Жетігеннің жеті ішегінен шертілген күй...

Көктемнің алғашқы жайма шуақ күніХалықаралық байқаулардың лауреаты, жетігенші, домбырашы«Алатау» дәстүрлі өнер театры» өнер ордасыныңөнерпазы Асылай Апенованың «Аққу» атты жеке шығармашылық кеші өтті.Дәстүрліөнердің мерейін асырған кеште «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Берік Жүсіпов сөз сөйлеп, кеш иесіне өнерде өрлей беруін тіледі.Шебер шертілген жетігеннің нәзік үніжиылған жұртшылықтың жүрек қылын тербеп, жанын тебірентті. Кеш барысындакөне аспап жетіген келешек жас буынмен жалғасса екен деген үмітпен отырдық. Концертте «Еркеназ» жетігеншілер ансамблі халық әндерінен папури орындаса,«Аманат» өнер орталығының шәкірттері Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйін шертті. Ал Асылай болса осы «Аманатта» ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеуде. Аға буынның ізімен келе жатқан жас жеткіншектер ұлттық аспаптынақышына келтіре шертіп, «Алатау» театрынсиқырлы сазға бөледі. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстазы, сыбызғышы,Асылайдың өнер жолындағы тәлімгері Талғат Мұқышев «Сыбызғы сазы» әуенін тарту етті. Көрермендер халық әні«Гүлдариғаны»сыбызғының сүйемелдеуімен, ҚР Мәдениет қайраткері Нұржан Жанпейісовтің орындауындағы «Қаракөз»,«Баянауыл» әндерін домбыраның демеуімен қосыла шырқап отырды. Концерттің бір ерекшелігі, жетіген мен гитараны үндестіре отырып«Романс», «River flows in you»әуендерінің шертілуі. Этно-фольклорлық «Бабалар сазы» ансамблі, «Алдаспан» этно-рок тобы өн бойына даланың рухын сыйғызған халық күйлеріне жаңа леп, өзгеше музыкалық өрнек берді.    

Назгүл Нұрсағат

qazaquni.kz