"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Түсіпбаева: Алагөзова тракторшы мен сиыр туралы фильм түсіре берсін, ұлттық қазынаға тиіспесін

Осыдан біраз уақыт бұрын Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзованың “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” телехикаясын сынға алған болатын. Әдеттегідей Мақсатқызы көп күттірмей өзін сынаған жанға жауап берді. Ол “Түсіпбаеваны киноға түсіруден бас тартқандықтан, маған жала жабуға тырысып отыр. Тіпті, біреудің тапсырмасымен осылай жасаған болуы мүмкін” деп ашық пікір білдірген еді.

Бұдан кейін Түсіпбаева үнсіз қалды. 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында ол алғашқы ойынан айнымайтынын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

“Мен мемлекеттің еңбек сіңірген қайраткерімін. Құдайға шүкір, елге сіңген еңбегім баршылық. Президентіміздің өзі қол қойған, ол қазір Халық артисі деген атаққа теңестірілген. Ол Баян ба, саян ба, қоян ба, бай ма, кедей ме, танымал ма, танымал емес пе – маған бәрібір. Мен өз пікірімді білдіруге құқылымын”, – деп бастады сөзін Түсіпбаева.

Әнші даудың немен аяқталғанын да айтып берді.

“Солай ғана қалды. Екі хат жазылды. Продюсер ханым оны екі әйелдің ортасындағы кикілжің ретінде шығарғысы келеді. Бірақ мәселе онда емес. Бұл ұлттық мүдде туралы мәселе.

Басты рөлде әкім орынбасарының қызы, кірпікті жабыстырып алған, ол тіпті қазақ тілін дұрыс меңгермеген. Сен Қодарға тұрмысқа шығасың десе телехикаяда: “Өзің ти”, – деп айтады екен. Қазір 21 ғасыр болса да, мен олай деп анама айта алмас едім”, – деп сынға алды әнші.

Бұдан өзге, Түсіпбаева Алагөзованың тағы бір өтірігін әшкереледі. Айтуынша, Баян Мақсатқызы өзі айтқандай қосымша көріністерде бой көрсеткен жастарға ақша бермеген. Ақшаны былай қойғанда, бір ауыз суға зар қылған, дейді ашынған әнші.

“54 миллион теңге – сіз бен біздің салығымыздан жиналған ақша. Оған жауап беруі керек. Ол кісі массовкада үш рет тамақтандырдық, ақша төледік деп айтып жатыр. Бірақ сол массовкадағы жастар маған хат жазды. Ақша түгілі, су да бермеген. Оны қопарса, әңгіме көп. Тағы да айта кетейін, Баян Алагөзова бәлкім тамаша продюсер шығар. Тракторшылар, сиырлар туралы фильм түсіре береді. Бірақ қазақ тілін жетік меңгермеген продюсер біздің ата-бабамыздан қалған ұлттық мүддеміз “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” эпосын түсіруге оның деңгейі жеткен жоқ. Егер мұны екі әйел арасындағы кикілжің деп қабылдасаңыздар, бұл сіздердің сауатсыздықтарыңыз!” – деп кесіп айтты Түсіпбаева.





29 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 13 Ақпан, 2018, 16:11

    Тусипбаева деген Ким ? Турине карасан алпыстан аскан,боянган айел сиякты. Кандай енбек синирген айел ? Ал Баянга ешкандайда енбек синирген деген атак керек емес.Баян Максаткызындай Али кыз туылган жок. Бари кореалмаушылык. Асиресе картайган,суранышы жок егде айелдер ушин.

  2. 13 Ақпан, 2018, 16:32

    Мерует Түсіпбаева

  3. 13 Ақпан, 2018, 17:03

    Адилдик деген қонақ. Сіздің Баянның атынан сөйлегенге қарағанда соның адамы екендігің көрініп тұр. Қазақта Баяндай қыз туылған жоқ деп қалай мақтауға аузың барады. Сонда байының көзіне шөп салған қатындарды қорғағың келеді екен, демек сен де сол Баян сияқты боп тұрсың ғой. Ал Меруерт Түсіпбаеваға келсек, актрисалық шеберлігі қандай керемет. Ұлтқа жанашырлығы да көрініп тұр. Оның даусы Баянның жасанды әншілерінің даусынан әлдееее қайда алда! о заманда бұл заман, Қозы-Көрпеш Баян сұлу эпосын бала күнімізден оқып өстік. оның ешқандай жерінде Баян сұлу шешесіне Қодарға өзің ти деп айтқан жері жоқ. Сонда Баян Мақсатқызы осындай, қазіргі заманға лайық өрескел сөздермен елдің назарын киноға аударам деп ойлады ма? Ия, көрініп тұр. біздің көп актерлер, әншілер қара пиар арқылы ғана танылуды армандайды. Өйткені, оларда табиғат берген дарын жоқ!!!

    • 20 Ақпан, 2018, 13:42

      Өте дұрыс! Қазақ тарихы туралы кино түсіру үшін сол ұлттың рухани байлығымен сусындап өсуі керек алдымен. Тіпті болмаса жан-жақты зерттеу керек. Бұл Меруерт айтқандай сиырлар немесе тракторшы туралы жеңіл туынды болмауы керек. Бəлкім ойлайтын шығар шошаңдап жүріп тарихты да қалай болса солай түсіре салсам көпшілікке өте береді, халық надан, не ұсынсам соны көреді деп. Бұл тілін білмеген адам он жерден талпынса да шорқақ туынды шығатынының дəлелі. Бірақ талпынғанына күмəнім бар. Бұл бизнес, миллиондаған пайда түсірсе болды қалталарына. Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін дегеннің кейпі бұл.

  4. 13 Ақпан, 2018, 17:09

    Меруертке қосыламын,Баян ол заманды қайдан түсінсін,Баянды ол заманда қәзіргі тірлігі үшін бұтын айырар еді,шариғат заңы бойынша

  5. 13 Ақпан, 2018, 17:54

    Bayan da ,,, Meruert te sau siyrdin bogi emes..

  6. 13 Ақпан, 2018, 18:09

    Du’ris aitasiz!

  7. 13 Ақпан, 2018, 19:44

    Баяндай кыз енді туылмай акта койсын,ондай кыздан Алланың озі сактасын. Куйеуін турмеге жаптырып тук болмагандай калай жур екен. Алладан корыкпайма?
    Куйеуінің козіне шоп салганы ушін бурынгы заманда тас лактырып олтіретін .
    Меруертке келсек шындыгын айттып отыр. Нагыз патриот.

    • 13 Ақпан, 2018, 20:09

      АЛЛАҺ ТАҒАЛА бәрін көріп тұр Баян Есентаева сияқтылар АЛЛАҺТЫҢ​ алдында жауап береді әлі!!!!!!! АЛЛАҺУ ӘКБАР!!!!!!!

  8. 13 Ақпан, 2018, 20:06

    МЕРУЕРТ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  9. 13 Ақпан, 2018, 21:44

    Ия, фильм өте нашар шыққан. Ұлттық менталитет әдеп пен мәдениеттен жұрдай. Мұның бәрі»госзакупканың » кесірі ғой.»Қайран елім, қазағым қалың жұртым, ұстарасыз мойныңа түсті ау мұртың»Бұның бәрі жоқшылықтың, рухни кедеиленуіміздің арқамыз.Біз қашан Өзбекістан секілді рухы биік елге айналады екенбіз???

  10. 13 Ақпан, 2018, 21:57

    Баян өз жөнін жөндеп алсын, оңбаған

  11. 14 Ақпан, 2018, 00:50

    Мынау Адилдик деген сорлы намысы жоқ біреу екен.Мақтаитын адамды тауыпты.Қазақша сөилеи алмаитын-күиеуінің көзіне шөп салып оны қаматып жəне ұялмаи жүрген əйелді сонша мақтағаны несі.Меруерт дұрыс айтады.Ақшаны қайтаруы керек.

  12. 14 Ақпан, 2018, 21:24

    Баянға сиыр туралы кино түсіруді сеніп тапсыруға болмайды. Өйткені ол сиырда қанша емшек барын біле ме екен?

  13. 14 Ақпан, 2018, 21:47

    Баян қотақбас

  14. 15 Ақпан, 2018, 00:46

    өзің қо….бас !

  15. 15 Ақпан, 2018, 10:18

    мыналар шаршатты

  16. 17 Ақпан, 2018, 22:15

    Кім болса да ұлттық нақыштан аспау керек қой. Меруерт жарайсың!

  17. 18 Ақпан, 2018, 15:51

    Баян Баян деп есиртип жибердиндер гой. Иттин етинен жек корем.

  18. 18 Ақпан, 2018, 15:53

    Соны айтам да

  19. 18 Ақпан, 2018, 16:05

    Баян Баян деп есиртип жибердиндер гой. Иттин етинен жек корем..сулу деуге ауыз бармайды, сулулыкты тусинбейтиндер айта берсин, озинин бетинен улкен очки кигенде типти курбака деуге болады. Жстарды бузып жургендердин биреуи осы,оз баласына жонди тарбие бере алмай журген осындай бейбакты неге жарнамлай бересиндер, Каншама пикир болса да 100% терис, бир оны колдап жаткан пикир жок, сонда сонша адамдар сокыр ма, акымак па, неге теевидение ( халык жаршысы) содан кортынды шыгармайды..

  20. 20 Ақпан, 2018, 01:23

    Əділдік,Тусіпбекованың кім екенін білмейсіз де, жұртқа күлкі болып жүрген ,өз атын өзі айтып жүрген «Көкек əйел»Баянды жақсы білетініңіз көрініп тұр.Сіз соның адамысыз.
    Меруерт халықтың қызы,жанашыр қызы.
    Баян ішкен -жегеніне, киген киімінен басқа мақтанарлық түгі жоқ,нағыз тайыз адам!

    • 20 Ақпан, 2018, 14:00

      Дәл тауып айттың!!! АЛЛАҺ РАЗЫ БОЛСЫН!!! Баян баян ба Баян емес – қоян!!!

  21. 10 Наурыз, 2018, 14:05

    Мен Меруерт ханымның ойына толық қосыламын себебі өз ойын ашық жеткізген. Әркімнің ойы бөлек арине, бірақ Меруерт ханымның сөздері шындық, ақиқат. Мен жеке басым Баян ханымдай ана, әйел болғым келмейді.Өйткені қылықтары ерсі көрінеді. Қазір бір ғана Баян ханым емес, өзіміздің жеңгелерімізде сол іспеттес күйде жүр. Жас болып көрінгісі келеді, арине, дұрыс та шығар, алайда басында орамалы жоқ, тылтитып шалбар киіп алып, машинаның рөлін тізгіндеп жүргендеріне мәз болған жеңгелеріміз өкінішке орай көбейіп бара жатыр.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.