"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Өзбекстанда өскен қазақ: Ислам Кәрімов “көпұлтты ел” дегенді айтқызбады

Өз басым Қазақ еліне іргелес жатқан Өзбекстанның қазіргі Әлішер Навои облысына қарасты, Тамдыбұлақ ауданында туып өскен жанмын.

1991 жылдың 31 тамыз Өзбекстан Республикасы өз Тәуелсіздігін жариялады. Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласы былай тұрсын, шалғайдағы біздің ауылдың өзінде, ертесінен 1 қыркүйек күні 9 сыныпқа бара жатқанбыз, әкімшіліктің адамдары В.И. Ленин, Карл Маркс, Фридрих Энгельс деген көшелерді ауыстырып жатты.

Біздің мектептің аты В.И.Ленин еді, Руов болып өзгерді.

Кешке барлық телеарналардан Ислам Каримов тікелей эфирден былай деді:

«Бұдан былай

біз ұлттық мемлекет құрамыз, сондықтан кімде-кім өзбек тілінде сөйлеп, өзбек ұлтын жақсы көретін болса, Отанымыздың дамуына өз үлесін қосқысы келсе мархабат.

Ал егерде ондай ойы жоқ болса, әзірге шекарамыз ашық, қалаған жақтарыңызға кетуге болады. Бірақ, кейінірек шекара жабылады кету қиынға соғады» деді.

Расында да, орыстілділерге үйлерін сатқызбады, олар бас ауған жаққа кететіні – кетті, қалатыны – қалды, кейбіреулері Шымкент, Тараз және Алматы секілді ауа-райы ұқсас қалаларға көшіп алды, бір-екі жылдың ішінде Өзбекстандағы 200-ден астам орыс мектептері өзбек мектептеріне айналды.

1993 жылы латын әрпіне көшірілді.

Өзбек өзін «көпұлтты елміз» деп айтпайды

Мемлекетте – өзбектендіру машинасы жедел түрде барлық салада қарқынды жұмыс істей бастады. Іс қағаздар латын әрпімен басыла бастап еді, алғашқыда бір-екі рет қарсы шыққандар болды, артынша жұмған аузын аштырпады. Қазақстанда бар ұлттар Өзбекстанда да бар.

Бірақ,

олар ешқашан «Біз көпұлтты мемлекетпіз» деп айтпайды.

Мемлекетті құрушы ұлт – өзбек екенін өзге ұлттың өкілдері саналы түрде түсінеді. Сондықтан да Өзбекстанда өмір сүрген соң оның тілін, салт-дәстүрін, тарихын түбегейлі білуге тырысады, өзбекше білмейтін адамды көшеде кездестірудің өзі – фантастика. «Орыс, ағылшын, қытай тілдерін үйреніңдер» деп үгіттеп жатқан бір адамды көрмейсің.

Бәрі, керісінше Президент Ислам Каримовтан бастап, етікшіге дейін тек өзбекше сөйлейді.

Тіпті, Африкадан келген оқушылар бір-екі жылда өзбекше сайрап кетеді. Қазақстандағыдай оларға «тілдеріңді дамыт, салт-дәстүрлеріңді ұмытпаңдар» деп жеке-жеке ғимарат салып беріп жатқан бір өзбекті көре алмайсың. «Ассамблея народов Өзбекстана» деген сандырақ сөздің өзі ерсі естіледі.

Өзбекстанда мемлекет қазынасынан тышқақ лақ сатып алатындай қаржыны жымқырған адамның тегін сұрамай-ақ атып тастайды. Шетелге қашса интерполдың көмегімен жылдар бойы іздеп жүріп елге әкеліп Өзбекстан заңымен соттайды.

 Қазақстанда мемлекет бюджетін миллардтап ұрлап, үй қамауында отыру қалыпты жағдай, ақшасын төлесе сотталмаса да болады.

Толерант – космополит болудан қазақтар әлем чемпионы. Жағымпаздық пен саудагерліктен өзбектер мен ұйғырлар жолда қалды. Арақ ішу мен темекі тартудан орыстардан озып кетті. Көрінген көк аттыға байға шығу мен кім көрінгеннің қызын үйге алып келуден алдына жан салмады.

Өзбекстанда…

Ал Өзбекстанда туған халқын алдайтын қаржы саласына жататын кредит, ипотека, валюта айырбастау, ломбард дегендер мүлдем жоқ.

Адамды аздыратын (аборт) жасанды түсік жасайтын емханалар атымен жоқ. Түнгі клубтарда гейлер мен қызтекелер стриптиз көрсету, жынысын өзгерту, бір жыныстылар үйлену немесе бала асырап алу, шетелге бала сату, ата-анасын қарттар үйіне апарып тастау, кәмелет жасқа толмаған балаларды зорлау, жұмыс істетіп лақтырып кету, адам саудасы, байға шықпай жатып, мектеп қабырғасында оқып жүріп бала табу деген келеңсіздіктер өзбектердің үш ұйықтаса түсіне кірмеген.

Ата-анасын қарттар үйіне апарып тастау, өзбектер үшін өліммен тең.

Балалар үйлеріне балаларын өлсе де апармайды. Шетелге бала сату керек десең, өзбек қатындар бетіңді тырнап алады. Тек Ташкентте ғана өзге ұлт өкілдерінің балаларын мемлекет өз қамқорлығына алып, барлығына өзбек есімдерін беріп, өзбек тілін үйретіп, өскеннен соң, әскери оқуларға емтихансыз қабылдап, адам болып кетуіне жол ашылған.

Діни көзқарасы ата-бабалары ұстанған Ханафи Масхабты пір тұтады. Өзбекстан бойынша 700-ден астам мешіт болса, астанасы Ташкентте ғана крестьяндарға арналған бірақ шіркеуі бар. Қазақстанда кім көрінгенге шіркеу салып бере береді және қазақтан басқаның бәрін қорғайтын заңдар бар да ал, қазақты қорғайтын заң жоқ. Дін жолын ұстанудан қазаққа қарағанда, араб мұсылман болмай қалды.

Өзбекстанда бір жылда үш мереке ғана бар.

31 тамыз – Мустакиллик, яғни Тәуелсіздік мерекесіне телеарналарда деректі фильмдер көрсетіледі, беделді қоғам қайраткерлерінің құттықтау сөздері айтылады, еңбектеген сәбиден еңкейген қарияға дейін шаттанып қуанады, тек Ташкент қаласында от шашу болады.

21 наурыз – Самарқандтың көк тасы еріген, күн мен түннің теңесіп, Жер-дүние жаңа түскен келіншектей құлпырып, табиғат-ана қыстан құтылып, көкорай шалғын көк майса шөптің иісі аңқып, жан-жануар қайта түлеп, ірі қара мал шөпке тойып, құстар қайта оралып, туған-туыс бірін-бірі наурыз көжеге шақырып, (сүмалак) қайнатып, мәре-сәре болып төс қағыстырып, реніш-назы болса кешірім сұрасып, ағаш отырғызып дүркіретіп тойлайды.

Үшінші мереке Құрбан айт – әр жылы өзгеріп тұрғандықтан, үш күн арнайы демалыс жарияланады. Арнайы бекітілген жерлерде ғана, құрбан шалып, қонаққа шақырып, өтіп кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды.

Ал біз ше?

2005 жылы 28 жасымда Ташкент қаласынан Астанаға қоныс аудардым. Содан бері Қазақстандағы неше түрлі адам айтса нанғысыз қылмыстар мен той-мерекелердің куәсі болып жүрмін.

Қыстың көзі қырауда, Сарыарқаның сары аязы мен қақаған қарлы боранында түбіміз түрік болғанына қарамастан, түріктектес мемлекеттерден алабөтен, мүлдем басқа сарында әуендетуге құштар 31 желтоқсанды елден ерекше 1 қарашадан бастап Астана вокзалының алдына шырша отырғызып, жалт-жұлт еткізіп күндіз-түні әшекейлеп қояды, сол Аяз ата мен Ақшақар 1 ақпанға дейін үш ай бойы тапжылмастан тұрады. Астана бойынша ондай шырша әрбір мекеменің алдында тұрғызылады.

Одан тыс көшедегі «С новым годом», «Жаңа жылыңызбен» деген жазулар жаңбырдан кейінгі бәйшешектей қаптап кетеді.

Осылай бір күнге бола даңғаза даңғыртпен есі кетіп елеріп, аузына келгенін лепіріп, өлген ата-бабасы тіріліп келгендей қуанып, от атып туланып, көк қатындай долданып жүрген әлемде қазақтан басқа бірде-бір халық жоқ шығар, сірә.

Қазақстан телеарналарын көріп отырған адам біресе орысша, біресе қазақша, біресе ағылшынша, қытайша, французша ән тыңдап соңында есеңгіреп қалады, өйткені қай елдің телеарнасы екенін түсіне алмай дал боласың… Таңның атысынан қара кешке дейін ән салады да жатады.

Енді Қазақстандағы той-мерекелерді тізіп көрейік.

1 қаңтар – Жаңа Жыл деп тойлайды.

7-13 қаңтар – тағы сол көрініс.

25 қаңтар күні «крестьяндармен бірге сұп-суық суға шомылып күнәдан арыласың « деген жалған сөзге құдайдай сеніп, жатқан қаракөздерді көріп жылағым келеді. Қандай бейшаралық десеңші.

14 ақпан қайдағы Валентин күні деп сандырақтайды, жастар жағы бір-бірін пәтерге сүйреп, зина жасауға асығады. Қыздың аяғы ауыр болып қалса, алдыртып тастауға тырысады немесе сәбилер үйіне тапсырып құтылады. Кейін сүйіп қосылған күйеуінен бала көтере алмай екі тізесін құшақтап бармақ тістеп жүрген қазақ қыздар қаншама.

Биылдан бастап Елбасы «1 наурыз – алғыс айту күні» деп жариялапты-мыс. Кімге кім алғыс айту керек екенін өздері түсінбейді.

3 наурыз – кешіру күні.

8 наурыз – халықаралық әйел қыздар күні. Президент Ақордаға белсенді қыз-келіншектерді шақырып оларды бір күлдіріп, бір жылатады.

13-14 наурыз – еліміздің батыс өңірі «Амал Көрісу күнін» атап өтеді.

21-22-23 – наурыз Ұлыстың Ұлы күні.

1 мамыр – Халықтар достығы күні.

7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Негізі Дариға Назарбаеваның туған күні.

9 мамыр – Жеңіс күні.

25 мамыр – Соңғы қоңырау күні.

31 мамыр – Қуғын-cүргінді еске алу күні.

1 маусым – Балалар күні.

6 шілде – Астананың һәм Елбасымыздың туған күні, 1-10 шілде аралығында Астанада әр түрлі іс-шаралар болып өтеді.

30 тамыз – Конституция күні.

1 кыркүйек – Білім күні.

22 кыркүйек – Тілдерді дамыту күні.

1 қазан – Ұстаздар күні.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні.

Одан қала берді Құрбан айт, орыстардың Постхасы, әр жылы өтетін Астана экономикалық форумы, Еуразиялық Медия форумы, Дүние жүзінің діндерінің саммиті, Еуразия экономикалық одақ жиналысы, EXPO-2017, т.с.с…

Қып-қызыл шығын, таусылмайтын, бітпейтін той—думан…

Абайдың айтқан «мал шашпағы» болып шыға келмей ме? Біз бен сіздің салығымыздан жиналған қайран ақшалар-ай.

Доллардың тұрақсыздығы, жаппай жұмыссыздық, 25 жылда дені сау бір завод немесе бір фабрика жұмыс істемейді, тек шикізатқа тәуелді елге айналғанымызды білмей де қалдық…

Жұмамұрат ШӘМШІ,

тарих ғылымдарының кандидаты,

dalanews.kz




Осыған ұқсас:

  1. Өзбекстан билігі президентке мадақатау одаларын арнауға тыйым салды
  2. Шавкат Мирзиёев Генерал Сабыр Рахымовтың ескерткішін бұрынғы орнына қайта қоюды тапсырды
  3. Әбдіжаппар Әлқожа: Ауылымызды Өзбекстан тартып алды, оған Жоғарғы билік кінәлі
  4. Өзбекстан президенті Абайды насихаттау туралы қаулыға қол қойды
  5. Мирзиеев Каримовтың кадрларын «құртып» жатыр (ВИДЕО)
  6. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ұзындығы 7 шақырым болатын көлік кептелісі орын алды


102 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 12:32

    Бетті бастым қатты састым Тұра қаштым жалма жан.Орамал жоқ басында Мың мың сайтан шəшында кемпіріне шейін орамал тақпайтын қазаққа Енді дауа болмас.Қыз ұзату Ұл үйлендіру тойлары масқара маскарад.Шал кемпір Əйелдер ұсқынсыз əшекей тыртыйып сөлекет жүріс ырбалан би ..қазақ салтынан жұрдай.

  2. Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 13:03

    Осыларга тан калам, неменеге келди тым жаксы боса о жак? Ертен мына жакта жагдай жамандау боса кайтадан Озбекиисыны кашып кетеме кетпейме? Мирзиев шашын жулып жатыр емеспе 30 жыл бостан боска кетти деп? Ойланбай газ шыгара салад адамдар…. Аяз атада неси бар? Енди биз со калош киип мылжындап отырсак… катырад кандидат наук.

    • Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 17:04

      қотырбай бұл жерде әңгіменің төркіні қазақылық жайында болып тұр егер мақаланы қайта-қайта оқысаң , ал Мирзаевқа келсек өзбек ағайындар тәуелсіздік алған күнен бастап ішкі тәртібін күшеитіп алды , ал Мирзаев оны жақсы біледі енді эканомика деп өзбектерді алға жылжытып жатыр ал біз не ? көп ұлтымыз деп атаңның басы қылып 26- жылдан бері сол ұлтар ҚАЗАҚ дегенді сыилап жүрме ? қәзір аумалы төкпелі кез екенін жақсы біледі басқа ұлтар сол ұшында ҚАЗАҚ деген елді көзінеде іліп отырған жоқ артыңа жастық қоиып отыр бірақ көзіңді бақырайтып қоиып , ҚАЗАҚ деп маңдайына жазылған халықты сен ИНТЕРНЕТКЕ емес өзбектің 91-жылдан бері алып барған жұмсын сарала қотырбай десең қотырбай екенсің әр жерді қасып жүретін

      • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 07:00

        Осыларга тан калам былк етпей зу дегизед, кандай керемет ишки тартип? » Мирзиёев, раскритиковавший предоставление широких полномочий сотрудникам СНБ, сравнил их деятельность с репрессиями 37-го года прошлого века….» Мирзеев али Каримовты топас деген жок, айтпайтын да шыгар, бирак соган келтирип тур емеспе? Ал 100пайыз озмек кылды, не тапты сонымен? Халкынын жартысы айдалада кангып жур. Ишиндеги билимди, акылдыларын кайтару буларга зор проблема болып тур. Мына статьяны жазган адамнын денгеии мына создеримен ак билинип тур «Ал Өзбекстанда туған халқын алдайтын қаржы саласына жататын кредит, ипотека, валюта айырбастау, ломбард дегендер мүлдем жоқ.» Оте томен, билими жок, не айтып не койганын билмейтин адам былжырап тур. Каржы саласы кредитсиз, валюта айырбастаусыз, ипотекасыз жане тб, жумыс истеуи мумкин емес.
        Оз елинде шамалы киындыкка шыдамай кашып келген адамнын ертегиси не керек? Ертен мына жакта киын боса кайтадан зымырауы мумкин емеспе?

        • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 10:37

          бұл жоқарыда, отырған мыйсыздардың өздерінің қарны тоиса болды , елді оиламайды ұрпақ уақталып баражатқанынын оиынада алмайды , бәрі шапалақтап қарнын тырық-тырық етіп қасып отырса болғаны АТАҢНЫҢ бастары бір күні ұрпақ уақталса неге әкеліп соғатынын оиламайдыда жемқорлар

    • Белгісіз 24 Ақпан, 2018, 13:16

      қотырбай қотырыңды қасып кел, саған ешкім калош ки деп жатқан жоқ. қыздар әуретін жауып жүру керек.

  3. Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 13:16

    онда Гулнара неге камалды? бир гана мысал

  4. Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 14:49

    Иә өзбек ағайыннан, Ұлттық мемлекет қалай құрыду үйрену керек. Қазіргі орыс ми болған билік бұны істей алмайды. Қазақ мемлекетін жаңғыру үшін, жаңа ұлтшыл азаматтар келу тиіс.

    • 21 Ақпан, 2018, 17:51

      Буларга сын айткан унамайды алде коркады.есесiне мактау айтса,кулшылык етiп,жалп ете калады.
      Жалпы,айызынды кандырып окитын,жазган данеме жок.
      Мактау,коштау,менi кордiнбе,бipiншi болып шыгарып,колдап жатырмын деген баягы,корiнiп калу,козге тусу.

    • 22 Ақпан, 2018, 21:03

      айтып айтпай не керек алы кунге 23 февраль СССР армиясынын кунин тойлайда казахстаннын СССР ды ансайтын адамдары 7 май онын коленкесинде калып койды

      • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 21:14

        Олардың бәрі орыстанып кеткендер ғой, ҚАЗАҚТЫ қайтсін ондайлар?! Бізде ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ 23 ФЕВРАЛЬ ЕМЕС – 7 МАМЫР!!!

        • Белгісіз 24 Ақпан, 2018, 00:35

          Негізі сол мейрам бүгін еді, 7 мамыр Дариға Назарбаеваның туған күнін демалыс қылып қойғандағысы ғой,

          • Белгісіз 24 Ақпан, 2018, 00:38

            1-желтоқсан кімнің туған күні екен???
            Кейін қосылған тағы қандай мейрамдар бар???

          • Белгісіз 24 Ақпан, 2018, 00:53

            Берік бауырым, 23 ФЕВРАЛЬ ол Орыстардікі, біздің ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ – 7 МАМЫРДА! Ал, 1-ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ!!!!

  5. Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 16:55

    Ар халыктын , эр елдин оз омири бар.Озбектерин еркеги кул болып,кыздары … журген жокпа.

    • 21 Ақпан, 2018, 23:00

      Иса сенинде кул болуын жакын оз елинде

      • 21 Ақпан, 2018, 23:22

        кул иеленушiлер деп кулушi едiк,
        ал ендi журмiз,тап-тапка болiнiп.
        байлармен орташа тап деп кояды,такыр кедей деп айтуга ауыздары бармай.
        жиырмасыншы жылдары бай болганы ушiн талан-таражга тусiп,атылып,асылып,жазыксыз куртылып кетiп едi ата-баба аулеттерi.мал-жан,бала-шага,кошпелi алтын- кайда барi.

    • 24 Наурыз, 2018, 12:23

      Сол құл деп айтып жаткан өзбектерің болмаса.өз боғыңа өзің батып жатар едің.өз басын есігіңнің алдын сыпырасынба.ари кетсе кыста карын артып машинеңе жол ашасың.жаман халық болмайды,жаман патша болады.

  6. Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 17:26

    Иса баурым қателеспе әр елдің өз өмірі бар деп отыра берсек болмайды , біріншіден өзбектің балдары заңсыз заңды жол болсын еңбек етіп көп ақша тауып 1-16 жасқа деиінгі баларын мықты тамақ беріп асырап отыр ертең сол балдар өскенде ден саулығы мықты болып шығыу ұшін ,Ал біздеше 50000 тенгеменен өзін асырмай не балашағасынба ж,т,басқа кіим тоқ басқаны айтпағанда 50000 тенгені қай тесігіңе жеткересің ал олар ҚАЗАҚ жеріне келіп жоқ дегенде айына 150000 тенге алып кетеді жеген тамағынан басқа бұл бір екінші қыздар үиінде отыр және балашағасыда ана сен айтқан қаңғып жүрген қыздар қарақалпақстаның қыздары жалпы көрші елдердің ішіне сыртына жақсылап қара

    • 21 Ақпан, 2018, 17:37

      Бiздiн балалар 90-нан былай карай,усакталып кеттi.
      Сол турмыстын ауырлыгы,тамактын кунарсызданып,отipiк емес,кур нан мен шайга карап калганы.
      Озбектерiн болсын,ойгыр,турiк болсын балалары енселi,мыгым.
      Урпагымыздын ойы да бойы да токырады.ешкашан бiздiн балалар бакене бойлы,усак суйектi болган емес.неменеге жасырып,жауырын токиды.еттен де кагылып,витамин деген атауымен жок,айлык акшаны жылдап,айлап берiп,одан калса,каз-уйрек,пален-тугенмен беретiн,осы Алматынын озiнде.отipiк намыс немiздi алган.

    • Белгісіз 27 Ақпан, 2018, 22:44

      Данияр бауырым каракалпак кыздарына далелиниз барма сизде бир акылды болып отырсыз. нени билесин сен

  7. Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 19:26

    Меніңше баланы жастан дегендей,баланы қазақы тәрбие беру керек.Сонда ол ПАТРИОТ болып өседі.Орыс тәрбие ол өскесін тек өз басын ойлап,қайда жылы жұмсақ,тыныш мекен іздеп,ел асып кетеді.Берген білімің.өсірген еңбегің бәрі өзге ел игілігіне.Мысал жетіп артылады.ҚАЗАҚЫ тәрбие беріп өсірсек ұрпағымызды БОЛАШАҒЫМЫЗҒА алаңдамаймыз.Жемқорлардың басым бөлігі орыс тәрбие коргендер.Ұсталғандарды қарасаңыз көзіңіз жетеді.

  8. Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 19:33

    КНБ что они стотрят мына провокаторды турмеге тыгындар или депортацияландар Великии Русскии Мирге келип кем он себя позволяет мы казахы черныи русские в казахстане и натуральныи калбиты в России . 130 нация живут в казахстан казахы только один них юнас обьедияет Великии Русскии Народ и ВЕЛИКИИ РУССКИИ ЯЗЫК без русского языка кто казахы ??

    • Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 20:34

      Калбит, ты хоть научись сначала писать грамотно, хоть по русский хоть по казахский.

    • Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 21:26

      Бишара калбит,құлдық санаңыз ғой,орыссыз өліп қаламын деп отырған, санаңызға 70 жыл бойы құйылған осы саясат.Сіз енді еркек болыңыз,қорықпаңыз,қазақ болыңыз.Әуелі өзіңізден бастаңыз.

    • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 06:15

      калбит, Қазақстанда 140 ұлтөмір сүреді. Сен неге қалған 10 ұлттың құқын аяққа таптадың? Сені сол үшін соттап, түрмеге отырғыу керек.

    • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 06:17

      Калбит, сен жалғыз емессің! Осы мақалаға қарсы сөз айтқандардың бәрі орысқұл калбит қой. Сондықтан сенің ағайындарың бізде өте көп.

    • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 09:29

      Орысша сөйлейтін, орыстың жуындысын ішетін малдарды құртыңдар Қазақстаннан. Мына Калбитке ұқсаған топастарды. Атаның қаны дегенде, ананың суті дегенде арқасы шымырламаған, ібілістің ұрығынан пайда болған пәләкәт. Аталы сөз айтылып жатқанда, орысты великий деп былжырақтаған сасық ауыз неме. Ібіліспен шатысқа түскен пәләкат ұрғашыдан туылған неме.

    • 22 Ақпан, 2018, 10:56

      Калбит орыстын котин жала

  9. Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 20:10

    Жұмамұрат мырза, сөзіңіздің жаны бар, сіз көріп, айтып отырғаныңызды жоққа шығарып, бізде олай емес қой деп айтуға ауыз бармайды. Иә, салығымыздан жиналған қайран ақшалар-ай, ата-бабамнан мұра болып қалған байлықтың пайдасын көрмей отырған халқым-ай, ұрылардың мекеніне айналған ОТАНЫМ- ай осындай өкініштерді шексіз айта беруге болады…………………………………………………………………

  10. Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 21:10

    Сенің айтқандарыңның жартысына келісуге болады, бірақ сен ұнамаса неге жүрсің олда ата бабаң жатқан жері жақсы өзбекстанда жүресей бұндай елде ұрпағың бұзылады ғой.

    • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 09:37

      Ондай жақсы жерде жүрмейтін себебін жоғарыда әдемілеп түсіндірді емес пе, ойлы адамға. Узбекистанда тек өзбек тілінде ғана сөйлетеді. Сосын кетуге мәжбүр. Тек….. ұлттық өзбек тілінде ғана сөйлетеді. Кетуге мәжбур. Өзбек тілінде ғана…. Сосын мәжбур. Топас болмасаң егер, уш мәрте қайталадым.

  11. Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 21:23

    Батыста, көрісу бұрыннан бар. Кеңес үкіметі кезінде де тиым салынбаған.
    Көрісу мағынасына сіз түсінбейсіз.

  12. Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 21:26

    Бишара калбит,құлдық санаңыз ғой,орыссыз өліп қаламын деп отырған, санаңызға 70 жыл бойы құйылған осы саясат.Сіз енді еркек болыңыз,қорықпаңыз,қазақ болыңыз.Әуелі өзіңізден бастаңыз.

  13. Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 22:25

    140 ұлтты тату тəтті өмір сүргізіп отырмын деп , əнебір силықты ала алмай – ақ қойды – ау біздің көсекең . Бір жағынан жаным ашиды

    • 21 Ақпан, 2018, 22:57

      бугiн естiдiм,есек бар гой,ишак куруга айналыпты,кызыл кiтапка кipeдi екен-мiс.

    • 21 Ақпан, 2018, 23:07

      Алемнин коптеген елинде 100-200 ултка диин турады биздики жаналык аштым деп жур ма екен

      • 21 Ақпан, 2018, 23:14

        тук кормеген,уызынан жарымаган дегендер болушы едi.
        бiздер кайсысына жатады екенбiз.

        • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 09:42

          Түк көрмеген көргенсізге жатамыз. Уызымызда жаруын жарыдық -ау тәрбиеге. Жүре келе сары шошқалар бізді тук көрмеген көргенсізге айналдырды қойды.

  14. Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 23:00

    Бала о бастан қай тiлде оқып тәрбие алса, келешекте сол халыққа қызмет етедi. Әр халықтың өзiндiк салт – дәстүрi бар ғой, Сол үшiн қазақи салт – дәстүрiмiздi, өз тiлiмiздi ұмытпаған абзал.

    • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 01:14

      дәл айтың біздегі басқа ұлттар өз тілдерін толық меңгерген ал ҚАЗАҚ тілін пысқырыпта қарамайды керек болса өзін көсем санап жұрген жанды да артына қыстырмайды ал көсем болса тек жанына орыс құлды бишараларды жинап ҚАЗАҚ деп жүрегі соғып тұрғандарды лақтырыуды ғана біледі

      • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 09:49

        Сол үшін Қазақстандағы қазақ тілді қазақтар, орыс тілді сатқындарды қоспай, тек ҚАЗАҚ республикасын құрыңдар. Көп болса Корея сияқты 2
        президент, 2 астана бола қояды. Көрейін сосын Қалбы итке уқсаған, орыс жуындысын ішкен сатқындарды. Өздерін қай халықпыз деп атар екен.

  15. 21 Ақпан, 2018, 23:34

    Шалағай піспеген ойлардың жиынтығы көп екен.Біздің ұлттық,ұлт аралық,ұлттар саны жағынан өзгеледен айырмамыз көп қой.1.Пайызға шаққанда өзге көршілерде ешқашанда біздегідей өзге тілді ұлт пайызы көп болған емес.2.Шекаралық аумағымызбен де біз олардан өзге жағдайдамыз 3.Географиялық аумағымыз да,жер көлемі жағынан ж/е айырмасы үлкен.Сондықтан біздегі ұлттық мәселелерді олармен салыстыруға келмейді.Ал өзге тәртіп жағына келсек,онысы жөн.Оларда ішкі тәртіп қатаң,әрі орынға қойылғандығы рас.Той,мереке көп болса,онда тұрған не кемшілік.Қалтаңды қақпайсың ғой.Экономика мүмкіндік еріп тұрса,мерекелей берсін.Қырып жатқан бюджеттік сала мен мемлекеттік жұмыс жоқ,Ал өз шаруасымен жүретін елге онсызда тыным жоқ.Мереке ме,басқа ма,оны олар ойламайды да.

    • 22 Ақпан, 2018, 00:35

      мiнеки,бipдене болса,остiп шыгады,акылшысынып.
      ол кiciнiн айтканы жуз пайыз шындык.

  16. Белгісіз 21 Ақпан, 2018, 23:52

    Жұмамұрат мырза сіздін айткан создернзди толык колдаймн. Дос жылатп айтады, душпан кулдрип айтады деген.

  17. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 01:07

    Анекдот бар ғой, анекдот…Каримов марқұм мақтаныпты дейді «біздің өзбектің әр екі үйінде «Дэу Нексия» бар» депті. Нұрекең «біздің әр қазақтың екі үйінде кем дегенде 4-5 өзбек жалданып жұмыс істейді» деген. Сонда кім мықты ? Кішкене ойланып сөйлесеңдер жөн болар еді. Олардың экономиясы басында біздің арқамызда нығайды емес пе, қырғыз, тәжіктікі де солай. Мысалы екі қатарлы үйімді бар жоғы 200 мыңға өзбектер тұрғызып бергеніне 20 жыл болған болған жоқ. Бүгін оттайсыңдар. Ол ақшаға бүгін көлік түгел, сиыр да келмейді.

    • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 01:27

      Қанат Атырау қандай бишара едің , сол өзбектің несі кетті қара еңбегіне жасап ақшасын алып елінің қала берді балашағасының қарнын тоитырды ал сенші не жасадың анекодотан басқа ,бұл жерде гәп билікте НОБЕЛ сыилығын аламын деп елді тобырға сосын көп ұлтымыз деп ҚАЗАҚ тілін мылқауға айналдырғанда ей қандай бишара жан едің сұитіп отырып есімнің артына артына Атырау деп қоисың бишара Қанат

    • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 06:22

      Атырауда да мисыздар бар екен ғой.

    • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 08:30

      Озбектер Алматыда 1,5-2 миллион тенгеге 2 этаж уйди (черновой вариант, орташа 150-200м2) салып береди. Жергиликти казактар истемейди.Неге? Бирак озбектер истесе катан бакылау керек. Шетинен халтурщиктер.

    • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 09:55

      Сөйтіп, өзбек пен қырғыз сенің сілеңді қатырып, байып алды емес пе, ақымақ. Ойлансай, екі қабат уй көрмеген қасқа. Оларда қазір төрт қабат уй бар. Жандос айтқандай, шынымен бишара екенсің. Негізі топастарды жинап алып, дұрыс ойлайтын етіп оқытатын мектеп ашу керек.

      • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 14:18

        Рабига, егер со арзан багага казак салмаса, а озмек келисип турса, маган ол озмектин ауылында байыганы беш тиынга керек емес. Сендерди жинау кажет ау? Мектепке емес, корага….

      • 24 Ақпан, 2018, 14:24

        Отipiк жылмиып кулiп,отынмен кipiп,кулiнмен шыгып журiп-ак бул келiмсектер бала-шагасын асырап,кора-копсысын жанартып,кырык жылгы мыйкиган махалла уйлерiн котарып тастап,енселi уй-жай салып,жыл сайын бip бала тудыртып,котерiлiп алды.кытай-озбек-кыргыз т.б.сойтiп кулдi-комеш боп журiп байып алды.
        орнынан козгалмаган сол казах,байлыктын уcтiнде журседе,астында журседе,катын,ойнас,токал алудан ары аса алмай.сол мыжырайган токал тамдарында алiде турып жаткандарыда бар.сарт байыса,там салады,казах байыса,катын алады.
        Абай атамнын кезiнен бip мыскал алга жылжыды ма?..

  18. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 07:15

    «Когда оставался один месяц до Олимпиады в Сочи, мне поступило предложение из Канады. Они даже были готовы вручить мне канадский паспорт. А в 2015 году мне предложили российское гражданство. Как видите, я не согласилась. Я буду выступать только за Казахстан, который меня вырастил и которому я обязана своими достижениями. Потому, что Казахстан – моя Родина», – сказала Ю.Галышева. Осы олимпиадада казактарда бирак кола медаль бар, женип алган Галышева.
    ———————————————–
    Шешендер, немистер, гректер, каристер жане тб кетип калгандар Казакстан ушин барин жасаймыз, казактарга рахмет, умытпаймыз жаксылыкты деп отыр копшилиги интернетте, ютубта. Ал озбекстаннан кетип калган баска улттар озбектерди мактап жатканын естиген жокпын.

    • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 09:58

      Қотырбай, онда сен мақтағанға мәз болып жүре бер, ақымақ.

      • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 14:13

        Рабига кышуын канбаган ау, олардын бари шетте жур казакты мактап, сенен беш тиын сурамайд. Енди ким ахымах?

        • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 15:50

          Котырбай беш тиын деп кайта-кайта жазыпсын,казак емессинау дим,шшс

          • 24 Ақпан, 2018, 15:59

            Есалан есек кана мактады деп ырза болатын шыгар.Алаган колым,береген.
            Сол жер аударылып келгендердiн калганы бар,кеткенi бар,рахыметi кайда,неге каржылай комектеспейдi,казахка.
            Ашаршылыкта жеген бидайдын дамi ауыздан кетпес.
            Кайтарымы кайда,кур копipтiп мактап койганы нан болама.
            Мактагандарына маз болып,неменесiне жетiciп отыр,алде оз колым,оз аузыма жакын деп,умытып кеттi ме.мактау мен мактануга гана iciп-кеуiп жургендер кiмдер.

        • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 20:23

          қотырбай шыны менен ҚАЗАҚ емес ,қай кезде ҚАЗАҚТЫҢ ұлдары қыздарына қышыуың қанбаған ау деген сөзді қолданбайды , жалпы сен қазақша жақсы түсінетін малғұнсың , жалпы ҚҰДАЙ тағала кездезтірер несіп етсе сол кезде жауап бересің әрбір пікіріңе АЛЛА бұйыртса

          • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:52

            Әй, маладес, дұрыс айтасың!!! АЛЛАҺ РАЗЫ БОЛСЫН!!!

          • Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 07:09

            Кай казактын кызы танымайтын адамга ахымах дейт, бауырым? Кандай казактын баласысын осындай затты тусинбеген? Елге акыл айтпай Рабиганы уйрет оданда коке.

        • Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 00:06

          Ишакты айтсаң құлағы көрінеді дегендей. Осындай мәселе айтылса тілі салақтап Қотырбай ит жүреді. Ойы лас , қуыс кеуде намысы жоқ, ұят тұратын жеріне арам шоп өсіп кеткен бишара. Рабиға сиякты айел затына айтып отырган не сөз. О бииишшара.

          • Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 00:12

            ХА-ХА-ХА-ХА-ХА!

          • Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 07:17

            асеке, баягы заманда рак болган жок деп ен бетин былк етпей билип кой мысырдагы кеибир мумиялардын суиектеринде рактан олген белгилери бар.ол уже далелденген заттар. сонымен еки класс билими бар кангыбас асет аулиелер дейт баягы заманда барлык ауруларды емдеген дейт, шыгарган газын мощный екен. Ертен ракпен ауырсан мысалы Асет омиринде туенин сидигин ишпейди, ана китап боиынша, жугирип барып «капирлер» салган емханага жатып алад «капир» даргердин артын жалайт кайта кайта, кайтесин жан керек деген сиякты. Лицемер мен бе сен бе?

          • Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 14:02

            Осы рабига сен емессинбе? Кай жери екенин искеп билдинбе? Уятын жок екен бауырым, негизи кышитын жер коп кой.

        • Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 00:54

          қотырбай қандай ұлттан болсаңда не жазғаныңды ,өзің түсініп отырсыңба ган*он екнсің

          • Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 01:09

            Қотырбайға екі дүниеде де БҰЛ ДҮНИЕДЕ ДЕ, АХИРЕТТЕ кешірім жоқ!!!

        • 24 Ақпан, 2018, 14:30

          Мангурт.басындагы таз кепешiндi шеште,бес тиынынды кышыган жерiне шаптап ал.
          рахаттанып,аузыннан сiлекейiн агып,кетiп кап журме.

  19. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 16:14

    Барлығыңыз жабылып Қотырбай деген іштеріңіздегі адекватный қазақты жеңе алмадыңдар!!!! Ұят болды!!! Қотырбай, жарайсың бауырым!!!

    • Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 07:29

      осы канатка тан калам бауырым. сенин суикти араптарын, думшелерин,динин Казакка революцияга деин 500 жылда 1 километр тас жол, 1 емхана, 1 университет салуга акылы жетпеди. Осы шындыкты билип отырып айтпай отырган сен екижузди арапкул сорлы емессин бе? жаратушы бар деп журе бер,араптын артын жаламай, мыйн боса.

      • Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 14:20

        Қотырбай, сенің айтқандарың түкке тұрғысыз далбаса сөздер, мән-мағынасы жоқ қ…т сөздерді мың рет қайталай бересің!!!

        • Белгісіз 24 Ақпан, 2018, 06:22

          Канат, наданга намаз уйретсен басын жарат деген, жезказганда тас коп, басын онбай жарылган ау. 500 жылда надандар бир емхана сала алмаса, 500 рет кайталауга болат, онда турган не бар. Колкоюсыз бауырым сен де асет тама сиякты тазша сиякты екенсин. о былай дейт был етпей, 500 молдалар арине Казактарга емхана салган жок, бирак керемет рухани байлык акелипти мыс казакка. Катырасындар а? Не шектиндер, айтсай. Биз де шегеик.

      • 24 Ақпан, 2018, 00:44

        Тарихтытан мүлдем хабарыңыз жоқ екен…..ұлт үшін жаныңыз ашыса тарихтан бастап меңгергеніңіз жөн болады, Қотырбай мырза

        • Белгісіз 24 Ақпан, 2018, 07:13

          Тарихтан хабар жок? Бауырым, казакта молдалар, дин туралы жаксы макал барма? Букил халыкты ахымах деп айта алмайтын шыгарсын, коке.
          Ақ сәлделі қожадан Ақ жаулықты қатын артық. Аюға бас үйреткен – таяқ, Молдаға намаз үйреткен – тамақ. Өлеңді жерде өгіз семіреді, Өлімді жерде молда семіреді.

          • Белгісіз 24 Ақпан, 2018, 15:10

            Бидайдың сабанында дән жоқ,
            Жаманның сөзінде мән жоқ,
            Қотырбай сенің сөзіңде мән жоқ, құр далбаса, бір айтқаныңды мың рет қайталай бересің!!!!

  20. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 17:35

    Өте дұрыс жазылған мақала,бізде атабабамыз аманат еткен жер суды да сата бастаған укімет басқарып отыр,шикы затқа тәуелді еліміз бар қылпяғы бір қорап сіріңкеде шеттен кіреді,халық жумыссыздық дылдан жылға көбейуде,қазақты силап журген бір улт көрмедім,бәрі бәрі қурдымға кетіп барады,жоғарыдағылар тек мақтанумен болады оларға сенсек біз әлемдегі дамыған елле өмір сүріп жатырмыз,әр улт білгенінше өмір сүріп біогенін істеп жүр ,булай кете берсе ие бола алмай сан соғуі ьек мумкін…халықпен укімет арасы баяғыда алшақтап кеткен халық заңға сенбейді ,байқус қара қазақ қорқақ жасқаншақ тойшыл отрикши жалқау улт жасап жатырмыз болашаққа окінішті

  21. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 17:39

    Өте дұрыс жазылған мақала,бізде атабабамыз аманат еткен жер суды да сата бастаған укімет басқарып отыр,шикы затқа тәуелді еліміз бар қылаяғы бір қорап сіріңкеде шеттен кіреді,халық жумыссыздық жылдан жылға көбейуде,қазақты силап журген бір улт көрмедім,бәрі бәрі қурдымға кетіп барады,жоғарыдағылар тек мақтанумен болады оларға сенсек біз әлемдегі дамыған елде өмір сүріп жатырмыз,әр улт білгенінше өмір сүріп біогенін істеп жүр ,булай кете берсе ие бола алмай сан соғуі бек мумкін…халықпен укімет арасы баяғыда алшақтап кеткен, халық заңға сенбейді ,байқус қара қазақ қорқақ жасқаншақ тойшыл отрикши жалқау улт жасап жатырмыз, болашаққа; окінішті!!

  22. Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 22:12

    «Жандос», «Рабиға» және «басқаларға» ! Міне, әңгіме осында. Соңында айтылғандай 20 жылда (1998 ж.) бары 500 мыңға шыққан үйді 25 млн.ға (120 мың $) сатып, оған СТО, автомойка және үлкен шаруашылығымен кең үй-жай (екі қатарлы емес) салып алып алдық. Нұрекең айтқандай 4-5 өзбек басында жалданып жұмыс жасады, ал сендер сияқты қазақтар 35-40 мыңға аяғын баспады. Қазір олардан құтылып, жастарға жұмыс тауып беріп отырмын. жеке қожалық, егіс шаруашылығы бар. Күзгі жиын терін кезінде сендер сияқтылар кеп жалданып жұмыс жасайды. Мисыз болмасаңдар үкіметке қарап «үй,пәтер, жұмыс, ақша» деп жүресіңдер ме. Сөздеріңде пәтуасыз бірдеңе.

    • Белгісіз 22 Ақпан, 2018, 23:46

      Қанат Атырау жаман сұқыйт екенсің баурым әрбір сайыта қаңғыған ит сияқты әр жерде бір үріп өте кетеді екенсің мен саған жүз пайыз жауап берем сендеи итте СТО түгел автомйкада жоқ бір жүрген лепірсің және айтамын жүз пайыз тек ана артыңа қоиған Атырау деген жазыуды жазбасы өтініш

  23. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 01:21

    «Маңғыстаулыққа» ! 90-шы жылдары Маңғыстаудың керемет деген бір ауданына шетелдік журналисттер барыпты. Керемет түгел ештеңесі жоқ, үйлері жатаған тоқал там, мал қорасымен жалғасып қиы-боғы араласып жатыр дейді. Анадай жерде Маңғыстаудың ұлу тасынан салынған әйдік мазарлар тұр. Шетелдіктер соған таң қалыпты. «Жер астында осындай қазына байлығы, арзан құрылыс материалы-ұлу тастары тұрғанда МОЛА емес, ҮЙЛЕРІН неге дұрыстап салып, мәдениетті тұрмайды» деп жазыпты. Сендер де шетелге күлкі боп жүрген белгілі жалқау(ит)сыңдар ғой.

    • Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 02:45

      дәл айтың Қанат Атырау баурым бұларды тек адай десең адайсыңғо деп мақтап етін ж,т,басқасын сатып өздерен сол мұнайға газдың уына салып мә сендердің айлық көп деп мақтап отыра беріу керек жалпы өзім МАҢҒЫСТАУҒА көшіп келген оралманмын бір ауыл-шаруашылық дамымаған тек ылғый РЕСТОРАН ҚОНАҚ ҮИ ЗАПРАВКА ертең мұнай бітсе қарайған сонда жасап жатқан ел қаңғыиды соған жаным ашыиды қәзір өзі-өзін мақтап жүр жаным ашыйды ертең қалған сегіз арыстың балдары тоз-тоз боп қаңғып жүрсе жаным ашыйды сау бол Қанат Атырау баурым сен сияқты сын айтатын балдар болса құба-құп болады

  24. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 11:31

    жумамураттын жазганы шындыкка келмейди менде сол облыстанмын жаксы болса сонша миллион адам жумыс издеп шетке шыкпас еди оларда болып жаткан окигаларды кунделикти ахпараттан айтпайды тек мактайды

  25. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 21:53

    Макала дурысжазылган екен бизде дал сондай. айтеуир бари реттелсе екен.

  26. Белгісіз 23 Ақпан, 2018, 23:36

    Жұмамұрат мырза, гиперболаны көбірек оқығансыз-ау деймін. Себебі, сөзіңізде әсірелеу мен боямалау тым қоюлау сияқты. Кей жерде томпақтау, кей жүрде дүмбілездеу кеткен жерлеріңіз бар. Мысалы, ,,31 тамыз – Мустакиллик күні,, дейсіз. Бұл дұрыс емес. Өзбекстанның Мустакиллик күні – 1 қыркүйек. 8 наурыз – Қотин-қизлор байрамы екенін ұмытып қалдыңыз ба? Әрине, 21 наурыз – Наурыз мейрамы. Оныңыз дұрыс. 9 мамыр – Еске алу және қастерлеу күні екені жадыңызға түспей тұр ма? 1 мамыр тойланбайды. ,,Ұстаздар және тәлімгерлер күні,, дегенді тіпті естімеген сияқтысыз. 1 қаңтар – Янги ийил байрамы (Жаңа жыл мерекесі) тойланбайды деп сізге кім айтты? ,,Ауылшаруашылығы қызметкерлері күні,, сияқты басқа да кәсіби мерекелерді қайда қоясыз? Жамандаудың жөні осылай деп, тисе терекке, тимесе бұтаққа көздемей кесек ата беруге болмайды ғой. Өзі мына материалыңызда қайсы елді, қайсы ұлтты жамандағаныңыз түсініксіз. Әлде Өзбекстанды мақтап, Қазақстанды даттағандағы түріңіз бе, түсінбедім. Мен де сол Өзбекстанда еңбек етіп, өмір сүріп, 2000 жылы Қазақстанға қоныс аударғанмын. Сол үшін қандай пікір айтсаңыз да әділдікке жүгіну керек. Біреуді жамандағанда өтірік айту, жалған сөйлеу кешірілмес күнә екенін ұмытпаңыз, Жұмеке! Сосын туған жерді жамандау сатқындықтың бір түрі болып саналады. Өйткені, сол жақта туылып, ұрпақ өсіріп тәрбиеледіңіз. Сол жақтың нанын жеп, суын ішіп, ауасын жұттыңыз. Сондықтан ас ішкен табағыңызға түкіріп, дастарханға дәрет сындырғандай болмай ма?

    • 24 Ақпан, 2018, 09:19

      котин-кызлар байрамы деген бiр турлi естiледi екен.

    • Белгісіз 24 Ақпан, 2018, 09:25

      бұл жерде Жұмамұрат мырза су ішкен құдығына түкірмеген сияқты бұл жерде Өзбек деген елдің өзіне қатты бекем екенін айтқан сияқты ал сатқындық сенен шығатын түрі бар себебі сен адамдарға басқаша қылып жеткеріп жатсың Жұмамұрат мырза біздің ҚАЗАҚ қашан тіліне берік және ешкімге жемдік болмаса деп армандап оиын айтып жатыр ал сатқындықа келсе оның айтқан сөзінен сатқындық көрініп тұрған жоқ қайда жұрегінде деген ҚАЗАҚ тілінің елінің ақсап бара жатқандай өкініш бардай

  27. Белгісіз 24 Ақпан, 2018, 15:26

    Осы «Қолқоюсыз» деп аттарын жасыратыны несі, пікірін жазды ма, аты-жөндерін де жазу керек!!! АДАМНАН жасырғанды АЛЛАҺТАН жасыра алмайсыңдар!!!
    АЛЛАҺ СҮБІХАН УӘ ТАҒАЛА барлығын көріп, біліп тұр!!!!!!

    • Белгісіз 25 Ақпан, 2018, 06:34

      Ала шапанды молда Канат да бір, Ала қанатты сауысқан да бір, Екеуі де арам ниет: Жығылғанда – қасыңда, өлгенде – басыңда.

      • Белгісіз 27 Ақпан, 2018, 20:28

        Біреуге «арамниетті» деп сөзің өзіңе қайтады! Мен ала шапанды молда емеспін – қарапайым адаммын!!! Адамды келемеждеп мазақтау КҮНӘ болады!!!

  28. Белгісіз 27 Ақпан, 2018, 20:16

    Өзбекістан жаксы болса сол жакка кетсиш турган жеринди жамандамай!!! Ия кейбір сөздеріңізбен келісем. Бірақ бұлай ҚАЗАҚСТАН-ды жамандап Өзбекстанды көкке көтергеніңіз дұрыс болмады. Ұнамаса келген жеріңізге кайттан кетіңіз

    • 27 Ақпан, 2018, 20:40

      Жамандап турган жок,жаксысын ал,жаксыга умтыл деп тур.
      Соз тусунуден калгансындар ма?

  29. 28 Ақпан, 2018, 15:07

    Екі қазақ бір-бірімізбен орысша сөйлесіп журіп, басқа халыққа қазақша үйретеміз деп даурықпайықшы ағайын

  30. Белгісіз 8 Наурыз, 2018, 09:06

    Озбектен. Бир ел бир халык болып елинин есигин жауып алган екен .Енди ашып жан – жагына карап отыр.Орыска бару ушин казактын кагып отыр.

    • 8 Наурыз, 2018, 09:20

      өзекеңдер ақылды,есік-терезелерін тарс жауып алып,өсіп-өніп,көбейіп алды,мемлекетінің бір пұшпағында шашау
      шығармай,ел игілігіне жаратып отыр.отандық өнімдері жақсылы-жаманды өндіріліп жатыр.шекарасы мықты қорғалған,кірген-шыққандар қатаң бақылауда.қысқасы,мемлекетіне маса да ұлықсатсыз ұшып кіріп-шыға алмайды.тәртіп болған елдің көсегесі көгереді.

  31. Белгісіз 18 Наурыз, 2018, 18:51

    уллы созде уят жок министрлер конакты кеширесиздер ко,,ак дегеннен кейин болдыго

  32. Белгісіз 19 Наурыз, 2018, 05:40

    Ассалаумағалейкум бауырлар! Билікте,үкіметте нелерің бар,өз қазағын ойламайды деп. Пікірелерді оқып отырып кінәнің бәрі өзімізден екенін түсіндім. Болмашы бір сөзге бола бір-бірімзді жұлып жеуге әзір тұрмыз ҚАЗАҚТЫ ойлағандығымыз осыма?! Қарапайым халық бірін-бірі қолдай алмайды екен онда биліктен не қайыр,сол үкімет адамдарыда тура осы сияқты өз арамыздан шықты ғой,демек кімге өкпелейміз. Әр бір мемлекеттің өзінің дүние танымына лайық саясаты болады,сондықтан ел мен елді салыстыру қисынсыз,ал мемлекет ОТБАСЫНАН басталатынын ұмытпайық. айтайын дегенім қырық жыл қырғын болсада ажалды өледі.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.