Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты болып тағайындалды

4780
11
Бөлісу:

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттердегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Мұхтар Құл-Мұхаммед 12 желтоқсан 1960 жылы ҚХР, Шәуешек қаласында дүниеге келген.

ҚР мемлекет және саясат қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты (1995), заң ғылымдарының докторы (1999), профессор (2001). Нью-Йорк Ғылыми академиясының толық мүшесі (1997), ҚР Әлеуметітк ғылымдар академиясының академигі (2001).

  • Қазақ мемлекеттік университетін (1982, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
  • «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясының ғылыми редактор, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы – бас редактордың орынбасары (Алматы, 1982–1992).
  • «Атамұра» корпорациясының президенті (Алматы, 1992–1999).
  • Бұған қосымша 1994-1995 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, профессор міндетін атқарушы (Алматы).
  • 1995 жылы «Қазақстанның ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік тарихының проблемалары» (революцияға дейінгі орыс энциклопедиялары бойынша) деген тақырыпта кандидаттық диссератция қорғады.
  • 1999 жылы «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
  • ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығарушылық және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитет хатшысы, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (Астана, 1999–2001).
  • 2001 жылғы 31 мамырда Жоғарғы аттестациялық комитеттің шешімімен құқықтану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
  • ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі (Астана, 2001–2003).
  • ҚР Президентінің кеңесшісі, Баспасөз хатшысы (Астана, 2003–2006).
  • ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы, (Астана, 2006-2007).
  • Қызылорда облысының әкімі. Бұған қосымша 2008 жылдың наурызында ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды (Қызылорда, 2007–2008).
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (Астана, 2008–2010).
  • ҚР Мәдениет министрі (Астана, 2010-2012).
  • ҚР Мемлекеттік хатшысы (Астана, 2012-2013).
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (Астана, 2013-2014).
  • 2014 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
  • 2015 жылғы Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың (РҚШ) жетекшісі болды.
  • Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (Астана, 2014-2016).[1]
  • 2016 жылғы 6 мамырда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 11 пікір жазылған

  1. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 1 Ақпан, 2018 19:13 Жауап

    Осы депутаттар мен сенаторлардың санын азайтып, жалақысын қысқартып, ашық түрде бәрін халық сайлайтын кез жетті ғой ендігі. Тағы бір ең маңызды ұсыныс, халық бұл ұсынысты қолдайды деп ойлаймын. Жасы келген қарт адамдарды, 30 жылдың ішінде қайта-қайта сайланғандарды, өз пікірі мен ойы, ұсынысы жоқтарды тек қол көтеру үшін отырғызудың не керегі бар. Қызық жағдай, халықтың әлеуметтік проблемасын алға тартып, халықтың зарплатасы жайлы дабыл қағып, жағдайын өзгертуге, қымбатшылық пен қиындықтан көз ашпаған қарапайым халықтың сөзін сөйлеп, сол үшін ат салысу үшін тағайындалғандардың биліктен, министрлерден нақты талаптарды қою құлшыныстары байқалмайды да,көрінбейді. Біреулерің келіп, біреулерің басқа орынға кетті деген жаңалықтан не пайда, егер де бір Мәскеудің санындай халқы бар еліміздің тұрмыс-тіршілігін өзгерту қолдарыңнан келмесе, шегі жоқ ұрандатқан әуендеткен бос сөздеріңнен не пайда?

  2. Қолқоюсыз 1 Ақпан, 2018 20:55 Жауап

    Сенат депутаттары халыққа не жасап жатқандарын біле ме? Өткір пікір айтатын деутаттар санаулы да болмай қалды ғой.Бір дұрыс пікір айта алмауынан халықтың көпшілігі депутаттарды білмейді.

  3. шопан 1 Ақпан, 2018 23:33 Жауап

    А десе аяғын Б десе таяғын көтеріп отыра бермеиме маған десе деген екен бір шопан маған бәрі бір маған саған бишара не деген екен сентарғо бұлар өлседе өлемеседе маған бәрі бәрі бишара маған қотыр қоиым түгел болса болды

  4. ақтау марат 2 Ақпан, 2018 02:09 Жауап

    дұрыс бұрыс шығар шыны менен Қазақ қотыр қоиын іздеидіғо ,бірақ мен осы арт жалағыштарды іздемемін себебі ақ қараны ҚҰДАЙ ажырата жатар БОТАГӨЗ қарындас

  5. Ақтау 2 Ақпан, 2018 03:35 Жауап

    Мұхтар Құл-Мұхаммед, Елбасымыздың айналасында жүрген, жүрегі халқым деп соғатын,халқына адал қызмет ететін,нағыз ұлтжанды азаматтардың бірі.Еліміз тəуелсіздік алатын жылдары «Атамұра» баспасын басқарған тұстардағы,Мəдениет жəне ақпарат министрі болған кездердегі еңбегін көзі ашық əрбір қазақ біледі.Ендігі Сенат депутаты қызыметінде де қарапайым халықтың мұңын мұңдап,жоғын айтса екен дейміз.

  6. Түңілген(биліктен) 2 Ақпан, 2018 03:52 Жауап

    Блин, осы бұлбұл-құсты «ұшырып» жіберетін уақыт келген жоқ па?!

  7. Елден 2 Ақпан, 2018 10:50 Жауап

    Сенаттың түкке де қажеті жоқ, ақша алып күн көреу халықтың үстінен. Әділ сайлау болмай бұл бұбұлдар сайрап отыра береді, бірін-бірі ауыстырып. Елбасының жаңаруы қайда қалды?

  8. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 2 Ақпан, 2018 13:28 Жауап

    Мұхтар Құл-Мұхаммед мырза, алысқа бармайын, осы 1997- 2017 жылдың арасында депутаттар мен сенаторлардың, министрлер мен әкімдердің, президенттің, жалпы билікке төленген қаражат, жалақыларының жалпы сомасы қанша, осыған жауап берер кім бар екен. Судың да сұрауы бар демекші, Біз халық білгіміз келеді, осы жылдар бойы билік халықтың атынан алған қаражаттары қанша және қарапайым халықтың күнкөрісімен салыстырып, алған жалақыларына сәйкес еңбек атқарды ма, осыдан қорытынды жасап, әділ баға беретін, көзге көрінбейтін, көңілге алынбайтын, пікірі саналмайтын ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚ БАРЫ мүлдем ұмытылды. Ауызбен, сөзбен талай мемлекеттен асып-түсіп кеткеніміз, 50,30 мемлекеттер қатарына кіргенімізден не пайда, өзімізді-өзіміз алдағаннан не пайда, осындайда дұшпан күлдіріп айтады, ал дос жылатып айтады деген ұғым ойға келеді. Себебі көп жағдайда, биліктің әрекетіне күлесің де қоясың, басқа амал қанша……………….

Пікір немесе жауап жазу

14 + он бір =