Алматыда 6 көлік соғылып, мүгедек жолаушы жарақат алды

Алматы қаласында 6 көліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі СТВ арнасының «Территория проишествий» бағдарламасына сілтеме жасап.

Жол көлік оқиғасы Байтұрсынов және Құрманғазы көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Harrier көлігінің жүргізушісі Байтұрсынов көшесімен оңтүстікке қарай жүріп, кейін Құрманғазы көшесіне қарай бұрылған. Осы кезде Байтұрсынов көшесімен Mercedes көлігі жоғары жылдамдықпен келе жатып бірінші көлікке соғылады. Кейін Mercedes қатар жүріп келе жатқан Toyota Corolla көлігіне соғылып, Toyota Harrier тұрақта тұрған автоларға қарай сырғып кетеді.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Subaru, Toyota Corolla және Toyota Land Cruiser Prado автолары жапа шекті. Оқыс оқиға салдарынан Мercedes көлігінде отырған мүгедек жолаушы жарақат алды.