"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Астананың атын «Алаш Орда» деп өзгерту керек

«Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау» деген екен Ә.Бөкейхан. Қараөткел деп Есіл жағалауында қазіргі Астана өңірін атаған. Сауда-саттықтан бөлек, небір дүлдүл сал-серілердің өнер көрсеткен әйгілі Қараөткел жәрмеңкесі де осында орын тепкен. Әлекең Қараөткел өңірі болашақта астана болса деген арманы бүгінде жүзеге асып отыр.

Алаш арыстарының ойға алған мақсаты орындалған жағдайда «Алаш» автономиясының (мемлекетінің) астанасы ретінде Қараөткел өңірі сол уақытта-ақ қазақтың ел ордасына айналар ма еді деген ой туады.

Астананы «Алаш Орда» деп атауға негіз болар бірнеше себеп бар. Алаш – қазақтың бір атауы.

Екіншіден, қазаққа ғана емес, туыстас түрік халықтарына, оның ішінде тілдік туыстығы жағынан қыпшақ тобындағы елге ортақ атау. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ, ноғай, башқұрт, татар тәрізді туыстас елерді «Алты Алаш» деп атаған ғой. «Алаш» деп ұран салғанда бәрі де ортақ ұранға арқалары қозып, қалай біріккендерін білмей қалады деп жазады бұл туралы Алаш арыстары. Астананы «Алаш Орда» деп қойсақ, шын мәнінде түрік халықтарының орталығына айналамыз.

Үшіншіден, шет тілдерде жазылуы, айтылуы, құлақтарына қабылдануы да оңай.

Төртіншіден, тарихи негізі бар атау. Бұл жайында Аманқос Мектептегі былай дейді: «Астана» деген сөз парсының «табалдырық» деген кірме сөзі ғой. Әзербайжандар табалдырықты «астана» дейді. Жалпы, төрүк тілінде «орда» сөзі орысша «столица» ұғымын білдіреді. Мәселен, Ақорда, Көкорда, Алтынорда, Алашорда, Қызылорда, Бөкейордасы, тағысын тағы. Төрүк тілдерінде «орда» сөзіне мәндес баш[с]қала, б[п]айтақ, башкент нұсқалары бар. Бұрынрақта мен бұл туралы жазған едім. Қазақта табалдырықты басуға, отыруға болмайды деп тиымдайды. Біз ата-бабаның тиымына қарсы табалдырықты басып, табалдырықта отырмыз».

Бесіншіден, бұл атау Алаш арыстарының арманымен астасып жатыр.

Сонымен, Алаш арыстары не себептен «Алаш» сөзін автнонмия (болашақ мемлекет) атауы ретінде бекітті?

Алаш ұраны мен Алаша хан есімдерін бөрі төтемімен байланыстыршуы ғалымдарымыздың бар екенін айтқан жөн. Әрине, көне түріктердің түп бабасы Ашина туралы аңыз бен Алаша хан жайындағы аңыздар арасындағы үндестікті аңғармай қалу мүмкін емес. Жошы хан мен Алаша хан кесенелері Ұлытауда бой көтерген. Қазақтың «Алтын Орданың» мұрагері екендігін бұл да бір әйгілеп тұрған нақты дерек емес пе? «Алаш» – қырғыз, қарақалпақ, ноғай, өзбек сынды көшпелі туыс халықтарға да ортақ ұран. Алаш қайраткерлерінің «Алаш» атауын қайта тірілтуінің астарында үлкен идеологиялық саясат жатқанын бағамдау қиын емес. Ол Алаш туы астына «Алтын Орда» құрамында болған Дешті-Қыпшақ даласындағы туыстас түрік халықтарын біріктіріп, тарихи әділеттілікті орнату. Көрнекті алаштанушы ғалым С.Аққұлының жазуынша, «Алаш Орда» атауының Шыңғыс хан құрған Алтын Орда империясымен үндес болуы кездейсоқтық емес. «Алаш республикасының жоғары атқарушы билігінің атауына оның құрылтайшылары өздерінің түпкі мақсатын, «Алаш мемлекеті» не «империясы» деген ұғым, мазмұн берді: «Алаш» – біріккен түркі халықтарының атауы, «Орда» – «Мемлекет» (не «Империя»)» тап басып жазады ол. XIX ғасырдағы көш бастаған ірі қайраткерлеріміз автономия атауын «Қазақ» деп атамай, «Алаш» деп кең ауқымда алуының сыры осында еді. Біздіңше, түрік халықтарының барлығын емес, Қыпшақ даласындағы туыс халықтарды біріктіру идеясы өте маңызды еді. Қарақалпақ, қарашай, қырғыз, башқұрт, ноғай, татар халықтары түрік тілін тазарақ сақтаған әрі қазаққа өзге түрік тілдестермен салыстырғанда өте жақын ұлттар. Репрессия мен ашаршылыққа дейін Орталық Азияда ең іргелі, қалың отырған ел қазақтар болған себепті, аз санды туыстас ұлттарды қазаққа қарату, оларды бір шаңырақ астына ұйыту бір кездегі ортақ ұран болған Алаш атауымен ғана мүмкін еді. «Алаш» деп ұран тасталғанда қазақ қана емес, қыпшақ тілі тобына жататын туыстардың кез келгені арқаланып, бірігіп жауға тура ұмтылатыны тарихи деректерде таңбаланған.

Арман Әубәкір, 

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының PhD докторанты





29 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 12 Ақпан, 2018, 16:13

    Арман мырза, айтқаныңыз өте орынды-ау және көңілге қонымды. Бірақ секемшіл атаң қорқады ғой. Қорықпаса тәуелсіздік орнағанына 26 жыл толғанша Павлодар мен Петропавлдың атын өзгертпес пе еді? Өскенмендегі әкім орыс қатын орынды мәселе көтерген қазақ журналисін қудалар ма еді? Әйтпесе, орыс тілінен саналы түрде бас тартып жатқан Украина, Армения сияқты мемлекеттерден қай жеріміз кем? Әрине, кеміс жеріміз көп. Солардан ең бастыларымыздың бірі- жалтақтық, қорқақтық. Екінші, Отан сүйгіштік қасиетіміз бен патриоттығымыз жоғарыдағы ұлттардан әлдеқайда әлсіз. Үшінші, әйел, бала-шағаның алдында дәрменсізбіз. Олар қазақ тілін татып алмайды, яғни менсінбейді. Ал оларға қазақы тәрбие беріп, қазақ тілін үйрен деп айтуға шамамыз келмейді. Өйткені, оларды осындай мәңгүрт етіп тәрбиелеуге өзіміз себепші, тіпті бастамашы болдық. Енді әйел, бала-шаға бізге ерік бермейді, билетпетпейді. Кетісі кетіс. Оны тойтаруға бүгінгі қоғамның шамасы да келмейді, мүмкіндігі де жетпейді. Енді өзі жаққан отқа осылай өзі жылынудан басқа жол жоқ. Сондықтан сіздің де иегіңіз қышымасын.

    • 13 Ақпан, 2018, 14:56

      Тарихта астанасын 4 қалаға көшірген, бірінші астанасын басқа елге беріп қойған бізден басқа халық жоқ шығар.Астана атауы
      уақытша,дайындап қойған атау бар сияқты.Қазақтың бұндай жалтақтығымен астанамыз әлі қанша өзгерерін бір AЛЛАҺ біледі.

  2. 12 Ақпан, 2018, 16:17

    Жақсы бастама деп санаймын. Еліміздің АДАЛ ДА, АБЫРОЙЛЫ АРЫСТАРЫНЫҢ құрметіне «Алаш Орда» деп өзгертілсе керемет болар еді, Қазір болмаса да, келешекте болады деп үміттенейік. Астананың атын өзгерту жайлы тыным таппай жүргендер Арман мырзаның ойы мен ұсынысын қалай қабылдайды екен, бірақ олар ҚАЗАҚТЫҢ АСЫЛ ДА, ҚАСИЕТТІ, ҚАЗАҚТЫҢ ҰРАНЫНА айналған «Алаш Орда» – ны ауыздарына да алған жоқ. Арман, айтылған пікіріңіз бен ұсынысыңыз есі барларға ой салмай қоймас. 100, 1000 жылдар, ғасырлар өтсе де, ЕЛІНІҢ, ЖЕРІНІҢ, ХАЛҚЫНЫҢ есінде, жүрегінде МӘҢГІЛІККЕ орын алған БАБАЛАР мен АРЫСТАР, МЫҢ АЛҒЫС СІЗДЕРГЕ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  3. 12 Ақпан, 2018, 19:04

    Ешкандай калалардын атын озгертпеу керек. Тарихты бурмалау деп тусинем. Жана кала салайык,соны Алаш деймизбе Нурик деймизбе ериктерин билсин. Биреудин ойына некелсе соны айтып ,колдап кетемиз.Караоткел,Акмолинск,Целиноград,Акмола,Нурсултан енди Алаш Орда. Тарихымызга обалгой. Подхалим депутаттардын жумысы сондай. Ал сиздерге неболган. Келеси урпакка кулаки болмайык.

  4. 12 Ақпан, 2018, 19:06

    Жаксы атаудын бары озгерер, озын озгере алмасан пайда не ? Менын ойымша ат озгергеннен тусер пайда шамалы тыпты жок десе де болады. …?

  5. 12 Ақпан, 2018, 19:29

    Саған бәрібыр

  6. 12 Ақпан, 2018, 19:44

    Аитпандар тжлардин журеги жарилип кетер

  7. 12 Ақпан, 2018, 21:14

    Саган барыбырге : Халыктын жартысы самозанятый болгандада дымынды шыгармадын емеспе енды не, адам екенын есыне тустыме ? Кысы болып, ер жетып калыпсынгой ? * Пэтриот * ты долбаный.

  8. 12 Ақпан, 2018, 21:29

    АЛАШ ОРДА – өте жақсы естіледі!
    Алты АЛАШТЫҢ құрметіне АСТАНАНЫҢ атын АЛАШ ОРДА деп қойған дұрыс деп ойлаймын!!!

  9. 12 Ақпан, 2018, 22:23

    Армандай берейік. Фурманов даңғылы сияқты, бір күні «миллиондаған халықтың қоймай-қоймай сұраған, тілеген тілектері» бойынша Астана – Нұрсұлтан қаласы боп шыға келеді.

    • 13 Ақпан, 2018, 00:26

      Жер-Су аттарына тарихи атауларын беру керек.Бұл жөнінде халықтан-ҮНДЕУ, ҮКІМЕТТЕН-қолдау керек.

  10. 13 Ақпан, 2018, 10:26

    Алаш Орда атауын қимаса Ақмола болсын.(тарихқа қиянат жасамайық дегендердің құлағына алтын мырға).Ақмола – тарихи атау.Мола – қала немесе үй деген мағынаны береді.Сонда Ақ үй боп швғады.Астанамыз Астана дегеннен жақсы ғой.

  11. 13 Ақпан, 2018, 11:04

    ҚОЙЫҢДАР ДЕЙМІН, СІЗДЕРГЕ. ӘЛЕМ ЖҰРТЫНАН ҰЯТ БОЛАДЫ. «ҚАЗАҚТАР, АТ ҚОЙҒЫШ ЕКЕН, АСТАНАЛАРЫНЫҢ АТЫН 26-ЖЫЛ БОЙЫ ІЗДЕП ЖҮР» – ДЕП КҮЛМЕЙМЕ. АТАУ ӨЗГЕРТКЕН КЕЗДЕГІ ЖҰМСАЛАТЫН ҚАРЖЫНЫ АЙТПАҒАННЫҢ ӨЗІНДЕ. ҚОЯ-ҚОЙЫҢДАРШЫ, АЙНАЛЫП ҚАНА КЕТЕЙІНДЕР. КЕЛЕЛІ, ХАЛЫҚҚА ТІКЕЛЕЙ ПАЙДА ӘКЕЛЕТІН ІСТЕРМЕН АЙНАЛЫСЫҢДАР, ОДАНША.

    • 14 Ақпан, 2018, 00:01

      Қазақша сөйлеп алсаңыз жітілеп латыншаға ауса қазағымыз қазақ ұлтының болашағын күдікпен қарауымыз азаяды деп ойлаймын қаланың атын ауыстырудан көрі жүректі ауыратын шаруа көп петропавл мен повладар ауыстыру керек

  12. 13 Ақпан, 2018, 11:14

    Ардақ, шырағым, сырға ма? Әлде, мырға ма? Қайтадан Ақмолаға ауыстыру – жоқ дегенде ақымақтық! Астана – болып қала бергені дұрыс. Қаржыны қаланың атауын 15-жыл сайын ауыстыруға шаша беру, дұрыс болмайды. Астана – атауы халықаралық байланыс, аэропорттар мен почта байланысы, метрология мен сертификация, картография агенттіктерінің реестрлеріне енген атау. Бұл ұйымдардағы атауды өзгерту, қалалық әкімшіліктегі мөрді ауыстыру емес. Ақымақтықты тоқтату керек. Қыруар қаржыны құр далаға шашпай. Онсыз да есепсіз шашылып жатырмыз..

  13. 13 Ақпан, 2018, 12:15

    Өзгерткіштер
    Петропал мен Павлодарды өзгертіңдер

  14. 13 Ақпан, 2018, 15:38

    Астананын атын коярда басында кайда журдиндер.Енди тустен кейин бален халык табалдырык дейди екен деп. Ар халыктын оздеринин танымдары бар емеспа болек .Астана – атауы адеми,

  15. 13 Ақпан, 2018, 15:56

    Алашорданың негізі қаланған – ұлы бабалар туған жер – Семей аймағында – Алашорда облысы құрылса – рухани астана болар еді…

  16. 13 Ақпан, 2018, 18:00

    Өте өте өте Дұрыс АЛАШ-ОРДА

  17. 14 Ақпан, 2018, 15:31

    Осындай пікір талас үкіметте парламентте неге өтпейді.БҰРЫШ БҰРЫШТА КҮҢКІЛДЕГЕННЕН ТҮК ШЫҚПАЙДЫ.ƏЛДЕ ХАЛЫҚТАН ӨКМЕТ БӨЛЕК ПЕ.

  18. 14 Ақпан, 2018, 23:13

    осы алаш ордашылардың көбісі төре тұқымылары сыяқты

  19. 15 Ақпан, 2018, 10:23

    нуротардагылар не аитар екен колдаимекен .

  20. 17 Ақпан, 2018, 22:41

    Сорлылар одан басқа жұмыстарың жоқпа иттер

  21. 11 Наурыз, 2018, 00:11

    Ешқандай қала аттары өзгермеу керек,қалай аталады солай қалу керек!

  22. 20 Наурыз, 2018, 22:44

    Астананың аты, болашақта бәрібір, Алаш Орда болып өзгертіледі. Оған еш күмәндәріңіз болмасын.

    • 25 Наурыз, 2018, 09:12

      Әлгі Мәдиді далада атып кеткен, алаш-ордама?
      Ақын Мәди халық есінде бәрібір қалды, ал алаш орданы ақтап мақтауда.

  23. 29 Наурыз, 2018, 09:53

    Мен Астананы Алашорда деп атауды жан-жүрегіммен қолдаймын!
    Алаш тарихын жас ұрпақтын санасына сіңірудің басты бір жолы. Алашорда деп асқақ сезіммен айтуға болады. Шетелден келгендерде Алаш туралы бірден білетін болады. Алаш қайраткерлері Алашорда атауы арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп, мәңгі жасайтын болады. Қысқасы Алашты насихаттау, дәріптеу астанадан басталатын болады

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.