Отандық сарапшы Назарбаевтың Қытай телеарнасына сұхбат беру себебін түсіндірді

2018 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың ең ірі CCTV телеарнасына сұхбат беріп, Қазақстан-Қытай қарым-қатынасына қатысты өз ойын білдіріп, екі ел арасындағы алдағы уақыттағы өзара ықпалдастық бағыттарын айқындады.

Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісіне  ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы Жұмабек Сарабеков мәлімдеді.

Атап айтқанда, соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық серіктестік қарқын алуда. Өз сұхбатында президент "Нұрлы жол" бағдарламасы мен Қытайдың "Белдеу мен жол" бастамасының ортақ мақсаттарына тоқталып өтті. Қазіргі уақтта Қазақстанда осы серіктестік аясында ел аумағында түрлі өндірістерді құру бойынша 51 жоба іске асырылуда.

Сұхбат барысында президент жасыл энергетика саласында қызмет етіп жүген қытайлық компаниялармен байланыс орнатулың әлеуеті мол екендігін де атап өтті. Сарабековтың айтуынша, бүгінгі таңда Қытай бұл салада әлемдегі көшбасшылардың бірі және күн батареяларын өңдеу бойынша бірінші орында тұр. Қытайдың Қазақстандағы 51 жобасының ішінде осы саладаға қатыстылары да бар.

Мысалы, Алматы облысында гидроэлектростанциясы, жел және күн электростанциялары салынады деп жоспарлануда. Тұрғын ГЭС-інің әлеуеті мол, оның энергиясы қытайлық инвесторлар көмегімен салынатын анодтық мыс өңдеу зауытына жұмсалатын болады.

Осылайша, Қазақстан мен Қытай арасындағы "Нұрлы жол" және "Белдеу мен жол" бағдарламасы аясындағы серіктестік ел экономикасын индустриаландыру және жаңғыртудағы басты аспект болып табылып, шикізат өңдеу, мемлекеттің "жасыл" әлеуетін арттыру бойынша жаңа өндіріс көздерін ашуға септігін тигізбек.

Президенттің ҚХР-дің ірі телеарнасына сұхбат беруі Пекиннің "Белдеу мен жол" жаһандық бағдарламасын жүзеге асыруда елімізге ерекше көңіл бөлетіндігін білдіреді, - деп түйіндеді сөзін сарапшы.