"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Нұрсұлтан Назарбаев: Ипотека 7 пайыздан аспайды, 25 жылға беріледі

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бағдарламаны жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Яғни, әрбір жұмыс істейтін қазақстандық  теңгемен ипотекалық займды келесі шарттармен  алу мүмкіндігіне ие болады.  Аталған бағдарлама бойынша ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайтын, бастапқы жарна 20 пайызға дейін, мерзімі 25 жылға дейін болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының дерегінше,  өткен жылы 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл бұған дейін болмаған рекордтық көрсеткіш саналады.

«Дегенмен бұл жеткіліксіз. Әлі күнге дейін меншікті баспанасы  жоқ отбасы аз емес. Бұл тек қана әлеуметтік маңызы бар проблема. Оны шешу үшін барлық жағдай жасап, жалпы бұқара үшін тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыру қажет. Арзан ресурстар ұсыну тетіктері керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.




Осыған ұқсас:

  1. Сәбилянов: Кейбір қазақстандықтардың тұрғын үй кезегінде тұрғанына 20 жылдан аса уақыт өтті
  2. 7-20-25 бағдарламасы бойынша алғашқы ипотеканың қашан берілетіні белгілі болды
  3. 7 пайыздық ипотеканың басты талабы қандай болады
  4. ВАЛЮТАЛЫҚ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕРДІ ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ – ДҰРЫС ШЕШІМ
  5. Кедей халыққа кредит беріп, «қылқындырып» жатқан кім?
  6. Ипотекалық қарызын төлей алмағандарды енді ешкім үйінен қуып шықпайды


6 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 5 Наурыз, 2018, 16:14

    Қашан?

  2. Белгісіз 5 Наурыз, 2018, 18:05

    Президенттің мұндай жеңілдіктерін тіпті осы ТМД елдерінде жасап жатқан жоқ деп айтсам болады. Қазақстан билігі – халыққа өте жақын, халықтың тұрмыс-тіршілігін бес саусақтай түсініп, тиісті шешімдер қабылдап отыр.

  3. Белгісіз 5 Наурыз, 2018, 20:52

    55 –60 жастағылар ала – алады ма ???

  4. Белгісіз 5 Наурыз, 2018, 21:55

    Бизнеске айналдырып алмаса болганы бер жакта отырган бир жактылар. Ел басы мукиндик жасауын жасап ак келеди.
    Бир жактылар бирак, барин жок кылар.

  5. Белгісіз 6 Наурыз, 2018, 14:36

    Давно пора. Очень хорошая инициатива.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.