Атырауда қытайлар мен қазақ күзетшілері жаппай төбелесті

"Sinopec Engineering" компаниясының шетелдік жұмысшылары мен Атырау мұнай өңдеу зауытына қызмет көрсетуші күзет фирмасының қызметкерлері 27 ақпан күні жаппай төбелесіп қалды, деп жазады sputniknews.kz "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Болған оқиғаны өңірдің ІІД басылымнан жазбаша сауал жіберуді сұрап, айтпай қойған.

"Оқиғаны полиция бақылап отыр", — деп түсіндірді облыстың ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Төбелеске алты Қытай азаматы қатысқан екен. Жұмыс күні бітерде оларды зауыт аумағынан бекітілген мерзімнен бұрын шығармай қойып, арты жанжалға ұласыпты.

"Sinopec Engineering" — "АМӨЗ жөндеу және жаңғырту" жобасы бойынша басты мердігерлік ұйым.