"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Пхенчханда алтын алған Динара Әлімбекова туралы не білеміз?

Пхенчханда алтын алған Динара Әлімбекова туралы не білеміз?

Ⓒqamshy.kz

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында қазақ қызы Динара Әлімбекова алтын медаль алды. Ол Беларусь құрамасы сапында биатлоннан 4х6 шақырымдық әйелдер эстафетасының жеңімпазы атанды. Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы кім? Қайда туып-өсті? Қандай адам? Qamshy.kz ақпарат агенттігі ашық дереккөзден алынған мәліметтерді ұсынады.

Қазақ текті беларус қызы

Динара Әлімбекова 1996 жылы Қарағанды облысындағы Абай қаласында дүниеге келген. Үш жасында ата-анасымен Беларуське қоныс аударған. Әкесі – қазақ, анасы – беларус (кейбір деректерде орыс). Өзінен кейін Евгений және Ульяна есімді інісі мен сіңлісі бар. «Менің саналы ғұмырым Беларусьте өтті. Өзімді жүз пайыз беларус қызымын деп санаймын», – дейді Динара.

Беларусь президенті Александр Лукашенко биатлон эстафетасында жеңіске жеткен Динара Әлімбекова, Надежда Скардино, Дарья Домрачева, Ирина Кривконы «Жеке ерлігі үшін» орденімен марапаттау туралы қаулыға қол қойды.

Динара Әлімбекова

Ⓒашық дереккөз

Динара Әлімбекова – Беларусь Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2015 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан.

Фортепианода ойнайды, сноубордпен сырғанайды

Динара Әлімбекова халқының саны 10 мыңнан сәл-ақ асатын Чаусы қаласында өсті. Хореографиямен айналысып, өнер мектебіндегі фортепиано сыныбында оқыды. 11 жасында  алғаш рет аяғына шаңғы киді. «Спортқа жан-тәніммен берілгенім соншалық, сабақтан гөрі жаттығуды жақсы көретінмін», – дейді Динара. Басында бәріне үлгеруге тырысып, спорт жарыстарына да, музыка байқауларына да қатысатын. Кейін биатлонға біржола ден қояды.

Отбасында спортшылар жоқ. «Атам ғана салауатты өмір салтын ұстанады, қыста жалаңаяқ жүгіріп шынығады», – дейді Динара. Өзі коньки мен сноубордқа қызығады. Адреналинге жаны құмар.

Жоғары білімді биатлоншы

Динара Әлімбекова

ⒸДинара Әлімбекованың Instagram парақшасынан

22 жастағы Динара Әлімбекова – жоғары білімді биатлоншы. Беларусь мемлекеттік дене шынықтыру университетінің Шаңғы спорты және биатлон кафедрасында оқыған. Аталмыш оқу орнын 2017 жылы бітіріп шыққан.




Осыған ұқсас:

  1. Белоруссия сапындағы қазақ қызы Олимпиада чемпионы атанды


11 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 24 Ақпан, 2018, 14:41

    жаман уралман

  2. Белгісіз 24 Ақпан, 2018, 21:46

    бул каншыкты аитпаида жазбаида коиындар казахтарды аитканда шешесиде озиде шок болып ужас деген еш буирегим бурмаиды мен беларусь кызымын деген.

    • 24 Ақпан, 2018, 22:14

      Бул кыздын кiнасы емес кой, акесi гой,басканын кызына гашык болган.

      • Белгісіз 24 Ақпан, 2018, 23:59

        Дұрыс айтасыздар бұл қыздың әкесі сатқын оңбаған елін жерін тастап кеткен,қызда тұрған еш нәрсе жоқ бұларда намыс деген болмайды өз қарабастарын ғана ойлайтындар ғой,таң қаламын қазақ дейтін қазақ емес,айдаладағы беларустың азаматшасы ғой несі керек бізге бұл қарындасымыздың

  3. 26 Ақпан, 2018, 12:21

    егер ол кыз Казакстанда оскенде жай гана спорттан хабары жок кыз болар еди

  4. Белгісіз 27 Ақпан, 2018, 16:11

    Мақала – жәй ғана ақппараттық болғанымен төменде пікір қосқан бейпіл ауыз сауатсыз қазақтар барынша құсыпты!!!! Оу- пікір қосушылар, НЕ БОЛДЫ СОНШАМА? Ең дұрыс пікір: – //егер ол кыз Казакстанда оскенде жай гана спорттан хабары жок кыз болар еди // Шынымен де солай болар еді ғой. Сондықтан босқа шуламаңдар. Қыздың әкесі дұрыс адам. Белоруссияға кім қызыпасын. Жоқ жерден едіреңдеп «патриот» бола қалмаңдар. Күшенемін деп жүріп, жіберіп қойарсыңдар!!!!

  5. Белгісіз 3 Наурыз, 2018, 08:48

    ол кыз молодец

  6. Белгісіз 7 Наурыз, 2018, 01:15

    Роза Бағланова қыз күнінде Ташкентте қалың өзбектің ішінде ән салып жүргенде Ахмет Жұбанов ,,Ана қазақтың қызын өз еркімен келсе Алматыға алып келіңдер. Әйтпесе, келгісі келмесе, сөмкеге салып сүйегін әкеліңдер,, деген көрінеді. Соған Тышқанбаев деген генерал барып, сол жақта біраз жүріп, уақытша үйленіп, Қазақстанға алып келіпті,, деген ел арасында әртүрлі әңгіме бар. Сондықтан ,,Белорус,, болып кеткен бұл қызды да осындай жолмен қайтару керек.

  7. 7 Наурыз, 2018, 01:57

    қатынөсек !

  8. 11 Наурыз, 2018, 16:00

    Казак жигитинен биреуин жиберейкта белоруссияга

    • 11 Наурыз, 2018, 17:21

      мықты болса,жігіттер барып,басын айналдырып,ғашық қылып дегенім,алып кетсін.алтынға балаған қыздарды сөйтіп қайтармасаң,басқа жол қані.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.