОЙ!!!! ЖОҚ!!! СОЛ РЕССЕЙ, КЕРІСІНШЕ КҮШЕЙІП БАРА ЖАТЫР. ЖЫЛДАН-ЖЫЛҒА (кейбір, руссофоб қазақтарға на зло) СОЛ РЕССЕЙ КҮШЕЙІП БАРА ЖАТЫР!!! Соңғы кездері көптеген қазақтар ұсақ-түйекшіл, МЫСЫҚТІЛЕУ сасық кеуде болып бара жатыр!!! Әлде, баяғыдан осылаймыз ба? Интернет шыққалы көп уақыт болған жоқ қой?! Мүмкін, біздер, қазақтар өздеріміздің кім екенімізді енді түсініп жатқан болармыз??? Мені, осы тезис, көп ойландырады!!! Тәшімізге (қожамбайға) қарамай үлкен мемлекеттерді жамандаймыз!!!! Өзіміздің қанден тірлігімізге қарамай!!! Рессей, кейбір қазақтар айтқандай «шошқа жеген кәпірлер» болса да, боқ сасып, іріп-шіріп жатқан «мұсылман» сириялық арабтарға көмектесіп жатыр!!!! Осыны ұмытпаңдар. АҚШ – тың құйтырқы саясатын қолдап (тек Рессейге қарсы болғаны үшін) жүрген қазақтар – нағыз КЕШЩЕ, НАДАН қазақтар!!!!!!

    • Белгісіз 11 Наурыз, 2018, 22:07

      көтек ресейіңнің еш ақштан сау жері жоқ екенін түсінетін кезің болды емеспе? украйнаның не болғанын білесіңғой

  8. Белгісіз 7 Наурыз, 2018, 14:35

    .АСАД ДИКТАТОР ОДАҚТАСЫМЕН БЕЙБІТ ҚАРА ХАЛЫҚҚА СИРИЯНЫҢ ГУТТА ҚАЛАСЫНА БОМБА ЖАУДЫРДЫ.АҚШ ОСЫ ЖАУЫЗДАРҒА ЖАҚЫНДА ЖАУАП ҚАЙТАРАДЫ.

  9. Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 16:49

    осы горбачев ит болмаганда ссср боп тура берер еди окиништи.

  10. Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 17:10

    ЕШҚАШАН ГОРБАЧЕВ КІНӘЛІ ЕМЕС,АРТА ҚАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯ КІНӘЛІ.АҚШ СССР-ҒА 1974 ЖЫЛЫ ӘЛЕМДІК САНКЦИЯ САЛДЫ,СОЛ 1970 ЖЫЛҒЫ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ҚАЛДЫ МЫСАЛЫ ИТАЛИЯ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖИГУЛИЛЕР.МҰНАЙ БАҒАСЫНА ТӘУЕЛДІ БОЛДЫ,КЕҢЕС ҮКІМЕТТІ ТАРАП КЕТТІ.КЕЙІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЕНДІ,.РЕСЕЙ ҚЫРЫМҒА АНЕКЦИЯ ЖАСАДЫ.АҚШ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК САНКЦИЯНЫ 2 ТАМЫЗДА 2017 ЖЫЛЫ БЕКІТТІ,ЖАҚЫН КҮНДEРІ КҮШІНЕ МІНЕДІ,ЖӘНЕ ОСЫЛАЙ ӘЛЕМДІК ТЕХНОЛОГИЯДАН АРТА ҚАЛАДЫ.

  11. Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 21:30

    я желаю смерть этому козлу

  12. Белгісіз 9 Наурыз, 2018, 01:51

    Асан,серік акылды деген тәуелсіздік керек емес сияқты. Асан Сссрды аңсапты. Ана серік орысты жақтапты. Бізді отар қылған ел үшін Қазағын келемеж қылыпты.

  13. Белгісіз 11 Наурыз, 2018, 22:11

    Горбачев қайда? Путин қайда?

  14. Белгісіз 12 Наурыз, 2018, 00:54

    ОСЫ АПТАДА ТРАМП РЕСЕЙГЕ ҚАНДАЙ ҚАУІПТІ САНКЦИЯ САЛАДЫ ЕКЕН?

  15. Белгісіз 14 Наурыз, 2018, 09:37

    //сен ақымақ// көтек ресейіңнің еш ақштан сау жері жоқ екенін түсінетін кезің болды емеспе? украйнаның не болғанын білесіңғой

    Жауап жазу: – Украйнаны дәл осындай пұшайман күйге түсірген өздерінің олигархтары мен АҚШ – тың мем.департаменті. Қысқасы, сол Украйнаны Рессейге қарсы қою үшін «қораға кіргізді»!!! Бұл фактіні дені дұрыс адамдар біледі. Ақымақтарға бәрібір сияқты. «Түйенің танығаны – жапырақ» – деп оттай береді. АҚШ пен Рессей ешқалай да бірдей емес. Әлемдік информ.агенттіктердегі соңғы ақппараттарды оқу керек. Иранның «ИРА», Қытайдың «Джинминджибао», соры қайнаған арабтардың «Ал-Жазира» сияқты агенттіктері жазып жатыр. Сіз, қаз қуып, далақтап жүрсіз.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.