"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Бокс Олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) 2020 жылда Токиода өтетін олимпиада ойындарының бағдарламасына боксты енгізу туралы мәселені қарастырып жатыр. Бұл жөнінде ХОК басшысы Томас Бах баспасөз мәслихатында мәлімдеді, – деп жазды stan.kz.

ХОК халықаралық бокс қауымдастығының (АИБА) жағдайына алаңдап отыр. Қауымдастық басшылығына қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны туралы РИА Новости басылымы хабарлады.

«2020-ОО бойынша квотаға қатысты қабылданған шешімдер түпкілікті болып табылады. ХОК 2020 жылға дейін жастар олимпиадасы мен олимпиада ойындарына арналған бағдарламаға боксты енгізу туралы мәселені қарауға құқылы», – деді Томас Бах ХОК баспасөз мәслихатында.

2017 жылдың мамыр айында АИБА-ны 11 жыл басқарған Чинг-Куо Ву бокс қауымдастығының қаржылық жағдайы нашарлаған соң, орнынан кетті. Кейін, бұл міндет вице-президент Франко Фалкинеллиге жүктелген. Бірақ бірнеше айдан кейін ол да бұл лауазымнан бас тартты. Қазіргі уақытта АИБА президентінің міндетін Гафур Рахимов атқарып отыр. Оның бұл міндеті іс жүзінде ХОК-ны алаңдатып отыр.

Атқару комитеті федерацияны басқару жүйесі (АИБА) бойынша тергеудің басталғанын растайды. ХОК федерацияға қатысты төлемдердің бәрін тоқтатты. ХОК атқару комитеті федерациямен арадағы барлық байланыстарды үзді», – деп түсіндірді Томас Бах.

Бахтың сөзіне қарағанда, ХОК федерацияда допингке қарсы күрестен еш нәтиже көрмей отыр. Сондай-ақ, басшылықты таңдауда бірқатар мәселелер бар.

Айта кетейік, бокс 1904 жылдан бері олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.


Осыған ұқсас:



2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 5 Ақпан, 2018, 18:22

    оте дурыс нормально умеешь боксировать надо выступать в про боксе там все видно казахтар в про боксга шыдамаиды .про бокста Англичаны Ирландцы Американцы Мексиканцы Кубинцы Русские Филипиницы доминируют казахскии бокс это детская игрушка это Русская школа на калбитском варианте

  2. 6 Ақпан, 2018, 10:37

    Әуесқой бокста дұрыс емес төрешілік жасау, мықты боксшылардың жолын кесу көбейіп кетті. Керек десеңіздер, кәсіпқой бокстың өзінде бұра тарту орын алуда. жалпы, әлемдік спорт, олимпиада қозғалысы аса саясаттанып кетті. Әлемдік саясаттың спортқа қатысы болмауы керек болатын. олай болмай шықты. Әлемді басқарып отырған спорт шенеуніктері, олигархтар – спортты ӘЛЕМДІК ГЕОСАЯСАТ ҚҰРАЛЫНА айналдырып бітті. «Бұл, дұрыс емес, спорт саясаттан ада, таза бәсекелестік деңгейінде қалу керек» – деп бір тірі жан айтқан емес. Перь Кубертен француз қазір тірі жүрсе, ендігі құтырып, психбольницаға түсер еді. Қоспаса боксты Токио олимпиадасына, қопайақ қойсын. Қазақ боксшыларының кәсіпқой бокстағы жетістіктері де жетеді. Өйткені, Токиода қазақ боксшылары бір де – бір «алтын» алмауы мүмкін. Өйткені, АИБА – ның төрағасын білесіңдер ғой.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.