Шенеуніктердің жалақысын 50% қысқарту ұсынылды

10890
10
Бөлісу:

Ақтөбе басшысы Ілияс Испановтың ел алдында есеп бергеніне бір апта уақыт өтсе де, жергілікті БАҚ аталған шарада көтерілген өзекті мәселелерді әлі де талқылап жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Ақтөбе Таймс» басылымына сілтеме жасап.

«Зейнеткерлер мен мүгедектер билікті сыбайлас жемқорлық үшін айыптады. Олар қалалық әкімдік қызметкерлеріне өз наразылықтарын білдірді. Көбінесе медицина және әлеуметтік саладағы кемшіліктер жайлы айтылды», – делінген басылымдағы мақалада.

Екінші топтағы мүгедек Сәлімгерей Сәтиев көлік жолдарының нашарлығы мен дәрі-дәрмек тапшылығына шағымданды.

«Президент мүгедектерге қолдау білдіру керектігі жайында айтқан болатын. Бірақ біз бірде бір қолдау көрмедік! Бұл біздің шенділер жұмыс атқармайды деген сөз. Мен олардың ай сайын алатын жалақысын 50% қысқартып, оны медицина саласына аударуды ұсынамын. Бізде дәрігерлер тек екі сағаттан жұмыс істейді. Сапарбаев мырза, олар осы уақыт аралығында не істеп үлгереді деп ойлайсыз?» – дейді ол.

Зейнеткер Алдабергенов жемқорлықтың артып бара жатқанына наразылық білдірді.

«Менің саяжайым болды. Оны маған құрылысы бітпей тұрып сыйлады. Әжем екеуіміз бақташылықпен айналыстық. Кейін біздің саяжайымызды тартып алды. Құжаттардың дұрыс еместігін айтты. Нәтижесінде жаңа жер телімін берді. Бірақ бұл саяжай емес, адам тұрмайтын бір жер. Мен әртүрлі инстанциядан өттім, барлық жерде жемқорлық бар. Барлық жерде «Сәке-Бәке». Полицияға барсам да, еш пайда болмайды. Менің өзімді ақымақ қылады! Біздің жерімізді қайда жіберді? Кедей болғандарың соншалық, қариялардың жерін тартып алатындай дәрежеге жеттіңдер ме?» – деді зейнеткер шенеуніктерге.

Әкімдер өз кезектерінде барлық шағымды қарастырып, тиісті шараларды жүзеге асыратындарын айтты.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 10 пікір жазылған

  1. Санат Сүгірәлі 19 Ақпан, 2018 12:58 Жауап

    Міне осылай барлық жерде талап қоя білу керек. Бас шұлғып, «тәубе, шүкіршілікпен» отыра беретін, үнсіз келісімізбен билікке жол беретін заман өтті. Қазақстанда 18 миллион адамға 92 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер бар, Жапонияда 128 миллион адамға 9 мың қызметкер бар. Мемлекеттік қызметкерлердің санын азайтамыз деген сөз 2010 жылдан бері айтылып келе жатыр, сөз бар да іс жоқ. Берілген уәде ешқашан орындалмайды, оны қадағалайтын органда жоқ, Бұрын «народный контроль» дейтін ұйым бар еді, әлде сондай халықтық бақылау тобын құрамыз ба? Биліктің әрбір уәдесін жіпке тізіп, орындалған, орындалмағанын бақылап отыру керек шығар, шамасы..Қызметкерлердің санын азайтып, жалақысын сол қысқартулар арқылы көбейтуге болмай ма? Соғанда керемет бас, алғыр ми болмаса біздің биліктегі «роботтарға» осыны орындау үшін компьютерлік бағдарлама керек пе? Санын азайтып, сапасын көбейтуге болмай ма?.. Ойлан билік, ойланатын кездерің жетті! Халық енді сендердің «шалтай балтайларыңа» көне қоймас!.. Аман болайық, қазағым!

  2. санақбай 19 Ақпан, 2018 15:16 Жауап

    билік ұрлық пен жемқорлықтан , өтірік пен жағымпаздықтан қара салдырмайды еш елге оқ бойы озып шығады. ұрысұлтанның ісін жалғастырушылар одан да асып барады.

  3. Қолқоюсыз 19 Ақпан, 2018 15:31 Жауап

    Залымдыктын ен жогаргы мектебiн бiтipгендер гой,алды-артын орап,калай жеп,калай алдаудын,калай жасырудын айла-хайласын,отipiктiн майын тамызуды, жиырма алты жылда доктырлыкты коргагандай менгерiп,алаяктыктын академиктерi болып алган,коздерi майланып,сол отipiк-аныздарына кiм сенгендей.

  4. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 19 Ақпан, 2018 15:56 Жауап

    30 жыл бойы Гарвард, Кембридж тағы басқа толып жатқан шетелде басым көпшілігі байлардың, биліктегілердің балалары тағы сол халықтың ақшасына халықтан сұраусыз сайтаңдап, тайраңдап шетелде оқыды. НӘТИЖЕ ҚАЙДА, сонда олар несімен артық, сол білімдерімен не бітірді, не жаңалық ашты, халықты тығырықтан шығарып, бір Мәскеудің халқы бар Қазақ Еіліне қандай ғажап өзгерістер әкелді. Сондықтан, тағы желге ұшқан халықтың қаржысы. Өздеріне млндап тағайындап алған жалақыны биліктегілер қалай ұялмай алады екен, істегендері шамалы, сөзден іске көшер олар жоқ, бірақ зарплаталары сол қалпы, онан да есе өсіп жатыр. Ендігі, тойымсыздардың, шектен шыққандардың елімізде бірдеңе өзгертеді деудің өзі артық, ал жалақыларын олар ешқашан қысқартпайды, оған жол бермейді, халықты қайтсын олар, өздерінің қамын ойлап жүргендер 30,40,50 мың-ға әрең күндерін көріп жүргендерді, көп балалы ата-аналарды, инвалидтерді, тағы басқаларды қайтеді.Себебі олардың ой-өрісі, санасы тек өздеріне арналған, олар кетпей ештеңе өзгермейді.

    • Қолқоюсыз 19 Ақпан, 2018 19:22 Жауап

      Сол байшыкеш,чиновниксымактардын балалары кай бip жетicтipiп шет елде оку окыды дейсiн,онай келген,аспаннан жауып жаткан акшага кызык куып,немесе бip уакта бipнеше шетелдiк университтерде окып тастап,онын iшiнде казахстаннын оку орындары да бар,супергения болып,ойын-сауык курып жургендер.кай бip елдерде тунгi клубтардын мандайына ит пен казахка кipy жок деп жазган деп кулiп журген,калжын болса да осы.
      елге келе салып,жумыс орыны дайын,директор не президент немесе вице мiнicтр.гажайып омip сурiп жатыр,халык дегендi олар коздерiне де iлмейдi
      Сол кара халыктын несiбесiнiн аркасында урiп-iшiп,шайкап тогiп жургендерi каперлерiне де кipмейдi.
      тарбиелерi солай.

    • Самат 20 Ақпан, 2018 20:33 Жауап

      Оте дурыс аитасыз
      Бас басына би болган онкеи кикым мынекеи бузган жокпа елдын сикын

  5. Қолқоюсыз 19 Ақпан, 2018 21:16 Жауап

    30жыл елді кім басқарса жауап соның мойнында.Жарыса жеумен қатар әлсіз қорғаусыздың мүлкін шімірікпей тартып ала салу кең таралған,көптен бері жалғасып келе жатқан дерт.Дертті ел тез емделмесе өледі

Пікір немесе жауап жазу

5 × 2 =