"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы бойынша ұлттық комиссия отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы болып өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кеңестің жұмыс күн тәртібі мемлекеттік органдардың республикалық және өңірлік деңгейлерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі қызметінің нәтижелерін талқылау мәселелерін қамтыды.

Ә.Жақсыбеков өз сөзінде бағдарламаны іске асырудың жаңа кезеңінде осы қарқыннан танбай, келешектің айқын көрінісін анықтап алудың маңызды екенін атап өтті.

Негізгі баяндамаларды О.Оразалин, А.Балаева, Д.Абаев, А.Мұхамедиұлы жасады.

Бейнеконференцбайланыс режимінде Алматы және Атырау облыстары басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия төрағасы бағдарламаның іске асырылу барысы Мемлекет басшысының тарапынан ерекше бақылауда екеніне, сондай-ақ барлық жоспарланған жобаларды сапалы іске асырудың және олардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне тұжырымдамалық сәйкес болуының қажеттігіне баса көңіл бөлді.

Өңірлер басшыларына бағдарламаның барлық бағыттары бойынша жұмысты жандандыру, соның ішінде «Қазақстанның киелі географиясы», «Туған жер» жобаларының іске асырылуын ерекше бақылауға алу, өлкетануды дамытуға және жергілікті шығармашылық ұжымдарға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың 2017 жылғы негізгі қорытындылары

– Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиі бекітілді.

–  ҚР Үкіметінің жанындағы Қазақ тілін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрылды.

«Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде «Ұлттық аударма бюросы» коммерциялық емес қор құрылып, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық білім саласындағы әлемнің 17 үздік оқулығы мемлекеттік тілге аударылды және цифрландырылды.

– «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы шеңберінде жалпыхалықтық онлайн дауыс беру 102 жеңімпазды анықтады. Дауыс беруге барлығы 340 мың қазақстандық қатысып, өз фавориттеріне 1 млн. 376 мың дауыс берді. 2017 жылғы 1 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жобаға қатысушылармен кездесуі өткізілді.

– «Қазақстанның киелі географиясы» жобасы шеңберінде Жалпыұлттық және жергілікті киелі орындарды іріктеу және жүйелендіру жөніндегі ғылыми-сараптамалық кеңес құрылды; Жалпыұлттық және өңірлік маңызға ие нысандардың тізімі әзірленді; жалпыұлттық маңызға ие киелі нысандар бойынша 3d турлы Киелі нысандардың виртуалдық картасы әзірленді.

– «Туған жер» жобасы шеңберінде жалпы республика бойынша 700-ден астам жоба іске асырылды; меценаттар есебінен 51 млрд. теңгеден астам демеушілік көмек алынды; 735 нысан абаттандырылды және қалпына келтірілді. «Туған жер» жобасы бойынша жалпы 1438 нысан пайдалануға берілді.

– «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңінде жасалған қазақстандық мәдениет туындылары жинақталып, жүйелендірілді.

2017 жылы Париждегі UNESCO штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының таныстырылымы болып өтті. Таныстырылым шеңберінде шетелдік аудиторияға қазақстандық мәдениеттің түрлі бағыттарын айшықтайтын әртүрлі іс-шаралар өткізілді.

Отандық театрлардың, музейлердің және музыкалық ұжымдардың қатысуымен жалпы 20 шақты шетелдік гастрольдер, көрмелер және басқа да мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Халықаралық және театр фестивальдері мен орындаушылық өнер фестивалдарының 27 дирекциясымен келіссөздер өтті. Қазақстандық мемлекеттік театрлардың халықаралық фестивалдарға қатысу кестесі жасалды.

Отандық кинематографты дәріптеу мақсатында АҚШ пен Италияда Қазақстан киносы күндері өткізіліп, 7 кинокартина көрсетілді.

Үздік қазақстандық музыкалық туындыларға цифрлы форматтағы қолжетімдікті қамтамасыз ететін Dalatunes – интернет-ресурс жобасы іске асырылды. 2017 жылдың ішінде 13 мың музыкалық туынды, 1,2 мың нота және 1,7 мың аккорд жүктелген.

Жаңа талантты авторлар мен туындыларды айқындауды көздейтін Бірінші «Рух» халықаралық әдеби конкурсы ұйымдастырылды.

Республикалық және өңірлік деңгейлерде музей қорларын цифрландыру жұмысы белсенді жүргізілуде.

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде 13 700 сақтау бірлігі цифрландырылды. ҚР Орталық мемлекеттік музейінде 39 602 бірлік цифрландырылды.

Қостанай облысында экспонаттардың 24,5%, Ақтөбе облысында – 23%, Атырау облысында – 20%, Қарағанды облысында – 19%, Ақмола облысында – 18%, Маңғыстау облысында – 14,8% цифрлы форматқа көшірілді.

– Жалпы арнайы жобаларды іске асыру шеңберінде ғылыми-сараптамалық қоғамдастықпен және жоғары оқу орындары өкілдерімен жұмыс ұйымдастырылды. Барлық өңірлерде жетекші жоғары оқу орындары базасында танымал ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Сараптамалық кеңестер жұмыс істейді. 2017 жылы жоғары оқу орындары 99 ғылыми экспедиция ұйымдастырып, жұмыс қорытындылары бойынша 264 мақала жарияланды.

32 жоғары оқу орнында Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы тақырыбы бойынша элективтік курстар енгізілді. Аталған курстарды оқитын студенттердің саны шамамен 45 мың адам. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тақырыбы бойынша 292 шығармашылық және ғылыми жоба іске асырылды.

Жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары рухани жаңғырудың түрлі аспектілері бойынша 1115 диплом жұмыстары мен магистрлік диссертациялар дайындады.




Осыған ұқсас:

  1. Аида БАЛАЕВА: Авторлардың туындылары тек мемлекеттік тілден шет тілге аударылады
  2. Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасына 40 млрд теңге бөлінді
  3. Мұрат Әбенов: «Қазақстан халқы 100 нақты қадамға да, 5 әлеуметтік реформаға да сенбейді»
  4. Балғынбек Имашев Теннің өліміне қатысты: Бәріміз жақсы көреміз ғой, бірақ бұл күнде болып жатқан оқиға…
  5. Амангелді АЙТАЛЫ: Өзін сыйламаған ұлт басқаны да құрметтей алмайды
  6. 250 ТАЛАПКЕР ҰБТ-ны АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ТАПСЫРМАҚ

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.