Түркістанда «ДАРЫН -2018» фестивалі мәреге жетті

Түркістандағы Ясауи атындағы ХҚТУ-де Продюсерлік орталықтың ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ««Ұлы дала ұлағаты» тақырыбында 5 күнге жалғасқан дәстүрлі XVIII «ДАРЫН -2018» фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Биылғы фестивалдің басты ерекшелігі — ҚР халық әртісі, профессор, ұлағатты ұстаз, режиссер, туған жерге өнердің туын тіккен, қазақ театр өнерінің майталманы Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметовтің 80 жылдығына арналды. Аталмыш байқауға халықаралық, республикалық, облыстық жүлде иегерлері әділқазылық жасады. Атап айтсақ, қазылар алқасының құрамында Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаты Облыстық сатира театрының директор орынбасары М. Оразымбетов, Түркістан қаласының саз-өнер мектебінің директоры С.Айсынов, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, «Бейнелеу өнері» кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.к., доцент Ж.Бейсенбеков, Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрының хореографы Ж.Ерсұлтанова, Даму және кардинациялық департаментінің маманы Кадир Юксел, ҚР Мәдениет қайраткері, композитор, фил.ғ.к, профессор Б.Сердәлі, Балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры, айтыскер ақын Б.Шойбеков, сатира саңлағы, «Күлкі базар» театрының директоры Ғ.Қалыбаев, ҚР Мәдениет қайраткері, Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрының директоры Е.Исатаев, Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрының актері, режиссер А.Наурызбаев, т.б., өз саласының білгір мамандары төрелік етті. Даму және қаржыландыру жөніндегі проректор М.Эрен, Ұйымдастыру және тәрбие ісі жөніндегі проректор Б.Мухамеджанов, қазылар алқасының құрамы «Дарын — 2018» фестивалінің жеңімпаздарына дипломдарын табыстап, құттықтауларымен ыстық лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, аламан өнер бәйгесінің өтуіне атсалысқан басшылар қазылар алқасының мүшелеріне Алғыс хат табыстады. Өнер байқауында 100-ге жуық жас талант 10 түрлі жанрда бақ сынаған болатын. Аламан өнер бәйгесінде жас таланттар топ жарды. «Дарын» фестивалінде жүлделі орын алған дарабоздар төмендегідей: «Эстрадалық ән орындау» сайысы бойынша Бас жүлдені Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті Төлеген Руслан, I орынды Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті Гулам Мамедов , II орынды Өнер факультетінің «Дарын» триосы – Өнер факультетінің студенттері Іңкәр Еркімбаева, Оспан Болатбек, Еңлік Ахметова, IIІ орынды Өнер факультетінің студенті Төлеген Бағлан иеленді. «Түбі бір түрік әні» сайысы бойынша Бас жүлдені Филология факультетінің студенті Әбдірахман Нұрбек, I орынды Дайындық факультетінің білімгері Әлжан Балнұр, II орынды Өнер факультетінің студенті Темірхан Бауыржан, IIІ орынды Филология факультетінің студенті Сымбат Есентаева  иеленді. «Жұптық жүргізушілер» сайысы бойынша Бас жүлдені Өнер факультетінің студенттері Әлия Ырзалы, Батырбек Ахметов, I орынды Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттері Мадина Рахимжанова Ақбота  Құрмаш, II орынды Инженерия факультетінің студенттері Қуанышбек Самат, Ұлжамал Жақыпбек , III орынды Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттері Сыздық Нұрдаулет, Ұлпан Әбдірахманова  иеленді. «Жұптық бишілер» сайысы бойынша Бас жүлдені Өнер факультетінің студенттері Ақниет Әмзехан, Айсұлу Байғараева , I орынды Өнер факультетінің студенттері Ақерке Бейсенбекова, Жансая Оңдасын, II орынды Өнер факультетінің студенттері Айдана Искак, Алменов Асанхан, III орынды Гуманитарлық ғылымдар факультетінің студенті Гузал Абдухашимова  және Жаратылыстану факультетінің студенті Шахноза Эркинова  иеленді. Ал, «Р.Сейтметов атындағы жүлдені» Жаратылыстану факультетінің студенттері Балнұр Тыныштықбай, Диана Сейдулла  иеленді. «Айтыс өнері» сайысы бойынша Бас жүлдені Филология факультетінің студенті Ғылымнұр Кәдірбай I орынды Филология факультетінің студенті Төлеутай Еламан, II орынды Дайындық факультетінің білімгері Ырыскүл Досжанова, III орынды Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті Нұрлан Орал иеленді. «Дизайнер» сайысы бойынша Бас жүлдені Өнер факультетінің студенті Гүлжаз Өтепбаева, I орынды Өнер факультетінің студенті Айгерім Аққұл, II орынды «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби» колледжінің студенті Гүлназым Сүйіндік, III орынды Өнер факультетінің студенті Асел Зұлпыхарова  иеленді. «Суретшілер» сайысы бойынша I орынды Өнер факультетінің студенті Арай Тұрдықожа, II орынды «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби» колледжінің студенті Усманали Мамаев, III орынды Өнер факультетінің студенті Нұртай Хансұлтан иеленді. «Қол өнер» сайысы бойынша I орынды Өнер факультетінің студенті Ақбота Қонарбек, II орынды Өнер факультетінің студенті Айдарбек Темірғалым, III орынды «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби» колледжінің студенті Жібек Тұрсынбай иеленді. Ал, «Р.Сейтметов атындағы жүлдені» Өнер факультетінің студенттері Нурила Қонарбаева, Юлдуз Собирова  иеленді. «Көркем сөз оқу» сайысы бойынша Бас жүлдені Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті Болатхан Серікбол, I орынды Инженерия факультеті, Ақпараттық технологиялар мамандығының 1 курс студенті Тастанов Нұрдаулет, II орынды Өнер факультетінің студенті Сәкен Парманқұлов, III орынды Гуманитарлық ғылымдар факультетінің студенті Серік Айжарық иеленді. «Күй өнері» сайысы бойынша Бас жүлдені Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті Қасымбек Нұрдәулет, I орынды Гуманитарлық ғылымдар факультетінің студенті Сәмбет Мейірбек, II орынды Инженерия факультетінің студенті Қайрат Табиғат, III орынды Өнер факультетінің студенті Захан Нұрмағанбет иеленді. Талантты тарландарымыздың өнерін бағалап, демеушілік жасап қуантқан Р.Сейтметов шәкірттерінің жақсылығын да айта кету керек. Демеушілер бас жүлде иегерлерін қаржылай марапаттады. Олардың арасында Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрының актерлары, «Алдараспан» әзіл-сықақ театрының актерлары, танымал эстрада жұлдыздары бар. Ал, Продюсерлік орталықтың директоры, сазгер Ә.Ботақараев «Эстрадалық ән орындау» сайысы бойынша Бас жүлдені иеленген Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті Төлеген Русланға және «Түбі бір түрік әндері» сайысы бойынша Бас жүлде иегері Әбдірахман Нұрбекке бір-бір әнді авторлығымен сыйға тартты.

ХҚТУ-дің Ақпарат орталығы

qazaquni.kz