"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Ардақ Назаров болашақ офицерлермен кездесті (ФОТО)

Өз-өзіне қол жұмсау, яғни суицид, бүгінгі қоғамның өзекті мәселесіне айналғаны қашан. Тіпті, бұл сөздің үйреншікті болып кеткені соншалық, аталмыш құбылыс ешқандай үрей тудырмайтындай көрінеді. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитетінің төрағасы Бағдат Мусиннің мәлімдеуінше біздің ел суицид фактісі тіркелу бойынша әлемде төртінші орында тұр.

Статистикаға үңілсек ер адамдар әйелдерге қарағанда 4 есе жиі өз-өзіне қол жұмсайды екен. 2016 жылы Қазақстанда суицид 5,5 пайызға (3735-тен 3942-ге) артты және өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері 2,1 пайызға (6047-ден 5922-ге) дейін төмендеді. 2017 жылдың бірінші тоқсанында суицид көрінісі 8,7 пайызға (931-ден 850-ге), ал өзі-өзіне қол жұмсау әрекеттері 35,4 пайызға (1563-дан 1010-ға) дейін төмендеген.

Осы күрделі мәселеге байланысты ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында ақпанның 19-ы мен 28-і аралығында жеке және отбасылық шиеленістерді ескерту және өзіне-өзі қол жұмсау көріністерінің алдын алу жөнінде онкүндік шара ұйымдастырылды. Институт басшылығы мен психологының ұйымдастырумен жуырда курсанттармен ережесіз жекпе-жектен əлемнің үш дүркін чемпионы, ерлігін – елге үлгі еткен Ардақ Назаровпен кездесу өткізілді. Спикер жас ұрпағымыздың Отанға деген патриоттық рухын көтеру, қазіргі қоғамда тамырын тереңге жайып бара жатқан жастар арасындағы өз–өзіне қол жұмсау оқиғаларын болдырмау төңірегінде сөз сөйледі. Курсанттарға қазақтың батыры Бауыржан Момышұлының ерлігі, сұрапыл соғыс жылдарында өзінің асқан шеберлігімен жаудың бетін қалай тойтарыс жасағаны, соғыс өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті жауынгерлік қасиеті жайында мол мәліметтер айтылды. Ардақ, батыр ағамыздың ерліктері жөнінде жазылған белгілі орыс жазушысы Александр Бектің «Арпалыс» («Волоколам шоссесі») повесіне де тоқтала кетті.

Сонымен қатар Ардақ Назаров ата-бабаларымыз, хандарымыз бен батырларымыздың ерліктерін де ұмыт қалдырмай, төл тарихымыздан да деректер келтірді. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болған Абылайханның бойына сіңген Қазақ даласының даналығын, баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіріп тойтарыс бере алған басшы қасиеттері туралы керемет әңгіме қозғады.

Кездесудің соңында Ардақ бауырымыз өмірлерін әскери қызметке арнаған інілеріне: «Сендер еліміздің болашағысыңдар. Елдің қорғаны әрі тізгінұстар азаматсыңдар. Қазақтың қанынан сіңген текті қасиетін бойларыңа сіңіріп, батырлық рухын сақтап, елімізді биік белестерге бастап, алынбас қамал мен биік шыңдарды бағындыруларың қажет.Тек қана білектің күшіне емес, сонымен қатар білімге де зейін қойғандарың абзал» деп ағалық ақылын айтып, тілегін білдірді.

Курсанттар кездесу соңында бүгінгі күннің батыры Ардақ ағаларымен естелікке суретке түсіп, одан алған керемет әсерлерімен бөлісіп, қуаныштарын жасыра алмады. Барлығы да оның адалдығына, терең ойлы азаматтық тұлғасына тәнті болды. Бір сөзбен айтқанда, Ардақ, ісі мен сөзі сәйкес келетін жан.

Дауренбекова Сандуғаш,

Радиоэлектроника және байланыс әскери-

инженерлік институтының психологы,

подполковник



Ілмектер:
ардақ назаров

Осыған ұқсас:

  1. Ардақ Назаров: Қыздарымыз дүниені аңсап, қытайға ойланбастан тұрмысқа шығуда (видео)
  2. Ардақ Назаров жастарды ішімдік ішпеуге шақырды (ВИДЕО)
  3. Бейбіт Назаров алтын белбеуін қорғап қалды


12 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 27 Ақпан, 2018, 15:06

    Ардақты Қазақ Елінің спорт министрі қылып тағайындау керек.

    • 28 Ақпан, 2018, 21:38

      Барiн министр кылып койсын,жумысты кытекендер icтейдi деп турма.
      барлыгына портфель берiп койсын.
      койшы коп болса,кой арам оледi боп журiндер сосын.
      дамбалсыз жургендерге де берiндер.жаланаш корольдар.

  2. Белгісіз 27 Ақпан, 2018, 21:37

    келісемін

  3. 28 Ақпан, 2018, 11:41

    Ардақ қазақтың бетке ұстар намысты жігіттерінің бірі.

  4. 28 Ақпан, 2018, 19:40

    Бұл Жігітте Руға бөлу деген жоқ, ол тек Қызға Құда түскенде Руын сұраған шығар, оның жүрегі ҚАЗАҚ, Тілі Қазақ, Намысы Қазақ. Діні – ИСЛАМ. Осындай Жігіттерді Өсіру керек.

  5. Белгісіз 1 Наурыз, 2018, 11:12

    Ардақ Назаровтың иманды жігіт екенін, еліміздің бетке ұстар ұлы екенін білеміз, ҚАЗАҚТЫҢ осындай азаматтарына сенеміз, үміт артамыз.

  6. 8 Наурыз, 2018, 19:46

    Ардақ Алланы танытып журген жоқ,
    өзін танытып жур. Молда уағыз айтып суйцидті токтата алмай жур. Ему далеко еще.

  7. 14 Наурыз, 2018, 12:31

    Ардақ Назаров барып тұрған далбаёв

    • Белгісіз 16 Наурыз, 2018, 14:27

      Ардақтан таяқ жеген сорлы біреусің го мықты болсаң шықшы атыңды жазып. Кімсің, кім боласың. Еркексің бе әлде қатынсың ба. Ардақтың нәжісіне де татымайтын маңқа.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.