"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

«Қазақты Назарбаевтар династиясы билеуі керек» деген ақынның сөзі дауға айналды

«Қазақ халқын Назарбаев династиясы басқару керек» деген жас ақын Балтабек Нұрғалиевтің сөзі әлеуметтік желіде үлкен дауға айналды. Келесі президенттің Дариға Назарбаева болуы керектігін айтып, оған өлең арнаған Нұрғалиевтің әрекеті қоғамның наразылығын тудырды.

– Келесі президент Дариға Назарбаева болуы керек. Өйткені Нұратамыз бізге өзінің нұрлы екенін дәлелдеді ме? Дәлелдеді. Тәуелсіздік тарихындағы әр жылға сараптама жасасақ, Дариға Назарбаева ел перзенті ретінде іске кірісті. …Президенттің басқа да қыздары бар, бірақ мен олар туралы айта алмаймын, – деді ол «Қамшы» порталына берген сұхбатында.

Б. Нұрғалиевтің бұлай сұхбат беруінің себебі не екенін білмейміз, алайда, желі қолданушыларының көбі оның пікіріне қарсы.

– Мен мемлекетті жаңаша басқару жүйесін ұсынғым келеді. Ол жүйе «Президенттік монархия» деп аталады. Біз монархияның әр түрін білеміз. Абсолюттік монархия бар, парламенттік монархия бар, басқа да монархия бар. Ал менің таңдауым – президенттік монархия. Тәуелсіздікті алып берген, нұрлы жолды салып берген Нұратамыздың ұрпақтары, Назарбаевтар династиясы ғана бізді билеуі керек, – деді ол.

Еске сала кетейік, Б. Нұрғалиев Халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Әдебиет» аталымы бойынша Гран-при иегері.





99 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 3 Ақпан, 2018, 13:56

    Кім бұ?танымайтын біреу.бұндай ақынды танымаймыз.

  2. 3 Ақпан, 2018, 14:14

    оттай береді екен ғой

  3. 3 Ақпан, 2018, 14:54

    Əулеттік ел билеу ата ббасынан жалғасатын билік.Назарбай қай атасы ел билеп еді.Қазақ асыл текті.Көрінген қазаққа патша бола алмайды.

  4. 3 Ақпан, 2018, 14:59

    Маралтайдын колынан шабыттын бас жулдесин алган екен бул)))))))))

  5. 3 Ақпан, 2018, 15:04

    Тапқан екен бір-бірін, президенттен асқан адам тумайды деп дастан жазған Маралтайдың қолынан Шабыт фестивалының Бас жүлдесін алса Ұстазынан шәкірті озыпты ғой

  6. 3 Ақпан, 2018, 15:30

    «ҮШ ЖҮЗДІҢ тағдырынан бұл күндері, ҮШ ҚЫЗДЫҢ (ДАРИҒА, ДИНАРА, ӘЛИЯ НАЗАРБАЕВАЛАР) болашағы артық боп тұр! (Ринат ЗАЙЫТОВ, айтыскер ақын)
    Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ президенттікке ҮШ ҚЫЗДАРЫНЫҢ біреуін қоя ма екен??! АЛЛАҺ бетін ары қылсын!!!

  7. 3 Ақпан, 2018, 15:31

    Не дейміз, бұндай пікір, бұндай көз қарас бізге байағыдан жат емес. Тек бұндай адамдарға мың жерден талантты болып кетсе де, жиіркенішім одан бетер ұлғайып отырады. Жас буынның деградацияға ұшырауы мені жаман қорқытады!

    • 13 Ақпан, 2018, 23:37

      Жөн айтасыз. Мұндай жағымпаздардан батыр шықпайды. Әр кезеңде алаңға жастар шыққан намысты қолдан бермей. Мыналардан не күтуге болады?

  8. 3 Ақпан, 2018, 16:16

    Қазаққа ешқандай династия, монархия керек емес, Елде болашақта, басқа Қазақ Дәуірі болғанда басшыны тек 4 жылға ғана сайлау керек, басы алтын мен бриллианттан болса да екінші мерзім деген болмау керек, сол басшыны Халық тексеріп, ол халық алдында жұмысы жайлы ғана емес, жиған терген байлығының қандай жолмен тапқанын баяндауыға міндетті болу керек, депутат пен сенаторлар деген болмау керек, 18 млн. халыққа 14 облыстан халық ашық таңдаған 20-25 адам жеткілікті, сосын халықты тонап, оларға млндап жалақы мен курорттық жағдай жасалмау керек. Бұны не үшін жазып жатырмын десеңдер, Маралтайдың қолынан фестивальдің Бас жүлдесін алған азамат оқып, ертегі әлемінен шығыуына себепкер болғым келіп отырғаным ғой.б

    • 3 Ақпан, 2018, 21:23

      маралтайымен косактап,Жагымпаздыктын Улкен бас медалiн шаптап берiндер,мына акынсымакка.

  9. 3 Ақпан, 2018, 18:08

    Кез-келген қалам ұстағанның бəрін ақын деп дабырайту не əдет?Мен ақындардың шығармаларын оқимын,бірақ мынадай «ақынды» танымайды екем.»Атың шықпаса,жер өрте» деп жүрген біреу ғой.

    • 3 Ақпан, 2018, 22:39

      Калын елiм,казагым,кайран журтым,
      Устарасыз аузына тустi муртын.
      Абай атама жету кайдааа!
      Сынапта,мiнепте,жол корсетiп,айтып кеттi емеспе.

      • 3 Ақпан, 2018, 23:20

        Балтабек Нұрғалиев Абай атамнан садаға кетсін!!! Атаңа Нәлет, жағымпазданып жүрген немесе ғой!!!

  10. 3 Ақпан, 2018, 18:37

    Ит-үреді,Керуен-көшеді…Ұят екен..Халық атынан сөйлеуге өресі жетпейді бұл баланың.

  11. 3 Ақпан, 2018, 19:41

    Акын бол. Халкына жакын бол….

  12. 3 Ақпан, 2018, 19:50

    Мынау нағыз «талант-жағымпаз» ғой. Бұл әлі талай сыйлықты алары анық. Жазғаны ештеңеге жарамайтын болса да.

  13. 3 Ақпан, 2018, 19:58

    Бұл сұмдық! Қазақ ақындары мұндай дәрежеге домалап түскен болса – басқалары не болып жатыр?! Шұғыл түрде бұл сұмдықты дараға асу керек!

  14. 3 Ақпан, 2018, 20:12

    Онымен қоса бұл ақынның Нұрғалиев деген фамилиясын алып тастап, басқа Нұрғалиевтерге кір келтірмес үшін, өзіне ұнайтындай басқа фамилия беру керек. Даригушкин, Елбасымович, Дариагашкин – деген сияқты

  15. 3 Ақпан, 2018, 20:42

    не

  16. 3 Ақпан, 2018, 21:07

    Еліне Халқына Жеріне жаны ашйтын адам ғана Хан болуға ылайықты.Туырлық Əділдік үшін туғанын аямайтын адам ғана Хан болуға ылайықты.Қарсымын!!!

    • 3 Ақпан, 2018, 21:30

      Романовтар аулетi деген кусап,кулкiлi.
      Хандык кай жагымыздан кеп капты.
      Маскарааа,мынауын басын кейкитiп,не шатпырактап тур озi.

    • 3 Ақпан, 2018, 23:25

      Бәрекелді, дұрыс айтасың!!!

  17. 3 Ақпан, 2018, 21:32

    Быжылдаймысың,шыжылдаймысың нән кімді қойғысы келсе соны президент қып тағайындайды. Бұл – факт! Біреулері өте дұрыс істеді, екіншілері туп-тура Елісін-сілеусін сықылды біздің барысымыз, ООН қолдайтындай бар ісіміз деп ұрандайды. Санаулы жылдан соң әлгі ақынсымақтың айтқаны келіп, нәннің ұлы таққа отырады. Қазақстан – Қазақия Хандығына айналады. Көшіміздің қазіргі жүріс қарқынымен… Қазақ ЕЛІ -дегенді орыс жақтырмай
    «ели-ели» -дей бергесі,н өздеріне ұқсастырып РОССИЯ – ҚАЗАХИЯ- деп амалдаудың айырмашылығы КӨЗІРГЕ АЙНАЛЫП, федерация емес хандық-ханство еркіндігімізге өте жақын ұғым дақпыртын шет елдегі қазақтар, халық ассамблеясы, жағымпаздар, бюджетті емгендер автоматты түрде жаппай қолдайды. Резкі жаңа әндер дүрілдеп, дүмпілдеп, әупілдектей әсіреленіп шықсын-ай кеп «өнер жұлдыздарымыз» деп өңмеңдеушілер өңеш керіп, орден,медаль, гран-при, мәшине, ақша алысып қошемет мақтауымен…

  18. 3 Ақпан, 2018, 21:55

    Мынау нағыз к…т жалағыш қой

  19. 3 Ақпан, 2018, 22:15

    Масқара, оттаған-ақ екен.

    • 3 Ақпан, 2018, 22:26

      Дариға аспаннан түскендей.Болмаса бір ауыз қаһақшасы да жоқ.Оларды қара қазақ асырап келе жатқанын да сезбейді.Бұл ессіһдер ел басқармасын!

  20. 4 Ақпан, 2018, 00:03

    Жерді аукцион, конкурс арқылы сататын және шетелдіктерге, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға 25 жылға дейін жалға беретін Жер кодексі Мәжілісте қабылданды -деген Ватсаптағы достарымнан хабар келді. Сол рас па? Мен өз басым жерді сатуға екі қолымды көтере қарсымын! Белгілі бір уақытқа жалға белгілі бір мөлшерде ғанаберу еліміздің азаматтары үшін ғана тек қана ашық, жариялы түрде болуы керек деп ойлаймын….

  21. 4 Ақпан, 2018, 02:11

    НАЗАРбаев
    АУДАРбай!

  22. 4 Ақпан, 2018, 07:05

    Жетісіпсің ахын емес бəле

  23. 4 Ақпан, 2018, 08:33

    Казах улы халык.Ата бабаларымыз осынша жеримизди корыкпай коргап калды жане бизге мура етти.Аблайханым жонгарда туткында отырып жонгарлармен тен отырды.Берги уакытта Сталинмен каская сойлескен Турар агамыз, Беймбет,Ильяс т.б кайраткелеримиз оз омирин киды.Кызыл империя кулаганда биздин биликке каскырлар емес ши борилер келди.Ши бори журген жерде ешкашан тартипте болмайды.Бирак осышиборилер Казахстанды биз курдык деп жур.Корер едим Аблайханымдай уакытта билегендерин.

  24. 4 Ақпан, 2018, 08:41

    Тек оз мансаптарын ойлап байыган устине байысак дейди.25 жыл тауелсиздигимизде али бир Казахтын атын шыгаратын ис истеген жок.Спекулациямен айналысып отыр.Тек мактанатындары Ядролык карудан бас тартык деп.Бизден улги алындар деп ООН да мазак болганына.

    • 4 Ақпан, 2018, 10:31

      Алысканмен алысып,жулысканмен жулысып,улангайыр даласын арлан каскырдай жортып журiп,найзасымен бiлегiнiн кушiмен ултарактай жерiнде алдырмай,пушпагында бастырмай урпагына аманат кып кеткен жерiнiн етeгiнiнде,жагасынында жырым-жырымын шыгарып,жан-жактан тыксырган кызыл коз,сыгыр коз балелердiн айласынада,баскасынада тотеп беретiн мыкты когам,казагынын есесiн жiбермейтiн Алаш ардактыларындай бас керек.

  25. 4 Ақпан, 2018, 10:28

    Құлдық психология ғой!!! Ештеңе көрмеген б айғұс!!!

  26. 4 Ақпан, 2018, 10:39

    Р

  27. 4 Ақпан, 2018, 10:52

    Акын- жазушылардын 99% жагымпаздар.

  28. 4 Ақпан, 2018, 11:27

    Мынадай ақыны бар ел – ең сорлы мемлекет. Бұл балаға Бұқар жыраудың, Абайдың, Махамбеттің жырларын жаттатқызу керек. Ең дұрысы – осы бала өлең жазбай-ақ қойғаны дұрыс. Сыйлық пен атақты итке де, құсқа таратқан адамдар бұған не дейді екен? Ақын алдымен азаматтық ұстанымын көрсете білуі керек. Ал, өлеңді кез келген қазақ жаза алады. Осы бала өлең жазбады деп қазақ әдебиеті ойсырап қалмас, Мағжаны мен Мұқағалиы кеткенде де қазақ өлмеген. Өресіз ақын өз халқын өз қолымен өлтіреді, өрелі ақын елін мәңгілік етеді.

  29. 4 Ақпан, 2018, 11:37

    Бұл әдейі халықтың қалай қабылдайтынын білу мақсатында жасалған шара. Мына тексіз албасты итті үргізіп отыр. Осындай көрсоқыр жетесіздер түбімізге жетеді.

  30. 4 Ақпан, 2018, 11:41

    1.Өмірімде ешкімге жағымпазданып көрген жоқпын. 2.Монархия Англияда бар, Жапония, Испания, т.б. мемлекеттерде. Халықтары жақсы тұрады, білесіздер. 3.Монархияның күшті жері тұрақтылық. 4.Тобыр демократияның мысалдары Украинадағы жағдай, Қырғызстан, т.б. 5.Ұсынысым: Билер Алқасын да құру керек. Әр Жүзден үш би және Ассамблеядан үш би, он екі би болады және Үлкен би. Президент, премьерлікке кандидаттар осы Билер Алқасының сынынан өтсе ғана сайлауға қатысады. Сүйтіп тек сүзгіден өткен кандидаттар сайлауға шығады. Билер алқасы ұлттық мүдделерін сақтайды, қорғайды. 6.Ия, қазіргі элемдік экономикалык дағдарыс, теңгеміздің құлдырағаны, т.б. қиындықтар әсерін тигізуде, бірақ ойлансаң, конституциялық монархиядан ешқандай халық кем болған жоқ, дамыған елдердін бірінші қатарында ғой, халайық!

    • 4 Ақпан, 2018, 11:51

      Корiнген жерге кыстырып,ассамблеясын,казактан коп болып кеткен жок.жалпы он торт облыспен екi бас каладан,баска какур-шукip не керек.оон болмайды.бул казакстан,казак елi,жерi.Ата-журттан аманат етiлiп келе жаткан.

  31. 4 Ақпан, 2018, 13:50

    Нур ,нур деген жагымпаздыктан калын казах шаршады гой.Енди жетпегени осы еди.*дар-дал боп кетемиз ау осы

  32. 4 Ақпан, 2018, 14:41

    мынау ауыру ма жағымпаздық дерті қазір құрт ауыруна ұқсап жалмап жатса мынаған ұқсаған жастар көбейсе қазақ ел болудан үміт үзседе болады. ұрышал ұрылықшылар мен жағымпаздар, сатқындар мен санасыздарды өсіріп нағыз қылқұрт сайқал саясатын жүргізіп дегеніне жетіп қалған ба. бұл сұмды тыраң асыру керек оны бастайтын тұлға шыны мен 10-млн қазақта тумаған ба.

    • 4 Ақпан, 2018, 14:57

      Астына копшiк койып,кутыртып,айтактап отырса,жершiлдерi,кaлай ондай жагымпаз жарапазаншы тырапай ассын.

  33. 4 Ақпан, 2018, 15:25

    Балтабек емес отвертка ғой мынау кө-ке кіретін. Тақ пен Табыттың егесі жоқ.

  34. 4 Ақпан, 2018, 15:32

    1.Бұл ақынның сөзін Қамшыдан оқыдым. Эмоция көп, ой аз. Бірақ идеяның рационалдық дәні бар. 2.Қарабасым болса, бұрыннан жазғаным бар. «Сердце Мира» кітабымда, мақалаларымда, комменттерде, мемлекетімізге ішкі нұсқа (внутренний контур) керек деп едім. Демократия институттері сыртқы контур, ал ішкі контур мемлекетқұрушы ұлттың мұрасы мен мүддесін қорғайтын институт. Конституциялық монархиясы бар елдерде солай. 3.Ішкі ұлттық контуры жоқ елдер ұрыншақ, мысалдарды білесіз. Ешкім білмейтін адам президентікке тұрды әне Францияда, аңқау халық сайлады, ертең қайда апаратыны белгісіз?..4.Бірақ, жауапкершілік болу керек екі жақта, халықта және хан да. Міндет алу керек: 50 жылда 50 миллионға жеткіземіз Қазақстан халқын. Ғылым саласында бірінші ондыққа кіреміз. Қарулы күштердің жиырмасына. Экономикада отыздыққа. Договор. 6.Осы 25 жылда елімізде қазекең алты миллионнан он екі миллионға жетті, енді екі рет екі есе өссек, 2070 жылы 50 миллион болсақ деп, құдай қаласа! Мен сонда монархияға ризашылығымды берер едім. Соған кандидаттар дайын ба? Проблема осында ғой…

  35. 4 Ақпан, 2018, 15:36

    Гран-при иегерін өстіп отвертка болып ұтып алған ғой.

    • 18 Ақпан, 2018, 09:27

      Агараки,адамсымак,акынсымак,ор-деносец акинчик болгыныз келсе,докейлердiн артын жалап-жалап,ода арнай салыныз,майын тамызып,куырдагын катырып,туздап,бурыштап.
      Бiттi,алдыннан акшанын,байлыктын, бахыттын,ак дарбазасы айкара ашылады.аягынды талтан-талтан басып,одыранбай оскырына карап,шiкipeйiп,шiлпиiп кici болып шыга келесiн.сандырак кiтабiн,шимай-шатпак олен-солендерiн каптаган тиражбен буркырап шыгады.оны елдер окима,окымайма,шатагын жок.классик болып,устiне бар атак бiткендi шаптап аласын.

  36. 4 Ақпан, 2018, 15:37

    «1.Бұл ақынның» деп басталған менің сөзім.

  37. 4 Ақпан, 2018, 15:55

    Мынаған Гран приді берген жюри кімдер екен?

    • 4 Ақпан, 2018, 16:06

      Бiлмей калганыннын себебi,тай казанды жагалап,мактаудан тау согатын жузшiл шалдар мен солардын шашбауын котеретiн тайкы мандай акынчики.

  38. 4 Ақпан, 2018, 16:22

    Осы қаңтарда кітабым шықты, «Триумф Казахии» деген атпен. Жиделі Байсынның ізін іздеп, тапқанымды жаздым. Археология, архилингвистика, дүниежүзі халықтарының мұрасы, қазақ (түркі) мұрасы, бәрін салыстырғанда Жиделі Байсын мемлекеті он екі мың жыл жасаған екен! Сонда қахандары абыздар болған екен. Абыздар Алқасы (Билер Алқасы) ішкі контур болған, Тұранның қырық ханы абыздардың қолдауынан соң сайланған, Бірінші Алаша хан да. Менің ойымша, қазір Билер Алқасын құру керек! Үлкен би кім болатынын өзіңіз білесіз. Ал, он екі биді халқымыздың ең білімді ұлт жанашыры еңбегінің нәтижесі бар стратег адамдарды сайласақ, ұлт мүддесін қорғай алатын азаматтарды.

    • 4 Ақпан, 2018, 17:21

      Төреғали Казиевке. Ақсақал сіз не айтады деп отыр едім. Рахмет. Бұл жерде Абайша айтсак көп айтса көнді журт айтса болды белгісі надан адамның.

  39. 4 Ақпан, 2018, 19:41

    Көтсүигіштіңде шегінен өтіпкеткен екенде

  40. 4 Ақпан, 2018, 20:39

    Мынау бір мақұлық екен.Бетінен аулақ.»ТЖ» ғой)

  41. 4 Ақпан, 2018, 21:00

    Енді бұлай айтпаймын дегенше қамшымен 100 рет сабау керек

    • 4 Ақпан, 2018, 21:59

      Жагымпаз колын керме агашка керiп койып,жуз дуре согу керек болат.

  42. 4 Ақпан, 2018, 21:03

    қотақбас деймін

  43. 5 Ақпан, 2018, 07:50

    Төреғали мырза, үлкен би кім болатынын өзіңіз білесіз депсіз, кімді айтып отырсыз, қазіргі елімізде билікте жүргендердің арасынан біреуді айтып отырсыз ба, ашық айтыңызшы, кім ол? Ал айтып отырғаныңыз бүгінгі биліктің арасынан болса, билердің атына кір келтіріп қайтесіз, билердің дәрежесіне жетіп, халықтың қадірі қасиеті мен абыройына жеткендер қазіргілердің арасынан жоқ, онсыз да олар өздеріне өздері би, қожа. Жерін саудалауға жол бергісі келгендердің, жазықсыз қазақты өлтіріп, атқандардың………………….не қадір қасиеті бар, олардан не енді не үміт, не қайыр. Сіз шыныда, соларға сенім артасыз ба, қолдарынан тағы да 30 жылдан кейін бірдеңе жасай алады деп ойлайсыз ба?

  44. 5 Ақпан, 2018, 11:12

    Билерді қайдан табамыз? Аспаннан түспейді, періште арамызда жоқ, бәрі пенде… Халық қандай, көсемдер сондай… 18 ғасырда 1710 жылы Қарақұм құрылтайына қазақ жиналыпты, жоңғарға берілем депті, төрт жақтан жау жеріміздің 80 пайызын алыпты, Қап тауына қашайық депті… Бір жалғыз стратег сардар табылыпты, жеңіске жол көрсетіпті, қазақтың жанын оятып, алға жетелепті… Сүйтіп бұ жер Жоңғарстан болмапты… Адам ауырса, емшіні іздейді… Іздемесе, өледі. Билерді де, халық өзі іздемесе, ауру асқына береді. Ғасырлар бойы тарих қазақтың ірілерін өлтіріп келеді, ұсақтар қала береді… Бірақ аналарымыз ірілерді туа береді! Со ірілерді тауып, алға салсақ қана, ұлтымыздың болашағы болады-ау…

  45. 5 Ақпан, 2018, 11:56

    Осиндаилардан жиiркенем

    • 5 Ақпан, 2018, 14:36

      Казагымнын акылды,адал ул-кыздары жок емес,бар.
      Бipaк кайда олар?..
      Мундагы жемкор,жандайшаптарда емес.
      Бipeyлерi жердiн бip жерiнде,бipeyлерi тунiлiп босып кеттi,ендi бipeyлерi,барса келместiн аралында жур.
      Араздык,ала ауыздык,кундестiк,жаулыкты койып,алдынгы кезекке акылы мен бiлiмiн койып, ел-журтынын маселесiн басты орынга коятын мезет кашан туады.
      Окыган бiлiмдi жастар неге елде турактамайды.

  46. 5 Ақпан, 2018, 12:26

    Сіз 99 пайыз дауыспен аяқталатын сайлауға да сенесіз бе, халық қандай болса, көсемдері де сондай дегеніңіз артық, бұл көсемдерді халық таңдады ма, сонда? Алысқа бармайық, Жаңаөзенде өз талаптарымен шыққандар неге атылды, сол халықта осындай өздерін атып өлтірген көсемдерді таңдады дейсіз бе? Төреғали мырза, қалай түсінбейміз бүгінгі билікте Халық деген ұғым жоқ, МЕН, ӨЗІМ деген ұғым басым болып тұр. Заманбек, Алтынбектер не болды, оларға жол берілді ме ІРІ болуға. Білесіз бе, елде ІРІ азматтар бүгін жеткілікті, бірақ Жаңаөзен, Заманбек, Алтынбектердің тағы да сондай жағдайлар МЕН, ӨЗІМ дейтіндерге адамның, халықтың өмірі ештеңе емес екенін көрсетті, ұлтымыздың болашағы үшін ІРІЛЕРДІ алға қалай саласыз, кім оған жол берейін деп отыр, сіз не айтып отырсыз, өз басым Жаңаөзеннің қайталанғанын қаламаймын. Бұл кезең еліміздің қуанышынан, өкініші басым болып тұрған кезең, бір нәрсе ғана жұбатады, бұлардың да күндері өтер деген сенім.

  47. 5 Ақпан, 2018, 14:13

    Тақырыптан аутқымайық, жараны іздемейік, бүгін-ертең би сайласақ, билер кім болады дедіңіз ғой… Мемлекеттік деңгейдегі билер стратег болу керек. Сыртқы жағдай, ішкі жағдай, болашақты зерттейтін, шешім таба алатын, халыққа жол көрсете алатын, бірінші орынға мемлекет-ұлт-халық мүддесін қоятын білімді, дарынды адамдар. Сыртқы жағдайдың өзектігі – ешқандай мемлекет со сыртқы жағдайдан тығыла алмайды! Ирак, Ливия, Сирия, т.б. өзімше жүрем деп еді, не болғанын білесіз… Әр мемлекетте ішкі жағдай сыртқыға тәуелді, бізде де. Қазақ мемлекетінің 26 жылғы сыртқы саясаты гениальный деуге болады, өзіміздің арамыздан шыққан адам істеуде. Өтірік десеңіз, айналаға қараңыз… 26 жылғы тұрақтылық қазаққа дем беріп, еліміздегі үлесімізді 39 пайыздан 70 пайызға жеткізді, алты миллионнан он екі миллионға дейін. Автоматты түрде ештеңе болмайды. Біздегі кемшіліктер басқа кеңес республикарында он есе бар, кейде тіпті ең қиын түрде. Сонда ішкі жағдайдың ең өзекті проблемасы неде? Бұ проблема да сыртқыға тәуелді!.. Қандай проблема? Оны түсіну үшін элемнің стратегтерінің айтқанына қарайық… Олар: кеше қару қылыш, найза, мылтық, пушка, танк, атом болса, бүгін алға мый шықты! 21 ғасырда ойлау қабылеті бар адамдар тірі қалады, ойсыздар түгел жойылады. Сол дәуір жиырма-отыз жылдарда басталады. Бүгінгі сәбилеріміз алдағы проблемаларға дайын болу үшін билеріміз стратег болу керек-ау…

  48. 5 Ақпан, 2018, 15:18

    Әлем стратегтерінің айтуынша, жиырма жылда адамзат үшке бөлінеді: суперинтеллектілер, суперинтеллектілердің көмекшілері және ойсыздар. Сонда суперинтеллектілер, үйден шықпай, ойсыздардың тіршілігін басқарып отырады. Роботтар арзан болса, ойсыздарға өзіне қол салу бұйрығын береді. Қазір бірнеше ел ғылыми-технологиялық жұмыстарын өткізуде, кім үлгермесе, қарусыз қалады. Зарлау уақыты өтті, өзара өкпе, өшпенділік, өсек ағайынды өзгелерге жем қылады. Бірлік, білім, ғылым, технология, іскерлік, әділдік, табандылық, ақ ниет қазақты қуатты қылады. Алға, қайран қазағым! Жаратқан бізді қолдасын!

  49. 5 Ақпан, 2018, 17:42

    Төреғали мырза, сіз айтып отырған гениальный саясат жайлы әңгіме қозғағым келмейді, осымен доғарайық, сіз мені түсінген жоқсыз. Мен тақырыптан ауытқыған жоқпын, сіз іздемейік деген ЖАРАНЫ мен іздеген жоқпын, ОЛ БАР ЖАРА, ҚАЗАҚ БІЛЕТІН ЖАРА, ОЛ ЖАРАНЫҢ қасіреті мен қайғысын болашақ ұрпақ көріп, біліп, өсті, істегендерін мойынымен көтермегендер де жазадан құтыла алмас. Сау болыңыз.

  50. 5 Ақпан, 2018, 18:36

    Бұл жігіт нағыз؛ сарай؛ ақыны екенғой.Мұндайлар барлық уақытта болған, бола да береді.

  51. 5 Ақпан, 2018, 19:47

    бұл жігіт емес мігіт қой жағымпаз адам елін де жерін де сүймейді тек қарнының тоқтығын ойлайтын тоғышар біреуді ақын деу масқара.

  52. 5 Ақпан, 2018, 19:56

    ,,Ит үреді, керуен көшеді,, мынау тап-таза жағымпаз ғой. Маралтайың да мақтаймын, жағымпазданамын деп Президенттің өзінен сөз естіп қалған жоқ па? Ал мынауың Маралтайды мың орайтын жағымпаз болады. Мұндайларда ар, намыс, адамгершілік деген болмайды. Аса сатқын болады. Сондықтан қоғамға аса қауіпті.

  53. 5 Ақпан, 2018, 20:30

    Төреғали Казиевке. Ақсақал сіз оте орынды айтып отырсыз. Тобыр халык сізді тусіне алмайды. Қазір патшаға рахмет айтсаңда номері 1 бен ладен боласың, керісінше карсы шыксаң герой боласың. Атамбаевты герой қылған жоқпа.

  54. 5 Ақпан, 2018, 20:39

    Канат жезқазған. Аумин, Аллах Акбар деп мұсылмандығыңды көрсетесіз, енді бір пікірінде котакбас шотакбас деп шайтандыгыңды көрсетесіз. Жын-шайтанды Ақтөбедегі ортенген автобустан іздеп жүрсің нағыз өзі сен болдың ғой.

  55. 5 Ақпан, 2018, 21:16

    Акталуын карашы. Маскың шешілд ме? Мүмкін егіз шыгарсың. Ха

  56. 6 Ақпан, 2018, 05:02

    Қай жерде туды екен мынау,əке-шешесіне обал болған екен.

  57. 6 Ақпан, 2018, 05:05

    Мынау деп нұрғалиевті айтып отырмын,ақыннан садаға кеткір.

  58. 6 Ақпан, 2018, 09:25

    Байғұс-ай, жағымпазданамын деп жұрттың кəріне қалды ғой!!!

  59. 6 Ақпан, 2018, 10:57

    Бұл ақын енді депутат, сенатор болады, сосын неше түрлі орден медальдарға ие болады, әрі қарай сценарий бойынша әдеттегідей

    • 6 Ақпан, 2018, 20:16

      Жазушылар одагын баскарат,мадениет министрi болат,тагы кандай жылы орын бар едi,е,театр бастыгы болат,акындардын президентi болат,курыганда бip институттын кулагын устайды.акiм болат,худой конец депутат кылып,шонкита салат.
      Бастамашылдар ылгида солай,жылы-жумсак креслога ие болып,ана бip ескipмейтiн,тозбайтын карi
      шалдар кусап орнын табады да,кошемет деп кол суйiп журе бередi.

  60. 6 Ақпан, 2018, 17:31

    Бұл кім өзі,бүкіл халықтың атынан сөйлейтін? Президентті таңдайтын халық. Біздің президент халыққа есеп бермейді,халықпен сойлеспейді. Халықтың ашу ызасын тудырмасын,әзір тек сабыр деп үндемей отырған шығар,бірақ халық көтерілсе қоймайды.Осы 26 жылдың ішінде тек халықты,елімізді тонаған басшыларды білемін өз басым.

  61. 6 Ақпан, 2018, 18:52

    мынаны ұрып өлтіретін екен,

  62. 6 Ақпан, 2018, 20:16

    Жазушылар одагын баскарат,мадениет министрi болат,тагы кандай жылы орын бар едi,е,театр бастыгы болат,акындардын президентi болат,курыганда бip институттын кулагын устайды.акiм болат,худой конец депутат кылып,шонкита салат.
    Бастамашылдар ылгида солай,жылы-жумсак креслога ие болып,ана бip ескipмейтiн,тозбайтын карi
    шалдар кусап орнын табады да,кошемет деп кол суйiп журе бередi.

  63. 6 Ақпан, 2018, 21:17

    Сарай ақынын сындамай тұрып,біз осы халге қалай жеттік деп дені сау әрбір қазақ өзінен сұрау керек.1945 жылы Ұлы Отан соғысы біткен соң, Америка орталық барлау бастығы Аллен Даллес барлаушыларына кеңес одағын шарлап келіңдер,қалай кеңес одағын таратамыз,құлатамыз дейді.Олар аралап келіп,қазір кеңес одағын тарата алмаймыз себебі халқының барлығы шетінен ұлтжанды,патриот,отаншыл бесіктегі баладан бастап кәрі кемпір-шалдарға дейін Отан үшін жанын қыюға бар.Кеңес одағын тарату үшін олардың ұрпағын ақшаға құнықтыру керек.телевидениеде,баспасөзде парнография,зорлық-зомбылық,коррупция,рэкет,пара алу,кімді қалай өлтіріп байлығын тартып алу керек,осының барлығы күнделікті нәрсеге айналу керек.Қазіргі ұлтжандылар өліп біткенде,ақшаға құныққан зорлық зомбылықпен байыған байлар,келесі ұрпақ билік басына келеді,сол уақытта кеңес одағы өзінен өзі тарайды бөлшекте де биле деген Американың жоспарын біз қазір іс жүзіне асырып жатырмыз.Белгілі саясат танушы Мәулен Ашимбаев өткен жылы әр облысқа саяси баға берді.Сонда Жамбыл облысын жаман болып артта қалған жоқ,жақсы болып алға шыққан жоқ,билік өзінше,халық өзінше өмір сүріп жатыр,бірімен бірінің ісі жоқ деген, дәл айтылған.Аудан,облыс әкіміндегілер жыл он екі ай бір рет келіп ауылдың халін білмейді.Кәдімгі виртуальный мемлекетте өмір сүріп жатқандаймыз.Қайтіп Кеңес Үкіметін сағынбайсың.ол кезде әр ай сайын аудан басшылары келіп халықтың жағдайын біліп айтқан кемістіктерін тыңдап басшыларға халық айтқан кемістіктерді жоюға тапсырма беретін,қадағалайтын.Ауыл түгел ұйықтап жатыр,істейін десе жұмыс жоқ,пенсия,пособиямен өлмес күнін көріп жатыр еді,пособияны да қысқартып тастады баяғы тумаған тауықтың жұмырқасын санап.пенсияға 2-3 мыңдай қосқанын қайтейін, баға 4-5 есе өсті,былтырғы апған азық-түлігімізді ала алмай қалдық.Мақұл Назарбаетар монархиялық династиясы Қазақстанды басқарсын,оған қарсылық етпейІк,бірақ Мирзоевтай мемлекетте,билікте қатаң тәртіп орнатсын,коррупцияны,парақорлықты қызметте бармақ басты көз қыстыны тез арада жойсын.ауылдық жерлерде жұмыс орындары ашылып жақсы айлық берсін.Үкімет халықтың қамын ойлағанды қойды.жұмыс істейтін кезде біресе солярко жоқ,бензин жоқ енді қыстай жағатын көмір жоқ, халық жаурап отыр,бір бас иесіз қалғандай әсердеміз.осының бәрін тез арада іске асырса,Назарбаевтар монархиялық династиясы басқарса мақұлмыз.

  64. 6 Ақпан, 2018, 22:20

    Өзбекстан президенті Мирзоев Актөбеде 52 өзбек азаматтары автобуста өртеніп кеткенде өзбекстан халқынан кешірім сұрады,осының бәріне биліктегілер,біздер кіналымыз, себебі біз жеткілікті жұмыс орнын ашып бере алмадық,осы олқылықты тез арада жоямыз деп халқына уәде берді.Бізде Қазақстан егемендік алғалы 26 жыл болды.ауыл қараусыз қалды.Былтыр бір баспасөзден окып қалдым 126 ауыл жойылды деп.Осылай кете берсе аз уақытта ауылдық жерде ешкім қалмайды.Қараң қалды деген осы болар.Астана арнасында былтыр қытай азаматтарына қыздарымызды үйлендірейік деп жатырмыз жеңгетайлар сөйлеп жатыр.Қыздарымызды қытайға берейік,Исландия мемлекеті дүние жүзіне хабарлап жатыр 45 жасқа дейінгі еркектер келіп қыздарымызға үйленсе азаматтық береміз,жұмыспен қамтыймыз,жақсы айлық береміз қосымша ай сайын 5000 евро береміз дейді.Ақыр ауылдағы жастарға жұмыс тауып бере алмасақ Исландияға жіберейік.Мына аздаған кәрілер өліп бітеді,жердің асты үсті байлығы,жерлеріміз түгел мына сарай ақыны сыяқты жандай шаптармен биліктегілерге қалады.Жаса Қазақстан билігі халыққа ерең еңбек сіңіріп барлық халықты жақсы жұмыспен қамтып,жақсы айлық бергені үшін шен шекпеніне қарай 3-12 айлық бонус апайын деп жатыр.

  65. 16 Ақпан, 2018, 16:59

    Тәуелсіздік алған тек Қазахстан емес қой. 15 республика алды, ал біз ең соңынан как всегда.

  66. 19 Ақпан, 2018, 01:57

    Арине, Назарбаев Нурсултан президентимиздин 2000 жылга дейинги Казакстан ушин жасаган енбектерин толык мойындауымыз керек. Егер буны мойындамаган адамга айтарым: оздериниз бир адам ушин немесе коршиниз ушин, немесе жалпы когам ушин не истединиздер?

    Бирак енди кейинги 17 жылдыкта халыкка караганда, оз камын кобирек ойлайтыны барине аян. Оган куа – ол Казакстаннын али кунге дейин Алматыдан баска калалардын нашар турмыс кешуи куа. Мен сондай Актау жане Атырау секилди елимиздин экономикасын устап турган мунай калаларын кордим: Бирак коргенимде казактарга жаным ашады. Себеби: мынай устинде журип, оз мунайымыз озине буйырмаган халык екендигимизге козим жетти. Жане де Караганды мен Жезказган секилди комир мен мыс устинде журип, оз халкына буйырмаганына да катты куйинемин!
    Арине, халыктын озине де байланысты, бирак елбасы деген халыкты тарбиелейтин ата-анасы гой.
    Ал Дарига татемизге келетин болсак, оны Алла гана биледи, кандай президент болатынын. Мумкин жаксы болар, мумкин жаксы болмаса, ешким билмейди. Баска да адамдар бар Коз Алдыныздар журген, мысалы: Тасмаганбетов, Шымкент акими жане тагы баска улгили адамдар бар. Бирак буйырганы болар.
    Ен бастысы Алламыз жаксылык буйырсын. Аман болайык.
    Не болса да

  67. 11 Сәуір, 2018, 18:01

    Осы бир ахынсымах халыхтын абден тозган нервин онан ари тоздыру ушин мынандай шимай шатпах жазма алде халыхты хайрау ушин жазама. Хазахтар демократиялых революция жургизип барып хана сауатсыз хызыл коммунистеРден хутыла алады. отирик зарлап сойлей беру еш натижеге жеткизбейди. Революция архылы ата занды озгерту керек. Хыргыздардан уйренуи дурыс.

  68. 15 Сәуір, 2018, 07:39

    Мынау ақынымыз әлемде жоқ «президенттік монархия» деген терминді қайдан тауып алды екен.Соңғы кездері кім не айтқысы келеді,ешкім қарсы келе алмайды.Шимай-шатпақ,бос даурықпа сөздер көбейіп бара жатыр.Әлде біреу бұған әдиі айтқызып отыр ма?Үш әріп қайда қарап отыр?

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.