Назарбаев халықтың ақшасын жаппай ұрлағандар туралы айтты

Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында "мемлекет пен халықтың ұрланған ақшасы" жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Дельта банк" лицензиясынан айырылды, кредиттердің 100 пайызына жуығы банк акционерінің қоластындағы компанияларға берілді. Ал банк есебінде бұл көрсетілмеген және тексерістерден кейін ғана анықталды. Бұл банктің 60 пайыз жауапкершілігінде мемлекеттік сыңайлы құрылымдардың есепшоты болды. "Банк РБК" 90 пайыз кредитін төртінші заемшілерге берген, олар не банк акционерлері, не байланысы бар адамдар", - деп баяндама жасады Данияр Ақышев.

"Бұл істі қашан қоямыз? Әблязов басшылық еткен "БТА Банкінің" халықтың ақшасын жаппай ұрлап жатқаны барлығының көз алдында. Әлем бойынша мұның мемлекеттен нағыз ақша ұрлау әрекеті екенін дәлелдеп шықтық. Қазір ше? Банк аштық, онда адамдар сеніп барды, енді сол акционерлер ақшаны алып кетіп жатыр, Ұлттық банк болса қарап қана отыр", - деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, кеңейтілген отырыс үкімет ғимаратында өтіп жатыр. Назарбаев отырыстың жоспары мен баяндамалардың кезегі жайлы айтып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа сөз берді.

"Қазақстан соңғы 10 жылда сыртқы әсер мен әлемдік турбуленттiлiктің қысымында болды. Бұл еліміздің тез арада түбегейлі өзгеруі үшін ауыр кезең болды, дегенмен бұған еліміз сіздердің уақтылы қабылдаған шешімдеріңіздің арқасында жетті", - деді Сағынтаев Президентке. Сондай-ақ, Сағынтаев еліміздің өткен жылдардағы жетістіктерін атап өтті.