"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Серік АҰҚСҰҢҚАРҰЛЫ: Түбіме сен жетіп жүрмеші, біреудің әйелі…

Біреудің әйелі…
Көзінде нұр тұнып,
Тұрады құлпырып,
Жүреді құлпырып!

Соларды көргелі көңілде хошым жоқ:
Фейсбукте тұрады «досың» боп!
Өтірік!
Ойнайды еркекпен ол әлі,
Әлемді әлеуметтік желімен шолады!
Дос деген болмайды сұлуда,
Болса– тек күйеуі болады…

Дидары– Күн,
Ай–өңі–
Біреудің әйелі!
Құдай-ау, не деген әдемі!
Қашан бұл бітеді, о, сұмдық,
Әдемі әйелдің әлегі?!.

Көзінде нұр тұнып,
Тұрады құлпырып,
Жүреді құлпырып!
Мен түгіл, қарайды,
Дүние ішінен бір тынып…
Ұмтылып!..

Әйеліңнен де–әдемі!
Дидары– Күн,
Ай–өңі!
Бір күні түбіме сен жетіп жүрмеші,
Біреудің әйелі…

Серік Ақсұңқарұлы





17 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 8 Ақпан, 2018, 17:51

    Күшті екен!!!

  2. 8 Ақпан, 2018, 20:47

    Керемет! Недегенәдемі,теңеулер! Пәлі! Әрқашан шығармашылық табыс тілеймін.

  3. 8 Ақпан, 2018, 21:02

    Бipeyдiкi бipeyге кыздай корiнер деген.

  4. 8 Ақпан, 2018, 21:49

    біреудің қаңсығы біреуге таңсық . жетіскен екенсің !

  5. 8 Ақпан, 2018, 23:54

    Өз жұбайы бола тұрып,реңі тəуір еркек көрсе қылмыңдап,майысып,көзін сүзіп қырық құбылатын балалы-шағалы əйелдерді көргенде сұмдық жиреніш сезімі туындайды.Бүкіл əлем сайқал көрінеді ондайда.Сөйте тұрып ері жоқ біздейлерді сан-саққа жүгіртіп өсек қылатынын қайтерсің.Мына алдамшы дүниенің бетіне былш еткізіп түкіргің келеді сол сəтте.

    • 9 Ақпан, 2018, 08:39

      Онын беты адамнын озыгой, ягни сенын озынсын, оз бетыне озын тукыре алмайсын . Мен Ардак саган образды турде айттым. …

  6. 9 Ақпан, 2018, 04:58

    иә, шал дұрыс айтасың. біреудің қаншығы біреуге таңсық. мынау кіммен әуейі болып жүр, мақтаған қышың мынау

  7. 9 Ақпан, 2018, 07:51

    Ол – акын журектiн конiл перделерiнен сыр шерткенi!
    Табиги адемiлiктi коре бiлуi.
    Казiргi кыз-келiншек,айелдерде барi жасанды,табигатынан сулу жаратылган
    куралай коз,кигаш кас,кыпша бел,аршын тос,сумбiл шаш,сурша кыздарды айтканы да,аталарымыз жырлап откен.

  8. 9 Ақпан, 2018, 09:26

    Біреудің әйеліне қарап өлең жазып жүргенде, өз әйеліне біреу қарап жүрген шығар))))))))

  9. 9 Ақпан, 2018, 11:45

    Ей Казактар мынау, С ЕСЕНИН жане МАГЖАНгой буларын не сендердын ? Ай казактар ай.

  10. 9 Ақпан, 2018, 22:59

    Керемет !

  11. 12 Ақпан, 2018, 10:38

    Жастарды азғындыққа үндейтін әстрада әндерінің небір салдақы мәтіндерінен құтыла алмай жүргенде енді ақындар шықты. Өзгенің әйеліне көз салып, ойнас болыңдар дегенге шақыратын бұл өлеңді неменеге жетісіп жариялар отырсыңдар!, Қазақ үні?
    Серік Ақсұңқарұлы, біреудің әйеліне көз салып, нәпсіні ойнату, көңілдес болуға үндеу сипатындағы мынау жазғаныңыз адамдарды азғындыққа шақыру. Оданша Отанды сүюге, ұлттық құндылықтарды құрметтеге үрандайтын ұлағатты өлең неге жазбайсыз?
    Онсызда жаң-жағымызды ұятсыздық пен жәлептік жайлап бара жатқанда енді арлы ой айтар ақындар осындай былжырақ жазса жетіскен екенбіз.

  12. 13 Ақпан, 2018, 21:10

    Осы ақын деген халық, оттай береді екен-ау.

  13. 6 Наурыз, 2018, 17:11

    Соны айтам-ау! Жамандықты жарнамалатпай бұл «оттауизмді» енді қашан алып тастар екен.. Әдебиетте жалт еткен бір жақсылық бар ма екен деп қарасам жәлептікке жол салып әлі тұр. О, тоба!

  14. 7 Наурыз, 2018, 11:13

    Қазақ үні, Серік ақынның тегіндегі қатені неге түзетбейсіздер? АҰҚСҰҢҚАРҰЛЫ дегенде Ұ әрпі адасып, ұлып тұр. Басқаның әйелі туралы жазған шатпақты оқимын деп бастарыңыз айналып қалған-ау, сірә…? Немесе шатпақтың көзін біражола құртыңыздар, жүйкені жұқартпай…

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.