"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Көмір үшін көп адам креслосымен қоштасуы керек еді

Көпқабатты үйден пәтер жалдап тұратын болғасын көп адам көмірдің қымбаттығына онша мән бермеген сияқты. Бензин, нан қымбаттаса шулайды. Көмір тақырыбын неге үлкен шу қып көтермей отыр. Түсінген жанға көмірдің қымбаттауы үлкен трагедияға айналуы керек еді. Қанша қымбат десек те бензинге айына 100 000 жұмсамаймыз. Ал күзде 10 мың болған бір тонна көмірді 27 мыңға сатып жатыр. Үш есеге жуық қымбаттап отыр. Айына кем дегенде 3 тонна көмір керек. Есептей беріңіздер. Көмір үшін көп адам креслосымен қоштасуы керек еді. Олай болмады. Баға түспейді. Енді жыл сайын қыстан шығу үшін жүз мыңдап шығындалуға тура келеді.

Дәулет Серікбай,

Фейсбуктегі парақшасынан





7 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 4 Ақпан, 2018, 14:29

    Әлемге жар салып экспо өткізген, 50 елдің қатарына кіріп, 30 елдің қатарына бет алған ……………………….елдің көрінісі, жағдайы тіптен әлемдік сол деңгейге жетпек түгел, аяқ та басқан жоқ. Бізге әлемнің керегі не, ең бірінші өз жөнімізді біліп, қарапайым халыққа, оның тұрмыс-тіршілігіне бет бұру керек.

    • 5 Ақпан, 2018, 14:52

      Мактанудан дуние жузiнде конкурс откiзетiн болса,ауызы копipiп бiздiн дангой,даракылар алдына жан салмас,ауыздары кобiктенiп мактауда.
      саммит,олимпиада,универсиада,обсе,экспо деп аспанды жарып жангыртып,жердi тесiп,ойып жiбере жаздаймыз-ау.естелiгi ретiнде саммитгул,саммитхан,униберсебай,олимпгул,дiникулдар осiп жатыр.
      Аспаннан жерге тусiп,бурылып калсан,жылап жаткан халык,су жок,жылу жок,комip жок,бензин жок,жок,жок.кашан бар,бар,токпын,тойдым,толдым бар дегiзедi,бул жарымагырлар.

    • 6 Наурыз, 2018, 19:11

      Ауызбен орақ орып,әлемнің алдына шығып алдық.енді космосқа ұшамыз.

  2. 5 Ақпан, 2018, 10:37

    Менің түсінбейтінім, көмір өзімізден шығады.Кен орнының басында тоннасы 4-5 мың дейді, тасымалы бар, артуы бар тағы он мыңды қосқанда тоннасы 15-16 мыңнан аспау керек қой.бұл жерде қолдан қымбатшылық жасап отырған мүдделі адамдар бар. Құзірлі органдар не дер екен.

  3. 5 Ақпан, 2018, 14:09

    Сол қақаған аязда,бар ақшаға көмір табылмады.Мөшегін 2000тенгеден сатты.Елдің,қазақ елінің жағдайын ойлайтын басшы бар ма?

  4. 5 Ақпан, 2018, 17:09

    Біздің ауылда көмірдің тоннасы 27000тг Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылы

  5. 6 Наурыз, 2018, 18:54

    Мақтана білген-тоқтала да білуді еді! Бұлар тозақтан да тоқтамаймыз деп қалар…

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.