"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

МАҢЫЗДЫ!!! Тек қазақша баяндама жасау Конституцияға қайшы емес

ҚР Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК директоры Рамазан Құмарбекұлы Сарпеков мемлекеттік қызметкерлердің тек қазақ тілінде баяндама жасауы Қазақстан Конституциясына қаншалықты қайшы екеніне қатысты жолдаған сауалымызға жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады», – делінген хабарламада.

Мұнымен қатар, республикадағы қоғамдық қатынастарды реттеуде мемлекеттік тілдің пайдаланылатынын жазған.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңының 4-бабына сәйкес мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Жоғарыда көрсетілгендер «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480 Заңының 60-бабына сәйкес ұсынымдық сипатта болып табылады.

Алайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі №1003 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереженің 1-тармағына, 17-тармағы 2) тармақшасына сәйкес осы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуды, оның халықаралық беделін нығайтуды қамтамасыз ету болып табылады», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 22 қаңтар күні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов жыл бойы атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп берді. Осы есеп беру шарасы кезінде аудан әкімі тек қазақ тілінде сөйледі. Оның бұл әрекеті шараға қатысушылардың кейбірінің наразылығын тудырды. Артынша наразы топтың сөзін Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев та қоштап, аудан әкіміне тұрғынның пікірін ескеру туралы ұсыныс айтты. Әлеуметтік желіде қызу талқыланған осы жағдайға қатысты қоғам белсенділері арасында сауалнама жүргізудік. Мұнымен қатар, қазақстандық заңгерлер де туындаған жағдайға байланысты заңда қандай нормалар бар екенін айтып берді.

 





17 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 13 Ақпан, 2018, 13:57

    /Жүргізудік/ емес жүргіздік шығар деп оқыдым! əріп қəтелеріңізді дұрыстап қойсаңыздар?!

  2. 13 Ақпан, 2018, 15:02

    Тек қазақша баяндама жасау Конституцияға қайшы болмаса, оны мына әкім неге білмейді, соның өзін білмейтін әкімдер қалай ел басқаруға тағайындалады. Қаншама халық айтып- айтып, жазып жатса да, ел алдында АНА тіліне деген құрметтің өзін көрсете алмаған әкім Ел басқарып отыр, бұл әкімдерді кім сайлайды, әдейі осындайларды қайдан тауып алады екен, осындай әкімдерден халыққа пайда болады деудің өзі артық…………………………………………………………….

  3. 13 Ақпан, 2018, 15:20

    Тілді құрметтемеген адам ,құрметке лайық емес,Шымкент қаласының әкімі
    болып ол қалай істейді.Масқара!!!

  4. 13 Ақпан, 2018, 15:42

    Конституция бұзғандарды шеніне қарамай жауапқа тарту керек.

  5. 13 Ақпан, 2018, 15:56

    Халық сайламаған, бірақ халықтың атынан зарплата алатын әкімдер ойлап сөйлеп, анда-санда щаңыраққа да қарап қойғандары дұрыс болар еді. Егер әкімді халық сайлаған болса, осыншама айтылған пікірден кейін мәселе басқаша шешілген болар еді. Бұл дегеніміз нені білдіреді, ашық түрде әкімдерді, президенттерді, судьяларды, тағы басқаларын ХАЛЫҚ өзі сайлайтын, таңдайтын уақыт келгенін білдіреді. Ал халықтың пікіріне құлақ түрмей, тағайындалғандар не бітірді, не қатырды, берген есептеріне қарасаң не жыларыңды, не күлеріңді білмейсің.

  6. 13 Ақпан, 2018, 18:01

    Мынау әкімнің «көкесі» болмаса мынау әкім болатын еді ме ?

  7. 13 Ақпан, 2018, 21:14

    Туған тілінен шошынған «осындайларды», қалай әкім қып қояды екен.

  8. 13 Ақпан, 2018, 21:52

    Балдыр-батпақтатып шұбар-шұбар тілмен сөйлегендерді жəне не айтқанын өздері де түсінбейтін бір сөзді қайта- қайта қайталап айтып ,орысша акцентпен сөйлейтіндер мезі етті(.)мəжілістер,жиналыстар телевизордан көргендеріміз)-осыларға айыппұл салса.

  9. 13 Ақпан, 2018, 22:29

    НЕ деген маскара казагы коп шымкалада осындаи жагдаи тиркелип жатканда баска облысты аитып некыламыз Неге мемлекетик тилге карсы шыккан сол мангуртерди сотка бермеске МАКТАГАН шымкентиктеримиз таза кор сокырлар екен намысы жоктар оншен

  10. 13 Ақпан, 2018, 22:31

    «Тек қазақша баяндама жасау Конституцияға қайшы емес» онсыз да түсініктіғой. Бір жаманы, соны адамдұрысты түсіндірмейме екен бұл министрлік..

  11. 14 Ақпан, 2018, 09:06

    Мемлекеттік тіл туралы заң қабылданатын уақыт жетті. Қазақ біткен өз-өзімен де өзгелермен де тек қазақша сөйлесуі керек. Мемлекеттік тілді білу Қазақстанның әрбір азаматының міндеті болуы шарт. Мемлекеттік қызметке қазақ тілін білмейтіндер мүлде қабылданбау керек. Осылай жасау заңға қайшы емес. өйткені заңда мемлекеттік тіл-қазақ тілі делінген. Құр сөз емес, нақты іс қажет

  12. 14 Ақпан, 2018, 09:45

    Қазақ тілі – бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, аса мыңызды фактор. Орыс тілін Конституциядан алып тастау керек. Билік осыны тез арада жасау міндетті.

  13. 14 Ақпан, 2018, 10:41

    Солтүстік өңірде қазақша-орысша баяндама жасағанды түсінуге болады, ал Шымкентке орыс тілінің не керегі бар?

  14. 14 Ақпан, 2018, 11:03

    ҚАЗАҚ ЕЛІ БИЛІГІНІҢ БАРЛЫҚ САЛАСЫНДА ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ НИЕТ БІЛДІРГЕНДЕР, ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІНДЕР АНА ТІЛІМІЗДІ- ҚАЗАҚ ТІЛІН , МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛУДІ БІЛУІН ТАЛАП ЕТІП, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛУІН МІНДЕТТЕУ КЕРЕК ДЕП ХАЛЫҚ ШУЛАҒАЛЫ ҚАШАН. ӨКІНІШКЕ ОРАЙ, 30 ЖЫЛ КӨСЕЛІП ОТЫРЫП АЛҒАН БИЛІКТЕГІЛЕРДІҢ ҚОЛЫНАН ОЛ КЕЛГЕН ЖОҚ, БҰЛ ӨКІНІШТІ ЖАҒДАЙ, ТІЛ МЕН ЖЕРДІ ҚОРҒАЙ АЛМАҒАНДАРДАН НЕ КҮТУГЕ БОЛАДЫ…………………………………………………………………….

  15. 15 Ақпан, 2018, 12:13

    «Тек казакша баяндама жасау Конституцияга кайшы емес» деген де соз болады екен-ау. Тура бир «чукот тилинде» деген сиякты огаш естиледи екен. Бул енди орыс тилинде емин еркин «с удовольствием» жасай бер, бирак анда санда казакшага да руксат» деген ангиме болды гой, солай ма? Дурыс тусиндим бе? Тилдин киеси ургырлар-ай.

  16. 15 Ақпан, 2018, 13:03

    Ұятын айтсайшы, еліне ие болаалмаған халық деп ойлайтын шығар шетел.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.