Енді министрлер Сенатқа дайындалып келетін шығар

Бөлісу:

Ыңғайсыздау болды. Министр нақты сұраққа нақты жауап бере алмады. Таратып айтсақ, бүгін әдеттегідей Палата отырысы жүріп жатқан. Күн тәртібіндегі заңды ратификациялау үшін еліміздің Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бар қазақшасын сарқа пайдаланып ол заңнаманың не үшін қажеттігін түсіндіріп жатты. Сол сәтте сенатор М.Құл-Мұхаммед тақырыпқа орай бір сұрақты маңдайдан сарт еткізді.

Министр есеңгіреп қалды ма, болмаса дайындығы кемшін болды ма, мандытып жауап бере алмады. Десе де, әйтеуір ойдан-қырдан құрап бірдеңе айтып тығырықтан шығып кетпек болып еді Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Болды ма?» деп сұрады. «Болды» деді министр. Төраға көңілі толмағанын сөз райынан байқатып, тағы бір мүмкіндік берді де: «Сіздің жауабыңыз толық емес, сұрақ нақты болды. Осы мәселеге байланысты нақты жауап беріңізші» деді. Министр тағы біраз «шапты». Бірақ тағы да «мимо». Одан әрі тыңдауда мән қалмағанын түсінген Сенат Төрағасы министрдің сөзін шорт қиды да «Министр мырза, Сіз бұл мәселе бойынша жазбаша жауап беріңіз. Отырыңыз» деді. (Төмендегі видеоны қараңыз). 

Мұны барлық БАҚ өкілдері естіді, онлайн қарап отырған барша жұрт көрді. Енді министрлер Сенатқа дайындалып келетін шығар.

Әділбек Қаба,

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 9 пікір жазылған

  1. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 5 Наурыз, 2018 14:00 Жауап

    БИЛІКТЕГІЛЕР, ҚАЗАҚТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІЛІН БІЛМЕСЕҢДЕР НЕ БІТІРІП ОТЫРСЫҢДАР, 30 ЖЫЛ УАҚЫТ БЕРІЛДІ ҒОЙ. НАМЫСТАРЫҢ БАР БОЛСА СОЛ ЛАУАЗЫМДЫ ОРЫННАН БАС ТАРТЫП, ӨЗ БЕТТЕРІҢМЕН КЕТІҢДЕРШІ, СЕНДЕРДІҢ ОРЫНДАРЫҢА КЕЛУГЕ ДАЙЫН АЗАМАТТАР ЖЕТКІЛІКТІ, БІРАҚ ОЛАРҒА ЖОЛ ЖОҚ ЖОҒАРЫҒА.

  2. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 5 Наурыз, 2018 14:31 Жауап

    ҚАЛАЙ ҒАНА КҮШТІ ЖҰМЫС ОРЫН ТАПҚАНСЫҢДАР, ҚАЗАҚТЫҢ АНА ТІЛІН БІЛМЕГЕНДЕРІҢ ҮШІН МЛНДАП ЗАРПЛАТА АЛАСЫҢДАР, ҚЫМБАТ КӨЛІККЕ МІНЕСІҢДЕР, ШАЛҚЫП ЖҮРЕСІҢДЕР, ӘТТЕҢ, ХАЛЫҚ САЙЛАЙ АЛМАЙДЫ СЕНДЕРДІ, БӘРІ БАСҚАША БОЛАР ЕДІ.

    • Қолқоюсыз 5 Наурыз, 2018 17:38 Жауап

      Айтпақшы,Кәреядан жалғыз қола,бетім-ай,алып келген,өзі бас болып бастап барған култур міністірдің үні шықпай қапты ғой.спортсмендердің байланысы үшін 30-миллион тг.аудардық деген.
      әй,арыстан міністір,алтын әкеп,президенттің көзіне түсемін бе деп едің,болмады,ә.бұйырмаған,бұттан кетеді деген сол болады.сарғыз галышева болмаса,мүлдем дамбалсыз қалғандай екен.бәсе,неге сонша қуанып,сарғызды сүйді деп ем.сезген бе екен,байқұс.обал-ақ болды,соншама арбаңдап-дарбаңдап еді.
      енді қайтер екен,ктө биноуат.
      арамтамақ болды,шығын ақталмады,бұл біздің тамыр-таныс-ақша шешкен спөртіміздің шынайы бет-бейнесі.

    • Қолқоюсыз 5 Наурыз, 2018 17:45 Жауап

      Халық сайлай алмайды деп айта береді екенсің.Неге сайламайды .Сайлаған да қандай бытшыт қылып бұл сенатты одан өзіміз дұрыс адам сайлаймыз

  3. Зергер 5 Наурыз, 2018 16:45 Жауап

    Бишара болған шенеуніктер-ай, хәлдерің аянышты.Не айтқанын озі тусінбей,не оңдырып жұмыс бітіресіңдер…

    • Қолқоюсыз 5 Наурыз, 2018 17:19 Жауап

      Сорлылар жегендерін крокодил құсап тұтас жұтып,түсіретін болды.қазір бұлар бір-бірін аңдып жүргендейме.мен сенікін ұстадым,сен менікін ұстадың деп.есеп айырысып,өш алып жатқаннан сау ма.
      жемқор деген клеймодан кейін атағы,білімі,тәжірибесі пішту боп қалады емеспе.тек әлгі жегеннен қалған тыққан-пыққандарын шығарып,бизнесте жүрмесе қисаңдап.

  4. Қолқоюсыз 6 Наурыз, 2018 20:12 Жауап

    АТА ЗАҢҒА МЫҚТЫЛАП МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МӘРТЕБЕСІН КӨРСЕТІП БЕРУ КЕРЕК,БОЛМАСА ЕРТЕҢ ҰМЫТЫЛЫП КЕТУІ МҮМКІН.

  5. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 7 Наурыз, 2018 00:36 Жауап

    МИСЫЗДАРДЫ ҚАЛАЙ ҒАНА БИЛІККЕ АЛАДЫ ЕКЕН, ОСЫЛАРДЫ ЖҮМЫСҚА АЛҒАНДАР ДА ҚАЙ ЖЕРІМЕН ОЙЛАЙДЫ ЕКЕН, ҚАЗАҚТЫҢ ТІЛІН БІЛМЕЙТІНДЕР НЕГЕ МИНИСТР БОЛАДЫ, ҰЯТСЫЗДАР ОЙЛАРЫНА КЕЛГЕНІН ІСТЕП, БИЛІККЕ КІМ-КӨРІНГЕНДЕРДІ ЖИНАП ЖАТЫР, СОСЫН СОЛАРДЫ ТҮРМЕГЕ ТЫҒАДЫ, БИЛІКТІҢ ТАЛАЙ МАСҚАРАСЫНЫҢ БЕТІ ӘЛІ АШЫЛАДЫ ҒОЙ, ОЛ КЕЗГЕ ДЕ УАҚЫТ КЕЛЕДІ.

  6. Сәндібек 7 Наурыз, 2018 11:59 Жауап

    Мына министрдің түр келбетіне қарасаңыз, керісінше орысша білмейтін, таза қазақы ауылда өскен балаға ұқсайды. бала кезінде «Қазан бас», «Бұзау бас», «Гәу бас»- деп қалжыңдаған болар – ау!!! Қалай ғана қазақша білмейді? Әлде, орта мектепте «2» – ден көз ашпаған сауатсыз қазақ болар.

Пікір немесе жауап жазу

3 × бес =