Назарбаев халықтың ақшасын жаппай ұрлағандар туралы айтты

2218
15
Бөлісу:

Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында «мемлекет пен халықтың ұрланған ақшасы» жайлы пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Дельта банк» лицензиясынан айырылды, кредиттердің 100 пайызына жуығы банк акционерінің қоластындағы компанияларға берілді. Ал банк есебінде бұл көрсетілмеген және тексерістерден кейін ғана анықталды. Бұл банктің 60 пайыз жауапкершілігінде мемлекеттік сыңайлы құрылымдардың есепшоты болды. «Банк РБК» 90 пайыз кредитін төртінші заемшілерге берген, олар не банк акционерлері, не байланысы бар адамдар», – деп баяндама жасады Данияр Ақышев.

«Бұл істі қашан қоямыз? Әблязов басшылық еткен «БТА Банкінің» халықтың ақшасын жаппай ұрлап жатқаны барлығының көз алдында. Әлем бойынша мұның мемлекеттен нағыз ақша ұрлау әрекеті екенін дәлелдеп шықтық. Қазір ше? Банк аштық, онда адамдар сеніп барды, енді сол акционерлер ақшаны алып кетіп жатыр, Ұлттық банк болса қарап қана отыр», – деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, кеңейтілген отырыс үкімет ғимаратында өтіп жатыр. Назарбаев отырыстың жоспары мен баяндамалардың кезегі жайлы айтып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа сөз берді.

«Қазақстан соңғы 10 жылда сыртқы әсер мен әлемдік турбуленттiлiктің қысымында болды. Бұл еліміздің тез арада түбегейлі өзгеруі үшін ауыр кезең болды, дегенмен бұған еліміз сіздердің уақтылы қабылдаған шешімдеріңіздің арқасында жетті», – деді Сағынтаев Президентке. Сондай-ақ, Сағынтаев еліміздің өткен жылдардағы жетістіктерін атап өтті.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 15 пікір жазылған

  1. Мақсат 9 Ақпан, 2018 19:08 Жауап

    Жаппай ұрлаған ба? Сонда,жаппай ұрлаған ия!!!!!Есікті кім жаппай кеткен?

  2. Қолқоюсыз 9 Ақпан, 2018 23:02 Жауап

    Біздің елбасымызға енді жеткен бе? Момын халықтың ақшасын жеп жатқан банктер ғана емес атқа мінерлерде, жумыс берушілер де тонап жатыр емес пе? Халықтың сабырлығы мықты ғой, Аллам осы сабырлықтан, тыныштықтан айырмасын.

  3. Мен қазақ 10 Ақпан, 2018 12:48 Жауап

    Әсіресе, банктің нағыз сыбайластары: «жеңіл ақша», «жылдам ақша», «легкий кредит», «быстро кредит» секілді қоңыздар жұтып жалмауда. Осыған тоқтау бола ма? Әрине жоқ!! Оның соңында БЕЛГІСІЗ алпауыт тұр! Кім ол?

  4. Қолқоюсыз 10 Ақпан, 2018 13:25 Жауап

    ии,бурлактар,бес-алты кредиттiн камытын мойынга iлiп алып,агыска карсы тартып барасындар.
    онын кызыгы мен шышыгын кiмдер коруде.

  5. Қолқоюсыз 10 Ақпан, 2018 22:26 Жауап

    Крымчик Кучер таза жұмыс істеп жатыр, баяндамасын орыс тілінде дайындап келіпт, өте крутой екен ему удобно на русском.

  6. Дәулет 11 Ақпан, 2018 00:46 Жауап

    Анау мұнай-газ, сауда… жағындағы миллионерлер мен миллиардерлердің қалай байығандарын қашан айтады? Мысалы, қайсысы мұнай көзін іздеп тапты, қайсысы мұнай өндіруге жаңалық енгізді, қайсысы мұнай өңдеудің тиімді жолын тапты? Қай саладағы болсын миллионер-миллиардерлер (саны жүзден асады) ғылыми жаңалық енгізген емес, бірақ шылқа байи түседі жыл сайын. Бір үйде байы мен қатыны қатар миллиардер барын білмейді-ау. Халықтың ақшасын вагондап ұрлап жүргендердің көзге түспейтіні «жұмбақ». 1,5 миллиард халқы бар Қытайдағы байлардың саны 18 миллион халқы бар біздегіден 10 есе аз болар. Өйткені ол елде ұрлық біздегіше ашық бәсекеге айналмаған. Иә, біз ұрлықпен баю жағынан әлемде елу, отыз елдің ішінде емес, алдыңғы үштікте шығармыз.

    • найзағай 27 Ақпан, 2018 15:39 Жауап

      Ол жабулы қазан жабулы күйінде қалар… Президенттігі түк те емес, Қауіпсіздік Кеіңсінің Төрағасы дегенді ойлап тауып, қолына мықты әскерді алып дүрілдетпек, елді дірілдетпек…

  7. Арлан 13 Ақпан, 2018 09:48 Жауап

    Соны жаңа біліп отыр мекен? Тонау, ұрлау, пара алу күндегі әдет болып кеткен жоқ па?

    • найзағай 27 Ақпан, 2018 15:33 Жауап

      Өзі жалмап ап, қарнын қасып, аузын жеңімен сүртеді. Одан барып Қытайдан алды, 22 миллиард доллар мұздатылды, қаншама ақша желге ұшырылды, хал.шаруашылығының барлық салаларын құртып, елді жұмыссыз есуасқа айналдырды. Жоспарлары құлаққа ілген қиял-кеспе де әлі келешектегі алданыш өмірді аңсап таусылып біттік… Құдай-ау, жаппай жұмыссыздық! Көзін құртып кетпей ме, безермей, сазармай… Салған зауыттарының бәрі тапсырыла сап, тоқтайды – спектакль… Пенсиясына шығып шалжисашы, шал… мал құрлы ақылы болсашы, өмірбақилық билікті қақимай…

  8. Қолқоюсыз 19 Ақпан, 2018 13:43 Жауап

    Орыссия тузейды, Грудинин келсе патша тагына, оларга карап бызде тузеп аламыз. Муздай кылып.

Пікір немесе жауап жазу

он жеті − алты =