"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Назарбаев министр Дүйсеноваға: Тамара, жұмыстан шаршадың ба?

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев медициналық сақтандыру мәселесін көтерді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды кейінге шегеруге тура келді. Себебі өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды заңдастырып, ресми түрде тіркеу керек. Олар салық төлемейді, зейнетақы жүйесіне қатыспайды. Былайша айтқанда, «көлеңкеде» жүр. Мен осыны бес жыл бойы айтып келемін. Нақты тапсырмалар да бердім. Алайда ол азаматтармен ешкім тығыз айналысып жатқан жоқ. Министр Дүйсеноваға (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – авт.) да талай рет айттым. Не болды? Тамара, ал айтшы? Әлде шаршадың ба мына жұмыстан?», – деді Н.Назарбаев.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, осы уақытқа дейін өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерді анықтау жұмысы атқарылды. Қазақстанда 2,7 млн адамның нақты әлеуметтік мәртебесі жоқ болып шықты. Олардың ішінде жұмыссыздар да бар. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендердің ішінде тіркеуге тұрмаған кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмысшыларды заңдастыру қажет.

«Ең бірінші, «өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар» деген кімдер? Осыны анықтап, заңға енгізу керек. Себебі әркім әрқалай түсінеді. Соның нақты анықтамасын беру керек», –  деп атап көрсетті Т.Дүйсенова.

Министрдің сөзіне қарағанда, соңғы бес жылдың ішінде жұмыспен қамту бағдарламалары аясында 500 мың адам жұмысқа тұрып, әлеуметтік жарналарын төлеп жатыр. Алайда бүгінде «көлеңкеде жүрген» кәсіпкерлерді заңдастыру қиынға соғып жатыр. Себебі Салық кодексінде «700 мың теңгеден төмен табысы бар кәсіпкерлерге тіркеуге тұру міндетті емес» деген норма бар. Осыған байланысты өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген кәсіпкерлерді тіркеудің өзге тәртібі әзірленіп жатыр.





15 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 9 Ақпан, 2018, 16:26

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өте өте бардак және облыстардағы басқармалары бардактың бардагі ол ешқандай тәртіп иман шындық жоқ. Орталыққа, облыстарға ТАЗА, ШЫНШЫЛ, ИМАНДЫ, ҚҰДАЙДАН қорқан басшылар келмесе ешщқандай жұмыс болмайды, Жастар жұмыссыз жүр.

  2. 9 Ақпан, 2018, 17:47

    ЖАЛҒЫЗ ТАМАРА ҚАЛАЙ ОНЫ АНЫҚТАП,ИГЕРЕДІ?БҰЛ ІСТЕРГЕ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ГАЗЕТ ЖУРНАЛИСТЕРІН ЖҰМЫЛДЫРУ КЕРЕК ҚОЙ.

    • 9 Ақпан, 2018, 21:52

      Бардак-бардак болса,қолыңнан келсе атқарыспаймысың.Одан өзге министрліктерде,я елде бардак жоқтай.Бір адам,я бірнеше адам жөнге салар болса,әлдеқашан ұшпаққа да жетпес пе едік.Әрі,әлеуметтік сала да а/ш саласы сықылды ең ауыр сала.Тамара сықылды жұмыс жасап алсын алдымен.

  3. 10 Ақпан, 2018, 00:22

    Ел бастының өзі домалақ жер шарын кезіп, көрінгенмен «дос» болып, Алланың ісіне ортақтасып, «бибітшілік орнатып», мұрнын тықпайтын жерге қыстырылысып, болмаса тойдан той жасап, ит пен құсты елге шақырып, қалталарын ақша тыққыштай бергенше, одан да сол министрлерді өзі ұйымдастырып, өз елінде шаш етектен қордаланып қалған проблемаларды бірігіп шешпеді ме? Жұмыс жасамай, құр бос сөзді сапыра беретін президенттің біздің елге не қажеті бар? Аблязов айтқандай, президент деген қаңғыбастық лауазымды жойып, бізге күнделікті халықтың проблемасымен айналысатын, заң шығарушы парламенттің шығарған заңымен жұмыс жасайтын премьер-министрлік лауазым жеткілікті. Он сегіз миллион халықты отыз жыл бойы алдап-сулап, аузындағы нанына дейін тартып алып, тонап, бір мемлекеттің байлығының бәрін бауырына басып алып, керегінше желге ұшырып, еңбекақысын талап еткен халықты автоматпен ататын президенттен құтылмасақ көзіміз ешқашан ашылмайды. Енді міне, жұмыссыздарды да тонамадың деп, заңсыз белден бір-ақ басып, менің айтқанымды істемедің деп, министрді орнынан алып жатыр. Бас басына би болып, жергілікті жерлерде білгендерін істеп, Рахат Әлиев пен Болат інісінің қылықтарын қайталап, біреулердің бизнестерін тартып алып, рекетерлық жасап жатқан әкімдердің тағайындап қойған адамдарына бір министр-қатынның әлі қалай келеді? Мен президент болсам, ел тонап, той-тойлап, әлемді аралап, құр босқа қаңғығанша күнделікті болып жатқан бардактармен айналысар едім.

    • 10 Ақпан, 2018, 10:17

      кышыма котырларын касып-касып,сояудай тырнактармен
      жараларын тырнап жiбердiнiз.
      адал басшы болып,бip кiciдей жумылдырмаса,ай,кайдам.
      бip катын немесе бip еркектiн колынан келмес.

    • 18 Ақпан, 2018, 12:10

      Дәл солай.әкімдер тонушылар

  4. 10 Ақпан, 2018, 10:20

    кышыма котырларын касып-касып,сояудай тырнактармен
    жараларын тырнап жiбердiнiз.
    адал басшы болып,бip кiciдей жумылдырмаса,ай,кайдам.
    бip катын немесе бip еркектiн колынан келмес.

  5. 10 Ақпан, 2018, 10:36

    Үкіметтің, биліктің қолынан ке лмегеніне «стрелочник» табылды! Алақай!!! Бəріне Тамара кінəлі! !!! Жаңа министрге сәттілік!!!

  6. 11 Ақпан, 2018, 00:07

    Шіркін , осы сұрақты , сұрақ қойыушыға қойса ғой ???

    • 11 Ақпан, 2018, 03:24

      «Сұрақ қойушы» ешкім сұрап үргірместен, бұл сұрақтың жауабын баяғыда-ақ беріп қойған. Ол бұл «жұмыстағы» орындыққа отырудан «кайф» ұстайды екен да. Оның «кайфын» Аблязов бұзамын дейді ғой.

  7. 11 Ақпан, 2018, 15:33

    ренжімеңдер ағайындар Тамара ханым әркімнің қабағына қарап нағыз ҚАЗАҚтың ержігітерінің жасай алмаған жұмсын жасады оны түгел ел біледі таза АНА-тілінде ,сосын орыс-тілінде , НАЗАРБАЙДЫҢ немересі неге оны неге лақтырды түк түсінбедім

  8. 11 Ақпан, 2018, 21:29

    сосын неге Елбасы шаршадыңба деп сұрау қойды нақты неге олай не үшін айтқанын мағнасын кім түсіндіріп береді жік-жігі менен егер сауаты ағайындар болса ?

    • 12 Ақпан, 2018, 19:33

      Самозанятыйды кым ойлап тауып, туып, дуниеге, мугедек баланы акелды, сол тапкышбек гуламалар неге жауап бермейды, неге Тамара жауап беруы керек, 30- жылдай халыкты самозанятый
      статусымен иттей кылып, шындыгында олар жумыссыздар болатын, енды олген мысыктын барлыгын Тамаранын мойнына ыле салдыма ? Осындай
      бетсыздык бызде гана болатын шыгар.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.