Рембрандттың әйгілі «Даная» атты туындысын қайта тірілткен қазақ суретшісін білесіз бе?

1985 жылғы 15 маусымда Эрмитаждағы Рембрандтың «Даная» атты танымал кескіндемесіне біреу күкірт қышқылын құйып, пышақпен ұрып, зиян келтірген. Вандал әрекетін жасаған Литваның тұрғыны Брониус Мигис болды, ол өзінің ісін саяси әрекетпен байланысты деп түсіндірді.

Көркем өнердің ең маңызды және ең нәзік бөліктері құйылған қышқылдың әсерінен зардап шекті, бірақ мұражай мамандарының жұмысы арқасында «Даная» өмірге қайта оралды. Қазіргі уақытта Рембрандттың «Даная» суретінің өмірге қалай қайта оралғанын ешкімге мәлім емес.

Бұл туралы танымал отандық суретші, ҚР Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының иегері Бейбіт Әсемқұл жазды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі.

Үш күннен кейін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды, ол суретті одан әрі қалпына келтіру жолдарын қарастырды. Нәтижесінде шығарманы қалпына келтіріп, вандалдың іздерін жойып, Rembrandt кескіндемесін мүмкіндігінше сақтап қалу туралы шешім қабылданды. Жұмысты қайта жаңғыртуға 12 жыл кеткен, жұмыс 1997 жылы аяқталыпты.

Суретші Қайрамбаев Жұмақын Қожақынұлының айтуынша, ол 80-ші жылдары Ленинград қаласында ФПК өтіп жатқан кезі еді. Өзі оқып бітірген университеттің ректоры Еремеев хабарласып кездесуге шақырған. Кездесуде ректор Қайрамбаевқа кезінде "Данаяның" дәл көшірмесін жасағаны үшін алғысын білдірген. Оның көшірмесінінің арқасында рестовраторлардың көмегімен «Даная» екінші рет дүниеге келді деседі.

Яғни, Кайрамбаев "Данаяның" тура кейпін түпнұсқадағы көлемімен алып кішкентай детальдарына дейін дәлме-дәл көшірген. 

33 жыл өтті, Қайрамбаевты осы күнге дейін ешкім марапаттамады, қолпаштамады. Өнер сыншылары бұл жайтты білсе де, ешкім ешқашан осы өте маңызды оқиғаны жаңғыртпады.

Шындықты жазу керек. Әйгілі Рембрандтың «Данаясы» екінші рет дүниеге қазақ суретшісінің арқасында келді.

Сол үшін Жұмекеңнің ерен еңбегін бағалайық! Бәрі білсін, әлем естісін! Ол ұлы адам, осыған лайық.

Қазақ үні