"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Ералхан ӘБІШ: «Қазақ үні» араласқасын «Астана банкі» қағаздарын қазақша жаза бастады

Жақында «Қазақ үні» ұлттық порталында белгілі әнші Ералхан Әбішпен сқхбат жарияланған еді. Аталмыш сұхбатта танымал әнші Астана банкінің мемлекеттік тілге немқұрайлы қарағанын қатаң сынға алған болатын.

Кеше ғана Ералхан мырзадан «Астана банкінде бүгін болдым, «Қазақ үні» ұлттық порталындағы 2-ақпан күнгі «Мемлекеттік тілді менсінбейтін құлдардан қашан құтыламыз?!.» атты жарияланымнан кейін барлық қағаздарды қазақша жазып қойыпты. Ортақ жеңісіміз құтты болсын!» деген қуанышты хабар жетті. Әрбір сыннан осындай нәтиже шығар болса, қазақ тілі азат тілге айналар күн де алыс емес…

Еске сала кетейік, танымал әнші Астана банкінің орысша қызмет көрсетіп, барлық іс-қағаздар мен жарнамаларын тек орыс тілінде жүргізетінін айтқан болатын.





13 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. admin Author 8 Ақпан, 2018, 21:07

    Ералхан ӘБІШ: «Қазақ үні» араласқасын «Астана банкі» қағаздарын қазақша жаза бастады

    https://www.qazaquni.kz/2018/02/08/81284.html

  2. 8 Ақпан, 2018, 23:41

    Эээ енді не болды-Простой Банк болып қалатын болды ғой.Бастық сымақтар простой қазақ болып қалатын болды ғой.

  3. 9 Ақпан, 2018, 08:21

    ҚАЗАҚ ҮНІ, ЖАСА! Мемлекеттік тілді менсінбейтін құлдар мен мемлекеттік тілді оқуға миы жетпейтін министрлерге, тағы басқаларына ҚАЗАҚТЫҢ АНА ТІЛІНІҢ ҚАДІР, ҚАСИЕТІН, МӘРТЕБЕСІН, АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТЫП ЖҮРГЕНДЕРІҢІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  4. 9 Ақпан, 2018, 10:40

    Қазақтың крутойлары орыс болады деген бар

  5. 9 Ақпан, 2018, 21:02

    Қазыбек көке араласса нəтиже шығарады.

    Қазақтың үні жаңғыра берсін.

  6. 9 Ақпан, 2018, 22:32

    Тіл үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға мың алғыс!

  7. 10 Ақпан, 2018, 10:41

    Иə, өстіп-өстіп қазақ тілі БҰҮ тілі болып шығуына ат салысу керек!

    • 10 Ақпан, 2018, 11:18

      БУУ не тенiм,жер жузiндегi жиырма-жиырма неше миллион казагынды шарпысанда жетер.

  8. 10 Ақпан, 2018, 14:53

    Қуантарлық хабар. Кеше ғана осы мәселе туралы ойладым… Қазақ тілі қатар жүруді талап, қаншалықты дұрыс екен? Өйткені, бұл аударманы ғана мензейді. Ал, ақпарат сол күйі, жат тілінде. Көбіне бұл жағдай тілдің нормаларын сақтау үшін жетпейді.
    Ақпарат әу-бастан қазақ тілінде шығу үшін қандай шара қажет екен? Керісінше, қазақшадан өзге тілдерге аударылатын етіп тәртіп қалай орнатуға болады екен? Мүмкін мемлекет бұл бағыт, қазақшадан -өзге тілге аударма үшін кепіл, қаражат шығарса, тіл проблемпсы ретіне келер еді ма?

  9. 13 Ақпан, 2018, 07:44

    «Қазақ үні» газеті тіл ғана емес, көптеген елдік шараның ұйтқысы, әділеттің жанашыры болды.

  10. 13 Ақпан, 2018, 07:45

    «Қазақ үні» газеті тіл ғана емес, көптеген елдік шараның ұйтқысы, әділеттің жанашыры болды.

  11. 15 Ақпан, 2018, 22:09

    Ералхан азамат. Өз басының қадырын түсірмей сыйлата білуі басқаларға үлгі болсын.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.