Бекболат Тілеухан Сағадиевті тағы да «жекпе-жекке» шақырды

5497
43
Бөлісу:

Бүгін Мәжілісте орта білім мәселелеріне арналған отырыста Бекболат Тілеухан ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті оқулық мәселесін талқылау үшін Парламентке шақырды, – деп жазды kaz.365info.kz.

Депутаттан бұрын Бекболат Тілеухан Мәжіліс мінберінен әке ретінде сөз алды. Азаннан кеткен баласын қас қарая көретін әке бытықы-шытықы бастауыштың білім жүйесін қатты сынға алды.

— Бала деген ойнауы керек қой. Үйірмеге баруы тиіс. Қосымша қабілетін жетілдіруі қажет. Ал біздің баламызда мұның түгі жоқ. Таңертең сағат 8:30-да кеткеннен үйге кешкі сағат 17:00 кезінде ауыр сөмкесін сүйреп әрең жетеді.

Одан соң артық бірдеме тапсыруға қорқасын өзін. Күресі, домбырасы бәрі-бәрі әдірем қалған. Жоқ, алып жатқан бір білімі болса жақсы ғой. Не ол жоқ.

Масқара болғанда, менің балам, 7 ай болды оқығанына, әлі әріптерді толық танып үлгермеген. Міне, 26-ақпанда «Ю» әрпінде жүр.

Ал стандарт бойынша, әліппедегі қаріп тануды қабілетті бала 22-24 күнде үйренеді, қабілеті жоқ деген бала ары кеткенде 60 күнде меңгереді. Қабілеті жоқ деген бала 3 айда үйренуі керек, ал біз 7 ай болды әрі әріп танудамыз.

Бұл қалай сонда? Ұқсам бұйырмасын» — деді ол, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Осы орайда Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов өзінің де баласы жаңартылған бағдарлама бойынша білім алып жатқанын, онда тұрған дәнеме жоқтығын айтып, ағынан жарылды.

«Менің балам қазір екінші сыныпта оқиды. Бірінші сыныпта сол әліппені оқыды. Бала оқығанда ата-ана ретінде өзің де сол кітапты оқисың. Сондықтан алдыңғы жылы әліппені мен де бірге өттім. Жаңартылған білім мазмұны бойынша балам аталған бағдарламамен тәлім алып жатыр. Осы орайда соншалықты қиын болды, бүгін оқи алмайды деп айта алмаймын», — деді Асхат Аймағамбетов.

Ал балалардың наурызға дейін әліппені оқып жатқаны типтік бағдарламаға байланысты көрінеді.

Күйіп кеткен Бекболат Тілеухан вице-министрдің сөзін бөлді:

«Жоқ. Маған мынаны айтшы. Менің балам теңертеңнен кешке дейін мектепте.

Неге біздің балаларымыз әке-шешесінің бауырында болмайды? Балалар ата-ананың жылуын көруі керек қой. Кеңестік кезеңде 10-желтоқсанда «әліппемен қоштасу» болатын. 1973 жылдың желтоқсанында Бекболат Тілеухан әліппемен қоштасқан. Ал наурыз таяп қалса да, менің балам әлі «Ю» әрпінде жүр. Ендеше типтік бағдарламаңыз қате.

Типтік бағдарлама өзгермейтін қасиетті кітап емес. Сондықтан оны өзгертейік», — деді.

Осы орайда депутат бұл мәселеге қатысты ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің Мәжіліске келуі керектігін атап өтті.

«Осы мәселеге министрдің өзі келсін. Парламенттің қабырғасында талқылайық. Талқылауға тәжірибе жүзінде жұмыс істеп жүрген мұғалімдерді, яғни білімнің қамын ойлаған педагогтарды шақырайын», — деп түйіндеді сөзін Бекболат Тілеухан.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 43 пікір жазылған

  1. Бердібек 27 Ақпан, 2018 16:03 Жауап

    Бекболат Тлеуханов дұрыс айтып отыр. Осы егемендік алғалы 27-жыл болды, орта мектеп проблемасы шешілмей – ақ қойды. Қотыстырып жүрген өзіміздің «білгіштер». Не «дұрыс пән оқулықтары жоқ»- дедік. «Дұрыс, балаларды шаршатпайтын оқу жүйесі мен оқу бағдарламасы жоқ» – деп шуладық. Неше түрлі «Реформалар» жасалды. Ең дұрысы, артқы жақты мықтап тұрып қысып, бұрынғы Н.К.Крупская мен Луначарскийлер жасаған оқу бағдарламасын қазақшалап, сол жүйеден арылмай, әсіресе физика, химия, география, математика, алгебра, геометрия, сызу пәндері оқулықтарын қазақшаға аударып, толықтырып пайдалана беру керек еді ғой. Қазақтар жабылып жүріп, бәрібір оңды оқулық немесе бағдарлама (КССРО кезіндегі бағдарлама мен оқулықтан артық) жасай алмайды. Бұл ашщщы болса да факт!!!! Жасай алмайды, себебі – өрелері жетпейді, ақылдары жетпейді, сондықтан жасай алмайды. Оның үстіне ғылым -және білім министрлігіндегі күңшілдік пен бір-бірін көреалмаушылықты қосыңыз, сонда «Нағыз казахбайский қуырдақ» шығады.

    • Қолқоюсыз 27 Ақпан, 2018 16:56 Жауап

      Казахша окулыктарды нагыз казахтын озi аудармамен азер тусi -недi.небip кiтап жазгыш,окулык жазгыш окымыстысымактар,каптаган бip-бipiн менсiнбейтiн галымы ма,баскасы ма.

    • Түңілген(биліктен) 1 Наурыз, 2018 06:55 Жауап

      Бердібек, дұрыс айтасың! Ұры биліктің айналасына жиналған қазіргі шала жынды қазақтар бұрынғы Н.К.Крупская мен Луначарскийлер жасаған оқу бағдарламасыннан артық ештеңе жасай алмайтыны анық. Кеңес Одағында жасалған оқу бағдарламасын қазіргі технология дамыған заманға сай толықтырулар енгізіп пайдаланған дұрыс болады.

  2. Еламан 27 Ақпан, 2018 22:25 Жауап

    Мәселе Бекболатта емес, мәселе «Типтік бағдарламада», яғни қазақ ұлтының болашағында болып тұрғанын болып тұрғанын, мына аузы шіріген коммет жазғыштар неге түсінбейді екен.

  3. Эльмира 28 Ақпан, 2018 08:25 Жауап

    Мен шошиын дедім мына атқамінерлердің пікірінен.әбден еркінсіп ауыздарына келгенін айтатын болды.Аюға намаз үйреткен таяқ,,таяқтау керек ақ

    • Қолқоюсыз 28 Ақпан, 2018 08:28 Жауап

      Бұл Зағипа ханымның қаз.т әдебиетін ағылшынша берейік деген шатпа ойына айтқан пікірім еді,мында жазыппын,,бірақ бұған да келіп тұрған сияқты

  4. нуриля 28 Ақпан, 2018 20:47 Жауап

    Бізде эгоизм бар Чиновниктер депутаттар балалары ушин орта мектепты айта береды Ал вуздардагы былыкты, әсіресе мүғалімдерің жалақысы,бюрократизм – оны маселе котермейд екен Неге десеңіз олар балаларын кейин шет елге, немесе Назарбаев университетке береды, туыстары оздери обычный вузга жумыска бармайды Сондыктан ешким университеттердегы проблемаларды айтпайды…

  5. Жақсылық 1 Наурыз, 2018 02:20 Жауап

    Педагогика, әдістеме, методика деген ғылым патшаларының жасаған былығы мен шылығы еш таусылмайды ау Құдай ай. Осы бәлелер барлық жерде бастық, білім мен ғылымды лайлап бітті әбден. Ғылым жүйесінен педагогиканы алып тастау керек, сонда бәрі орнына келеді, ал бұл типтік бағдарламаларды солар жасаған.

  6. Ибрагим 1 Наурыз, 2018 02:31 Жауап

    Нақты ғылымға миы жетпейтіндердің бәрі педагогика деген Патша ғылымды тауып алған. Ғылыми мақала жазса бірінің үстіне бірі мінгесіп он автордан тұратын мақалалар бар. Томсон рейтерде мақала шығара алмайды, шет елді мойындата алмайды, далбаса….. Университеттердегі барлық мектеп пәндерінің методикасынан докторлық, кандидаттық қорғаған пед. науктардың бәрін түгел мектепте сабақ беруге қуып жіберу керек, себебі өздері мектептің есептерін шығара алмайды

    • Ғабит 2 Наурыз, 2018 02:46 Жауап

      дұрыс айтасыз мектепке қайта қуу керек , себебі олар мектепте жұмыс істеп көрмеген бірден көкелері арқылы ғалым боп кеткен

  7. Аяна 1 Наурыз, 2018 10:47 Жауап

    Депутаттын балалары мектепке барганы калай жаксы болды. Айтпесе бизди кара халыкты ким тындайды ,? Биз осы маселени шырылдап айтканымызга канша болды айтуга уят , Рюкзактын салмагы 7-8кг Кызым арык скалиоз болды, Биыл 5 сыныпта баланын сабакка деген умтылысын узди жана багдарламамен ,бала бага алмайды ,Жиынтык бакылауда кандай бага алса сонымен багалайды болды, Осы дурыспа? Мен ана ретинде мугулимдерге айттым еки комплект китап сатып алайык биреуи мектепте биреуи уйде калсын деп , Жок дейди мугалим мектепте коятын орын жок, Осылай отип жаткан кундер Кунде 7 сабак бала сагат 13,00 де кирсе сагат 19,30 шыгады тунги 00,00 дейн сабак истейди танертен агылшынга барады, биге сагат 8-9 турады , Бул не омир сонда?

  8. Мақсат Жаңабек 1 Наурыз, 2018 12:00 Жауап

    Құрметті оқырмандар! Неге жыл сайын оқулықтар өзгере береді? Өйткені ол бизнес, баланың жайын ойлап жатқан ешкім жок, тек кітап өткізіп ақша тапса болды. Қарапайым сөзді барынша қиындатып «біз міне жаңа жүйе ойлап таптық» деп алдаусыратады. Осының салдарынан қазір қазақшаны қазақшага аударатын болдық. Ал Бекболат Тілеуханов мырза туралы айтып жатқандарға айтарым, біреулер көсе деп жатыр, көсе деп иегінде бес, алты сақалы бар адамдарды айтады. Бұл өте білімсіздің әңгімесі. Дұрыс нәрсе айтып жатқанда құптап отырайық ағайын!!!

  9. Бастаңдар! 1 Наурыз, 2018 15:22 Жауап

    Жекпе жек болғаны дұрыс, және ол дебат пікірталас телеарнадан көрсетілгені жақсы.

  10. Рустем 1 Наурыз, 2018 16:30 Жауап

    Сагадиевтин орнына Бекболат аганы тагайындау керек елге ултка жаны ашып шындык айтып жек коринеди бирак Бекболаттай нар тулга елимизде жок.Ал Сагадиев деген Казах халкына болсын демейди ол кисини мен ешкашан колдамаймын

    • Ғабит 2 Наурыз, 2018 02:52 Жауап

      Асқар Жұмаділдаев ағамызды Сағадиевтің орнына қойып келешек ұрпақтың ғылымы мен біліміне сеніммен қарауға болады

    • Қолқоюсыз 4 Наурыз, 2018 13:41 Жауап

      Бекболат жарытпайды ештеңеніде,өлеңін айтсын, Асқар аға нағыз ғұлама, осы ағалардың білімін қолдану керек.

  11. Мен 1 Наурыз, 2018 16:39 Жауап

    Бекболат агамыздын айтканы дурыс казирги балаларга обал сабактары да киын бирак буны жогаргыдагылар тындап отырган жок

  12. профессор 1 Наурыз, 2018 23:08 Жауап

    канша зарласандарда каксасандарда бугин аса курметти елбасы аитты уш тилдик бизге тимдидеп енди не аитасындар сагадиевке ол журген пешка гои.каида аидаса сонда барадыда жем болып журе береди.бекболатка аитарым сагадиевти емес баска адамды жекпе шакыруын керек.

    • Қолқоюсыз 9 Наурыз, 2018 07:52 Жауап

      пешка болсада,өзінше жаңалық енгізбекші реформатор болып елбасына кіріп,әкесімен,программасын көрсетті дейме.

  13. Қолқоюсыз 3 Наурыз, 2018 14:42 Жауап

    Мен ана ретінде, педагог ретінде де Бекболат Тілеуханды 100% қолдайтындардың қатарындамын. Қазақ баласының жай – күйіне жаны ашитын, өз ойын айталатын депутат. Ал, мына пікір жазатын кейбір шикі өкпелі жастар, ұят болады, не болса соны жазбаңыздар. Тек сіз өзіңіз ғана отырған жоқсыз, сіздің құнды пікіріңіз қажет, өйткені біз «қазақ» дейтін тектіліктің ұрпағымыз. Бекболат ағаларыңдай болуға тырысыңдар, «вахабист» деген кереғар ойдан аулақ болыңдар.

  14. алибек 4 Наурыз, 2018 13:08 Жауап

    баягыда целковски деген мырза 4 класты битирип ракетаны айга ушырыпты брак тек кана оз тилин биледи екен дейди осыны да ойлап корсендерши

    • Қолқоюсыз 4 Наурыз, 2018 13:36 Жауап

      Циалковскийден аспанға,ұшты Ю.Гагарин деп тақпақ айтатынбыз.
      Совет басшыларының көбі дерлік үш,төрт класстық біліммен басқарғанын кейіннен жазып жатыр.шешеміз жеті класс бітірген еді.

  15. Әсел 5 Наурыз, 2018 00:20 Жауап

    Бекболат Тілеухан дұрыс айтасыз, бәріміз де сол әлліпені оқып өттік ешкімнен кем қалғанымыз жоқ, қазіргі заманда оқыту емес- шошыту болып тұр ғой

  16. ГАБИТ 6 Наурыз, 2018 10:45 Жауап

    БИР ОКУ МИНИСТРИ ОН ЕКИ ЖЫЛДЫК КЫЛАМЫН ДЕЙДИ ЕКИНШИСИ НУЛЕВОЙ КЛАСС БОЛУ КЕРЕК ДЕЙДИ ОЙЛАРЫНА КЕЛГЕНДЕРИН ИСТЕП ЕНДИ МУГАЛИДЕРДИН ЖАЛАКЫСЫН КОТЕРУ КЕРЕК ДЕЙДИ БАЛДАРДЫН БАСТАРЫН АУЫРТТЫ

  17. Ахан Зейнулин 7 Наурыз, 2018 01:16 Жауап

    БЕКБОЛАТ тилеухан ага ултка жаны ашитын киси болашактын камын ойлауда бастауыш мектептин багдарламасын баллар емес биз тусинбеймиз арким оз сандырагын жаза берген бул кисини ел болып колдайык

  18. Ахан 7 Наурыз, 2018 01:18 Жауап

    БЕКБОЛАТ тилеухан ага ултка жаны ашитын киси болашактын камын ойлауда бастауыш мектептин багдарламасын баллар емес биз тусинбеймиз арким оз сандырагын жаза берген бул кисини ел болып колдайык

  19. құпия 9 Наурыз, 2018 00:53 Жауап

    Бекболат аға сөзіңіз дұрыс мен қолдаймын сізді ақырыа дейін жетіңіз осы істің

  20. сен 9 Наурыз, 2018 00:55 Жауап

    жынды өзін жындымын деп айтпайды вахабист дегеннің өздері вахабистта санасыздар

Пікір немесе жауап жазу