"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Бүгін Әлихан Бөкейханұлының туған күні

«Алаш»  қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның туғанына биыл 152 жыл толды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

1866 жылы 5 наурызда Қазақтың ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхан дүниеге келді. 1937 жылы 27 қыркүйекте Ә. Бөкейханов сотталып, ату жазасына кесілді.

Әлихан Бөкейхан мемлекет қайраткері ғана емес, Оксфорд, Кембриджде мойындалған қазақ ғалымы.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан   – даңқты қоғам және мемлекет қайраткері. Ол қазақ халқының ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың  басындағы «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының идеялық негізін қалаушы әрі жетекшісі, қазақтың «Алаш» атты тұңғыш саяси партиясының әрі Қазақ-қырғыз ұлттық-территориялық автономиясының атасы әрі төрағасы болды. 1917 жылдың желтоқсанында президенттік басқару тетігі бар шынайы демократиялық парламенттік республика ретінде дүниеге келіп, 1920 жылдың тамызына дейін жасаған Алаш автономиясы бүгінгі Қазақ елінің негізін, берік іргетасын қалап берді. Ә.Н. Бөкейхан – даңқты энциклопедист ғалым 2 жоғарғы білімі бойынша ормантанушы-ғалым, агроном әлі заңгер, табиғи дарыны бойынша тарихшы, экономист, этнограф, әдебиеттанушы, журналист әрі публицист, сондай-ақ жер пайдалану мен мал шаруашылығы бойынша теңдессіз маман болатын. Оның осы күнге дейін табылып, жинақталған ғылыми-публицисткалық мұрасы 15 томға жетті.

1930-жылдардан Кеңес Одағы күйреген 1991 жылға дейін дерлік Ә.Н. Бөкейханның есімін атауға, оның өмірі мен сан қырлы қызметін зерттеуге қатаң тыйым салынды. Ал оның аса бай әрі өте мол саяси және ғылыми-публицистикалық мұрасы кітапханалар мен мұрағаттарда, оның ішінде КСРО КГБ-сы мен Қазақстан КГБ-сының мұрағаттарында көпшілік назарынан тасада шаң басып жатты.

2016 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданын Әлихан Бөкейхан атындағы аудан етіп өзгертуге рұқсат берді. Астана мен Көкшетауда қайраткер атына көше берілді.

Сол  жылы Астанада Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған  салтанатты шара– Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мерейтойлық естелік монета таныстырылды. Монетада жаңа технология мүмкіндігімен «Қазақ» газеті бейнеленген трафарет алғаш рет қолданылған.



Ілмектер:
Әлихан Бөкейхан

Осыған ұқсас:

  1. Тұрсын ЖҰРТБАЙ: «Алашорда» болмағанда Қазақстан да болмас еді…
  2. Алаш астанасы: үкімет ғимараттары
  3. «Ақ жол» жетекшісі Алаш Орданың 100 жылдығымен құттықтады
  4. Тергеушілердің өзі Әлихан Бөкейханнан қорыққан – Тұрсын Жұртбай
  5. Қарағанды облысындағы Октябрь ауданы қашан қазақшаланады?
  6. Ермұрат Бәпи: Семейде қалың қазақтың ортасында Ленин міз бақпай тұр…


10 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 5 Наурыз, 2018, 13:03

    КЕНЕСАРЫ БАСЫН ТІГІП,ЖЕРДІ БЕРІП ҚОЙДЫ РЕСЕЙГЕ,РЕСЕЙ ГУБЕРНИЯҒА АЙНАЛДЫРЫП МЕМЛЕКЕТТІ ЖОЙЫП ЕДІ.БӨКЕЙХАН ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІН ҚАЙТА НЕГІЗІН ҚАЛАДЫ.ЖАСАСЫН ҚАЗАҚ ЕЛІ.

  2. Белгісіз 5 Наурыз, 2018, 13:08

    СЕМЕЙДІҢ АТЫН БӨКЕЙХАН АТЫМЕН АТАЛСА ЕРЛІГІН БАҒАЛАҒАН БОЛАР ЕДІК.

  3. Белгісіз 5 Наурыз, 2018, 14:19

    АЛАШ көсемі ҒАЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ұлы істерін ұрпағы ешқашан ұмытпайды !!!
    Ғалихан Бөкейханның атын қаладағы шағын бір ауданға, көшеге беру ұсақ-түйек нәрсе.
    Алаш көсемінің есімін Халықаралық деңгейдегі орындарға беру керек.

  4. Белгісіз 5 Наурыз, 2018, 14:29

    БІР КҮНІ АЛИХАННЫҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНАДЫ.

  5. Белгісіз 5 Наурыз, 2018, 15:00

    2016 жылы Астанада Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған салтанатты шара– Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мерейтойлық естелік монета «Ақ жол» партиясының ұсынысымен шығып, ол партияның офисінде таныстырылды. Монетада жаңа технология мүмкіндігімен «Қазақ» газеті бейнеленген трафарет алғаш рет қолданылған.

  6. Белгісіз 5 Наурыз, 2018, 15:37

    ОСЫНДАЙ, ӘЛИХАНДАЙ АСЫЛ ТҰЛҒАМЫЗ ЕЛДІҢ ЖЕРДІҢ, ХАЛЫҚТЫҢ МҮДДЕСІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕНІ БҮГІНГІ ҰРПАҚҚА -ҮЛГІ, БОЛАШАҚҚА – СЕНІМ. ЖАСА, ӘЛИХАН. ТІРІЛЕРГЕ ЕМЕС ЕҢ БІРІНШІ ҰЛТТЫҢ КӨСЕМДЕРІ БОЛҒАНДАРДЫ АСТАНА МЕН АЛМАТЫНЫҢ ТӨРІНЕ ШЫҒАРУ КЕРЕК. БИЛІКТЕГІЛЕРДІҢ КАБИНЕТТЕРІНДЕ ҰЛТТЫҢ КӨСЕМДЕРІНІҢ ПОРТРЕТТЕРІ ТӨРДЕ ТҰРУ КЕРЕК, СОНЫ АЙТҚЫЗБАЙ ІСТЕЙТІНДЕР ҚАЙДА. БАРЛЫҒЫ МИСЫЗ СИЯҚТЫ ОТЫРҒАНДАРЫ БҰЙРЫҚ КҮТІП.

    • 5 Наурыз, 2018, 19:08

      елімізде,төрімізде,тұр ғой Ленин бабамыз демекші,тұр ғой Достық даңғылы.
      Алихан Бөкейхан даңғылы қылмай ма?!.

  7. Белгісіз 5 Наурыз, 2018, 23:58

    Иə Абай деген пікір жазған кісі дұрыс айтады-монета да шығару керек ,бүкіл қалаларда Əлихан Баба атымен бас аудандар аталу керек,Семейге не болмаса павлодарға Əлихан атын беру керек.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.