"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Экс-президентті 15-ке жуық полицей шашынан сүйреп шығарды (ВИДЕО)

Киевте Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвилиді он бес шақты адам ұстады. Осы сәтті «Сулугини» мейрамханасындағы бақылау камераларының видеосынан көруге болады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Видеоны «Зрада чи Перемога» Telegram-арнасы жариялады.

Кадрдан бетперде және камуфляж киген 14 адамның ресторанға жүгіріп кіріп, Саакашвилиді жерге жатқызып қолын байлап, кейін шашынан тартып шығарғанын көруге болады.

Бұдан соң Саакашвили украиналық қаруланған топты фашистерге теңеді. Ол өзіне дөрекілік танытты деп есептейді.

12 ақпанда Украинаның шекара қызметінің арнайы өкілдері Саакашвилиді ұстап, тікұшақпен Борисполь әуежайына әкелді. Кейін Украина азаматтығынан айрылған саясаткерді Польша астанасына ұшатын ұшаққа отырғызды.





3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 13 Ақпан, 2018, 21:36

    надан қақолдар сол. осындай ержүрек азамат қазақтан шықса ғой әттең

  2. 13 Ақпан, 2018, 23:01

    Сакашвилидей ардақ тұтар азаматтар туып шықса бізде деп тілеймін.Бұл тамаша үлгі болып тұрған абзал азамат!

  3. 15 Ақпан, 2018, 11:28

    Саакашвили!!!! ӘЛЕМДІК ДӘРЕЖЕДЕГІ ЖӘДІГӨЙЛІК ПЕН НАДАНДЫҚ. АЛЖАСУ. АҚЫМАҚТЫҚ. Таң қаларлық топастықты – ұялмай-қызармай қалай ғана Алтай шырағым, өзіңнің пікіріңде жазып отырсың. Шамалы ойлансаңшы! Әлде, надансың ба? Ештеңе сезе алмайтын надан болсаң, онда кешірімді……Ол бейшара М.Саакашвили керек десең саясат – дегеннің не екенін білмейтін сорлы емес пе?!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.