Қылмыс әлемінің серкесі Мұратхан Тоқмәди БТА банк төрағасын өлтіргені үшін сотталады

Бөлісу:

Жамбыл облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты қайта ашылған жағдайларға байланысты кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің ісін қарайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске салайық, «Депутаттық корпус» қылмыстық тобының жетекшісі М.Тоқмәди 2017 жылдың қазанында Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен бопсалаушылық жасағаны үшін және заңсыз қару-жарақ алғаны үшін соттаған еді. Сот оны үш жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Белгілі болғандай, 2017 жылдың қазанында шыққан сұхбатында сотталушы М.Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті 2014 жылдың 19 желтоқсанында Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар стансасы маңында аңшылыққа шыққан кезде өлтіргенін мойындаған.

Жамбыл облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты хабарлағандай, бұл іс 5 ақпанда өндіріске түскен. Іс материалы бойынша, Мұратхан Тоқмәди «Тұран Әлем Банкі» АҚ -ның бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталуда. Қылмыстық істі судья Азамат Тілепов қарайды. Оның қашан қаралатыны әзірге белгісіз, деп мәлім етті соттың баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 20 пікір жазылған

  1. Түңілген(биліктен) 7 Ақпан, 2018 17:25 Жауап

    «ОСКАР» сыйлығын ойланбастан алатын «БТА банк» деген көп сериялы дедективтік фильм түсіргелі жатырмын. Сенарийге киіпкерлер жинап жатырмын. Кім киіпкер болғысы келеді, менімен хабарласыңдар! Сосын кастинг өткіземін. Костингке қатысыңдар!

    • Өмір 8 Ақпан, 2018 13:52 Жауап

      Құрысын мұндай фильм де түсірлмей-ақ қойсын. Жастарды неге тәрбиелейтін кино болар дейсіз?!

  2. Санжар 8 Ақпан, 2018 11:09 Жауап

    Кез-келген адам боалаы өзінің іс-әрекеті үшін жауапты. Соны ұмытпауымыз қажет секілді. Құр дүниенің ізінде жүрмей.

    • Сырым 8 Ақпан, 2018 14:26 Жауап

      Адам өлімі болды, оған кінәлі адам әлбетте заң алдында өз қылмысы үшін жауап беруі қажет.

    • Айжаркын 8 Ақпан, 2018 14:28 Жауап

      Адамдар жауыз болып кеткен ба? Ақша үшін қандай қылмыстар жасап жатыр. Жазаны күшейту керек.

  3. Балжан 8 Ақпан, 2018 13:53 Жауап

    Айдың күні аманда бірін-бірі аямайтын заман болып қалды ау. Ақша кірдің қолы деп тәриелеуші бұрындары ата-ана баласын.

  4. Мейірбек 8 Ақпан, 2018 14:30 Жауап

    Мына әлеуметтік желілерді де бақылау керек, неше түрлі сұмдықты көрсетіп жатады, әрине балалар көреді соны, кейін қайталайды. Масқара ғой адам өлтіру оңай болып кеткен ба…

  5. Бакыт 8 Ақпан, 2018 14:31 Жауап

    Кінәсі толық дәлелденді, біраз болды ғой істің зерттеліп жатқанына, шешім де шығаратын күн жақындаған болар. Әділ сот әділ шешім шығаратынына сенімдімін.

  6. Акмарал 8 Ақпан, 2018 15:34 Жауап

    Əр адам баласы істеген ісі үшін жауап беруі тиісті. Бұл жерде бəрі əділ заңмен шешілсін.

  7. Бегайым 9 Ақпан, 2018 14:39 Жауап

    Біздің мемлекеттімізде бұл мәселе өте қатты қызуда айтылады «БТА» банкі туралы… Мұндай мәселелер ҚР Соты дұрыс шешім қабылдап жазалағаны дұрыс деген ойдамын..

  8. Мәди 9 Ақпан, 2018 14:41 Жауап

    Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді келесідей жазалар айып тағылып тұр. Соншама уақыт өткеннен соң қызық екен. Шикі іс сияқтығо мемлекетіміз дұрыс саралайды ма бұл жайтты…

  9. Ералы 9 Ақпан, 2018 14:45 Жауап

    Сотталушы М.Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті 2014 жылдың 19 желтоқсанында аңшылықта өлтірді?! Қызық екен бұл жайт соншама уақытты созып енді кінәлі екенін айтқаны..Бұл мәселе ойландырады екен.. Қалай мұндай жағдайлар «БТА» банк туралы болып кәсіпкер қатысты болып осыншама щаралар болып..Мәселе шешілмеген сияқты ойымша..

Пікір немесе жауап жазу

8 + 19 =